Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:09, реферат
Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі – бағалау қызметі дамып келеді. Бағалау қызметі қоғамда тұрақты экономикалық қатынастарды қалыптастыру үшін, сонымен қатар меншік құқықтары объектісінің өркениетті экономикалық айналысы үшін қажет. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр. Оның актуалдығы сақтандыру қызмет нарығының құрылуынан пайда болды, оның негізгі мәселесінің бірі – кейіннен залалды өтеу үшін апатты зілзала, авария, өрт, жол-көліктік оқиға және тағы басқа нәтижесінде туындайтын зардаптар сомасын бекіту.