Қонақ үй, классификациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:39, контрольная работа

Описание

Зерттеу нысаны: бүкіләлемдік туристік ұйым анықтамасы бойынша, қонақ үй – нақты бөлмелер санынан құралған, біріңғай басшылығы бар, белгілі қызметтер жиынтығын (минимум – төсек-орынды, бөлмені, жуыну бөлмелерін жинастыру) ұсынатын және сол қызметтер мен бөлменің жабдықталуына қарай дәрежелер мен қатарларға топтастырылатын ұжымдық орналастыру құралы; Қазақстан Республикасының қалаларында орналасқан орналастыру объектілері.

Работа состоит из  1 файл

туризм реферат 1.docx

— 166.59 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қонақ үй түрлерінің ерекшеліктері.

 

Маркетингтің басты заңы нарықтағы кез келген тауар не қызмет тұтынушының сұранысына сәйкес болуын талап етеді. Маркетингтің басқа  заңы біріңғай нарықтың жоқтығын және нарықтың сараланымдарға бөлініп, әр қайсысында белгілі бір сұранысқа ие тұтынушылардың болуын атап көрсетеді. Осыдан әр бір тауар осы не өзге нарық сараланымына ыңғайланады. Бұл, әрине, қонақ үй қызметтерін ұсынатын кәсірорындарға да қатысты. Отельдердің мамандануы және олардың туристік нарықтың түрлі сараланымдарына ыңғайлануы әлі соңына дейін жетпесе де, кез келген саяхатшыға негізделген әмбебап отельдер дәуірі артта қалғанын осы күні байқауға болады.  Күннен күнге көптеген қонақ үйлер нарықтың белгілі сараланымдарына негізделе мамандануда. 

Нарық сараланымы түрлі нышандарға байланысты қалыптасады. Қонақ үй бизнесі  үшін ең басты базистік сараланым  болып, клиенттің саяхатқа шығу мақсаты  саналады. Мысалы, егер отель бизнес туризмге негізделсе, онда ол қаланың іскерлік орталығында басты мемлекеттік мекемелерге жақын жерде орналасуы керек. Мұндай қонақ үйлерде клиенттерге факс, электронды пошта, ксерокс, халықаралық телефонмен, сонымен қатар, аудармашы және стенографист қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін бизнес орталықтардың болуы маңызды. Сондай-ақ, отельде келіссөздер жүргізетін бөлме және көліктерді жүргізушімен немесе жүргізушісіз жалдау мүмкіндігінмен қамтамасыз етілуі керек. Қонақ үй қорының құрылымында бір бөлмелілердің үлесі көп болуы қажет. Әр бір бөлмеде жақсы жарықтандырылған үстел, қаламен байланысы бар телефон, желіге қосылған компьютер және шалбарды үтіктеуге басқыштың болуы міндетті. Бұл, әрине, бөлмеде әдетте болатын құрылғылар жиынтығына қосымша ретінде. Бизнесмендер іс-сапарлар кезінде көп күш жұмсайтындықтар, қонақ үй демалыс және релаксация қызметтерін ұсынуы керек. Сондықтан, бизнес отельде монша, хауыз, жаттығу залының болуы маңызды. Кешке қарай бизнесмендер ең аз түрде болса да, көңіл көтеретін сауықпен айналысуды қалайтынын ұмытпаған жөн. Бизнес отельдің басты факторы – қонақ үй беделі. Себебі, бизнесменнің қандай отельде тоқтағаны бойынша оның келіссөздер жүргізуші серіктестері онымен ұсынылып отырған фирманың жағдайын пішіп-кеседі. Сондықтан, бизнес отельдер әдетте төрт жұлдызды деңгеймен бағаланады.

Бизнес-отель табыстарды жоспарлаған кезде өз клиенттерінің  ерекшеліктерін ескеруі керек: олар өие жиі сапарға шығып тұрады, бірақ, келу уақыты ұзаққа созылмайды, сондай-ақ олар жұма күндері үйлеріне қайта оралады. Сондықтан, қонақ үйді демалыс күндері толтыру мәселесі туындайды. Клиенттер тұрақты рейстермен ұшып тұратындықтан, қонақ үй белгіленген уақыттарда көліктердің жіберілуімен қамтамасыз етуі керек.

Танымдық мақсаттарда  келген туристерге қызмет көрсетуге  негізделген қонақ үй қаланың  тарихи және мәдени орталықтарына жақын жерде орналасқаны тиімді. Бұндай қонақ үйлер әт түрлі жұлдызды болуы мүмкін. Жоғары дәрежелі емес қонақ үйде хауыз, монша мен жаттығу залы болмауы мүмкін. Бөлмелерде екі немесе екі адамдық кереует болады. Үстелдің болуы шарт емес. Бизнес орталықтың қажеті жоқ, бірақ, экскурсиялық жорықтарды ұйымдастыратын орталықтардың болғаны жөн. Егер қонақ үй адамдар тобын орналастыратын болса, онда оларды жылдам түрде орналастыру мен шығаруды ойластырып қою керек. [3]

Турист орналастырылатын қонақ үй санаты туристік жолдама  бланкісінде көрсетілуі тиіс: бір  орындық бөлме – SGL, екі орындық  – DBL, үш орындық – TRP, төрт – QUATR және т.б.

Көрсетілетін қызмет деңгейі  бойынша отельдер бірнеше деңгейге бөлінеді. Жалпы негізгі қызметі  орналастыру болса, қалғандары осы  негізгі қызметтің сапасын арттыруға  бағытталған.

«Өте жоғары сапалы» отель: 100-400 бөлме; қала орталығы; клиенттердің түрлі талғамдарын орындайтын жақсы  мамандандырылған қызметшілердің жоғары деңгейдегі қызметі; құны өте қымбат; тұтынушы – ірі ұйымдардың басшылары, жоғары деңгейлі мамандар, жоғары деңгейде өткізілетін конференциялар қатысушылары; элиталы жағдайлар мен бөлменің қымбат безендірілуі.

Жоғары деңгейлі отель: 400-2000 бөлмелі; қаладан тыс жерде; арнайы дайындалған қызметкерлермен көрсетілетін қызметтер жиынтығы; құны орташадан  жоғары; тұтынушы – бизнесмендер, жеке туристер, конференция қатысушылары, қымбат жиһаз бен жабдықтар; үлкен  мейрамханалар мен қонақ бөлмелер.

Орташа деңгейлі отель: максималды түрде дамыған технологияларды  қолдануға және пайдалану шығысын  төмендетуге талпынады; аймаққа  байланысты орта деңгейлі құн.

Апарт-отель: 100-400 бөлме; көбінесе өзіне-өзі қызмет ету түрі; баға орналасу уақытына байланысты; тұтынушы – ұзақ уақытқа тоқтайтын бизнесмендер мен отбасы туристері; толық жиһаздалған  пәтерге сәйкес.

Экономикалық дәрежелі отель: шектелген қызметтер жиынтығынан  құралған қонақ үй; 10-150 бөлмелі; қала шеті немесе орта бөлігі; қызметтердің шектеулі саны; құны қымбат емес; аймақ  бойынша орташа деңгейден 25-30% төмен, содан үлкен сұранысқа ие болады; тұтынушы – толық пансионды қажет  етпейтін туристер; жағдайлар –  тамақпен қамтамасыз ету қызметі  жоқ, алайда жақсы жабдықталған бөлме. Қонақ үй деңгейін «*»(жұлдыз) таңбасымен белгіленеді. Қонақ үйдің жабдықталуы  және көрсетілетін қызмет сапасының  жоғарылауына байланысты жұлдыз саны артады. Қонақ үйлер деңгейін бірден беске дейін жұлдыздармен белгілену  қабылданған, мотельдер үшін – бірден төртке дейін.

Әлемнің түрлі елдерінде  қонақ үйлер мен басқа да орналастыру  құралдарының деңгейін түрлі таңбалармен  белгілейді. Мысалы, Францияда жұлдыздар  болса, Ұлыбританияда тәжілер. Халықаралық  қонақ үй дәрежелерін біріңғай таңбамен белгілеу шаралары әлі күнге дейін  нәтиже берген жоқ. Әр түрлі елдерде  орналастыру қызметінің жіктелу бойынша таңбалануы келесі кестеде көрсетілген (кесте 2).   

Кесте 2. Әлемнің әр түрлі  елдерінде қабылданған орналастыру  құралдарының жіктелу жүйелері.

 

Австралия

5 жұлдызды жіктелу

Австрия

5 жұлдызды еуропалық жүйе. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі кішігірім қонақ үйлер мен арзан орналастыру құралдары (youth hotels)

Англия 

Кең таралған «тәжі» немесе «кілт» жүйесі (жалпыеуропалық жұлдызбен  салыстырғанда тәжі бір бірлікпен  жоғары). ВТА (британ турагенттіктерінің ассоциациясы) жіктелуі де кең қолданыста – 5 жұлдызды, бірақ, жұлдыздар қарапайым әдістер арқылы тағайындалады

Андорра

5 жұлдызды жіктелу

Аргентина

Ұлттық жіктелу жүйесі. Бес жұлдыз деңгейіне сәйкес келетін  бес дәреже: «T» (tourist class) - **; «F» (first class) - ***; «FS» (first superior class) - ***-тен *****-ке дейін; «L» (luxe), «DL» (de luxe) - ***** және ең жайлылар

Бахрейн

Жергілікті ерекшеліктері  бар 5 жұлдызды жүйе

Бенилюкс 

Жұлдыздықтың тым артық бағалануы бар 5 жұлдызды жүйе (әйгілі қонақ үй тізбектерінен басқа)

Бразилия 

Тәуелсіз қонақ үйлерде  жұлдыздықты тым артық бағалауы бар 5 жұлдызды жүйе

Венгрия

5 жұлдызды жіктелу

Германия 

5 жұлдызды жүйе бойынша  қонақ үйлердің мемлекеттік жіктелу жүйесі. Орналастыру құралдары қонақ үйлер, курорттық қонақ үйлер (Kurhotel), керуен сарайлар (Gasthof), отельдер және пансиондар болып жіктеледі

Греция

Әріптермен (A, B, C, D) белгіленетін төрт дәреже. Қонақ үй сапасының  жоғары дәрежесі «de luxe» деп белгіленеді. 5 жұлдызды жүйеге шамамен сәйкестік  мынадай: «de luxe» - *****, А - ****, В - ***, С - **, D - *. Дәрежеленбейтін қонақ үйлерге  апартаменттер жатады.

Мысыр

Сапа деңгейінің тым артық  бағалануы бар 5 жұлдызды жіктелу

Израиль

Іс жүзінде жалпы қабылданған  бес жұлдыз жіктелуі берілетін қонақ  үйлер үш деңгейге жіктеледі

Испания

Жұлдыздармен белгіленетін дәрежелер әрбір орналастыру  құралы үшін енгізілген: қонақ үйлер  үшін - *-ден *****-ке дейін, бунгало (апартамент) үшін - *-ден ****-ке дейін, пансиондар үшін - *-ден ***-ке дейін

Италия 

Еуропада жалпы қабылданған  сапа бойынша өрбуге сәйкес келетін қонақ үйлер үш дәрежеге жіктелген: 1 дәреже - ****, 2 дәреже - ***, 3 дәреже - **

Қытай

Ыңғайланған қонақ үйлер  үшін 5 жұлдызды жіктелу. Жіктелінбейтін орналастыру құралдары да топтарға бөлінеді: студенттік жатақханалар үлгісіндегі хостелдер, қонақтарға арналған үйлер жіне т.б.

Мальдивалар

Ыңғайлы орналастыру құралдары  «standart», «de luxe», «junior suite», «presidential suite»  деңгейлеріне жіктеледі 

Мальта 

Жаңа ұлттық жүйелерді  еңгізгенде 5 жұлдызды жүйесі сақталады. Отельдерді үш деңгейге ажыратады: алтын, күміс, қола

Марокко

Жұлдыздықтың тым артық  бағалануы бар 5 жұлдызды жүйе (0,5-1 жұлдызға)

Мексика

Еуропалыққа ұқсас ұлттық 5 жұлдызды жіктелу. Отель класы көптеген параметрлер анализінің негізінде  белгіленеді – 52-ден 108-ге дейін. Одан басқа, бес жұлдыз деңгейінен де жоғары «gran turismo» деңгейі бар

Норвегия 

Ынғайлы қонақ үйлер үшін 5 жұлдызды деңгей.

БАӘ

Отельдер үшін 5 жұлдызды деңгей жүйесі. Сонымен қатар, вилла  мен апартаменттер де кең таралған

Панама 

5 жұлдызды жүйе

Франция

5 жұлдызды жіктелу –  қазіргі таңда еуропалық деп  аталатын және алғаш рет Еуропада  пайда болған қонақ үйлер деңгей  жүйесінің кең таралған түрі.

Ескерту: «Гостиничное дело»


 

Тұрғын және қызмет орындарының  түрі мен аумағы, кәсіпорындарының жабдықталуы, қоғамдық ғимараттар мен бөлмелердің, басқа да факторлар мен ұсынылатын қызметтердің ыңғайына қарай деңгейі бойынша қонақ үйлердің топтарға жіктелуі. Соған байланысты бөлмелер мен басқа да қызметтер үшін төлемдер белгіленеді. Шет елдерде 30 жуық қонақ үй жіктелуі анықталған.

Айта кету керек, орналастыратын кәсіпорындар жіктелуінің мемлекеттік  жүйесімен қатар, қонақ үй бизнесінің саласында жұмыс істейтін ірі  компания және фирмалармен жасалынатын жіктеулер де бар. Мұндай жіктелулер көп қонақ үйлердің салыстыру анализі бойынша жұмыстарын жеңілдету үшін және қонақ үй анықтамаларын тұтынушылар ортасында қолайлы ету үшін қолданылады.

Осындай жіктелудің бір түрін  қонақ үй бизнесінде жоғары дәрежелі беделге ие болған ВТІ (Business Travel International) фирмасы ұсынады. Ол түрлі мемлекеттердің бизнес отельдеріндегі орналасу құның  көрсететін жылма-жылдық анықтамалықтар басып отырады. ВТІ қонақ үйлерді  жіктеуіне сәйкес, барлық қонақ үйлер 9 дәрежеге бөлініп қарастырылады: 5 жоғарғы және 4 төменгі. Жоғарғы дәрежелілерге:

Super Deluxe – орналасудың, қызмет пен жағдайлардың ең жоғары стандарттарын ұсынатын тек люкс класты отельдер;

Deluxe – Super deluxe дәрежесіне  сәйкес келетін отельдерге ұқсас,  бірақ, тек қана тұтынушының  қажеттіліктерін қамтамасыз етуді көздейді;

Moderate Deluxe – алдыңғы қонақ  үйлер секілді бұл қонақ үйлер  жоғары беделге ие емес. Алайда, сипаттамалары жөнінен ұқсас;

Superior First Class – орта деңгейден  жоғары дәрежелі қонақ үйлер;

First Class – стандартты бөлмелері  бар, ыңғайға жасалынған жағдайлар  жиынтығынан тұратын қонақ үйлер;

Төмен дәрежелілерге келесілер  жатқызылады: Moderate First Class, Superior Tourist Class, Tourist Class, Moderate Tourist Class.

ВТІ айтуы бойынша, бұл  жіктелу ұлттық жіктеу жүйесінен  өзгеше болуы, ал оның стандарттары белгілі  елдерде қабылданған стандарттарға  сәйкес келмеуі мүмкін. Қонақ үй дәрежесін бағалау үшін ВТІ тәуелсіз халықаралық сарапшыларды шақырады. Сондықтан, фирманың анықтамалығында жазылған қонақ үй дәрежесі халықаралық деңгейде мойындалады.

Қонақ үйлер үш деңгейге жіктеледі: жоғары деңгей (люкс) – 4-5 жұлдыз; туристік деңгей (орташа) – 2-3 жұлдыз; экономикалық деңгей – 1-2 жұлдыз. Бүкіл дерлік деңгейлерде  келесі негізгі қонақ үй параметрлері бағаланады: бөлме қорының сипаттамасы: бөлме ауданы, бөлме мен кабаттарда коммуналдық жағдайлардың болуы, бөлме  ыңғайлығы; интерьерді жабдықтау және безендіру; ақпараттық қамтамасыз етілу; жеделсатының болуы; қоғамдық бөлмелердің сипаттамасы; тамақтану кәсіпорнының болуы және сипаттамасы; қосымша тұрмыстық қызметтермен қамтамасыз етілуі; ғимарат пен инфрақұрылым дамуының сипаттамасы.

Еуропалық қонақ үйдегі жұлдыздар  саны америкалық жіктелу нұсқасында белгілі терминге сәйкес келеді (кесте 3). [4]

 

Кесте 3. Еуропалық жіктелудің америкалық жіктелумен сәйкес келуі.

 

Еуропалық жіктелу

Америкалық жіктелу

*****

Super deluxe

****

Deluxe

***

Expensive

**

Moderate

*

Inexpensive

Ескерту: «Гостиничное дело»


 

Ұлыбританияда АА (Automobile Association development Ltd) атты кең бейімді ұйыммен жасалынған орналастыру объекттеріне негізделген жіктелу

сызбасы бойынша іске асады. АА жіктелу жүйесі ұлттық масштабта  танылып, АА мамандарының бақылауынан  өткен және олардың эмблемасын (қара-сары таңба) пайдалануға құқығы бар қонақ  үйлердің қызмет көрсету сапасына кепілдік береді. Бұл жүйедегі барлық орналастыру  құралдары екіге бөлінген: жеке меншік отельдер мен пансионаттар, кішігірім  жол қонақ үйлері мен фермерлік  үйлер.

Туристік отельдер үшін алты дәрежелі, оның бесеуі жұлдыздармен, ал біреуі жұлдызсыз бағаланатын қонақ үйлердің ұлттық жіктелу жүйесінің Француздық түрі әлемдегі ең дамығандардың бірі болып саналады. Мұндай жүйе қонақ үй қызметтерінің нарығын толықтай қамтылуына жағдай жасайды.

Ешқандай қонақ үй кәсіпорны  белшілі бір дәреже алуға үміткер  бола алмайды, егер ол келесі топтарға топтастырылған параметрлерге минималды  түрде сәйкес келмесе: А – бөлмелер саны; В – жалпы бөлмелер; С  – қонақ үйдің жабдықталуы; D –  тұратын жердің ыңғайлы болуы; E –  қызмет көрсету; F – мүгедектер мен  мүмкіндіктері шектеулі адамдарға  қажетті жағдайлардың болуы.

Немістік жіктелу жүйесіне сәйкес қонақ үй кәсіпорындары бес деңгейге жіктеледі. Еуропалық жүйеге сай болуы үшін әр бір деңгей жұлдыздардың белгілі санына сәйкес болады:

    • туристік деңгей - *;
    • стандартты деңгей - **;
    • ыңғайлы деңгей - ***;
    • бірінші деңгей - ****;
    • люкс - *****.

Немістік жіктелу жүйесі 22 міндетті параметрлер бойынша  талаптарды белгілейді. Оларды бірнеше  негізгі топтарға жіктейік:

Информация о работе Қонақ үй, классификациясы