Белсенді туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 09:21, курсовая работа

Описание

Зерттеу өзектілігі. Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге, халықтардың салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе түсіп отыр. Бірақ экскурсияға шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана қызықтырады ма? Әрине, олай емес. Экскурсияның танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қызметтері де бар.

Содержание

ЖОСПАР
Кіріспе 3
I-тарау. Экскурсияның мәні және мазмұны 4
1.1. Экскурсия түрлері, белгілері және олардың сипаттамасы 4
1.2. Экскурсияның түрлерінің пішіні мен топтары 4
1.3. Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар 4
II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар 4
2.1. Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы экскурсиялар 4
2.2. Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары 4
III-тарау. Жорықты ұйымдастыру……………………………………………...........….20
3.1. Жорықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету ......20
3.2. Экскурсия жасаудағы кедергілер 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 4

Работа состоит из  1 файл

ЖОСПАР.docx

— 58.18 Кб (Скачать документ)

      Б.з.б. көне заманнан осы уақытқа дейін Александр Македонскийдің жорықтарына жолбасшы болған Геродоттың саяхаттарының жазбалары сақталған. Орта ғасыр саяхаттарының классикалық үлгісі ретінде М. Поло және А.Никитиннің саяхаттарын келтіруге болады. Географиялық ұлы ашулар кезеңі адамзаттың планета жөніндегі көзқарастарын түбегейлі өзгерткен саяхаттарға толы болды. Жердің шар тәрізділігі туралы идеяның біржола қалыптасуы осы кезеңге сай келеді. Кейінiрек Жер туралы  ұғымды кеңейтуге Д.Ливингстон және ағылшын саяхатшысы Г.Стэнлидің, Н.М.Пржевальскийдің, Ш.Уәлихановтың т.б. саяхаттары зор ықпал етті.

      Бірақ Қазақстан туризмі тарихындағы  ең елеулі табыстардың көбі жаңа заманда жүзеге асты.

      1929ж.  Таулы туризмнің энтузиастары  Б.И. Белоглазов, Ф.Л. Савин, В.И.  Зимин ĺле Алатауына бірнеше  туристік саяхаттар, жорықтар  жасады. Бұл жылдың жазында олар  бірінші туристік саяхатты Ыстық көлге ұйымдастырды.  Бұл жорыққа  Алматы қаласы мектептерінің 17 мұғалімі қатысты.

      1930ж.  Савиннің қолбасшылығымен пошта  және телеграф жұмысшыларына қиын емес маршрут жасалынған болатын: Алматы- Медеу- Көкжайлау- Үлкен Алматы көлі.

      1931ж.  қаңтарында В.Н. Зимин алғаш  рет туристерге қысқы шаңғышылық  саяхат  мына маршрут бойынша  жасады: Алматы- Ұзынағаш- Қордай перевалы.

      Қазіргі таңда мұндай саяхаттарға оқушылар да қатысып жүр. 

2.2. Белсенді саяхаттың классификациясы  және қиындық категориялары

 

      Белсенді  туризмдегі  классификацияланған  туристік   экскурсия- дегеніміз,  белгілі бір қиындық категориясына сәйкес келетін бағытты айтамыз.

      Туристік  маршрут дегеніміз — белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар белгілі  бір  уақытқа арналған  алдын-ала   жоспарланған Туристердің жылжу трассасы.

      Халықаралық альпинистер одағының (ХАО) ұсынуымен 1947ж. туристік экскурсиялардың қиындық шкаласы ресми түрде қабылданған:

      I-категориялы  экскурсиялар— аз қиындық, қиын емес жеңіл категориялы жорықтар болып табылады. Бұл жорық барысында қозғалыс кезіндегі тепе- теңдікті сақтау үшін қолдың көмегі кейбір кезде ғана керек. Бұл маршруттардан өту үшін туристерге өзіне деген сенімділік пен тереңдіктен қорықпау қажеттілігі керек.

      II-категориялы экскурсияларға — орташа қиындық деңгейіндегі жорықтар жатады. Бұл саяхатқа тәжірибесі аз туристер, альпинистер тік жар, қиын өткелдерден өту кезінде сақтандыру құралдарын қолданады, сонымен қатар қолдың  көмегінсіз жорық кезінде тепе-теңдікті сақтау мүмкін емес.

      III-категориялы  экскурсияларға —қиын деңгейдегі жорықтар жатады. Бұл жорыққа  қатысу өз бетінше  кәсіби емес альпинистер мен спортсмендерге қиындық тудырады, қатысушылар тобының бір уақытта жылжуы мүмкін емес, олар өзара кезектесіп,сақтандырулар жасайды. Әрбір туристің жеке сақтандыру құралдары болуы тиіс.

      IV-категориялы  экскурсияларға — өте қиын деңгейдегі  жорықтар жатады. Оларға сонымен қатар тік жарлар арқылы спорттық өрмелеуге арналған  жорықтар да жатады. Топ жетекшісінің жоғары деңгейдегі дайындық  дағдысы болуына үлкен талап қойылады.

      V-категориялы  экскурсияларға — аса қиын деңгейдегі жорықтар жатады. Мұндай категориялы жорыққа қатысу үшін үнемі дайындықтың арқасында тәжірибе жинап, қажетті техниканы, құрал-жабдықтарды жетілдіру қажет. Бұл жорықтарда сақтандыру құралы – арқан 2  қабатталады.

      VI-категориялы  экскурсияларға — ең жоғарғы қиындық деңгейіндегі жорықтар жатады, өрмелеуге қажетті нүктелер өте сирек орналасады. Қиындық категориялардың ішіндегі  ең қиыны болып табылады. 

      Қиындық категориялары белсенді саяхат кезіндегі  табиғи кедергілердің қиындық деңгейін сипаттайтын классификациялық көрсеткіш.

      Қиындық категорияларын анықтауда негізгі 3 классификациялық сипаттама:

      ұзақтылығы;

      арақашықтығы;

      маршруттың  техникалық қиындығы

      ерекше  рөл атқарады.

      Мысалы, маршруттың  ұзақтылығы жорыққа қатысушы топқа арналған демалыс күндерін есепке алмағанда, ауа райына байланысты тоқтауды есептемегенде жалпы маршрутқа қажетті  минималды уақыт шығады. Жалпы демалысқа қажетті уақыт жалпы уақыттың 20-%-нан  аспауы керек.

      Арақашықтық —  маршруттың   белгіленген   ұзақтығы. Маршруттың ұзақтығы — топографиялық карта арқылы немесе карта схемасының масштабына  сәйкес айқындалады.

      Категориялы жорықтардың параметрлері

                                Қиындық      категориялары
 
Ұзақтығы (күндер саны)
I II III IV V VI
6 8 10 13 16 20
Жорықтардың қашықтығы

-жаяу  жүру (км)

120 150 190 220 250 300
-шаңғымен (км) 130 160 200 220 250 300
- таулы жерлермен (км) 100 120 140 150 160 160
-су  жолдарымен 150 160 170 180 190 190
-велосипедпен 250 400 600 750 900 1000
-мотоциклмен 1000 15000 2000 2500 3000 3000
-машинамен 1500 2000 2500 3000 3000 3500
- спелео жорықтар 

( үңгірлер саны)

5 3-4 2-1 2-1 1 1
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                            III-тарау. Жорықты ұйымдастыру

2.3 Жорықта  қауіпсіздікті қамтамасыз ету

 

      Туризмдегі  мүмкін болатын кездейсоқ жағдайлардың себептерін келесідей  топтастыруға болады:

      1) топтың себептері — аймақтың  табиғи ерекшеліктеріне байланысты (теңіз деңгейінен биіктік, асулар, өткелдер, күрделі рельеф, қолайсыз ауа райы).

      2) топтың себептері — туристер  тобының қажетті деңгейде материалдық  — техникалық базамен қамтамасыз  етілмеуімен байланысты.

      3) топтың себептері — туристік  саяхаттың  қажетті деңгейде  ұйымдастырмауымен байланысты.

      4) топтың себептері — туристер  тобындағы медициналық  қызмет  көрсетушілердің қажетті деңгейде  тәжірибесінің болмауы, тактикалық — техникалық дағдылардың жетіспеуінен туындайтын жағдай.

      Кез келген туристік қызмет көрсететін кәсіпорын  егер қызметтері белсенді болса, онда өзінің құрамында бақылау-құтқару топ жасақтауы тиіс. Бақылау-құтқару  топтың негізгі атқаратын мақсаттары:

      осы турфирманың белсенді турлары жүзеге асырылатын аудандарын  барынша  зерттеу.

      2) құтқарушы қордың азық-түлікпен, медикаменттермен, құрал-саймандармен жабдықтау, қамтамасыз ету .

      3) базалық лагерьде немесе эксплутацияланатын  турлардың бағыттарында қатерлі  жағдайларды алдын алуға арналған  профилактикалық шараларды жүзеге  асыру, яғни гид, инструкторларға  кеңес беру, туристерге нұсқаулар  жасау, маршруттарды маркировкалау,  туристер тобының маршруттарды  жүріп өтуіне бақылау жасау.  

      4) тексеру-бақылау, құтқару-іздестіру жұмыстарын жүзеге асыру қатерге ұшыраған туристерге көмек беру.

      5) қажет болған жағдайда мемлекеттік-апаттық  құтқару қызметтеріне ақпараттар беру және бірлесе отырып, құтқару қызметтерін жүзеге асыру. 

      Құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшін, хабарсыз кеткен туристер тобын іздестіру  үшін белгілі бір бақылау мерзімі өту қажет. Егер осы мерзімнен кейін туристерден хабар алынбайтын болса, жедел түрде құтқару-  іздестіру жұмыстарын бастау қажет, бақылау мерзімі деп, күтпеген қиын- дықтардан өтуге арналған уақытты резервін айтамыз. Тәжірибедегі белгіленген оптималды уақыт резервтері бар:

      I-ші  — III-ші қиындық деңгейіндегі  жорықтар үшін — 1 немесе 2 күн, ал IV-ші және V-ші категориялы жорықтар  үшін — 2-3 күн.

      Құтқару жұмыстары үшін негізгі медикаменттер  тобы:

      ауру  басушы және әлсіз ағзаны қалпына келтруші препараттар (анальгин, темпалгин және т.б.);

      2) қан тоқтатуға, дезинфекциялауға   арналған  препараттар   

       (йод, cутегі тотығы);

      3) антибиотиктер тобы (пинициллин, тетрациклин,  эритромицин);

      4) сыртқы жарақаттарға қолданатын препараттар;

      5) таңуға қажетті материалдар (бинт, мақта);

      6) приборлар мен инструменттер  тобы (градусник, қайшы, шприцтер  және т.б).

      Құтқару-іздестіру жұмыстары келесі жағдайларға байланысты басталуға тиіс:

      егер  де туристер тобы белгіленген мерзімде  бақылау пункттеріне келіп жетпеген болса, іздестіру жұмыстары басталады.

      Егер  де туристік маршруттың бойында апаттық  жағдай болуы мүмкін деген сенімді  хабар алынған жағдайда,апаттық жағдай туындап, туристерге алғашқы көмек көрсету және тасымалдау керек болған жағдайда басталады.

      Турфирмалардың  барлығы мемлекеттік-апаттық құтқару  қызметімен бірлесіп, әрекет етуі тиіс. Туристік фирмалар мен күтпеген жағдайлар бойынша бірлесе отырып, келесі бағдармаларды құрған:

      1) МИНИМУМ бағдарламасы - бақылау-құтқарушы топтары мемлекеттік кездейсоқ жағдайлар бойынша комитетінің құрамына қосылады. Бұл топтың құрамында алғашқы көмек көрсете алатын, қатерге ұшыраған туристерді алып шыға алатын дайындықтары  бар спортсмендер болуы тиіс. Кездейсоқ жағдайлар бойынша министрліктің тапсырысы бойынша турфирмалардың инструкторларының көмегімен тауда, суда құтқару жұмыстарын жүзеге асыратын білікті мамандар дайындау қажет. Бұл жерде турфирма мамандпры құтқарушыларды дайындауға арналған теориялық және практикалық бағдармалар жасауға тиіс.

      2) МАКСИМУМ бағдарламасы – бұл  бағдарламаға сәйкес инструкторлардың  көмегімен қауіпсіздікті қамтамасыз  ету үшін қажетті ақпараттарды  жинап, белгілі бір жүйеге келтіру. Бұл бағдарлама бойынша апаттық қатерлі аудандарға  ұдайы тексеру жүргізеді.

      Туризмдегі  қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шетелдік             тәжірибені қолдана отырып, Қазақстанның туристік кеңесінің федерациясы  туристік саяхаттардың қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін бөлігінің рекламентінің  үлгісін ұсынған, бұл құжатта  келесі жағдайлар көрсетілген:

      1а)  қызметтер бағытының тізімі, яғни  туристік бағыттардың потенциалды  қатерлері туралы ақпараттарды жинап, өңдеу

      1б)  Қазақстан территориясындағы барлық  саяхаттардың  түрлері бойынша  қауіптен сақтандырудың нұсқауларын  тағайындау.

      1в)  траспорттық немесе құтқару жұмыстарын  жүзеге асыру, іздестірулерді  жүргізу, туристік топтарға және турфирмалардың қызметіне кеңестер беру.

      1г)  туристерге сақтандыру полистерін  рәсімдеу.

      2а)Қызметтердің  технологиясы - Қазақстан мен ТМД елдерінің территориясы бойынша ұйымдастырылған саяхаттар кезіндегі потенциалды қатерлер туралы ақпараттарды автоматты түрде өңдеуден өткізу.

      2б)  Қазақстан картасына салынған  информацияларды енгізе отырып, құтқару нәтижесінде туристердің  дислокациялау орындарын белгілеу.

      2в) 6 адамнан тұратын контракты негізінде  жұмыс жасайтын 2 құтқару топтарын  құру.

      2г)  бақылаушы топтарының қызметтері  үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу.

      3)даму  перспективалары – бүкіл әлем  бойынша жорықтар мен саяхаттардың  қауіпсіздігін қамтамасыз етуді  белгілі бір жүйеге келтіріп, нұсқаулар мен кеңестерді тағайындау, арнайы базаларда құтқарушы тапсырыс бойынша тағайындау қызметтерін ұсынатын мекемелер.

      Туризмдегі  қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегеніміз  — туристік шараларды  өткізу кезінде  ұйымдастырудағы кешенді қызметтерін  жүзеге асыруды айтамыз. Мысалы, саяхатқа, жорыққа қатысушылардың физикалық,  техникалық, тактикалық арнайы дайындықтан  өтуі, туристік маршруттарды  құралдармен  жабдықтау, медициналық қызметтермен  қамтамасыз ету, туристерге кеңес беруді ұйымдастыру, бақылау жүргізу, оперативтік  көмек көрсетуді ұйымдастыру, қажет болған жағдайда іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. іс-шаралар жатады. Жорық кезіндегі туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  қажетті шаралар туризмнің түріне байланысты айқындалады.

Информация о работе Белсенді туризм