Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:39, контрольная работа
Зерттеу нысаны: бүкіләлемдік туристік ұйым анықтамасы бойынша, қонақ үй – нақты бөлмелер санынан құралған, біріңғай басшылығы бар, белгілі қызметтер жиынтығын (минимум – төсек-орынды, бөлмені, жуыну бөлмелерін жинастыру) ұсынатын және сол қызметтер мен бөлменің жабдықталуына қарай дәрежелер мен қатарларға топтастырылатын ұжымдық орналастыру құралы; Қазақстан Республикасының қалаларында орналасқан орналастыру объектілері.
Соңғы кездері дәстүрлі қонақ
үйлер және мейрамханалармен қатар
нарықтың белгілі бір тап өкілдеріне
шектелген қызмет пен тағамдар түрлерін
ғана ұсынуға маманданған
Қазіргі таңда қонақ үй индустриясы туристік орталық немесе аймақ шаруашылығының мықты жүйесі және туризм экономикасының маңызды құраушысы болып саналады. Көрсетілетін қызмет сапасының төменділігі, даму жобалары мен ұзақ уақыт аралығын қамтитын бағдарламалардың болмауы, компаниялардың әлсіз корпоративті мәдениеті, кәсіпорын қызметтерінің дұрыс жоспарланбауы – осының барлығы, әрине, менеджменттің әлсіз жақтары болып саналады. Осы мәселелер, сонымен қатар, туризм және қонақ үй саласына арнайы маманданған орта және жоғары білімі бар менеджерлердің жетіспеуіне байланысты. Қонақ үй бизнесі үшін мамандарды тұрақты даярлайтын жүйені құру және оны одан әрі жетілдіру керек. Бұл мәселе ұзақ уақыт бойы жалғасын табуда. Әр қонақ үйде қызметкерлердің біліктілігін арттыратын бастапқы жүйенің болуы шартқа айналуы қажет.
Қазақстандық қонақ үй және мейрамханалар ассоциацияның нәтижелері бойынша 2008 жылдан бастауын алған Алматыда «Holiday Inn», «Radisson», «Marriott», ал Астанада «Kempinski» халықаралық қонақ үй тізбектері республикада салынып жатқан қонақ үйлерге және оның құрылысына басшылық етуде. Нарыққа «Rixos» қонақ үй тізбегі де шыққан болатын. «Capital Partners» компаниясының қонақ үй бизнесін дамыту басшысы Мұрат Йылмаздың айтуы бойынша: «Жалпы қазақстандық экономиканың дамуын бағалай отырып, оның елде қалыптасқан қонақ үй секторының кеңею жоспарын озуда. Сондықтан, алдағы 5-6 жыл ішінде қонақ үй кәсіпкерлігіне инвестиция қажеттілігі арта түседі». Оның ойынша, инвесторлар үшін Қазақстанда қонақ үйлер құрылысы Ресей және Еуропаға қарағанда қымбатқа түседі.
Көптеген инвесторлар
құрылысқа, объектілерге басшылық ету
және оны безендіруге шетелдік мамандарды
шақыртып алады. Себебі, әлі де елімізде
білікті мамандар саны тапшы. Сол
себепті, «люкс» дәрежелі барлық қонақ
үйлерде шетелдік менеджерлер басшылық
етуде. Ол бұл жобаға жұмсалатын шығындарды
және жоспар өтелімділігінің жалпы
мерзімін арттырады. Мемлекетте халықаралық
тізбектердің пайда болуы, бәсекелестік
ортаның дамуына септігін тигізе
отырып, көрсетілетін қызмет деңгейіне
және бағалардың тұрақтануына оң әсерін
береді. Қонақ үйлердің әсіресе экономикалық
класс секторының ұзақ уакытқа созылатын
өтелімділігі инвесторлардың белсенділігін
төмендетеді. Келешекте орташа бағалық
сегментте отельдердің
Үш жұлдызды қонақ үйлердің тапшылығы қонақ үй типтік пәтерлер нарығының қарқынды дамуына мүмкіндік тудырды. Осындай пәтерлерге тек қаланың мәдени өмірімен танысуға келген ауыл тұрғындары ғана емес, сонымен қатар, алыс шетелден түрлі іс-сапарлық мақсаттармен келетін туристер де орналасады. Себебі, жалданатын пәтердің тәуліктік құны қонақ үй бөлмесінің құнынан әлдеқайда төмен. Бірақ мұндай пәтерлердің жабдықталуы мен интерьері 3-4 жұлдызды қонақ үйлерге сәйкес келеді. Көрсетілетін қызметі бойынша еш кем емес, онда да күнделікті бөлменің жинастырылуы мен төсек-орынның ауыстырылып отыруы да бар. Өзінің төмен бағаларына байланысты осы типті пәтерлер қонақ үйлер үшін мықты бақталас болып саналады. Осы тығырықтан шығудың бірден-бір жолы – ол қонақ үйде көрсетілетін қызметтер бағасы нарықта белгіленген бағаларға сәйкес келіп, мемлекет тарапынан реттеліп отыруы.
Тағы да бір өзекті мәселелердің
бірі – елде барлық классты қонақ
үйлер тапшылығы. Бұл, әсіресе, 3-4 жұлдызды
қонақ үйлерге байланысты болып
саналады. Себебі, туристердің басым
көпшілігі орташа тапқа жатқызылатындықтан,
олардың 5 жұлдызды қонақ үйлерде
тоқтау мүмкіншілігі жоқ. Ал 1-2 жұлдызды
қонақ үйлерде тоқтаудан гөрі,
олар пәтер жалдағанды тиімдірек
көреді. Нарықта қонақ үйлер санының
тапшылығы бәсекелестік ортаны қалыптастырмай,
керісінше осы себептен бағалардың
одан сайын шарықтауына жағдай жасайды.
Ал бұл өз кезегінде елдегі туризм
саласының белсенді түрде дамуына
кедергі келтіреді. Сондықтан, қонақ
үй объектілерінің құрылысына инвестициялардың
көптеп тартылуы, сол құрылыстың мемлекеттік
органдармен қатаң түрде
Қонақ үй индустриясына қатысты бүгін туындап жатқан мәселелер шешілу сатысында, алайда, әлі де көбісін шешу қажет. Қазақстанда барлық қажетті атрибуттары (жарнама, сауда қызметтері, көлік жүйесі, орналастыру, тамақтану және т.б.) болатын туризм жүйесі қалыптаспаған. Басты себебтері – өз азаматтарын шетелге жіберуден гөрі, шетелдіктерді қабылдауды жөн көретін экспортер елдер қатарына жатқызуға болатын еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының төмен деңгейі. Жалпы Қазақстан туризмінде шет елдерге саяхаттайтын туристер саны басым. Өзге елдерге саяхаттайтын туристер саны тұрақтанып, жылына 700 мың адамды құрайды. Олардың көбісі коммерциялық мақсатта саяхаттайды.
Шығу тіризмі керісінше қолайсыз уақыттарды бастан кешуде. 1994 жылы қызығушылық және келуші шетелдік қонақтар науқаны кезінде демалу, іскерлік, жеке және танымдық мақсаттарда Қазақстанға 450 мыңдай турист келді. Алайда, 1996 жылы олардың саны 141,1 мыңға дейін төмендеді. Интуристердің келуі де қысқарды. ҚР шетелдік туристерді онша қызықтырмау себебі, туризм инфрақұрылымының дамымауынан және саланың материалды-техникалық базасының әлсіздігінен. Осы кездегі орналасу құралдары жайлылықтың төмен деңгейімен және техникалық жарықтандырылуымен ерекшеленіп, отандық туристік қызмет көрсетуді бәсекелесуге қабілетті ете алмайды. Тек санаулы жоғары деңгейлі қонақ үйлер ғана халықаралық стандарттарға сәйкес келеді: Алматыда – «Риджент Алматы», «Хайят Ридженси», «Достык» интеротель 5 жұлдызды қонақ үйлері, 3 жұлдыздыларға «Астана», «Премьер Алатау» мен Алмаарасан шатқалында орналасқан «Кұмбел» VIP-отелі; Астанада 5 жұлдызды «Астана-Интерконтиненталь», «Радиссон Сас» қонақ үйлері. Алайда, олардың көрсететін қызметтері тым қымбат болғандықтан, онда шетелдік азаматтардың аз бөлігі ғана тоқтайды. [8]
Еліміздегі қонақ үйлердің «жұлдызды» деңгейіне талдау жасау үшін ҚР Статистика агенттігінің орналастыру объектілерін деңгейлерге жіктейтін сараптама нәтижелеріне (сурет 1) назар аударған жөн. Соңғы алынған 2010 жылғы нәтижелерді 2008 және 2009 жылғы мәліметтермен салыстыратын болсақ, онда республика бойынша 5 жұлдызды орналастыру объектілер саны әр жыл сайын 2-3 қонақ үйге артып отырды. Ол ең алдымен осы жылдары қонақ үйлерде көрсетілетін қызметтердің қатаң түрде бақылануына байланысты болар. Сол себепті бірқатар қонақ үйлер өздерінің қызмет сапалығын жоғарылатып, бір деңгейге жоғары көтеріле алды. Сонымен қатар, 1 және 4 жұлдызды отельдер саны да біршама артса, 2 және 3 жұлдыздылар саны керісінше кеми түсті. Оған себеп – көрсетілетін қызмет сапасының артуы немесе жұлдызды деңгейге сәйкес келмеуі.
Сурет 1. Орналастыру объектілерін деңгейлер бойынша жіктеу.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің қонақ үйлер сыйымдылығының орташа деңгейі бойынша жүргізген 2011 жылғы сараптамасының нәтижелері төмендегі кестеде келтірілген (кесте 4). Осы алынған нәтижелерді 2009 және 2010 жылғылармен салыстыратын болсақ, онда республика бойынша әр жыл сайын қонақ үйлер сыйымдылығының орташа деңгейі 1,5-3% артып отырғандығын байқауға болады. Кестеден көріп отырғанымыздай, ең жоғары орташа деңгейге Атырау мен Маңғыстау облыстары ие. Оның ең басты себебі, бұл облыстар Каспий теңізінің жағалауында орналасып, мұнай және газ саласының маңызды аймақтары болып саналатындықтан. Сондықтан, осы өңірлерге іскерлік мақсаттармен келетін туристер саны әрдайым жоғары және олар үшін салынған қонақ үйлер саны мен сапасы күннен күнге артуда. Ал Астана қаласы бойынша қонақ үй сыйымдылығының орташа деңгейі тұрақты түрде дамуда. Бұл шығыс пен кіріс жүйесімен байланыста қонақ үй қызметінің пайдалылығын көрсетеді.
Кесте 4. Қонақ үйлер сыйымдылығының Қазақстан Республикасы бойынша орташа деңгейі (%).
2009 жыл |
2010 жыл |
2011 жыл | |||
каңтар-желтоқсан |
каңтар-желтоқсан |
каңтар-наурыз |
каңтар-маусым |
каңтар-қыркүйек | |
Қазақстан Республикасы |
20,4 |
21,3 |
18,8 |
21,7 |
23,4 |
Ақмола облысы |
12,6 |
13,9 |
7,9 |
11,7 |
17,0 |
Ақтөбе облысы |
31,2 |
24,9 |
22,2 |
26,8 |
26,8 |
Алматы облысы |
14,6 |
11,9 |
6,2 |
8,1 |
8,0 |
Атырау облысы |
62,7 |
60,0 |
55,0 |
57,4 |
50,6 |
Батыс Қазақстан облысы |
24,9 |
20,9 |
44,2 |
30,2 |
25,5 |
Жамбыл облысы |
25,3 |
28,0 |
24,9 |
25,7 |
28,7 |
Қарағанды облысы |
13,4 |
13,7 |
7,8 |
11,6 |
16,5 |
Қостанай облысы |
27,6 |
26,7 |
26,8 |
32,0 |
30,8 |
Қызылорда облысы |
17,1 |
23,0 |
13,8 |
16,0 |
16,7 |
Маңғыстау облысы |
55,3 |
64,0 |
49,5 |
59,9 |
73,6 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
13,7 |
17,4 |
12,9 |
15,8 |
18,0 |
Павлодар облысы |
11,4 |
13,3 |
9,0 |
16,9 |
20,3 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
14,4 |
10,5 |
14,1 |
9,0 |
10,6 |
Шығыс Қазақстан облысы |
11,0 |
11,5 |
5,1 |
10,8 |
16,4 |
Астана қ. |
27,4 |
29,7 |
28,8 |
31,3 |
31,1 |
Алматы қ. |
22,3 |
23,3 |
26,8 |
26,2 |
23,6 |
Ескерту. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі |
«Қазақстанға келуші
туристердің басым көпшілігі
іскерлік немесе конгресстік
туризм категориясына
Сурет 2. 2010 жылы іс-сапарлар мақсатына байланысты қонақ үйлерде орналастырылған туристер саны (мың адам).
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2009 жылы еліміз бойынша 562 қонақ үй тіркелген болатын. Астана қаласы бойынша – 59 (10,5% жалпы санынан). Орналастыру объектілерін пайдаланудан түскен пайда 5,5 млрд. теңгені құрады. Ал енді 2011 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша алынған мәліметтермен салыстыратын болсақ, онда бұл уақытта ел ішінде 709, Астанада 63 қонақ үй тіркеліп, оларды пайдалану нәтижесінде 7 млрд. теңгеге жуық пайда әкелді. Екі жыл ішінде мұндай нәтижелерге жетудің өзі – біздің дамып келе жатқан мемлекетіміз үшін үлкен жетістік. Бірақ, экономикасы туризм саласына маманданған елдермен салыстырғанда бұл көрсеткіш төменгі деңгейден сәл жоғары екендігін айтуға болады.
Сонымен қатар, ҚР Статистика
агенттігінің орналастыру объектілерінде
қызмет көрсетілген қонақтардың
санына байланысты келтірілген диаграммасына
(сурет 3) талдау жасайтын болсақ, онда
келесі нәтижелерді байқауға болады:
2008 жылы 528 орналастыру объектілерінде
жалпы қызмет көрсетілген туристер
саны 1,801 мың адам болса, 2009 жылы ондай
объектілер саны 562 дейін арта отырып,
1,544 мың туристерді құрады. Осы шаруашылықтың
дамуына үлкен назар
Сурет 3. Орналастыру объектілерінде қызмет көрсетілген туристер саны (мың адам).
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қонақ үй шаруашылығын дамытуға мүмкіндіктері әбден бар. Еліміздің бай тарихы, сирек кездесетін тарихи ескерткіштер, мәдени мұрасы, саяси тұрақтылығы, ортақ іспен айналысуға дайындығы мен мамандандырылуы – осының барлығы туризм, сонымен қатар қонақ үй саласының белсенді дамуына септігін тигізетін сала. Бұл салада ең бастысы – ол келуші туристердің қызығушылығын арттыру. Ал ол өз кезегінде, әрине, ең алдымен орналасу объектілері мен ондағы көрсетілетін қызметтің сапасына тікелей не жанама түрде байланысты. Сондықтан да, қонақ үй саласында қазіргі таңда туындап жатқан мәселелерді шешу жолдарын іздестіру және оларды іске асыру мемлекеттің назарындағы басты мақсаттардың бірі болып саналады. Осы бизнесті дамыта отырып, еліміз экономикасы тұрақты түрде дамыған алдыңғы қатардағы елдермен қызмет және сапа жөнінен бәсекеге түсуіне жол ашады. Экономикамыздың дамуына оңды әсерін тигізіп, әлем бойынша беделінің жоғарылауына септігін тигізеді.
Қорытынды
Қазіргі таңда сатылу көлемі
жөнінен туризм басқа экономика
салаларының ішінен алдыңғы қатарда
болғандықтан, қонақ үй секторының
маңызын бағаламау мүмкін емес. Туризм
саласының дамуы тікелей қонақ
үй шаруашылығының дамуына байланысты.
Әлемнің көптеген елдерінде қонақ
үйлер жиналыстар мен іскерлік кездесулер
өткізу, демалыс пен сауықтыру
мақсатында маңызды орын алады. Тағы
қонақ үйлер келушілерді
Қонақ үйлердің жіктелу жүйесі осы бизнестің белсенді дамуы үшін өте маңызды. Осы жүйе бойынша, туристер қонақ үйде көрсетілетін қызметтің сапалығы, жабдықталуы мен ыңғайлығыннан көптеген мәліметтер ала алады. Өздерінің әл-ауқатының дәрежесіне сай келетін қонақ үй дәрежесін таңдай отырып, тек қонақ үй бизнесіне ғана емес, сонымен қатар, аймақ экономикасына әсер етеді. Сондықтан, әлемде бұл жүйенің дамуы мен онымен белгіленген қонақ үйлерде көрсетілетін қызметтердің толыққанды орындалуын қадағалау өте маңызды. Қазіргі таңдағы туристер өте талғампаз болып келетіндіктен, олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қонақ үйлер мүмкіндігінше барлық жағдайлар жасауға тырысады. Біз өмір сүріп жатқан заман, ақпараттық-технологиялар заманы болғандықтан, қонақ үй инфрақұрылымының жан-жақты жаңа жабдықтармен жетіліп отыруы арқылы бұл саланың күннен-күнге бір қадам алға басуын байқаудамыз.