Автомобиль көлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 14:58, реферат

Описание

Аймақта жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – сәрсенбі күні облыс әкімдігінде өткен келелі кеңеске арқау болған мәселе осы. Сондай-ақ көлік жолдарын жөндеу, білім беру мекемелеріндегі оқушылар арасында көлік жарақаттарын болдырмауға байланысты жүргізілген алдын алу шаралары және жолға қатысты бірқатар мәселелер қарастырылды.

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 90.00 Кб (Скачать документ)

     31 Тамыз 2011 - Қауіпсіз жол – күн тәртібінде

     Аймақта жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – сәрсенбі күні облыс әкімдігінде өткен келелі кеңеске арқау болған мәселе осы. Сондай-ақ көлік жолдарын жөндеу, білім беру мекемелеріндегі оқушылар арасында көлік жарақаттарын болдырмауға байланысты жүргізілген алдын алу шаралары және жолға қатысты бірқатар мәселелер қарастырылды.  

     Селекторлық жиында жария етілген мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың өткен 7 айында 488 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 131 адам көз жұмған. Әр түрлі жарақат алғандардың саны - 581. Дегенмен, өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда барлық көрсеткіштер төмендеген. Жол-көлік қызметінен соңғы 5 жыл ішінде облыстық бюджетке түскен түсім алты есеге 6 мамырда облыс әкімі Серік Ахметов кеңес өткізіп, онда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

     Облыс басшысы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік және техникалық жағынан кешенді мәселе екендігін қадап айтты.

     Осыған орай облыс басшылығы жол полициясы бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті жағдайларды жасап келеді. Жыл сайын қомақты қаржы бөлініп, оған 46 автомобиль алынды, сыртқы бақылаудың 211 бейнекамерасы, 24 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрал орнатылды, 57 ықшам жылдамдық өлшегіш алынды, компьютерлік техникалар жаңартылды.

     Сонымен қатар жолдарды жөндеу жұмыстары да жалғасын тауып келеді. Атап айтқанда, биылғы жылы тек Қарағанды қаласына облыстық бюджетен «Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасын жүзеге асыруға 1,4 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде автомобиль жолдарын орташа жөндеуге – 940 млн. теңге, «Алматы-Астана» айналма автомобиль жолына – 219 млн. теңге, автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге және жаңадан салуға – 250 млн. теңге бөлінді.

     Дей тұрғанмен, аймақ басшысы атап өткендей жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлі де болса өз деңгейінде болмай отыр. Жүргізушілердің тәртібі босаңсып кеткен, тұрғындар арасында жолда жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары және ірі автобус парктерінде, жеке тасымалдаушылар арасында жол апатына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстары кемшін соғып жатыр.

     Осының нәтижесінде тек Қарағандының өзінде бірінші тоқсанда 70 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оларда 9 адам қаза тауып, 81 жарақат алған.

     Осыған байланысты кеңесте Қарағанды облыстық басқармасы және қалалық жол полициясы бөлімі басшыларының, Қарағанды қаласы әкімінің есептері тыңдалды.

     Облыс әкімі аталған басшылардан жолдағы тәртіпті күшейту үшін қатаң шаралар қолдануды талап етті. Ол сондай-ақ облыстық ішкі істер департаменті басшыларының назарын Қарағанды қ. жол полициясы бөлімінің жеке құрамымен жұмысты күшейту керектігіне аударды. «Жол полициясы халықтың ойынша билік деген ұғыммен астасып жатады. Сондықтан да олардың іс-әрекеті жаңа талаптарға сай болуы тиіс», - деп атап айтты облыс әкімі.

     Кеңес қорытындысы бойынша облыс басшысы төмендегі тапсырмаларды берді:

     1. Облыс әкімінің орынбасары Ғабит Мұхамбетов, қалалар мен аудандар әкімдері мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтікемес ұйымдармен бірлесе отырып, қысқа мерзімде Қарағанды облысының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін. Бұл ретте жол қозғалысы субъектілері мен тұрғындар арасында жүргізілетін жұмыстарға ерекше көңіл бөлінсін.

     2. Ішкі істер департаментіне:

     - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілсін;

     - жол апаттарының алдын алу жұмыстары жүргізілсін;

     - қабылданған қаулыларға бойынша айыппұлдың өтелуіне бақылау күшейтілсін.

     3. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы облыстық ІІД қызметтерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді қосымша қаржыландыру мүмкіндігін қарастырсын.

     4. Қарағанды қаласының әкімі:

     - «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасын қосымша қаржыландыру мүмкіндігін қарастырсын (жол белгілерін, бағдаршамдарды орнату, жөндеу);

     - жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтсін;

     - жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін қызмет көрсетушілермен пысықтасын;

     - жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жолаушы тасымалдаушылармен жұмыс жүргізсін.

           Жол қауіпсіздігін қамтамасыз  етуге арналған іс-шаралар кешені  хақында баяндама жасаған облыс  әкімінің орынбасары Ғабит Мұхамбетов  осыған қарамастан қаржыландырудың  жыл сайын азайып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, 2010 жылы 40 дербес жылдамдық өлшегіш алуға 28 млн.теңге бөлінген. Әкімнің тапсырмасы бойынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шаралар 2012 жылдың бюджетінде көрініс тауып отыр. 2012 жылы ішкі істер органдарына берілетін 200 млн. теңгенің 132 млн. теңгесі жол-көлік басқармасы бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсау жоспарлануда. Атап айтқанда, 20 шетелдік көлік, портативті компьютер, жол қозғалысын бақылайтын бейне бақылағыш, т.б. қажетті құрал-жабдықтар алу көзделген. Теміртаудағы Қарағанды шоссесі, республикалық маңызы бар Астана-Қарағанды жолының қиылысына бағдаршам қою туралы облыс әкімінің тапсырмасының орындалысы мәлімделді. Бүгінгі таңда шоссеге бағдаршам орнатуға Теміртау қалалық әкімдігінен қажетті қаржының жартысы қарастырылған.

     Сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2011-2013 жылға арналған іс-шаралар  жоспары жасалған. Ол 4 бағытта өрбиді. Бірінші – ұйымдастыру жұмыстары, екінші – жол қозғалысын бұзудың  алдын алу шаралары, үшінші - техникалық қамтамасыз ету, төртінші – дер кезінде медициналық көмек көрсету. Облыс әкімі С.Ахметов ұсынылған бұл іс-шаралар кешені жоспарын қолдайтынын, бекітуге ұсынуды тапсырды.

     Облыстың  көлік жолдарындағы апатты жағдайлардың барысы туралы жол-көлік басқармасының бастығы С.Досмырзаев мәлімдеді. Апатты жағдайлардың жалпы көлемі төмендегенімен, кейбір аймақтарда апаттар саны көп. Мәселен, Ұлытауда, Жаңаарқада, Саранда, Сәтбаевта, Ақтоғайда, Шахтинск, Жезқазғанда апатты жағдайлардың көптеп орын алғандығы байқалады. Қарағандыда 8 ай ішінде балаларға қатысты 78 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның тоғызына ғана балалар айыпты. Аймақ басшысы балдырғандардың мұндай қайғылы оқиғаға тап болмауының алдын алуға міндетті екенімізді қадап айтты.

     Жол-көлік  қозғалысына көліктерді мектеп, балабақша маңына бей-берекет қоюдың да кері әсер ететіндігіне тоқталды. Сондықтан Серік Нығметұлы мектеп, балабақша маңайынан автотұрақ ұйымдастыруды ойластыруды жүктеді. Сонымен бірге, облыс орталығы арқылы өтетін жүк көлігінің айналма жол мәселесі де өзекті.

     Білім беру мекемелеріндегі оқушылар арасында жол-көлік жарақатын алуды болдырмауға  байланысты алдын алу шаралары туралы облыстық білім басқармасының бастығы  Е.Иманғалиев хабарлама жасады. Облыс  аймағында бүгінгі таңда 175 мыңға  жуық оқушы білім алады. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізілетін, атқарылған шаралар баяндалды. Мұнан кейін облыс аймағындағы республикалық, облыстық маңызы бар жолдардың, Қарағанды қаласының көлік жолдарының жөнделу, алдағы жылдарға жоспар барысы талқыланды.

     Облыстық  маңызы бар жолдардың желісі 3 549 шақырымды құрайды. Биылғы 2011 жылға  көлік жолдарының жалпы құны 4 млрд.085 млн.теңге болатын күрделі жөндеу, қайта қалпына келтіру, орташа және ағымдағы жөндеу жоспарланған. Ал Қарағандыда  ұзындығы 973 шақырымды құрайтын 724 автокөлік жолдары бар. Күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша жиын соңында облыс әкімі тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

         БАҚ үшін ақпарат

           Жолдарда апаттылықты азайтуға бағытталған «Әрекеттер он жылдығы» — кең ауқымды жобаның басталуына Әлем дайындалуда. Жыл сайын бүкіл әлемде жол апаттарында 1,3 миллион адам және 50 миллион адам жарақат алады немесе мүгедек болып қалады. Жол-көлік апаттылығы қоғамдық денсаулық сақтаудың ең маңызды проблемаларының бірі және бүкіл әлемде өлімнің негізгі себебі болып саналады, әсіресе ол балаларға және 29 жасқа дейінгі жас адамдарға қатысты.

     Жол-көлік оқиғалары нәтижесінен болжамдалған өлім деңгейін тұрақтандыру және кейіннен оны қысқарту мақсатында бүкіл әлемде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2010 жылғы 10 мамырдағы № 64/255 Бұрыштамасына сәйкес ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейдегі қызметті жандандыру арқылы 2011–2020 жылдар Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әрекеттер он жылдығы болып жарияланған. Оның ресми басталуы 2011 жылғы 11 мамырға белгіленген. Қазақстан осы іс-шараларға белсенді қатысатын болады.

     Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша 11 мамырда еліміздің барлық өңірінде алдағы он жылдыққа жоспарланған әр түрлі іс-шаралардың басталуына арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кең ауқымды насихаттау акциялары өткізілетін болады.

     «Он жылдықтың» шеңберінде балалардың құқығын жол жарақатынан қорғауды күшейтуді, жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі кейбір іс-шаралардың барлығын нақты жобаға біріктіруді, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласында халықаралық ұйымдардың басшылық рөлін нығайтуды ұсынылады.

     «Әрекеттер он жылдығы» ресми 11 мамырда басталады, онда Жаңа Зеландиядан бастап Мексикаға дейін ірі қалаларда «Әрекеттер он жылдығы» ресми жаһандық басталуына арналған іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ, жұртшылыққа «Он жылдықтың» ресми символы — жолдардағы қауіпсіздік үшін жаһандық қозғалыстың сары Белгісі көрсетілетін болады.

«Назар  аударыңыз – бағдаршам!» республикалық  акциясының қорытындылары

          2011 жылғы 26 сәуір – 25 мамыр аралығында Ішкі істер министрлігі «Назар аударыңыз – бағдаршам!» республикалық акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты — балалар жол-көлік жарақатының алдын алу.

     Акцияны өткізуге 2 911 әр түрлі ведомстволар мен мекемелер, оның ішінде 1 786 мемлекеттік емес ұйымдар тартылды. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жұмыстың белсенділігі артты. Жолдарда балалардың қауіпсіз жүру мәселелері жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарының басылымында 1 000 мақала жарық көрді, теледидарда 927сюжет көрсетілді, радиода 1 652 ақпарат жарияланды.

     Халыққа тәрбие, білім және ақпарат беру процесінде көрнекі үгіт құралдарын, жол бойында плакаттар мен  паннолар қоюды пайдалану өзекті болып табылады. Акция барысында  балалар жол-көлік жарақаттануын алдын алуға бағытталған ақпараттары бар 229 мың бірлік тиражбен көрнекі үгіт құралдарының 898 түрі басылды, 2 001 плакат пен панно орналастырылды.

     Білім беру органдарының өкілдерімен бірлесе 6 679 мектепке зерттеу жүргізілді, оның ішінде 60% (4 012) мектеп автоалаңдармен, 85% (5 681) – Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі сыныптармен жабдықталды.

     Жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен  бірлесе жалпы білім беру мекемелерінің аумағына жақын орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдерін қажетті жол белгілерімен, жол таңбаларымен, жаяу жүргіншілер кедергілерімен және жол қозғалысын реттеудің басқа да техникалық құралдарымен жабдықтау мәселесіне арналған 4 348 зерттеу жүргізілді. Мұнда анықталғаны, 2 797 мектептің жанында жабдықталған жаяу өткелдер бар, 940 мектептің жанындағы жүру бөлікте өндірістік даярланған «жатқан полицейлер» орнатылған.

     Зерттеулердің нәтижелері бойынша әкімшілікке 696 ақпарат, оның ішінде аудандағы мектептерде жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту жөнінде 573 ақпарат жіберілді, аумақтық білім органдарына 720 ақпарат жіберілді.

     1 айында жол полициясы бөлімшелерінің инспекторлық құраммен мектеп оқушыларының арасында 15 мыңнан астам әңгіме мен дәріс беру жүргізілді. Іс-шаралар өткізу кезінде жол полициясы нарядтарының бекеттері мен патрульдеу бағыттары оқу мекемелеріне барынша жақындатылды, мұнда жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтау және Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Күн сайын мектептің жанында жол полициясы бекеттері қойылды, мұнда Жол қозғалысы ережелерін 18 мыңнан жоғары өрескел бұзушылығы анықталды, оның ішінде 10,7 мың – көше қиылыстарын өту тәртібін бұзушылық, 4,4 мың – жаяу жүргіншілер өткелдерін өту тәртібін бұзушылық және 4,2 мыңға жуық маршруттық көлік құралдарының тоқтау тәртібін бұзушылық болды.

2011 жылдың 1-5 қыркүйек аралығында ІІМ жаңа оқу жылының басталуына ұштастырылған «Назар аударыңыз - балалар!» республикалық акциясы өткізілді.

           Іс — шараның мақсаты –  балалардың қатысуымен жол- көлік  оқиғаларын алдын алу, балалар  жол-көлік жарақатының мәселелеріне  жұртшылықтың назарын аудару.

     Іс-шара өткізуге әртүрлі ведомстволар және мекемелердің 1414-і, соның ішінде 1078 мемлекеттік емес мекемелер жұмылдырылды.

     Халықты тәрбиелеу, білім беру және ақпараттандыру процессінде көрнекі үгіт құралдарын пайдалану, жол бойында плакаттар  мен панно орналастыру өзекті болып қалады. Жаңа оқу жылының  басында балалар жол-көлік жарақатын  алдын алуға бағытталған 168,3 мыңнан астам бірлік тиражымен 474 түрлі көрнекі үгіт құралдарын басып шығарды, 1013 плакаттар мен панно орнатылды.

Информация о работе Автомобиль көлігі