Емдік-сауықтыру орындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 09:15, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық – әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Шынында да , қазақ «Тазалық-саулық негізі, саулық – байлық негізі» деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек.

Работа состоит из  1 файл

Емдік- сауықтыру орындары.docx

— 46.22 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына  жолдауында 2030 жылға дейін  экономикалық – әлеуметтік биіктерге  көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім.  Шынында да , қазақ  «Тазалық-саулық негізі, саулық – байлық негізі»  деп бекер айтпаса керек. Гүлденген  экономиканы дені сау, саналы азаматтар  жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты  өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек  жүргізгеніміз  абзал.  Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек.

Санаторлы-курорттық емі  туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Соған орай елімізде емдік сауыктыру рекреациялық ресурстарын зерттеу,талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында - денсаулықты жақсарту, курортологиялық емдеу қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу; Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы - «дема алу, адамның күшін қалпына келтіру» білдіреді.

Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты; Экономикалық аспектіге - адамның еңбекке деген қабілеттілігін жақсарту. Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа санаториялар, демалыс үйлер, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Олардың басты мақсаты халықтың рекреациялық қажеттіліктерін рекреациялық (табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық) ресурстар арқылы қанағаттандыру. Адамдардың  денсаулығын сақтау және  күшейту, олардың  еңбекке  деген ынтасын  арттыру  бұл  әр мемлекеттің  әлеуметті  саясаттың  міндеті, олардың шешуі  туризмнің  басты рөлі болады,  сонымен қатар  негізгі емдік  функциялар  мен  белсенді демалыс және санаторлық – курорттық ем, адамдардың  қиын аурулардан өткенін, қайта  өз денсаулығын нығайту  үшін арналған және  де  емдік процессін жалғастыруға мүмкіндік береді. Туризм арқылы емдеу - өндірісте және өндірістік емес мәселелерін  шешудің  бір рөлі, адамның физикалық және психологиялық  шаруадан шыққан. Дұрыс ұйымдастырылған және белсенді  демалыстың  кең қолдануы адамдарды физикалық жағынан  күштерді нығайтатын, сыртқы ортаға және жағымсыз әсерлерден кері ұстауға мүмкіндік береді. Денсаулықты сауықтыру туризмі, адамдардың денсаулығын күшейтеді, адам ағзасының  маңызды жүйесін қалпына келтіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның  шипажайларының емдеу және сауықтыру  саласындағы туризмнің алатын орны

 

Қазақстан халқының материалдық және мәдени өмірінің деңгейінің өсуі, өнеркәсіптің дамуы, Маңғышлақ түбегінің мұнай мен  газ байлықтарының меңгерілуі, тың  жерлерді игеріп, жаңа шаруашылықтардың құрылуы, сонымен қатар ауыл шаруашылықтың  басқа салаларының дамуы, қайта  құру кезеңіне дейін Қазақстан халқының санының ұдайы өсуіне әкеп соқты. Бірақ ол тек табиғи өсіммен ғана шектелмеді, Қазақстанға басқа жерлерден  халык қоныс аударды. Осының нәтижесінде  курорттық-санаториялық емдеудің қажеттілігі  өсті. Бірақ, егер біз емдеуге қажетті  ғимараттардың салынуының және халықтың түрмыс жағдайы қажет ететін ғимараттарды салудың нәтижесін салыстырсақ, емдеу ғимараттардың, яғни санатория  мен курорттардың саны халықтың кажеттілігін қанағаттандырмады. Қазіргі кезде көптеген ғылыми зерттеулерде Қазақстан халқы көп ауыратын ауруларының түрлері анықталып, халқының жалпы денсаулығының деңгейі зерттелінді, сонымен бірге курорттық-санаториялық емдеудің кажеттілігі жағынан есеп жүргізілді. Осы зерттеулер кейіннен физиотерапия және курортология Орталық Институты қолдады. Нәтижесінде кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік берді.

Осылай, Қазақстанда 1966 жылы 240 мың адам курорттық  емдеуді керек етті. Олардың қажеттіліктерін  толық қанағаттандыру үшін 18 мың  жылдық санаториялық орындар керек  болды. Фактілерге сүйенсек осы кезде  бар болғаны 1445 жылдық және 1290 маусымдық  орындар, жалпы есептегенде 2100 санаториялық орындар, ол 11,7% керекті мөлшерді құрады. 1971 жылы емдеуге қажет ететіндердің саны 280 мың адамға жетті. Ол 21 мың жылдық орындарды талап етті. Сол кезде курорттар мен санаторияларда 1782 жылдық және 675 маусымдық орындары жұмыс істеді. Яғни, 10,1 %. 1980 жылы Қазақстанда курортық емдеуді қажет ететіндер саны 330 мыңға жетті. Олардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін 24 мың жылдық санаториялық орын керек еді. Физиотерапия және курортология Орталық Институтының көрсеткіші бойынша қазіргі кезде курорттық емдеуді 342 мың адам қажет етеді, бірақ қазіргі кезде санатория және курорттық жүйелердің толығымен емдеуге мүмкіншілігі жоқ. Осыған байланысты бірнеше рет анализ жүргізіліп, төмендегі көрсеткіштер анықталды. (соңғы 10 жыл аралығында). Бұрынғы КСРО-ның құрамына енген курортарда халықтың 20%-ға ғана көмек көрсетілді. Дәлірек айтсақ: 1966 жылы - 18,7%; 1971 жылы - 19,8%; 1980 жылы - 19,8%. Ал 1990 жылдан бастап халыққа мемлекеттік тарапынан емдеулік жәрдем аз көрсетілген. Жоғарыдағы көрсетілген көрсеткіштерге қорытынды жасасақ -Қазақстанның халқы көбінесе шет елдерде емделуге талаптанады. Егерде біз қазақстандық курорттарға жалпы сипаттау жасасақ, ол біздің халқымызға тиімді және ұтымды болып келеді:

- емделу жағынан жақсы нәтижеге жетуге мүмкіншілігі бар, яғни акклиматизация және реакклиматизация қажеттіліктері төмендейді.

- біздің халқымызға өте тиімді болып келеді. Әрине біздің курорттардың тек «жағымды» жақтары ғана емес, сонымен бірге «жағымсыз» да бар. Оны «жағымсыз» деп атасақ, шынымен қажетсіз. Дәлірек айтсақ, ол біздің курорттар мен санаторияларының дамуына кері әсер ететін процесс. Яғни, проблема болып табылады. Ол ең алдымен:

а) кейбір курорттық-санаториялар өз жұмыстарының тоқталуына;

б) жаңа курорттық ресурстар зерттелінбейді.

Қазақстанның  курорттык ресурстарды зерттегенде, республикада 500-дей минералдық су бұлақтары, 78-аса балшык көлдер, 50-ге жуық климатты-емдеулік тұрақтары бар екені анықталды.

Рекреация – бұл адам баласы өзінің бос уақытын танымдық сауықтыру спорттық және мәдени-көңіл көтеру іс-шараларын өткізу мен шектелмейді және осы шаралар бір күндік, апталық, жылдық сонымен қатар өмірлік циклдерді жүзеге асыру мақсатында орындалады.Адам өзіне бірнеше рекреациялық аспектілерді бірітіре алады Олар: Медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық, политикалық, және экологиялық болып бөлінеді. Рекреациялық аспектілердің маңыздылары мыналар болып табылады: Ол мынау; медико-биологиялық олар мынандай құрамдардан тұрады: Осы ауруға шалдыққан денсаулығын қалпына келтіруге курортология   әдісімен емдік процестің аяқталуын күтетін зиялы қауым. Дені сауыққан адамдардың шаршағанын басатын аурудың әдістемесінде және кәсіби маман ретінде қабылдауға болады.  Туризм арқылы сауығу – бұл адамның өндірістік және өндірістік емес психологиялық жағынан шаршауын кетіре алады. Дені сау адамның жұмыстағы және үй шваруашылығындағы ауырпашылықтан шаршауы адамның жұмыс істеу қабілетін төмендетіп жібереді. Тәулік бойы  ауыр салмақтан күшті әсер алуы жасөспірімдер жасына байланысты. Орташа жас пен жасы келген адамдардың салмақты көтеруі бірдей болуы керек және тыныштық қалпында өтуі тиіс. Осыған орай әр бір жасқа арнайы цикл тәрбие мақсатында жүргізіледі. Емдік сауықтыру туризмінің түсінігі И. В. Зориннің және В. А. Квартальныйдың анықтаулары бойынша бұл біріншіден Емдік және демалу мақсатындағы туризм, екіншіден жалақылары төмен тұрғындардың туристік саяхатында тұрмыстық жағдайы нашар, әлеуметтік жағынан қорғалмаған емделу мен рекреациядан өтуді қажет ететін адамдар саны. Соңғы кезде тау шаңғысының курорты белең алып барады. Олар мынандай табиғат факторларына тән: қар жамылғысының көптігін жылына 3 айға дейін биіктігі 50-60 см болуын қадағалайды. Сонымен бірге жайлы климаттық жағдай әлсіз немесе белсенді түрде бөлшектелген рельефтер жартасы мен орташа температурасы 170, қар көшкінінен сақтану шараларын қарастырады.

Қазақстан Республикасында емдік факторлардың ресурстарға бай 10% зерттелген. Ал 6 бальнеологиялық топтағы шипалы суларынан (жағымсыз иісі жоқ қасиетті компоненттері мен) сулфидті бромды кремнийлі радонды йодты темірлі, негізгі қолданылатындары радонды және кремнийлі болып табылады. Республикамызда емдік батпақтың негізгі түрі сульфидті (құрамы – 60 млн м3) дейін жетеді. Сонымен қатар теңіздік примориялық түрлері кездеседі, бірақта Арал теңізінің суының тартылуына байланысты кей біреуі құрамындағы байлықтарын жоғалтқан. Қазіргі заманғы туризм классификациясында емдік туризм басты рөлде қамтып отыр. Туризмдегі қоғамдағы функция мен өндірісті шығару технологиясының негізін 3 топқа бөлеміз олар: емдік, спорттық – сауықтыру, және де танымдық туризм болып саналады. Осы формаларды назарға ала отырып туризм классификациясын класқа, типке түрге, және әр түрліліге бөлуге болады. Қолға алынатын мақсаттарға байланысты туристік саяхаттағы туризм мынадай түрлерге бөлінеді. а) рекреациялық туризм б) экскурсиялық туризм в) арнайы туризм Рекреациялық туризм өзіне емделу мен сауықтану саяхатын қосады. Ол мынандай бөліктерден құралады курорттық емделу оның ішіне климаттық емделу, балнеологиялық емделу, қымызбен емделу және батпақпен емделу, спорттық сауықтыру және оның құрамына пансионаттар демалыс үйіндегі сауықтану және де спорттық жорықтардағы болып бөлінеді. Сонымен қатар климаттық емделу туризмі мынадай түрлерге бөлінеді Олар: талассотерапия (теңіз климаты мен шомылу және күнге қыздырыну мен емделу) гелиотерапия (күн ваннасы), аэротерапия (ауа ваннасы). Егемендікті алғаннан кейін республикада санаториялық-курорттық жұмысын жақсарту жөнінде бірталай жұмыстар өткізілді. Оған мемлекеттік бюджеттен 57,0 млн тенге қаржы бөлінді. 900-ға жуық жату орындар ашылып, жаңа диагностикалық емдеу корпустар және басқа емдеу ғимараттар өз жұмысын бастады. Бірак, жүргізілген жұмыстарға қарағанда материалдық-техникалық база әлемдік стандартқа сай келмейді. Санаториилардың 45% астам  30-шы және 20-шы жылдарда салынған болатын. Жаңа санаторияларды салу, жаңа минералдық су бұлақтарының және кен орындарын зерттеу жұмыстары жүргізілмеді. Қазіргі кезде кардиологиялық санаторияларды салу құрылысы өте тиімді болып есептелінеді. Қазақстан Республикасы бойынша, статистика агенттігінің мәліметтеріне жүгініп, меншік нысандары бойынша мамандырылған орналастыру құралдарына келіп тоқталатын болсақ: Емдік санаторийлер, пансионаттар, санаторий-профилакторийлер 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда, 26 бірлікке қысқарғанын төмендегі кестеден көруге болады. Осыған сәйкесінше, төсек орындар саны мен емделгендер саны тиісінше азайған. Соған сәйкес науқастар саны, демалған адамдар саны 2010 жылға тіркелмеген. Оның ішінде мемлекеттік демалыс мекемелерді бөліп қарастыратын болсақ, емдік санаторийлер, пансионаттар, санаторий-профилакторийлер 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда, 21 бірлікке көбейген. Сәйкесінше, төсек орын саны мен емделгендер саны едәуір өскен. Ал демалыс үйлері мен базалары, пансионаттар 2006-2008жылдары саны екеу,  2010 жылы ушеу болса,  2011 жылы тіркелмеген. Сәйкесінше, төсек орын 2009 жылы 10286 болса, 2011 жылы 3249 орын, емделгендер 20010жылы 182422 болса, 2011 жылы 45992 адамға күрт төмендеген (1 - кесте).

1 - кесте – Жекеменшік демалыс мекемелері

 

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

  2010 жыл

  2011 жыл

Емдік санаторийлер, пансионаттар, санаторий- профилакторийлер

56

57

66

68

22

Одан төсек (орын)

9 218

9 325

10 141

10 286

3 249

Емделгендер (адам)

       132 029

       189 189

       175 634

       182 422

45 992

Демалыс үйлері мен базалары, пансионаттар

11

10

5

6

-

Науқастар саны ең көп айдағы төсек

1 566

2 674

1 118

1 193

-

Демалғандар,адам

8 096

27 494

9 125

10 013

-

Ескерту: ҚР-ның статистикалық агенттігінен алынған мәліметтер


 

Басқа мемлекеттердің меншігіндегі емдік санаторийлер, пансионаттар, санаторий-профилакторийлер 2007 жылдан бері жалпы саны 1 болса, 2011 жылы мүлдем қызмет көрсетпеген. Сәйкесінше төсек орындар 2007-2010 жылдар бойы  420   болған, емделгендер саны 2006 жылы 4665, 2008 жылы 9 166, 2008 жылы 9 139, 2009 жылы 9 252 болған. Демалыс үйлері мен базалары,  пансионаттар 2011 жылға тіркелмеген . Толығырақ төмендегі мәліметтерден көре аласыздар .

2 - кесте – Басқа мемлекеттердің меншігі

 

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Емдік санаторийлер, пансионаттар, санаторий- профилакториийлер

1

1

1

1

-

Одан төсек (орын)

420

420

420

420

-

Емделгендер (адам)

4 665

9 166

9 139

9 252

-

Науқастар саны ең көп айдағы төсек

200

200

204

204

-

Демалғандар,адам

2 395

2 859

3 118

3 300

-

Ескерту: ҚР-ның статистикалық агенттігінен алынған мәліметтер

Информация о работе Емдік-сауықтыру орындары