Жайрем кен байыту кенішінің қысқаша мінездемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 21:47, курсовая работа

Описание

Логистиканың «мерзiмге дәл» жүктерді жеткізу iргелi қағидасын жүзеге асыру, логистикалық жүйенiң жоғары тиiмдiлiгiне қол жеткiзу үшiн, барлық өндiрiстiк - көлiктік жүйенiң бiртұтас технологиялық үдерiсi жасалып iске асырылуға мiндеттi. Жүк тасымалдау тиiмдiлiгін жоғарылату үшін, көлiктік - логистикалық серiктестiктiң қызметкерлерiне еңбек өнiмдiлiгiн жоғарылатуға және кейбiр қателердi шығаруға көмектесе алатын бiртұтас автоматтандырылған жүйенi жасау керек. Осы курстық жұмыста ең кiшi шығындармен мерзiмге жүктердi iске асыруға логистикалық серiктестiктiң кедергi жасай алатын, нақты мәселелерi қарастырылған.

Работа состоит из  1 файл

асу.doc

— 801.00 Кб (Скачать документ)

Кiрiспе

     

Ақпараттық технологияларды қолданудың бiр бөлiгiндегi, динамикалық дамып  келе жатқан облыстардың бірі логистика  болып табылады. Кәсiпорындардың  логистикалық жұмысының автоматтандырылуы  қазiргі уақытта өте көкейкестi. Себебі өнiмнiң бөлшектік бағасы оның өндiрiсiндегі шығынға ғана емес, оның тасымалдауға, жинауға, iске асыруға кететін және т.б. шығындарғада тәуелді. Бұл шығындарды төмендетсек, өзiндiк құн төмендейді, сайып келгенде пайданы жоғарылатады. Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнiмдiлiгін жоғарылату, басқаруды ықшамдау.     Автоматтандыру, есептiң шешiмiне ең оңай жағдайларды қоспағанда, кешенді, жүйелiк амалдарды талап етедi, сондықтан автоматтандырудың алдында тұрған есептердiң шешiмi жүйе деп аталады. Логистиканың «мерзiмге дәл» жүктерді жеткізу iргелi қағидасын жүзеге асыру, логистикалық жүйенiң жоғары тиiмдiлiгiне қол жеткiзу үшiн, барлық өндiрiстiк - көлiктік жүйенiң бiртұтас технологиялық үдерiсi жасалып iске асырылуға мiндеттi. Жүк тасымалдау тиiмдiлiгін жоғарылату үшін,  көлiктік - логистикалық серiктестiктiң қызметкерлерiне еңбек өнiмдiлiгiн жоғарылатуға және кейбiр қателердi шығаруға көмектесе алатын бiртұтас автоматтандырылған жүйенi жасау керек. Осы курстық жұмыста ең кiшi шығындармен мерзiмге жүктердi iске асыруға логистикалық серiктестiктiң кедергi жасай алатын, нақты мәселелерi қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       1.   Жалпы бөлім

 

       1.1  Жайрем кен  байыту кенішінің қысқаша мінездемесі

 

«Жайрем кен байыту кеніші» АҚ Қарағанды  облысындағы тау-кен қазушы өнеркәсіптерінің ең ірі кәсіпорындарының бірінші үштігіне кіреді және Қазақстан Республикасында марганец концентратын  негізгі өндірушілерінің бірі болып келеді.

Кәсіпорынның  минералды – шикізаттық қорларының негізін Үшқатын-3 темір - марганец және барит - қорғасын кен орны, Жайрем барит - қорғасын - мырыш кен орны, Жомарт темір - марганец кен орны құрайды. ТБК балансында тұрған Қазақстанның марганец тотық кендерінің 80%  құрайтын Үшқатын-3  және Жомарт марганец рудасының қоры, кәсіпорынды 16 жылдан астам уақытқа ашық түрде және 60 жылдан астам жер асты жұмысымен қамтамасыз етеді.

 

             

 

 

                      Сурет 1 – «Жайрем» кен байыту кеніші

 

 Комбинаттың көп жылдық даму тарихы бар.  Өлкені жоспарлы түрде зерттей бастаған бірінші зерттеушілер отрядтары – геологтар, топографтар, мұнда өткен ғасырдың қырқыншы жылдары келе бастады. 1949-1950 жылдары Атасу геофизикалық экспедициясы Жайрем магниттік аномалияларын анықтады. 1950-1970 жылдары Атасу рудалық аймақта кен орнын барлау жұмыстары белсенді жүргізілді. 1972 жылы Жайрем кен-байыту комбинатын салу құрылыс жұмыстары басталды, ол Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды. Осы жылдары қорғасын–мырыш – барит рудаларын шығару жұмыстары Жайрем кен орнының Батыс және Қиырбатыс учаскелерінде басталады. 1992 жылы марганец концентратын өндіру басталды, ол келешекте және осы уақытта да кәсіпорынның негізгі өнімі болып табылады. 2004 жылдың қыркүйегінде «Жайрем ТБК» АҚ Еуразия өнеркәсіптік ассоциациясының құрамына енді. Осы уақыттан бастап кәсіпорын бірқалыпты жұмыс істей бастады. Марганец және барит концентраттарын өндірудің барлық техникалы-экономикалық көрсеткіштері орындалады.

Комбинат өнімінің маңызды артықшылығының бірі темір-марганец концентраттарында фосфордың (0,05-0,09%) және күкірттің (0,03-0,05%)  аз болуы, олар қорытпалар мен болаттардың қасиеттерін төмендететін зиян қоспалар және шикізатты өңдеушілерді металлургия үдерісіне ізбес флюстарын қосудан босатады.Кәсіпорын өндіретін темір-марганец концентраттарының көп бөлігі жақын және алыс шет елдеріне: Ресей, Украина, Қырғызстан, Қытайға экспортталады. Барит концентратын тұтынушылар Ресей, Түркмения, Өзбекстан және Украина болып табылады.

Комбинатта 2015 жылға дейін даму бағдарламасы дайындалған. Үшқатын-3 кен орнында жылына 1500 мың  тонна руда өндіретін жер асты кенішін салу жоспарланып отыр, Үшқатын-3 кен орнының алғашқы марганец рудасынан алынатын концентрат негізінде темір қорытпасын өндіретін ірі таукен-металлургиялық кешені құрылмақ, өнімге нарықтық сұранысты қанағаттандыру мақсатында баритті өндіруді қарқындылау және үстемелеу көзделіп отыр, Қиырбатысты және Батысты барит полиметалл кеніштерін реконструкциялауды бастау, полиметалл рудаларын байыту орындарын салу ұйғарылып отыр.

Кәсіпорынның  тәжірибесін және халықаралық рынокқа  шығуының потенциалды мүмкіндіктерін ескере отырып, кәсіпорында ISO халықаралық стандарты дайындалып және іске қосылуда. «Жайрем ТБК» АҚ сапа саласында, қоршаған ортаны, денсаулықты қорғау, еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік жауапкершілігі саясаты дайындалған.

 

 1.1.1 Жайрем кен байыту кеңішіндегі АКК міндеті және оның жұмыс режимі

 

Жайрем кең байыту кешеніндегі  АКК күнделікті қызмет көрсетуді  қоспағанда, ол келесідей негізгі  жұмыстардан тұрады: жинау, жуу, сүрту, бақылау-диагностикалық, бақылау-бекіту, реттеу, электротехникалық, майлау, тазалау, шиналау және май құю жұмыстары. Одан басқа, техникалық қызмет көрсету кешеніне күнделікті қызмет көрсету, техникалық қызмет көрсету-1, техникалық қызмет көрсету-2 алдындағы бақылау жұмыстары және қызмет көрсетіп болғаннан кейін тексеру жұмыстары кіреді.

Жоғарыда айтылған жұмыстардың  барлығы орындалған кезде біздің көлігіміздің жұмысқа дайындығы  арта түседі.

Берілген тапсырма бойынша жүк  тасымалдайтын автокәсіпорын ТҚК  №2 аймағын жобалау болып табылады. Бұл ТҚК №2 аймағы  Қарағанды өңірінде, яғни Жайрем кең байыту кешенінде орналасуы қажет.

Жайрем кең байыту кешеніңдегі  ТҚК №2 аймағының міндеті –автомобильдің механизмдері мен агрегаттарының техникалық қалпының жұмыс барысында өзгеруін азайту,ақауларды анықтау мен  алдын алу шаралары,тиімді жұмысын,қозғалыс қауіпсіздігін,қоршаған ортаны қорғауды өз уақытында бақылау,майлау,бекіту,реттеу және басқа жұмыстарды атқару жатады.Диагностикалық жұмыс автомобильдерге  ТҚ және жөндеу технологиялық элементі болып табылады және сәйкес жұмыстарды орындағанда оның техникалық жағдайынан хабар береді.

 

1.1.2 Жылжымалы құрамды  пайдалану көрсеткіштері

     

Темір жол көлігінде сияқты, негізгі  проблема автомобильдің қозғалыс жылдамдығын  арттыру болып табылады. Бұл оны  аса қуатты газ турбинасына, газ дизеліне, сутекке, атомға және т.б. ауыстыру жолымен ішкі жану қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін (ПӘК) арттыруды талап ететін кешенді проблема.Электрлік (зарядтаумен) энергияны пайдалануды ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруға болады. Жоғары жүк көтерімділігін сыйымдылықты автомобильдері жасау бойынша жұмыстар жалғасады, бұл ең алдымен, автомобиль жолдарының сапасымен байланысты мәселелердің барлық қатарын шашуді талап етеді, ал бұл мақсаттар үшін жолдардың дәстүрлі жамылғыларын өте берік және өрте арзан (негізінде жол төсеміне тозған резиналарды қосу) жаңа материалдарға ауыстыру қажет.     

1.1.3 Техникалық қызметтің  құрылымы 

 

АКК мен ОБ директоры түгел кәсіпорынды  басқарады. Түгелдей және техникалық қызмет мынадан тұрады: бас инженер,бас  механик, жеңіл цех бастығы.

Қызмет көрсету жүйесінің және жылжымалы құраманы жөндеу жұмысы әдетте, өзара байланысқан бірнеше жүйелерден тұрады. Негізгі құрылымдар 3 өндірістік жүйеге жіктеледі: негізгі, қосалқы  және қызмет көрсетуші. Негізгі өндіріс  БҚК, ТҚК-1,ТҚК-2 жұмыстары және АЖ қосалқы-өндірістік бөлімшелер(цехтар), механикалық, жылу, сырлау, обойлық, электротехникалық және басқа да жұмыстарды орындайтыннан тұрады, қызмер көрсетуші өндіріс қоймалардан, БМБ шеберханаларынан, көліктік топтардан және басқалардан тұрады.

 

        

 

 

 

 

         

 

 

2. АБЖ мiнездемесі

 

2.1 АБЖ  тағайындалуы

 

 

Автоматты басқару теориясы басқару  процестерін, зерттеу тәсілдерін және автоматты басқару жүйелерін  жобалау негіздерін оқытады. Автоматты  басқару дегеніміз қандай-да бір  нысанды адамнық қатысуынсыз басқару. Қазіргі уақытты автоматты басқару теориясы әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық т.б. нысандарды басқаруға арналған есептерді шешетін біртұтас ғылыми базаны құрайды.

АБЖ инженерлік есептерін жүргізу  мақсаты – жүйені анализдеу және синтездеу есептерін шешу. Бірінші жағдайда жүйенің реттеу сапасының көрсеткіштерін, оның құрылымы және параметрлері белгілі болғанда бағалау талап етіледі. Екінші жағдайда сапа көрсеткіштерінің қажетті мәндері қойылып, осы талаптарды қанағаттандыратын жүйені құру есебі қойылады.

Фирманың қоймасына тауарларды жеткізген кезде, әрбiр клиентке апаратын тауардың көлемiн есептеу  керек.

Қазіргі кезде өндірістік процестердің қарқынды дамуына және ол процестердің әрекетінің нақтылығына қойылатын талаптарға байланысты автоматты басқару жүйелерін қолдану қажеттілігі туындады.

Басқару есебінде әрқашанда екі объект бар, олар: басқарылатын объект және басқарушы  объект. Басқарылатын объектіні әдетте басқару объектісі, ал басқарушы  объектіні реттеуші немесе басқару құрылғысы деп атайды.

Сонымен автоматты басқару жүйесі (АБЖ) деп  басқару объектісі (БО) мен басқару  құрылғысының (БҚ) жиынтығын айтады.

Басқару теория негіздері автоматты басқару  жүйесінің математикалық модельдеу, талдау және синтездеу әдістерін  үйретеді.

Автоматты басқару жүйелерін зерттеу кезінде  қолданылатын әдеттегі есептеу әдістері көптеген аналитикалық түрлендірулермен және есептеулермен байланысты. Мұндай жұмыстардың жеке этаптары нақты  математикалық формулировкалардан тұрады және ЭЕМ-де тиімді жүзеге асырыла алады. АБЖ-ның динамикалық қасиеттеріне талдау жасау үшін оның математикалық моделін құру қажетті. Ол үшін жүйенің элементтеріне дифференциалдық теңдеулер құрылады және олардың көмегімен жүйеде болатын динамикалық процесстерді сипаттайды. Бұл теңдеулердің негізінде тұрақтылық, жылдам әрекет ету сияқты АБЖ-ның маңызды қасиеттері және жүйенің барлық қажетті сапа көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік беретін жүйенің негізгі сипаттамалары құрылады.

Автоматты басқару жүйелерін жобалау екі  жолмен іске асырылады:

- Талдау  әдісі. Бұл әдіс жүйе беріліп,  ал оның сипаттамаларын немесе  тұйықталған қалыптағы әрекетін  анықтау керек болғанда қолданылады.

- Синтез  әдісі. Бұл әдіс жүйенің қажетті  сипаттамалары немесе оның әрекеті  беріліп, жүйенің құрылымының  сапасына қойылған талаптарды тұйықталған жүйе қанағаттандыратындай жүйенің құрылымын анықтау.

3 Технологиялық бөлім

 

3.1 Берілген мәліметтер

 

 

Кесте 3.1 Ауқымдық нормативтік жұмыс істеу

 

Жылжымалы құрамының  маркасы

Liebherr T 252

Жылжымалы құрамның саны, Ан

34

АКК жұмыс режимі

341

Шығу коэффициенті

0,1

Нарядтағы уақыт, сағ

14

Пайдалану категориясы

III

Климат жағдайы

Қоңыржай

Орташа жұмыс нәтижесі

10425 мотосағ.

Көлбеулік

8%

Транспортировканың арақашықтығы, км

1,4

Жолдың беткі қабатының  типі

Щебенка

АКК Liebherr-дiң саны

70


 

 

3.2 Өндірістік бағдарламаның техникалық қызмет көрсету және жөндеу  жұмыстары бойынша есебі

 

 3.2.1 Жүйе нормативтерін таңдау және түзету

 

Өндірістік бағдарламаның есебін жүргізу үшін берілген ТҚК және Ж  бойынша жұмыс істеу көлемін алдын ала таңдау қажет.

Liebherr T 252  автомобилі жүйелілігі  және орындалған жұмыс, көрсетілген  қызмет және жөндеу жұмыстары  бойынша еңбек сыйымдылығына  байланысты келесідей түрлерге  бөлінеді :

 

  - КҚК—күнделікті қызмет көрсету              МҚК—мезгілдік қызмет көрсету

  - ТҚК-1 №1техникалық қызмет  көрсету      ЕЖ-1-ескерту  жұмысы

  - ТҚК-2 №2техникалық қызмет  көрсету  

  - ТҚК-3 №3техникалық қызмет  көрсету      ЕЖ-2-ескерту  жұмысы

  - АЖ—ағымдағы жөндеу                               КЖ-капиталды жөндеу

 

Ауқымды нормативтік жұмыс істеу  ТҚК жағдайы белгіленген “Жүк көтергіштігі 40 т және одан да көп Liebherr автомобилінің ТҚҚ және Ж” (3.1 кесте).

 

 

 

 

 

Кесте 3.2

Жүйелік, еңбек сыйымдылығы, ТҚК  және жөндеудегі бос жұмыстар

 

ТҚК және  Ж түрлері

Көрсеткіштер

Жүйелік мото/сағ

Еңбек сыйымдылығы адам/сағ

Бос жұмыстар, сағ

ТҚК

айсайын

0,63

0,3сағ

ТҚК-1

183

23,3

3сағ

ТҚК-2

533

43,3

13сағ

ТҚК-3

1103

53

23сағ

МҚК

жылына 2 рет

27,3

-

ЕЖ-1

4383

363

9,3 күн

ЕЖ-2

8953

573

13күн

АЖ

-

20,3

13сағ

КЖ

17823

1213

43күн


 

Карьерлік автосамосвалдардың ТҚК  және Ж нормативтері эталондық жағдайыда  еңбек сыйымдылығын нормаларының түзету жағдайына байланысты есептеу

АКК пайдаланылатын нормативтерді казіргі жағдайға байланысты коэффициентерін талдау факторлары:

Информация о работе Жайрем кен байыту кенішінің қысқаша мінездемесі