Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 18:09, курсовая работа

Описание

Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның экспорттық-импорттық операцияларының көлемінің өсуі, кеден тарифтік реттеудің өсуіне әкеледі.
Қазақстанның өтпелі экономикасында сыртқы сауданы кеден тарифтік реттеуідің мәні мен ерекшелігін талдау өте маңызды.
Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
I бөлім. Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері………………………4
1.1 Кедендік төлемдер және салықтар……………………………………..4
1.2 Кедендік төлем мен салық түрлері……………………………………..5
1.3 Кедендік баждың экономикалық мәні және оның маңызы…….....7
1.4 Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі...............................9
1.5 Кеден органдарының қызмет атқару тәртібі........................................10
II бөлім. Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу....12
2.1 Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы.............12
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік қызметтерді басқару...............18
Қорытынды......................................................................................................22
Қолданған әдебиеттер.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Кедендик толемдер.docx

— 60.61 Кб (Скачать документ)

 


Кедендік  қызмет Басқармасы

 


Кеден

 


Кедендік  бекеттер

 

Кедендік  органдардың төменгі  буынының жоғарғы  буынға орталықтануы және бағынуы, кедендердің  жергілікті әкімшілікке  тәуелсіздігі төмендегі  жүйені құрудың айрықша  белгісі болып  табылады.

Қазақстан Республикасының  кедендік органдар жүйесі


Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік табыстық

 

министрлігінің  кеден комитеті

 


Кедендік  басқарма

 


Кеден

 


Кедендік  бекеттер

 

Тікелей басқару және көлденең бағыттағы әкімшілік  тәуелділіктің жоқ  болуы – жалпы  кедендік органдар жүйесіне де, оның әрбір құрамдас бөліігіне де тән  белгі. Осыған байланысты кедендік органдар жүйесінің  буындары жергілікті билеуші органдарға мүлдем тәуелді емес деген ой туындамауы тиіс. Олардың өзара  байланыстары жеткілікті дәрежеде әр алуан  болып келеді.

Жалпы түрде кедендік органдар жүйесінің – біртұтас мақсаттары мен міндеттері бар, сонымен бірге  иерархиялық құрылымдағы , яғни төменгі органдарының жоғары органдарға бағыныштылығымен сипатталатын кедендік органдар жиынтығы ретінде  анықтауға болады.

   Осы жүйенің біртұтас функционалдық және ұйымдастырушылық орталығы – Кеден крмитеті.

Кеден органдарының негізі қызметтері:

  • біріншіден, олар Қазақстан Реғспубликасының кедендік саясатын жасау мен оны жүзеге асыруға қатысады;
  • екіншіден, өз құзыры шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және біздің мемлекеттің экономикғалық мүдделеоін қорғайды;
  • үшіншіден, кедендік төлемдер мен салықтарды алып отырады, Қазақстандық кедендік шеарасыарқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың қозғалысы кезінде ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын жолдауға қатысады және т.б.

Негізгі функциалардың бұл  тізімі Қазақстан  Республикасындағы  кедендік органдар қызметінің әр алуан сипатын  көрсетеді.

Кедендік  органдар жүйесін  Қазақстан Республикасы Кеден комитеті басқарады. Ол атқарушы орталық  орган болып табылады және кедендік қызметке тікелей жетекшілік етеді.

  КР Кеден комитеті  экономиканың әр  түрлі секторларында  Қазақстан Республикасының  кедендік саясатын  жүзеге асырады.  Сонымен бірге  ол біртұтас кедендік  саясатты жүзеге  асырудың экономикалық, ұйымдастырушылық  және құқықтық  мехнизмдерін жасайды,  олардың тәжірибеде  қолданылуын қамтамасыз  етеді.

Кедендік  басқармаларорталық орган мен жергілікті кедендік мекемелер арсындағы кедендік органдар жүйесінде аралық буын болып табылады. Оның міндеттері мен қызметтері мемлекеттік кеден комитетінің міндеттері мен қызметтеріне ұқсас, бірақ ол сәйкес кедендік аймақ территориясындағы  кедендік іске ғана жетекшілік етеді.

Қазақстан Республикасының  кедендерікедендік органдар жүйесінің ұйымдастырушылық негізін құрайды.

Кедендік  қызмет саласындағы  міндеттердің негізгі  бөлігін тікелей  кедендер орындайды. Қазақстанда болып  жатқан терең саяси  және әлеуметтік-саяси  өзгерістер кедендік істің кеңеюі мен  күрделенуіне жағдай жасады, нәтижесінде  кедендік бақылау  құзырына өзгерістер енгізуді талап етті. Бұрын-соңды кедендік бақылау (тексеру) кезеңдік шекарада орналасқан нүктелердн ғана жүргізілді. Сыртқы сауданың мемлекеттік  монополиясынан бас  тартуға және өндірушілердің сыртқы нарыққа өз бетінше шығуына  байланысты кедендік тексеру шарасын  өзгерту қажеттілігі  туындады, яғни кедендік құжаттарды дайындау мен тексеру және жүктерді тексеру  бойынша жұмыстар кедендік шекарадан  мемлекет ішіне ауыстырылды.

Осының  нәтижесінде «ішкі  кедендер» құрылды  және қазіргі таңда  олар кедендік операцияларды  орындау бойынша  негізгі жұмысты  өз мойындарына алған. Мұндай қайта құру әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді, тауар  өндірушілерді кедендік органдармен бірге  байланыстарды, шекара маңындағы кедендерді көптеген шаралардан босатады, жүк айналымының  күшеюіне ықпал етеді, кедендік тексеруді өте тиімді етеді. Бұл кезеңдерді «ішкі және сыртқы» деп шартты түрде екіге бөлуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, Кеден барлық импортталатын және экспортталатын жүк пен тауарлардың, соныменбірге пошталық жіберулер мен басқа да жүктердің, ел территориясына кіруі мен шығуына тексеру жасайды.

Кедендік  бекеткедендік органдар жүйесінің алғашқы буына, ол белгілі бір нүктеде немесе белгілі бір территорияда кедендік құжаттарды толтыру және кедендік тексерулер жүргізуге арналған өкілетті орган.

Кедендік  бекет төмендегідей негізігі міндеттерді жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен транспорттық құралдары кедендік тексеруден өткізеді және кедендік құжаттарды толтырады.

 

2.2  Қазақстан Республикасында  кедендік қызметтерді  басқару

 

Қазақстан Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өтуіне рұқсат етілген ережелердің  сақталуын қамтамасыз етеді және кедендік салықтар жинайды. Жалпы  алғанда, кеденмен салыстырғанда, кедендік бекеттердің  міндеттері мен қызметтерінің  жалпы шеңбері  едәуір аз болып келеді.

Бүгінде кедендік қызметтер  комитет аппаратынан, 14 облыстық кедендік басқармадан, 22 кеденнен және 127 кедендік бекеттен тұрады. Кедендік қызмет сонымен бірге  әскери-шекаралық  міндетті орындайды.

Қытаймен  шекарадан басқа  барлық территория кеденнің үлесінде, яғни 4 мың  адамның қарамағында. Сондықтан да кедендік пунктер арасындағы шекаралардың арақашықтығы  -150-200 м, ал кейбір жерлерде – 500-600 м-ге жетеді. Ал барлық өркениетті мемлекеттерде көрші орналасқан пунктер бір-бірімен рация арқылы хабарласа алады., яғни олардың арасындағы қашықтық – 50-60 м. Бірақ барлық бекеттерді жабу 17 теміржолдың, 22 аэропорттың(оның ішінде 2 әскери аэропорт) шекарасында тұру үшін 12 мың адм қажет. Қазіргі кезде кедендік шекараның 11,5 мың километрін ғана тәуліктік кедендік тексеруден өткізу қамтамасыз етіледі, ал республика шекарасы 13 мың километрге созылып жатыр.

Алматы  қаласы мен Алматы облысы бойынша кедендік басқармаларды мысалға  келтіре отырып, кедендік органдардың ұйымдастырушылық құрылымы мен олардың  қызметтерінің қарастырғанда, оның құрамына төмендегі  бөлімдер кіреді:

  1. кедендік тексеруді ұйымдастыру бөлімі;
  2. кедендік төлемдер бөлімі:
  • төлемдер бөлімі;
  • валюталық тексеру қызметі;
  1. контрабандамен және кеден ережесін бұзушылықпен күрес жүргізу бөлімі:
  • кедендік тергеу қызметі;
  • оперативтік іздестіру қызметі;
  • есірткі заттар контрабандасымен күресу қызметі және кинология қызметі;
  1. кеденді қорғау мен режим бөлімі:
  • кедендік қорғау мен режим бөлімі;
  • қарулану мен әскери дайындық қызметі;
  1. тауарлардың жеткізілуі транзиттік бақылау (тексеру) қызметі;
  1. қалыптақан мен кедендік санақ (статистика) бөлімі;
  2. өзіндік қауіпсіздік бөлімі;
  3. кадрлар бөлімі;
  4. бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі;
  5. қамтамасыз ету бөлімі
  6. құжаттық қамтамасыз ету бөлімі;
  7. ақпаратты қорғау қызметі;
  8. пресс-қызмет;
  9. сыртқы экономикалық байланыс;
  10. акцизді кедендік бекет;

 

  1. Кедендік  тексеруді  ұйымдастыру  бөлімі   Қазақстан  Республикасының  Кеден  шекарасы арқылы өтетін тауарлардың  кедендік құжаттары  төмендегі  кедендік режимдер бойынша  дайындалады:
    • еркін айналым үшін тауарларды шығару үшін;
    • тауарлардың реимпорты;
    • тауарлар импорты;
    • тауарлардың реэкспорты;
    • тауарлар экспорты;
    • тауарларды жою;
    • мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту;
    • салықсыз сауда дүкені;
    • кедендік қойма;
    • еркін кедендік аймақ және еркін қойма;
    • тауарларды уақытша енгізу және уақытша шығару;
    • Қазақстан Республикасының кеден территориясында тауарлар өндеу;
    • кедендік тексеру арқылы тауарлар өндеу;
    • уақытша сақтау қоймасы;
    • кедендік территориядан тыс жерде тауарларды өндеу;
    • жүктердің кедендік құжаттарын дайындау;
  2. Кедендік төлемдер бөлімі кедендік төлемдерді (баж салығы, алымдар) және салықтарды (акциздер, құнға үстеме салық) белгілейді және жинайды; кедендік режиміне сәйкес төлемдердің дер кезінде келіп түсуін бақылап отырады; саудалық және саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдерге санақ пен талдау жүргізеді; тауарлардың кедендік құнын анықтайды; тауарлардың кедендік құнына талдау жасайды және әр түрлі факторлары әсерінен оның динамикасының өзгеруін анықтайды; валюталық табыстардың түсу мен қолданылуын тексереді; валюталық табыстардың келіп түсуін кедендік-банктік тексеру нәтижелеріне талдау жасайды; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауар айналымының көлемі, динамикасы және құрылымы жөніндегі ақпараттарды бір жүйеге келтіру және зерттеу жұмыстарын жүргізеді; экспорттық-импорттық операциялады аудиторлық тексеруден өткізеді.
  3. Контрабандамен және кедендік ереже бұзушылықпен күрес жүргізу бөлімі контрабанда және кедендік ережелерді бұзу фактілерін анықтау мен оған жол бермеу шараларын жүргізеді; контрабанда немесе кедендік ереже бұзу бойынша тергеу қызметін жүргізеді; құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жедел шараларды жүргізеді.
  4. Кедендік қорғау мен режим бөлімі кедендік шекараны, кедендік орган обьектілерін қорғау, ұсталған және тұтқындалған жүктерді, акциздік топтағы тауарларды қорғау жұмыстарын жүргізеді; оперативтік-кезекшілік қызмет жұмысын ұйымдастырады; қару-жарақ пен құралдарды сақтау мен беру бойынша, қызметкерлердің қарудың материалдық бөліктерімен танысуы және оны қолдануы ережелерін білуі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
  5. Тауарларды жеткізу мен транзиттік бақылау қызметі «транзит» атты кедендік режимге жатқызылған тауарлардың кедендік тіркелуін қамтамасыз етеді; ішкі кедендік транзит шарасы бойынша қажетті кедендерге импорттық жүктердің келіп түсуіне тексеру жасайды.
  6. Қалыптасқан кедендік санақ бөлімі кедендік қызмет мәліметтерін автоматты түрде жасаудың біртұтас жүйесі шеңберінде ақпараттық және техникалық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізеді; сыртқы сауда санағын, кеден ішіндегі және арнайы санақты жүргізу мен ақпаратты жинау, енгізу, тексеру және талдауды жүзеге асырады.
  7. Өзіндік қауіпсіздік қызметі кеден қызметіндегі жемқорлық, парақорлық және қиянат жасау фактілерін анықтайды, оған ескерту жасайды; кедендік қызмет қатарына қылмыстық элементтердің кіруіне, қызметтік ақпараттың шетке шығуына тыйым салады.
  8. Кадрлар бөлімі кадрларды таңдау мен орналастыруды жүзеге асырады; жеке құрамдарына тәрбие жұмысын жүргізеді, қызметкерлердің қәсіпқойлық деңгейін көтерумен айналысады.
  9. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі кеден органдарының қаржылық-шаруашылық қызметін есепке алады және бақылайды, ақшалай құралдардың үнемді және тиімді шығындалуына бақылау жасайды.
  10. Қамтамасыз ету бөлімі - әкімшілік жүйеге қызмет көрсетеді, қажетті жиһазбен және кеңсе тауарларымен, қызмет орнымен, қоймамен қамтамасыз етеді; транспорттық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, телефон байланыстарымен қамтамасыз етеді.
  11. қамтамасыз ету бөлімі құжаттау және іс-қағаздарын толтыру жұмыстарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.
  12. Ақпараттарды қорғау қызметі кедендік мекемедегі режимді қамтамасыз етеді; азаматтық қорғаныс бойынша толық әскери-дайындық жұмыстарын ұйымдастырады.
  13. Заң қызметі кедендік мекеме қызметіндегі заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді; кедендік мекемелердің құқықтары мен мүдделерін қорғайды; Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді және түсіндіреді.
  14. Пресс қызметі халықаралық жіберулерді ұсақ пакеттер, бандероль, сектограмма, баспа өнімдері бар «М» атты қашықтардың кедендік құжаттарын дайындайды.
  15. Сыртқы экономикалық байланыс қызметі кедендік қызмет мәселелері бойынша елшіліктер және өкілдермен көздесулер немесе келіссөздер жүргізуді ұйымдастырады.
  16. Акциздік кедендік бекет тауарға белгі жасалуы тиіс шетелдік жекелеген акциздік тауарлардың кедендік құжаттарын дайындайды; акциздік жиындар маркасын сатумен айналысады; маркаланатын акциздік шетел тауарларының жеткізілуін ұйымдастырады; акциздердің толық түрде және дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

Информация о работе Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері