Қонақ үй, классификациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:52, реферат

Описание

Мәселені шешу жолдары: отандық қонақ үйлердің әлемдік қабылданған стандарттарға сай болуын қадағалау; жұлдызды деңгейге толығымен сәйкес келуін қамтамасыз ету; қызмет көрсету саласы бойынша арнайы білікті мамандар даярлау; елге шетел инвесторларын көптеп тарту; қонақ үй құрылысын реттеу; туристерге көрсетілетін қызметтің сапасын жоғарылату; қонақ үй бөлмесі және ондағы қызметтің құны нарықтағы құннан аспауын мемлекет тарапынан қолға алу.
Зерттеу нәтижелері: қазіргі таңдағы қонақ үй шаруашылығының даму эволюциясы, ерекшеліктері, Қазақстандағы осы бизнестін даму мәселелері мен сол мәселелерді шешу жолдарына толығымен зерттеу жүргізіліп, алынған нәтижелерге байланысты қажетті қорытынды шығарылды.

Работа состоит из  1 файл

туризм реферат 1.docx

— 166.59 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Зерттеу мақсаты: қазіргі таңдағы туризм саласында қонақ үй кәсіпорнының түрлері және осы бизнестің даму ерекшеліктері.

Зерттеу міндеті: ұлт пен қоғамның материалдық әл-ауқатын құрайтын тауарлар мен қызметтерді өндіру; елге келуші туристердің қызығушылығын арттыру; экономикаға тікелей не жанама түрде әсер ету.

 Зерттеу нысаны: бүкіләлемдік туристік ұйым анықтамасы бойынша, қонақ үй – нақты бөлмелер санынан құралған, біріңғай басшылығы бар, белгілі қызметтер жиынтығын (минимум – төсек-орынды, бөлмені, жуыну бөлмелерін жинастыру) ұсынатын және сол қызметтер мен бөлменің жабдықталуына қарай дәрежелер мен қатарларға топтастырылатын ұжымдық орналастыру құралы; Қазақстан Республикасының қалаларында орналасқан орналастыру объектілері.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: осы тақырыпқа сай келетін барлық әдебиеттерге шолу жасау; қажетті мәліметтерді іріктеп алу, оларды саралау, зерттеу; қазақша мағлұматтар жеткіліксіз болғандықтан орысшадан қазақшаға аудару; соңғы жылдардың статистикалық мәліметтеріне талдау жасау, салыстыру; әр бір алынған мәліметтер мен нәтижелерді өз ойынмен толықтыру.

Зерттеу өзектілігі: әлемнің көптеген елдерінде қонақ үйлер жиналыстар мен іскерлік кездесулер өткізу, демалыс пен сауықтыру мақсатында маңызды орын алады. Тағы қонақ үйлер келушілерді қызықтыру орны болып саналады. Себебі, тек тұтынушылар арқылы осы бизнес қарқынды дами алады. Сонымен қатар, қонақ үй шаруашылығы жұмыс күшін тарту құралы ретінде қалыптасқан. Көптеген мамандықтар мен көрсетілетін қызметтер салаларында мыңдаған жұмыс орындары пайда болып, сол арқылы жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қонақ үй тағы басқа сала өнімдерінің көтерме саудасының орталығы болып саналады. Қонақ үйдің толыққанды кәсіпорын болып қалыптасуы үшін өзге салалардың өнімдерін пайдалану қажеттілігін тудырады.

Мәселені шешу жолдары: отандық қонақ үйлердің әлемдік қабылданған стандарттарға сай болуын қадағалау; жұлдызды деңгейге толығымен сәйкес келуін қамтамасыз ету; қызмет көрсету саласы бойынша арнайы білікті мамандар даярлау; елге шетел инвесторларын көптеп тарту; қонақ үй құрылысын реттеу; туристерге көрсетілетін қызметтің сапасын жоғарылату; қонақ үй бөлмесі және ондағы қызметтің құны нарықтағы құннан аспауын мемлекет тарапынан қолға алу.

 Зерттеу нәтижелері: қазіргі таңдағы қонақ үй шаруашылығының даму эволюциясы, ерекшеліктері, Қазақстандағы осы бизнестін даму мәселелері мен сол мәселелерді шешу жолдарына толығымен зерттеу жүргізіліп, алынған нәтижелерге байланысты қажетті қорытынды шығарылды.

 

 

 

  1. Әлемдік қонақ үй индустриясының даму эволюциясы.

 

Адам баласы саяхаттай  бастаған сәттен бастап, үйден тыс  жерде түнеу қажеттілігі туды. Қандай да бір сұраныс ұсынысты тудырады, сондықтан, саяхатшылар тарапынан  болған түнеу мен тамақтану қызметіне  байланысты сұранысына жауап ретінде  сол қызметтерді ұсынатын кәсіпорындар пайда болды. Кейбір зерттеушілер осы  секілді кәсіпорындардың пайда  болуын ежелгі шумерліктердің дөңгелектер  ойлап табуымен байланыстырады. Алайда бізге жеткен мәліметтердің ең дұрысы болып, Ежелгі Грек пен Рим таверналары  саналады. Сонымен қатар, бұл уақытта  римдіктер Рим империясының түгел  дерлік аумағын аралап шыққан саяхатшылар  болатын. Мысырдаңы пирамидаларға  сапар шегу кең тараған еді.

Қазіргі таңдағы қонақ  үйлер классификациясы Рим империясында да болған: ежелгі римдік карталарда түнеу  орындары көрсетілетін қызметтерге  байланысты әр түрлі таңбалармен  белгіленетін. Ежелгі қонақ үйлердің болғандығы жайында Евангелияда  да атап көрсетіледі: «Иса пайғамбардың ата-анасына халық санағына байланысты қонақ үйден орын табылмағандықтан, ол үңгірде дүниеге келді». Қонақ үй индустриясының даму тарихының кезеңдері мен қонақ үйлердің орналасу жеріне және сипаттамаларына байланысты талдау жүргізу арқылы осы саланың белсенді дамуын байқауға болады (кесте 1).

 

Кесте 1. Қонақ үй индустриясының тарихи даму кезеңдері.

 

Кезең

Орналасу орны

Сипаттамасы

1

2

3

Б.з.д. ІІ-І мыңжылдық

Ассирия

Саяхатшылардың демалу мен  уақытша орналасуға арналған алғашқы  ғимараты керуен-сарайлардың пайда  болуы.

Ежелгі Греция, Крит, Шығыстың басқа елдері

Ежелгі әлем елдері бойынша  керуен-сарайлардың таралуы. 

Б.з.д. І мыңжылдық 

Ежелгі Греция

Қонақ үйлердің үш типі қалыптасқан: пандокейлер – мемлекеттік керуен сарайлар; жеке меншікті керуен сарайлар; саяхатшыларды орналастыратын орындары бар таверналар.

1

2

3

Б.з.д. VI ғ. – б.з. І ғ.

Ежелгі Рим

Тарихи бастау – жаппай қонақ үй кәсібінің дүниеге келуі  және үлкен территориялы Рим империясының қалалары мен жолдар бойында керуен сарайлар мен таверналардың тармақталған жүйесінің дамуы.

Саяхатшылар – мемлекеттік  шенеуніктер мен элиталар, саудагерлер  мен қажылар. Октавианның елді басқаруы кезінде (б.з.д. І ғ.) Рим империясында жүйелі пошта хабарламалары туралы заңдардан кейін бір атты табын (70-100км) қашықтыққа созылған бүкіл римдік жолдар бойында көптеген керуен сарайлар салынған болатын.

Б.з. І-V ғғ. Рим империясының құлау кезеңі

Рим империясының ыдырау нәтижесінде  пайда болған мемлекеттер

Керуен сарайлар мен таверналардың  ойсырауы.

V-ХІІІ ғғ. (ортағасырлық)

Еуропа

Шіркеулерде қонақ үйлердің пайда болуы.

Англия 

Кең таралғандар: түрлі елдерден келген саяхатшыларға арналған шіркеу үйлері; инналар (типтік жол қонақ  үйлері), бірінші қабатында атқора мен таверна, қызмет пен шаруашылық бөлмелері, үстінгі қабатта төртбұрышты ішкі аулаға шығатын және жабық көрмемен байланысқан жатын бөлмелер орналасқан.

Ренессанс кезеңі

Еуропа

Жаңа және ескі кәсіптер санының артуы, сауда мен керуен сарайлардың әрі қарай дамуы.

XVIII-XIX ғғ.

Еуропа

Еуропа елдерінің арасында саяси және экономикалық қатынастардың нығаюына байланысты қонақ үй шаруашылығының дамуы.

1

2

3

XVII-XVIII ғғ.

Америка

Еуропалық иммигранттардың  Америкаға жаппай келуіне байланысты керуен сарайлардың пайда болуы. Бір типті құрылыстар: қожайындар паналары, таверналар, үстінгі қабатта  жатын бөлмелер. Ең алғашқы 70 бөлмелі  қонақ үй «Сити Отель» (Нью-Йорк, 1794 ж.).

XVIII ғ.соңы – ХІХ ғ.басы

Америка

Саяхатшыларға қызмет көрсететін кіші және үлкен қонақ үйлер құрылысы. 170 бөлмелі отель «Третмонт» (Бостон, 1829 ж.). Электр жарығы және жеделсатысы бар ең бірінші қонақ үй «Эверетт» (Нью-Йорк, 1859 ж.).

ХІХ ғ. қоғамды индустриализациялау

және өндірістік төңкеріс дәуірі

Еуропа, Америка

Жаппай орын ауыстыру құралдарының пайда болуына байланысты өндірістік төңкерістен кейін жаппай туризмнін дамуы. Су жағалары мен ерекше табиғаты бар жерлерде қонақ үй құрылысы. Қонақ үй кәсіпорындары, корпорациялар мен синдикаттардың пайда болуы. Иммигранттар, коммерсанттар және іскер адамдар үшін арналған қонақ үй құрылысы.

ХХ ғ.басы, 1905 ж.

Америка

Тұтынушыларға максималды түрде  қызмет көрсетуге негізделген қонақ  үй құрылысындағы жаңа тұжырымдама («Буффало Статлер» қонақ үйі).

Лондон

Қонақ үйлердің синдикатын жасау.

Париж

Қонақ үй қожайындарының Кеңесін  құру.

Еуропа, Азия, Америка

Әлемнің 1700 қонақ үйін біріктіретін Халықаралық қонақ үй иелерінің  кеңесі құрылды.

Еуропа

Жиналыстар, кездесулер, қабылдаулар, конференциялар, ойын-сауық кештері  өткізілетін қонақ үйлердің пайда  болуы.

Бірінші Дүниежүзілік соғыс  жылдары

Еуропа

Қонақ үй құрылысының тоқтауы.

 

1

2

3

ХХ ғ. 20-ж.

Америка

Күшті қонақ үй құрылысының  дамуы. Конрод Хилтонның қонақ үй бизнесі, әлемдегі ең мықты қонақ  үйдің («Конрод Хилтон») құрылысы.

ХХ ғ. 30-ж.

Еуропа, Америка

«Ұлы күйзеліс» кезеңінде  қонақ үй құрылысының тоқтатылуы.

ХХ ғ. 40-ж. Екінші Дүниежүзілік соғыс

 

 

 

 

Еуропа

Қонақ үй құрылысының тоқтауы.

Америка

Елде көшіп-қонушы іскер  адамдар мен кедейлердің саны күрт артып кеткендіктен мемлекеттік қонақ үй қоры 100% қолданылды.

ХХ ғ. 50-60-жж. Әуе және авто құрылысы дамыған кез. Халықаралық шиеленісті бәсендету. Көптеген мемлекеттерде еңбеккерлерді социалистік басып алу. Жаппай туризмнің дамуы.

Бүкіл әлем

Қонақ үй шаруашылығының қайта  жаңдануы және дамуы (Еуропа). Саяхаттап  жүрген автомобилистерге мотельдердің ашылуы.  Ең алғашқылардың бірі «Холлидей Иннз» 1952 ж. Кеммон Уилсонмен салынған. Әуежай отельдерінің құрылысы. Отбасылық демалыс үшін пайда болған отельдер. Қонақ үй базасын ойын-сауық индустриясына айналдыру. Қонақ үй тізбегі мен отельдер  құрылысына әуекомпаниялардың қатысуы («Интер-Континенталь», «Хилтон»). Әлемнің әйгілі және жаңа демалыс курорттарында қонақ үй құрылысы. 

ХХ ғ. 70-80-жж.

 

Қонақ үй нарығының саралануы  нәтижесінде қонақ үй қызметімен қамтамасыз етілді. Әлемде 17 млн бөлмелі қонақ үй (БТҰ мәліметтері бойынша). Қонақ үй тізбегінің дамуы: «Мариотт», «Рамада», «Шератон», «Редиссон» және т.б. «Апартамент» класты, кондотельдер типті қонақ үйлер дамыды.

Ескерту: «Туризм и гостиничное хозяйство»


Ерте ортағасырларда саяхатқа шығу өте қауіпті болғандықтан, «қонақ үй бизнесі» дамымай қалды. Бұл уақыт аралығында саяхатшылардың көбісі қазіргі таңда діни жорық деп аталатын бағыт бойынша орын ауыстырып отырған: сол замандағы Қасиетті жерлерге аттанған. Орналасу мен тамақтану үшін олар шіркеулерге тоқтайтын, сонымен қатар, барлық көрсетілген қызметтерді екі күндік мөлшерде тегін алатын. Қазіргі тілмен айтатын болсақ, ортағасырлық шіркеулер «қонақ үйлер тізбегін» құраған болатын.

Осы уақытта Константинопольден шығысқа қарай аумақтарда б.з.д. Vғ. бастап сұлтанның жарлығымен кез келген діннің саяхатшыларына керуен-сарайлар үш күнге тегін берілді, қазіргі тілмен айтқанда «толық пансион». Ал мүлдем кедейлерге қосымша тегін аяқ киім берілген.

200 жылдан астам уақытқа  созылған крест жорықтарының  дәуірі басталған кезден бастап, Иерусалимге аттанған саяхатшылар  саны күрт артып кеткендіктен, ең алдымен солтүстік Италияда, кейіннен басқа да мемлекеттерде кәсіби қонақ үй бизнесі дами бастады.

Келесі уақыт аралығында қонақ үй шаруашылығының дамуы Еуропада ұдайы пошта және көлік жүйесінің дамуымен байланысты болды (дилижанстар Батыс Еуропада, ямдық бекеттер Ресейде). Пошта жолдарының бойында осы заманғы мотельдерге ұқсас кәсіпорындар орналасқан. Ондағы тұрғын жағдайлары спарталыққа ұқсас еді. Біздің күнге дейін сақталып жеткен мекен ету ережелерінде бір кереуетте бес адамнан артық және аяқ киімін шешпей жату тыйым салынған.

Әлемде қолданылып жүрген «отель» сөзі XVIII ғасырда «мейрамхана» сөзімен бірге айналысқа енген. «Отель» сөзі ежелгі римдік хоспитеумстың латын түбірінен пайда болды. Ең алдымен отель деп бір күнге, аптаға, айға жалға берілген көппәтерлі ғимаратты атаған. Бұл мағынада осы терминді Францияда да қолданған еді. XVIII ғасырда бұл сөз Ламанштан «өте отырып», осы күнгі мағынаға ие болды. Жуық арада ол Америкаға кең таралды – таверналардың көбісі отельдер деп атала бастады. Себебі, қожайындарының ойынша бұл сөз оларға еуропалық(француздық) сәулеттік ажарлайтын.

Қонақ үйлерді техникалық тұрғыдан жабдықтау жағынан көптеген жаһанданулар отаны Америка Құрама Штаттары болып саналады. Иммигранттардың АҚШ-қа үздіксіз келуінен оларды уақытша орналастыру қажеттілігі осы салаға деген сұранысты арттырды. Бұл үдіксіз сұраныс нәтижесінде қонақ үйлер белсенді дамыды.

Қонақ үй шаруашылығының белсенді дамуының тағы бір себебі АҚШ-та еуропалық елдерге қарағанда түрлі қоғамдық мерекелер мен салтанатты кештер өткізетін аристократиялық сарайлардың болмауынан. Қонақ үйлер осындай мерекелерді өткізетін жерге айналды. Ол үшін арнайы кең залдар салынған болатын. Қонақ үйлердің залдарында билеу дәстүрі ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін жалғасын тапты. Ұзақ уақыт бойы қонақ үй бизнесі АҚШ-та зор беделге ие болды. Мысал ретінде, Америка Құрама Штаттарының президенттері Дж.Вашингтон мен А.Линкольн таверна қожайындары болған.

Қазіргі заманғы жуынатын орны, құлпы бар бір не екі адамдық  қонақ үй бөлмелері Америкада 1829 жылы пайда болды. ХІХ ғасырдың ортасынан  орталықтан жылытуы бар алғашқы қонақ үй іске қосылған болатын. Әлемдегі ең алғашқы жеделсаты мен жуынатын бөлмесі бар бөлмелер де америкалық қонақ үйлерде орнатылған еді. Осы уақыттағы қонақ үй бөлмесінің жабдықталған моделін алғаш рет ХХ ғасырдың басында әйгілі отельші Статлер жасаған. Сонымен қатар, ең бірінші алты қабатты қонақ үй де Америкада салынған болатын. [1]

Бұл уақытта Еуропада қонақ  үй шаруашылығының дамуына швейцарлық Цезарь Ритц та өз үлесін қосқан болатын. Оның есімімен әлі күнге дейін  әлемдегі ең қымбат әрі беделді қонақ үй жүйелерінің бірі аталған. Алайда, Ритцтің өзі өмір бойы жалдамалы басқарушы болып жұмыс істеп, ешқашан да қонақ үйдің қожайыны болып көрмеген. Ритцтің бұл бизнеске енгізген жаңашылдығының бірі болып, мейрамханаларда әр кеш сайын оркестрдың ойнап отыруы жатады. Оның уақытында оркестр Штраустың шығармаларын орындаған еді. Мейрамханадағы жағымды әуен тамақтану процесін созып, сусындардан түсетін пайданы одан сайын жоғарылатты. Ритц пен Статлер қонақ үй бизнесінің әуесқойлары еді. Олар жай көзбен қарағанда ең маңызды емес боп көрінетін тетіктерге үлкен мән беретін. Осылайша Ритц қонақ үйдегі мейрамханаға келген әйелдердің әшекей-бұйымдары одан сайын қатты жарқырауы үшін мейрамхана жарығымен көп тәжірибелер жүргізген. Ал Статлер болса, ванналардың сумен толу уақытын және әжетханадағы судың ағу уақытын хронометраждаған.

Статлердің арқасында  қонақ үйлерде үлкен айналар, кереуеттің үстінде шамдар, есік жанында  сөндіргіштер, телефон, канцелярлық  қағаз пайда болды. Қонақ үй қызметкерлері  үшін арнайы киімді де енгізді. Сонымен  қатар, ол қонақ үй құрылысы кезінде бөлмелерді екі-екіден, вертикалды сантехникалық құбырларға симметриялы және осы екі бөлмеге ортақ етіп орналастыруды ұсынып, сол арқылы құрылыс шығындарын айтарлықтай төмендетті. Статлер әлемге қазіргі таңға дейін қызмет көрсетудің «ғылыми» әдісі ретінде кең таралған «Тұтынушынікі әрдайым дұрыс» («Клиент всегда прав») ұранының авторы болып саналады.

Ритц пен Статлердің кәсіптері  «жоғары» тап өкілдерінің жоғарғы  дәрежелі қонақ үйлерге көптеп орналасуының сәнді болуына негіз болды. Мысал  ретінде, Ритц қызмет еткен Лондондағы «Savoy» қонақ үйі ағылшындар аристократиясының  әдеттерін өзгертіп жіберді: кешкі астарын енді тек қана ер адамдар ғана жиналатын клубтарда емес, әйелдермен бірге қонақ үй мейрамханаларында ішетін бодды.

ХІХ ғ.соңы мен ХХ ғ.басында  Еуропа мен Американың үлкен қалаларында  саяхат сәнді уақыт өткізу ретінде қалыптасып кеткен жаңа миллионерлер тарапынан барлық талғамдарға сай болатын салтанатты әрі сәнді қонақ үйлер пайда болды.

ХХ ғ. 20-ж. қонақ үй бизнесінде болған ең басты әрі зор жаңалықтардың  бірі болып, қонақ үй сферасында тек  саяхатшыларға ғана емес, сонымен  қатар, көліктеріне де түнеу орындары бар мотельдердің жаңа кәсіпорындық тип ретінде қалыптасуы саналады. Жақын арада ХХ ғасырдың ең үздік  автомобилі болып саналған әйгілі фордтық  «Т» моделінің құрастырылуынан кейін Америкада осы көлікке сұраныстың артуынан мотельдер пайда болды. Бірақ мотелдедің алғашында Америкада, кейіннен Еуропада кең өріс алып дамуы тек екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ғана байқалды.

Соғыстан кейінгі бірінші  онжылдықта (1945-1955) көлік және әуе  индустриясының қалыптасуы бүкіл әлем қонақ үйлеріне серпіліс берді. Бұл  уақытта қонақ үй базасы туристке, саяхатшыға, қонаққа орналастыру, тамақтану, демалу бойынша толық қызметтер  жиынтығын ұсынатын қызмет индустриясына  айналды. Қонақ үй адамдардың уақытша орналасатын жерінен мақсатты тұтынуға арналған көптеген қызметтер көрсетілетін толық сервисті отелге, туристік кешенге айнала бастады. Көлік жолдарындағы, темір жол вокзалдарында, әуежайларда орналасқан қонақ үйлер, сонымен қатар, үлкен сауда немесе әкімшілік маңызы бар қалаларда іскер және  бизнесмен адамдарға арналған қонақ үйлер, пансионаттар мен курорттық демалыс орындар, конгресс-отельдер мен конгресс-орталықтар, қонақ үйлер мен кемпингтер, ойынхана-отельдер, жастар қонақ үйдері, таулы паналар мен жатақханалар, балықшылар мен аңшылар үйі – бұл түрлі мақсаттарға негізделген қонақ үйлердің толық емес тізімі. [2]

Қонақ үйлердің мамандануы, кішігірім қонақ үйлер мен фешенебелді зор отельдер санының ұлғаюына, сонымен қатар, ерекше табиғаты бар жерлерде орналасқан қайталанбас, сәнді әрі сәулетті қонақ үйлер тенденциясы сақталған.

Қазіргі таңда әлемде 300 мыңға  жуық қонақ үйлер мен отельдер бар. Олардың түрлілігін сөзбен айтып  жеткізу қиын: бір қабатты және 88 қабатты, су асты және қалқыма, кішігірім және үлкен, арзан мен қымбат, шулы ойын-сауық залдары бар отельдер мен демалысқа арналған тыныш отельдер және т.б.

Қонақ үйлердің ұйымдары –  тізбектер мен ассоциациялар  да дамуда. Жаңа материалдар техникасының жетілген жетістіктерін, тіршілікті, қауіпсіздік пен жайлылылқты қамтамасыз ету жүйесіндегі озық технологиялар мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану тұрғысынан қонақ үйлер күннен күнге алға озуда. Дамыған қонақ үй базасы туристік индустрияның, яғни ХХІ ғасыр индустриясының негізі ретінде қалыптасуда.

Қазіргі таңда сатылу көлемі жөнінен туризм басқа экономика  салаларының ішінен алдыңғы қатарда  болғандықтан, қонақ үй секторының маңызын бағаламау мүмкін емес. Туризм саласының дамуы тікелей қонақ үй шаруашылығының дамуына байланысты. Сондықтан, экономиканың алға басуына қонақ үй бизнесі де өз септігін тигізеді.

Информация о работе Қонақ үй, классификациясы