Автомобиль көлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 14:58, реферат

Описание

Аймақта жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – сәрсенбі күні облыс әкімдігінде өткен келелі кеңеске арқау болған мәселе осы. Сондай-ақ көлік жолдарын жөндеу, білім беру мекемелеріндегі оқушылар арасында көлік жарақаттарын болдырмауға байланысты жүргізілген алдын алу шаралары және жолға қатысты бірқатар мәселелер қарастырылды.

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 90.00 Кб (Скачать документ)

     Білім беру органдары өкілдерімен бірлесе  отырып мектептерге 6760 зерттеулер жүргізілген, оның 3652 автоалаңқайлармен, 5542 — ЖҚҚ бойынша класстармен жабдықталған.

     Жол және коммуналды органдармен бірлесе  отырып, 3865 жалпы білім беретін мекемелердің аумақтарына іргелес орналасқан жаяу жүргіншілер өтпелерін қажетті жол белгілерімен, жол таңбаларымен, жол жүргіншілер қоршауларымен және басқа да жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарымен жабдықталуына зерттеу жүргізілді. Оның ішінде 3131 мектептің жанында жабдықталған жаяу жүргіншілер өтпелері бар, 2042мектептің қасындағы жүргінші бөлікте өнеркәсіпте жасалған жасанды жол бұдырлары («жатқан полицей») орнатылды.

     Тексеру қорытындысы бойынша 458 ақпарат әкімдікке жолданды, оның ішіндегі 305-і мектеп аудандарында жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту туралы ақпарат.

     Жол-көлік  оқиғаларында зардап шеккен балаларды  оңалтуға көмек көрсету мақсатында денсаулық сақтау, білім беру органдарымен, психологиялық медициналық орталықтардың базасындағы қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп жол-көлік оқиғасының қатысушысы болған ата-аналар мен балаларды шақыра отырып, «жол-көлік оқиғалардан зардап шеккен балаға көмектес» атты 137 акция өткізілді. Акция барысында жол қауіпсіздігі бойынша ойын ойнату бағдарламаларын және конкурстарды, психологтардың, дәрігер-неврологтардың және басқа да мамандардың консультациялары ұйымдастырылды. Жол полициясының қызметкерлері ЖКО-дан зардап шеккен балалар үшін қан таспырды.

     1 қыркүйекте жол полициясы қызметкерлері жалпымектептік салтанатты жиналыстарды өткізуге қатысты. Жаңа оқу жылының бірінші бес күн аралығында оқушылар арасында 8,3 мыңнан астам әңгімелесулер мен дәрістер өткізілді. Барлық аймақтар мен облыстық орталықтарда «Үздік мұғалім», «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің үлгілі сыныбы», «Үлгілі мектеп» конкурстары жарияланған.

     Іс-шараны өткізу кезінде жол полициясы  жасақтарының бекеттері мен патрульдеу бағыттары оқу мекемелеріне едәуір жақын орналасты, мұнда жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Нәтижесінде 31,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережелері бұзу анықталды, оның ішінде 3587 көше қиылысын жүріп өту ережелерін бұзғандығы үшін, 1978 жаяу жүргіншілер өтпесін жүріп өту ережелерін бұзғандығы үшін.

     «Назар  аударыңыз — балалар!» тақырыбына қоғамның пікірін зерделеу мақсатында, республика бойынша 22 мыңнан астам респондентті қамти отыра халық арасында 359 сауал жүргізілді.

     Жергілікті  атқару органдарымен, КСК төрағаларымен  бірлесе отырып, тұрғын аймақтарда, аулалардың аумағында, балалар мен  спорттық алаңдардың маңында жол  қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтармен 734 кездесулер (жиындар) өткізілді.

     Балалар жол-көлік жарақатын алдын алу  бойынша жол полициясы бөлімшелерінің жұмысы жалғасуда. 10 қыркүйекте Астана телеарнасында Жол полициясы комитетінің «Қауіпсіз жол» жұма сайынғы мамандырылған бағдарламаның тұсаукесері өтеді, оның бірінші шығарылымы балалардың жолдардағы қауіпсіздігіне арналады. Одан басқа, сол күннен бастап еліміздің телеарналарында жол қозғалысының қауіпсізідігі бойынша бейнероликтер ежіреге шығады.

            2011 жылдың 1 қыркүйегінде республикада  «Абайлаңыз-балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы басталады.

            Балалар жол-көлік жарақатын алдын-алу  мақсатында 1–5 қыркүйек аралығында Ішкі істер министрлігімен «Абайлаңыз-балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы (ЖПІШ) өткізілуде.

     Бұл акция жаңа оқу жылының қарсаңында өткізіледі. Статистика бойынша, бұл кезеңде балалар қатысуымен жол апаттарының саны күрт өседі. Демалыс кезінде олар көліктер ағынынан безіп үлгереді.

     Сонымен қатар, балалардың жол сауаттылығы  дәрежесінің көтерілуінің жақсы  беталыстары – ырыстың кепілі емес екендігін белгілеп өткен жөн. Оның көркінде одан кем емес ғаламдық мәселе жалаңаштанады –жол қозғалысының ересек қатысушылары қылмыстық жауапкершіліксіз және қарапайым сауатыллықсыз. 80 % жуық балалар қатысуымен ЖКО жүргізушілердің кінәсінен жасалынады. Жартысынан көп жарақат алған балалар автокөлікте жолаушы ретінде болған. Одан басқа, көп жағдайларда жарақат алған балалар автомобильдерде балаларды тасымалдау ережелерін бұзған өз ата-аналарымен тасымалданған.

     ЖПІШ  өткізу кезінде, жол полициясы жасақтарының бекеттері мен патрульдеу бағыттары оқу мекемелеріне ең жақын орналасады. Сонымен бірге, жүргізушілер жағынан балалар жол-көлік жарақатының негізгі себебі болатын ЖҚЕ бұзуды анықтау және жолын кесу сұрақтарына ерекше назар аударылатын болады.

     Акция кезінде балалар мен жасөспірімдердің жолдарда қауіпсіз жүрістерінің әдеттерін тудыру мақсатында жол полициясы қызметкерлері мектептер мен бала бақшаларда тематикалық сабақтар өткізеді. Көлік құралдарын жүргізушілерімен қауіпсіз шараларды сақтау туралы бөлек сұхбаттар өткізіледі. Автокөліктік ұйымдарда жолдарда балаларға назар жоғарылату туралы нұсқау берулер өтеді. Одан басқа, білім беру мекемелеріне жақын орналасқан жол-көше жүйесінің комплекстік тексерісі ұйымдастырылады. ЖПІШ өту барысында, ЖКО-да зардап шеккен балаларды оңалтуға көмек көрсету мақсатында, денсаулық сақтау, білім беру органдарымен, қайырымдылық ұйымдарымен, психологиялық медициналық орталықтардың базасындағы ұйымдарымен бірлесіп, ЖКО-ның қатысушысы болған ата-аналар мен балаларды шақыра отырып «ЖКО-дан зардап шеккен балаға көмектес» акциясын өткізу жоспарланған. Акция барысында, жол қауіпсіздігі бойынша ойын ойнату бағдарламаларын және конкурстарды, психологтардың, дәрігер-неврологтардың және басқа да мамандардың консультациялары ұйымдастырылады. 
 

     Балалар жол-көлік жарақатын алдын алуға  басқа шаралар қатары жоспарланған

«Ауылдық  жол» акциясы»

          2011 жылдың 17 қазанынан бастап қала сыртындағы жолдарда және ауылдық елді мекендерде жол-көлік жарақатын алдын алу мақсатында жол полициясы бөліністері «Ауылдық жол» профилактикалық акциясын өткізеді.

     Ауылдық елді мекендерде акцияны өткізу кезеңінде  жол полициясы қызметкерлерінің жұмысы көбінесе алдын алу және түсіндіру  жұмысына бағытталады.

     Жол және коммуналдық қызметтер өкілдерімен  бірлесе отырып, ауылдық елді мекендерде жалғасып жатқан көше-жол жүйелерінде қажетті жол белгілерінің, жол сызбаларының, жаяу жүргіншілер үшін көзделген қоршаулардың, жол қозғалысын реттеуге арналған басқа да техникалық құралдардың болуын, сонымен қатар жол төсеміне қажетті ағымдағы, орташа және күрделі жөндеудің қажеттілігіне тексеру жоспарланған.

     Азаматтарға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайларды  жасау мақсатында алыс ауылдарға  жүргізуші куәліктерін алуға  құжаттарды қабылдау, автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін, сонымен қатар белгіленген мәселелер бойынша халыққа кеңес беру үшін құрамына тіркеу-емтихан бөліністерінің қызметкерлері енгізілген арнайы бригадалардың шығуы ұйымдастырылады.

     Қала  сыртындағы жолдарда және ауылдық елді мекендерде жол-көлік жарақатын алдын алуға бағытталған басқа да іс-шаралар жоспарланды.

Акция 2011 жылдың 21 қазанында аяқталады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қарағанды мемлекеттік университеті

Қазақтан  Республикасының Білім және ғылым  министрлігі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Реферат 
 

                                                                                  Орындаған: ОПДЭТ-21 СП     

                                                                                                  тобының студенті             

                                                                                                    Малдынова А.Т

                                                                              

                                                                              Тексерген: Киздарбекова М. Ж               
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қарағанды - 2011

Информация о работе Автомобиль көлігі