Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:09, реферат
Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі – бағалау қызметі дамып келеді. Бағалау қызметі қоғамда тұрақты экономикалық қатынастарды қалыптастыру үшін, сонымен қатар меншік құқықтары объектісінің өркениетті экономикалық айналысы үшін қажет. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр. Оның актуалдығы сақтандыру қызмет нарығының құрылуынан пайда болды, оның негізгі мәселесінің бірі – кейіннен залалды өтеу үшін апатты зілзала, авария, өрт, жол-көліктік оқиға және тағы басқа нәтижесінде туындайтын зардаптар сомасын бекіту.
«Машина, жабдықтар және көлік құралдарының физикалық тозуын анықтау»
Бүгінгі күнгі
нарықтық экономика мен құқықтық
мемлекеттің маңызды
Автокөлік құралдарын бағалау қажеттігі бүгінгі күні банктік жүйеде меншік иесінің өз автокөлік құралын кепілдікке ұсынып, несие алуына мүмкіндігінің тууымен түсіндіріледі.
Автокөлік құралдарын бағалау – бағалау қызметінің арнайы және ерекше түрі болып табылады, өйткені оның басқа бағалау объектілер түрлерінен өзінше бір айырмашылықтары бар, олар:
- автокөлік құралдарын
бағалау объектісі ретінде
- автокөлік құралдарына қатысты құнын анықтайтын факторлардың құрамы мен әсері басқа бағалау объектілеріне қарағанда өзгеше;
- автокөлік құралдары
басқа бағалау объектілеріне
қарағанда, құқықтық, ұйымдастырушылық,
ақпараттық және әдістемелік
аспектілері жағынан
- автокөлік құралдары
қауіпті объект болып табылады,
оның нәтижесінде материалдық
залалды өтеумен байланысты
- автокөлік құралдары
нарығының құрылымы мен
Қазіргі жағдайда автокөлік құралдарын бағалаудың қажеттігі келесі жағдайларда туындайды:
- бизнес-жоспарды әзірлеу, автомобильдік-құрылыс өндірісін құру және дамыту;
- автокөлік құралын өндіріске жіберілгендегі, болжамды нарықтық құнын бағалау;
- «көлік құралдары» тобы бойынша негізгі қордың белсенді бөлігін қайта бағалау;
- жекешелендіру кезінде бағалау;
- мемлекет меншігіндегі автокөлік құралдарымен мәміле жасағанда;
- автокөлік құралдарының кедендік шекара арқылы Қазақстан Республикасына кіргізлгенде;
- мүлік салығын есептеу үшін салық салу базасын анықтау;
- автокөлік құралдарын сату-сатып алу, сонымен қатар аукциондық;
- автокөлік құралдарының кепілдігін рәсімдеу;
- автокөлік құралдарын жалға және лизингке беру;
- кәсіпорынның жарлық қорына салым ретінде автокөлік құралын рәсімдеу;
- қоғамнан шыққанға, қоғам тарағанда және қоғам жойылғанда қоғам қатысушысының (акционердің) салымын еншілеу (бөлу);
- кәсіпорынды жалпы бағалауда негізгі қордың бөлігі ретінде автокөлік құралдарын бағалау;
- жою немесе авария, өрт, жарылыс, найзағай соққысынан, нөсерлі жауын-шашын, бұршақ, қалың қар, жер сілкіну, сел, опырылу, көшкін, тасқын, су басу, мұз астына түсіп кету, су құбыры немесе жылу жүйесі нәтижесінде зақымдану жағдайында, сонымен қатар ұрлау (айдап кету) әрекетімен байланысты ұрлау және жойылу (зақымдану) жағдайында автокөлік құралдарын сақтандыру;
- автокөлік құралы зақымданғандағы залал құнын бағалау;
- автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- автокөлік құралдарын сыйға тарту (салық салу мақсатында);
- автокөлік құралдарын мұраға қалдыру (салық салу мақсатында);
- сот шешімімен мүлікті (автокөлік құралдарын) бөлу;
- автокөлік құралдарымен бартерлік мәмілелер;
- мүлікті түгендеу (инвентаризациясы);
- автокөлік құралдарын конфискациялау;
- автокөлік құралдарын есептен шығару және жою.
Жалпы курстық жұмысқа тоқталатын болсақ, мұнда алға қойған мақсаттарға жету үшін, автокөлік құралдарын бағалау бойынша ғылыми, әдістемелік, ақпараттық және ұйымдық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар курстық жұмыс автокөлік құралдарын бағалаудың негізгі аспектілерін ашып көрсетеді. 1-тарауда толығымен және дәлелді түрде автокөлік құралдарының ерекше белгілеріне арналған және оларды бағалау объектісінің жеке класы ретінде қарастырады. Бұл бөлімде автокөлік құралдарын бағалаудың негізгі қағидалары, бағалау мақсаттары, құн түрлері және автокөлік құралдарының жіктелуі сияқты маңызды көрсеткіштері берілген.
Информация о работе Машина, жабдықтар және көлік құралдарының физикалық тозуын анықтау