Емдік-сауықтыру орындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 09:15, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық – әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Шынында да , қазақ «Тазалық-саулық негізі, саулық – байлық негізі» деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек.

Работа состоит из  1 файл

Емдік- сауықтыру орындары.docx

— 46.22 Кб (Скачать документ)

 

Қорытындылай келетін болсақ, Қазақстанның табиғи емдік байлықтары – минералды су бұлақтары және әр түрлі химиялық құрамы мен көптеген өзендерін өзгеше климат бойынша емдік қасиеті бар батпақ пен көркем орындарының көптігі тұрғылықты санаторийлар мен курорттардың дамуына жағдай жасап отыр. Туризм арқылы емдеу - өндірісте және өндірістік емес мәселелерін  шешудің  бір рөлі, адамның физикалық және психологиялық  шаруадан шыққан. Дұрыс ұйымдастырылған және белсенді  демалыстың  кең қолдануы (жаяу жүру, қайықта жүзу, велосипедпен тебу және басқалары) адамдарды физикалық жағынан  күштерді нығайтатын, сыртқы ортаға және жағымсыз әсерлерден кері ұстауға мүмкіндік береді. Денсаулық сауықтыру туризмі, адамдардың денсаулығын күшейтеді, адам ағзасының  маңызды жүйесін қалпына келтіреді. Бұл жағдайлардың  мәндері: көп жүрулер, саяхаттар,  экскурсиялар, мерекелер,  ауа және күн сәулелік  ванналар, теңіздік және өзендік  жүзулерді  жатқызуға болады. Әлеуметтік-эканомикалық  мәні  бар туризм функциясы  өте жоғары, өйткені ол миллион адамдардың  денсаулығын және еңбекке талпынысының  күшеюіне бағытталған.

Жоғарыдағы мәліметтерге көз жүгіртек болсақ, емдік орындар мемлекеттік және жеке меншік иелерінің бақылауында. Мемлекеттік қазіргі таңда 79 болатын болса, жеке меншіктің қол астында 22  емдік - сауықтыру орындары. Әрине алдыңғы жылдармен салыстырғанда, жеке меншік қолынан мемлекет меншігіне біршама емдік сауықтыру мекемелері өткен. Бірақ мұны жеткіліксіз деп ойлаймын.

Емдік-сауықтыру туризмнің даму мәселелері мен келешегі

 

Кез келген мемлекеттің емдік сауықтыру  туризмінің өркендеуі тек оң нәтиже беретіні барша халыққа мәлім. Ел басымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың елу дамыған мемлекеттің қатарына қосылу стратегиясын іске асыру мақсатында біршама шаруалар атқарылуда және жоспарда тұр. Ал ол тікелей экономикамымыздың  жоғарғы деңгейде дамуымен сипатталады. Әрине көптеген қызмет салалары экономикамымыздың  дамуына өз үлестерін тигізуде, бірақ  ең көп табыс көзі болып табылатын  ол Туризм саласы.  Сол себепті, кең  байтақ, көркем,әсем, емдік қасиеттері мол жерлерімізді игеріп, әлемге әйгілі етіп, дамыту басты мақсат болуы  қажет. Соның ішінде, емдік сауықтыру туризмін жетілдіру проблемасы менің дипломдық жұмысымның басты алға қойған мақсаты.

        Шетел шипажайлары мен түрлі емдік сауықтыру орындары Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда алға озғанын жасырмаған жөн. Бұған дәлел, жоғары да келтірілген статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, келу туризмімізге қарағанда шығу туризміміз әлдеқайда жоғары деңгейде дамыған. Сол себепті олар нарықта орын алып, бәсекелікке ие болып отыр. Неліктен біз шетел емдік сауықтыру туризмімен бәсекелікке түспейміз? Біздің бұған құқығымыз толығымен бар емес пе? Және де еліміздің экономикасының дамуына басым үлесін қоспай ма? Міне, осы сұрақтар қайта қайта мазаламауы үшін, еліміздің керемет келешегі үшін, емдік-сауықтыру туризмін дамытуды алға негізгі мақсат етіп қоюмыз қажет. Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру емдік-сауықтыру туризмінде  басты мәселелердің бірі болып табылады. Елімізде 566 астам емдік орталықтары бар. Басым бөлігі курорттық санаторийлер, яғни шипажайлар болып келеді. Уақыттар арасында Қазақстан халқының аурулары системалық түрде зерттелген және де қоғамдық аурулардың деңгейі, сонымен қатар есептер жүргізілінді, яғни халықтардың санаторий мен курорттарға бару қажеттілігі аса түсті. Осы жұмыстар өз уақытында Орталық институтының курортология және физиотерапияның есептерімен дәлелденді. Соның арқасында кейбір маңызды профильдік жұмыстар атқарылынды, яғни санаторийге керекті төсек орындар. Қазақстанның халқына өте тиімді болды, өйткені аз төсек-орындар болғанда, санаторийлер ауру адамдарды сыйдыра алмайтын.

Шетелдік емдік шипажалайлардың  тәжірибесі және оның Қазақстандағы  қолдану мүмкіндігі

 

Шетел емдік шипажайлары әлемге танымал бола бастаған уақыты ХІХ-ғасырдың екінші жартысы болып есептелген осы орынды емделуге ғана емес сонымен  қатар демалу мақсатында қолдана  білген. Батыс Еуропаның курорттарының тең жартысы Германия Австрия және Швейцарияда шоғырланған. Олар негізінде екі тип бойынша ұсынылған: балнеологиялық және климаттық. Өлі теңіз жағалауында шоғырланған жерге терапевтикалық ем алу мақсаты мен курорттарына ағылып төгіліп келуге талпынады. Эйн-Букек, Эйн-Геди, Неве-Зохар, Чехиядағы бальнеология.

 Америкада емдік туризмнің лидері АҚШ болып табылады. Денсаулық сақтау аймағында олар көптеген жетістіктерге жетті. Әлемдегі ең керемет мамандықтардың бірі дәрігерлік ауруханалық кешендер техниканың соңғы жетістіктері мен жабдықталған. Балнеологиялық курорттар Солтүстік Американың ең негізгі типтері болып табылады.

Олар көптеген штаттарда кездеседі. Минералды сулардағы әйгілі курорттар  Маммот-Спрингс, Хибер-Спрингс, Хот-Спрингс АҚШ-тың оңтүстік орталығының Арканзас штатында орын тепкен. Сұранысқа ие болғандар примориялық климаттық курорттар демалысқа лайық болып келеді. Таяу Шығыста туризм Өлі теңіз жағалауында дамыған. Тұзға толы минералды құралдары мен оның суларында тірі жәндіктің өмір сүруіне де қауып төнеді. Туристер оған қарамастан израильдің Өлі теңіз жағалауында шоғырланған жерге терапевтикалық ем алу мақсаты мен курорттарына ағылып төгіліп келуге талпынады. Эйн-Букек, Эйн-Геди, Неве-Зохар. Оңтүстік, Шығыс, және Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінде емдік туризм әлсіз түрде дамыған. Шығыста кеңінен таралған медицина саласы фитотерапия инемен емдеу сияқты жағдайлар шетелден келген туристерге өте қатты ұнайды. ТМД ның шекарасында ертедегі жазған жазушылардың қалдырған өсиеті секілді емдік орындар туралы мағұлматтар баршылық.

Қазіргі таңда әлем бойынша жоғары бағаланатын емдік-сауықтыру шипажайлар мына елдерде орналасқан: Бад Татцмансдорф (Австрия), Бад Ишль (Австрия), Гастайнерталь (Австрия), Баден (Австрия), Баден-Баден (Германия), Бад Райхенхаль (Германия), Бад Киссинген (Германия), Бад Хомбург (Германия), Лейкербад (Швейцария), Бад Рагац (Швейцария), Биарриц (Франция), Порник (Франция), Киберон (Франция), Абано Терме (Италия), Остров Искья (Италия), Монтекатини Терме (Италия), Добрна (Словения), Рогашка Слатина (Словения), Өлі теңіз (Израиль),Санья (Қытай).

Германияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, Франция шекарасынан қашық емес, Баден-Баден елдің ескі және ең жақсы  батпақты курорты болып есептеледі. Өте жақсы географиялық белдеуде орналасқан Баден-Баденда жыл бойы жұмсақ климат сақаталады, суында көптеген емдік қасиеттері бар, сол себептен бұл жерлерде ерте кезеңдерде римдіктер  де қызыққан. Баден-Баден шіркеуінің Штифткирхе дуалының астында, қазіргі  жәрменке алаңында «Царских банк» атты дүниежүзінде ең үлкен және ең атақты рим моншасының қалдығы бар. Хлорлы-натрилі  минералды бастаулардың Фридрихсквелле, Мурквелле және Фетквелле суларының  температурасы мөлшермен +60 -650С. Бұл сулар 1,5 мың метр тереңдіктен Флорент тауының астынан көтеріледі. Хельквелле («тозақтың қайнар көзі») температурасы +68,20С – бұл бүкіл Германия бойынша ең ыстық судың қайнар көзі Фридрихсбад (1875-1877 жж). Баден-Баден суы және емдік процедуралары ревматизм ауруларына, тыныс алу жолдарына, стресске, нерв ауруына және де хронически әйелдер ауруларына көптеген пайдаларын тигізеді. Әрбір шипажайдың атауынның алдында «бад» приставкасы бар, бұл оның емдік қайнар сулардан пайда болғанын білдіреді. Сондай-ақ шипажай орналасқан қаланың атауы да сол шипажай атауымен аталады. Бір нәрсеге сенімді болуға болады: минералды су қазіргі заманғы медициналық әдістермен үйлесе келіп, керемет жасауға қабілетті. Олар туған жерлерін мемлекеттегі мемлекет деп танып, Баварияның бас қаласы Мюнхенді бүкіл Германияның астанасы деп таниды. Бұнда жылдан –жылға жарты ел демалуға келеді, Бавариядағы демалыс әруақытта да қызықты, шулы өтеді.

Баден-Баден – шипайжайлы өзінің құрамында калий хлориді, тұз бромиді, цезий хлориді мен басқа минералдары бар жылы қайнар сулармен әйгілі. Қайнар суы буын, тыныс жолдары аурулары мен басқа да ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылады. Бүгінгі таңда температурасы 56- дан 68,8 С арасындағы 1200- тереңдіктен шығатын 20 қайнар су пайдалынады. Қайнар терең болған сайын, судың температурасы да соғұрлым жоғары болады. Қайнару суы ванна, ішу, қауыздарда шомылу, ингаляция мен суару үшін жарамды.Шипажай біздің дәуірімізге дейінгі 3 ғасырда римдіктер негізін қалаған және 9 ғасырдың басында Фридрихс және Каракалла екі жылы су кешендерінің арқасында халықаралық сауықтыру шипажайы атына ие болған, бұнда массаж, су асты массажы, Шиатсу, оттегі, көміртегі, әуе, жылы, гаухартасты ванналары, емдік гимнастикалары сияқты емдеу шаралары жүргізіледі. Көрсетілімдер:

  • гипертония;
  • қан тамырлары аурулары мен жүректің ауруларының жеңіл түрлері;
  • қимыл-қозғалыс аппаратының барлық аурулары, ревматологиялық қабыну аурулары (артрит, артроз), буындар мен омыртқаның дегенеративті аурулары;
  • қимыл-қозғалыс аппаратына жасалған операциялар мен жаратқаттан кейінгі емдеу;
  • әрекеттік күшті жалпы арттыру;
  • шаршаудан айырылу, барлық ағзаны регенерация, активизация мен ынталандыру.
  • жүйкенің жұқаруы; неврит пен невралгия;
  • зат алмасудың бұзылуынан пайда болған аурулар;
  • кейбір гинекологиялық аурулар, климакстың бұзылу салдары;
  • тыныс жолдарының ауруы (созылмалы бронхит, мұрын қуысының қабынуы т. б.);
  • кейбір тері аурулары.

Баден-Баденнің барлық дәрігерлері ағылшын тілінде, тіпті кейбіреуі орыс тілінде сөйлей алады. Емдеудің дәстүрлі әдісін немесе жоғары технологияларды қолданған емдеуді таңдау, жалпы айтқанда, Баден-Баденде  үлкен таңдау ұсынылады. Баден-Баденнің сауықтыру орталықтары дәстүрлі медицинада болсын, альтернативті медицина болсын емдеудің жаңа зерттемелері мен әдістерін қолдануға әрдайым дайын. Баден-Бадендегі терапияның әртүрлі түрлерін ұсыну барлық саланы қамтиды. Австрия мен Германия шекарасында орналасқан Бад Райхенхаль Баварияның кішігірім шипажай қаларының ішінде ерекше орын алады. Ежелгі тұз қайнататын Alte Saline 1834 жылы салынған және еуропалық маңызы бар индустриалды ескерткіш болып табылады. Туристерді минералды қайнар көздер мен неороман стилінде салынған кішкентай шіркеуі бар бас павильон қызықтырады. Көне корольдік Курхаус өзінің сәулетімен таң қалдырады және қаланың визит карточкасы болып табылады. Қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін ол өзінің бастапқы қалпына келтірілген. Курхаус іскерлік іс-шаралар, конгрестер, концерттер мен басқа да мәдени іс –шаралар өткізу орталығы болып табылады. Бад Райхенхальдің Көркем академиясы көптеген суретшілер мен өнер адамдарының шығармашылық дамуына мүмкіндік береді. Бад Райхенхальдің үш шақырымға созылған жаяу жолының бойы сәулетті галереялармен, бутиктер, пассаждар мен дүкендерге бай. Әуесқойлар қаладан көптеген дәстүрлі бавар сыра, интернационалды тағамдарымен белгілі мейрамханалар, жайлы көше кафелерін таба алады.     Шипажайдың мамандануы. Бальнеологиялық шипажай өзінің емдік альпі климаты мен тұзды қайнар көздерімен, міне 150 жыл бойы белгілі. Табиғи тұздар, емдік балшықтар, қарағай иісіне толған ауа және емдік альпі климаты жеңіл тыныстағысы келгендерге жүз жылдан бері көмектесіп келеді.Сонымен қатар шипажай мамандануына ревматологиялық, қимыл-қозғалыс аппараттарының ауруы, тері, гинекологиялық және бала ауруларын алдын алу мен емдеу кіреді. Емдеу көрсетілімдері: жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының аурулары (демікпе, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы); аллергиялық және созылмалы аурулар; балалардың тыныс жолдары мен тері аурулары; жүйке аурулары; операциядан кейінгі реабилитация; гинекологиялық аурулар; омыртқа аурулары; жүрек мен қан айналым аурулары; қимыл-қозғалыс аурулары; зат алмасудың бұзылуы (мысалы, тұз байлану ауруы).

толығырақ: аллергиялық аурулар, күйзелуге қарсы бағдарламалар, арироз, артрит, спондилез, дископатия, демікпе, гинекология, диабет, күре тамыр аурулары, тыныс жолдары аурулары, бұлшық ет, сіңір аурулары, зат алмасу аурулары, омыртқа аурулары, буын және дәнекер тіндер аурулары, тері аурулары, қан айналымының бұзылуы, ұйқының бұзылуы, нейродермиттер, жүйкенің жұқаруы, қимыл-қозғалыс аппараты аурулары, остеопроз, остеохондроз, оториноларингология, босанғаннан кейінгі қалпына келтіру терапиясы, сұлулық бағдарламассы, жасару бағдарламассы, арықтау бағдарламассы, псориаз, жарақат және операциядан кейінгі реабилитация, ревматологиялық аурулар, жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары, иммунитетті көтеру, созылмалы бронхит, созылмалы полиартрит.

Тұзды қайнар көздер. Ауадағы оттегі мөлшерінің көптігі, альпілік климат пен минералды тұздар шипажайды қуат беретін қайнар көзге айналдырып отыр. Тұзды су ағзаға күн сәулесі сияқты маңызды. Ағзадағы тұздың арақатынасы теңіздегі тұздың арақатынасына тең келеді. Тереңнен шығатын табиғи тұзды қайнар суы медициналық және косметикалық мақсатта қолданылады. Ол тыныс жолдарын тазартады, ағзаның қорғаныш күштерін арттырады, залалсыздандырады және нығайтады.

Емдік балшық. Табиғи балшықтың қуат беретін күші ертеден-ақ белгілі. Сазбалшық ванналарына түсу, сондай-ақ сазбалшыққа орану өте пайдалы. Емдік балшықпен емдеу ас қорыту жүйесін қалпына келтіреді. Емдік балшық омыртқа және арқа ауруларына, сондай-ақ ревматологиялық ауруларды емдеуде тиімді. Қазіргі уақытта халықтың денсаулығына тигізетін басты әсері -әлеуметтік, генетикалық, экономикалық факторлар және денсаулық қорғау деңгейі болып есептелінеді. АҚШ-та жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, АҚШ-ң тұрғындарының денсаулық көрсеткіші -50%-і өмір сүру деңгейіне (тамақтану, тұрмыс жағдайы, т.б.), ал 20% қоршаған ортаға, 20%-генетикалық және тек 7%,-ғана денсаулық қорғау жағдайларына байланысты болады. Осы көрсеткіштер бойынша Қазақстан халқының денсаулығы ТМД елдерінің жалпы көрсеткіштерінен де төмен болып келеді. Мысалы, Қазақстанда бала өлімінің көрсеткіші жоғары болуы, инфекциялык ауруларға ұшыраған әйелдердің өлімі көбейді. Сонымен бірге республикада әр регионнан қоғамның жалпы денсаулығы жөнінде мәліметтердің аз болуы және демографиялық жағдайына байланысты мәліметтер, экологиялық прессинг және емдеу мақсатындағы табиғи факторлар жайында көрсеткіштер жоқ. Қазақстанның алғашқы минералдык бұлақтар және сумен емдеу орындары жөнінде мәліметтерді Тимур бастаған 1390 жылғы жорықтарда кездестіруге болады. Кейін, 1834 жылы Ф.Геблер Шығыс Қазақстандағы «Рахманов кілтілері» бұлақтарына сипаттама беріп, ал 1849 жылы А.Влангли Қапаларасан минералдық бұлақты зерттеді. 1917 жылға дейін Қазақстанда тек екі санатория жұмыс істеді. Олар Бер-Шоғыр және Бурабай және Шымғандағы жалғыз таулы-климаттық станциясы. Бальнеологиялық жүйені Қазақстанда XX ғасырларда ғана зерттеле бастады. Минералды сулармен емдеу, балшықтардың аппликацияларын сырттай қолдану терінің рефлексі байқалады; ал іштей қолдану механизмнің гуморальдық компоненттері бүкіл асқазан тракты бойынша рефлекторларымен бірге тығыз байланыста болады; организмнің гуморалды және рефлекторлы компоненттерде эндокриннің әсері өте үлкен. Олар организмнің физикалық факторлық әсерлеріне жауап қайтарады.

Балшықпен емдеу кезінде бірқатар ферменттердің (каталаздар, оксидаздар, хоминастераздар  және т.б.) активтілігі жоғарылайды. Сонымен курорттық-санаторияларда емделудің тиімділігі ең алдымен ол адамның ағзасына қалайша әсер етеді. Қазақстан көптеген курорттық орындарға бай. Курорттық жүйені ұйымдастыруға ғалымдар мен 200-ге жуық минералдык бұлақтар және емдеуші су орындары, оның ішіндегі 500-і, мысалға: термальды және субтермальді, әлсізрадондық және хлоридті-сульфатті-натрийлі, әлсізсілтілі сулар (Арасанқапал); әлсізминералданған күкіртті, натрийлі-карбонатты сульфатты сулар (Алма-Арасан); әлсізминералданған гидрокарбонатты, натрийлі, әлсізсілтілі, жоғары термальді бұлақтар – құрамында миркоэлементтер кездеседі: алюминий, темір, марганец, молибден, мырыш және т.б. Сонымен қатар 78 балшықты көлдер және 50-ден аса климаттық емдеулік аудандар немесе зоналар республиканың облыстарында анықталды. Қазіргі кезде Қазақстандағы дамыған курорттық зоналар – Алматы, Бурабай-Шучинк, Баянауыл, Қарқаралы, Сарыағаш, Сергеев, Шалқар. Республикалық ғалымдардың зерттеу жұмыстарының арқасында бруцеллездың соңғы патологияны емдеу процессі зерттелінді. Емдеудің жоғарғы көрсеткіші – санаториялык-курорттарды байқалды. Алма-Арасанға тән – жылы күндердің жиі және күн радиациясының жоғары болуы. Суы кремний қышқылы бар азминералданған, радиоактивтілігі минималды және күкірттісутектің кездеспеуі болып келеді. Жаңақорған курорты Теріскен тұзды көлдің жағалауында Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Курорт шөлейтті аймақта орналасқан, шөптесін өсімдіктер аз өседі. Климаты ТМД территориясындағы бурцеллозбен емдейтін балшықты курорттардан ерекшеленеді. Оған тән климат ыстық және құрғақ жаз, қатты желдер және жауынның аз жаууы. Теріскен көлдің рапа хлоридті-сульфатті-натрийлі-магнийлі. Алма-Арасaнның минералдық моншаларыда және Жаңақорған балшықтарымен емдеуге тек хронологиялық бруцеллезбен ауыратын адамдар ғана емделінеді. Туберкулезбен ауыратын адамдардың саны Қазақстанда өте көп (жыл сайын 12 мың адам). Туберкулез ауруының тез және қаркынды дамуы, әсіресе жастар мен әйелдер арасында эпидемиологиялық жағынан өз сәтсіздігін көрсетті. Оның басты себебі, Қазақстанда туберкулез инфекциясының резервуары соңғы ғасырларға келіп түседі. Бүгінгі күнде республикада 46 туберкулез аудандары анықталды. Осы аудандарға тән сипаты: тұрмыстық пен тамақтану деңгейі төмен, гигиеналық-санитарлық жұмыстар нашар ұйымдастырылған. Қазіргі туберкулез ауруын емдеуге ең кейінгі роль – санаториялар болып келеді. Осы санаториялар орналасуына қарай орманды-дала, тау алды, таулы аудандары. Себебі табиғи факторлар арқасында, туберкулезді емдеу процесі тез жүреді.Табиғи факторлармен емдеу кезінде климаттық емдеу максималды түрде колданылады. Оның ішінде талассотерапия, гелиоемдеу, аэротерапия және еңбек терапиясы. Сонымен бірге, бізге бұрыннан белгілі, қымыз сусыны туберкулез ауруға ұшырағандарға емдеу үшін жақсы нәтижеге жетуге болады. Осы бөлімді қорытындылай келе, айтатынымыз, қазіргі кезде Қазақстан халқының денсаулығы дамыған мемлекеттерден артта қалды.

Информация о работе Емдік-сауықтыру орындары