Қазақ КСР-нің автомобиль көлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 20:24, реферат

Описание

Көлік пен байланыс тәуелсіз Қазақстанның тыныс-тіршілігінде аса маңызды рөл атқарады. Бір жағынан бұл еліміздің орасан үлкен аумағымен (2725 мың км2), оның халқының сирек орналасуымен (орта есеппен 6 адам/ км2), шикізат және өндіріс ресурстарының шашыраңқылығымен сабақтасады. Осындай ахуалда көлік-коммуникациялар кешені (ККК) еліміздің экономикалық қана емес, сонымен бірге саяси тұтастығын да қамтамасыз етеді.

Работа состоит из  1 файл

Автомобиль тасымалы мен жолдары.doc

— 513.50 Кб (Скачать документ)

    Осы және көптеген өзге ұстанымдар бойынша  автокөлікшілердің жетістіктері көлік-коммуникациялар кешеніндегі өзге секторлар үшін де даму үлгісі ретінде қызмет көрсете алады.

    Алайда  көлік қызмет көрсетулері нарығын оң толықтырумен қатар, кәсіпкерлік қызметке берілген еркіндік, өкінішке қарай, дамудың келеңсіз салдарларына да ұшыратты. Мәселен, көлік-коммуникациялар кешенінің ең ырықтандырылған секторы - автокөлік саласындағы баскарушылық елеулі дәрежеде өз тізгінін жоғалтты. Рынокқа біліксіз және алақол (қиянатшыл) қатысушылардың дендеп енулеріне ешқандай тосқауылдардың болмауы көрсетілетін қызметтердің сапасына теріс ықпал етіп, азаматтардың денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп-қатер төндіреді, түрлі деңгейлердегі бюджеттерге қаражаттардың кем түсудегі себебі болып табылады. Ал сенімді статистикалық деректер мен лайықты акпараттық қамтамасыздықтың болмауы автокөлік қызметтерінің бей-берекет нарығына мемлекеттік ықпал жасаудың баламалы шараларын қабылдауға ырық бермейді.

    Ашылған проблемалардан арылу мен көлік-коммуникациялар кешенінің одан әрі дамуы хакында күш-жігерлерді жұмылдыру мақсаттарында Қазақстан Республикасында мемлекеттік көлік саясатының тұжырымдамасы әзірленіп, орындауға қабылданды.

    Тұжырымдаманың  негізіне кейбір модальды секторлардың тепе-тең дамуы мен әлемдік  көлік жүйесіне интеграциялық ұмтылыстар жасау кезінде ұлттық көлік инфрақұрылымын дамыту мақсаты қаланған. Тұжырымдамада кәсіпкерлік қызметтегі еркіндіктің бас қағидасын сақтау жағдайында мемлекеттік реттеу ролін арттыру идеясы өз көрінісін тапқан. Мемлекеттің көлік нарығына және сонымен байланысты қызмет көрсетулер нарығына реттеуіш ықпал жасауын нормативтік құқықтық базаны, салық салу, лицензиялау, сертификаттау жүйелері мен өзге де рұқсаттама беретін жүйелерді жетілдіру және дамыту арқылы жүзеге асыру ұсынылады.

    Көлік жүйелерін дамытудағы екінші тұжырымдамалық аспектті Қазақстан Республикасының ұлттық айрықшалығы - ұланғайыр географиялық байтақ далаларымен және халықтың сирек қоныстануымен сабақтастырылған. Осы жағдайлар көлік-коммуникациялар кешеніндегі әр түрлі секторлардың жоғары дәрежедегі интеграциясын талап етеді. Осы багыттағы күш-жігерлерді іске асыру жолдарының бірі ретінде бірыңғай көлік дәлізі құрамында түрлі коммуникациялар салу және оларды ұстау әрекеті ұсынылды. Қызмет көрсету инфрақұрылым объектілерін қосудың, жер кесіп беру мен құрылыс аякталғаннан кейінгі қайта бапталатын жерлердің көлемдерін қысқартудың есебінен қаржы және материалдық қаражаттарды едәуір үнемдеуге болатын сиякты. Бұл жөнінде Хромтау-Алтынсарин учаскесіндегі көлік-коммуникациялары құрылысының нақты зерттеулері нанымды айғақтайды. Бірыңғай көлік дәлізі ауқымында еліміздің солтүстік және орталық аймақтарын Батыс Қазақстанмен аса өзекті көлік байланыстарымен қамтамасыз ету құрылыс кезінде шамамен 75 млн. 51Л5 жуық, ал кейінгі пайдалану кезінде жылына 4 млн. $1)8 дейін үнем келтіруі мүмкін.

    Әр  түрлі көлік секторларының өзара  іс-қимылдарын күшейтудің тағы бір  жолы - аралас тасымалдарды (автомобиль, темір жол және теңіз көліктерімен), сондай-ақ Қазақстандағы экспедиторлық  қызмет көрсетулерді дамыту.

    Халықаралық автомобиль тасымалдарындағы проблемаларға баса назар аудару Қазакстанның геосаясаттық жағдайы мен ел басшылығының интеграциялық ұмтылыстарынан туындайды.

    Халықаралық көлік дәліздерінің, автомобиль жолдары  мен осы дәліздер құрамында олардың  жайғастырылуларының, жүк ағындарының  көлемдері мен құрылымының талдауы Қазақстан Республикасының көлік әлеуетінің бар екендігін және оның ел дамуы үшін экономикалық маңыздылығын растайды.

    Сонымен бірге халықаралық автомобиль жолдары ұлттық желісінің қанағаттанарлықсыз жай-күйі мен олардың автосервис объектілерімен нашар жарақталғаны атап көрсетілді. Оның үстіне Қазақстан аумағы арқылы өтетін тауарлар қозғалысы жолында көптеген физикалық емес кедергілер көрші мемлекеттердің (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) шығыс және оңтүстік бағыттарда көлік байланыстарын дамытуға деген талпыныстарымен қатар Қазақстанның транзиттік тартымдылығын төмендетеді.

    Ел  аумағына транзитті жүк ағындарын  тарту және оның экспорттық-импорттық тасымалдарын дамыту үшін халықаралық автомагистральдар жөніндегі келісім реттеген талаптарға сәйкес халықаралық автомагистральдарды жөнге келтіру, сондай-ақ екі және көп жақты ынтымақтастықты дамыту бойынша елеулі жұмыс жүргізу, ұлттық заңнаманы жетілдіру мен үйлестіру талап етіледі.

    Автомобиль  көлігі, еліміздегі көлік-коммуникациялар  кешенінің кез келген өзге секторымен салыстырғанда қоғамдағы әлеуметтік райға көбірек ықпал тигізеді. Жаңа экономикалық жағдайларда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері осы саланың дамуындағы ең күрделі аспекттерге айналды.

    Қазақстандағы жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы істердің ахуалы айтарлықтай емес. Жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан 10-12 адам қаза тауып, 40 шақты адам ауыр жарақат алады.

    Автомобиль көлігінің қоршаған ортаға келеңсіз әсері әзірше бір Алматы қаласынан айқын көрініп тұр. Алайда автомобиль паркінің өсу қарқындары автокөліктегі экологиялық проблемалардың шешімін кейінге қалдыруға болмайтынын дәлелдейді.

    Автомобильдендірудің  осы келеңсіз салдарларын жұмсарту мақсаттарында заңнаманы жетілдіру  мен автокөлік құралдарының техникалық параметрлерін нормалау, техникалық қызмет көрсету жүйелерін жетілдіру, көлік инфрақұрылымын дамыту және өзге багыттағы қызметтер бойынша ұсыныстар берілді. Жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру мен автомобиль көлігінің қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз әсерлерін азайту үшін ұсынылған жолдар әлемдегі дамыған елдердің практикалық тәжірибелеріне негізделген және олар Қазақстанның өзіндік жағдайларына бейімделген.

Информация о работе Қазақ КСР-нің автомобиль көлігі