Қонақ үй, классификациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:52, реферат

Описание

Мәселені шешу жолдары: отандық қонақ үйлердің әлемдік қабылданған стандарттарға сай болуын қадағалау; жұлдызды деңгейге толығымен сәйкес келуін қамтамасыз ету; қызмет көрсету саласы бойынша арнайы білікті мамандар даярлау; елге шетел инвесторларын көптеп тарту; қонақ үй құрылысын реттеу; туристерге көрсетілетін қызметтің сапасын жоғарылату; қонақ үй бөлмесі және ондағы қызметтің құны нарықтағы құннан аспауын мемлекет тарапынан қолға алу.
Зерттеу нәтижелері: қазіргі таңдағы қонақ үй шаруашылығының даму эволюциясы, ерекшеліктері, Қазақстандағы осы бизнестін даму мәселелері мен сол мәселелерді шешу жолдарына толығымен зерттеу жүргізіліп, алынған нәтижелерге байланысты қажетті қорытынды шығарылды.

Работа состоит из  1 файл

туризм реферат 1.docx

— 166.59 Кб (Скачать документ)
  • қабылдау қызметінің (ренепция) жұмысы;
  • таңғы ас, сусын, тамақтану қызметі;
  • бөлмеде телефон, теледидар, радионың болуы;
  • бөлмелердің 75% үшін минималды аудандар;
  • санитарлық жайлылық;
  • апартамент бөлмелердің болуы; бөлмелердің жарық және жиһазбен қамтамасыздануы;
  • кір жуу мен үтіктеу қызметі;
  • қонақтар үшін сыйлықтар, телефакс пен жағданның болуы;
  • холлдардың саны мен жағдайы;
  • қолма-қол ақмасыз төлеу мүмкіндігі;
  • қонақ үй мейрамханалары мен барлардың саны мен жұмыс уақыты;
  • кештер мен конференциялар өткізу мүмкіндігі;
  • қосымша қызметтердің болуы.

Бұл жіктелудің басты өзгешелігі – пансион, отельдер және басқа да орналастыру құралдары үшін жіктелу  жүйесінің болуы.

Қонақ үй тізбектері жіктелу жүйесінде ерекше орын алады. Әдетте оларда деңгейлер емес, белгілі қонақ үй тізбегіндегі қонақ үйлерге таралатын белгілермен анықталады.

Мысалы, еуропалық ірі Accor (Франция) қонақ үй тізбегіндегі бағалар  мен қызметтер түрлері бірнеше  кәсіпорын белгілерін ұсынады:

  • Sofitel;
  • Novotel;
  • Mercury, баға мен жайлылық деңгейі бойынша олардың өздері тағы үш  деңгейге жіктеледі: Relais Inn – орташа бағамен ұсынылатын стандартты бөлмелер мен қызметтер сапасы; Hotel Mercury – жоғары деңгейлі қызметтер, жеке қызмет, жайлы орналасу; Grand Hotel – қонақ үйдің ыңғайлы орны, тәулік бойы талғампаз жайлылық пен қызмет көрсетудің жоғары деңгейі;
  • Ibis;
  • Etap;
  • Formule 1.

Туризм саласының қазіргі деңгейіне өтудегі елдер қонақ үй индустриясындағы сапаның бақылауы мен стандарттарын қажет етеді. Туризмнің белсенді дамуы нәтижесінде туристік бизнес және саяхатшы үшін жеке стандарт пен белгілі қонақ үйлер жіктелуі керек екендігіне көзіміз жетті.

Жеке стандарттар жүйесі әлі күнге дейін жасалынбаған, алайда 1980 жылдан бастап оған сұраныс  арта түсті. Информатика және автоматизация  кезеңдерінде қонақ үй индустриясы, басқа қызмет индустриясы секілді, үлкен өзгерістерді бастан кешті. Енді туристер ақпараттармен хабардар болатындықтан, олар ұсынылып отырған қызметтер сапасына өте талғампаз келеді.

Қонақ үйлер үшін жіктелу  жүйесі бірнеше мақсаттарға негізделуі тиіс:

  • стандарттау; туристік нарықта құрылымдық жүйе дистрибуциясын жасауға көмектесетін тауарлар мен қызметтердің жүйеленген құрылымын құру;
  • маркетинг; дұрыс бәсекені қалыптастыратын орналасу орындарындағы қонақ үйдің түрі мен класына байланысты саяхатшыларға кеңестер беру;
  • тұтынушыны қорғау; қонақ үй өзінің жіктелуіне қарай ең аз дегендегі орналастыру мен қызмет көрсету стандарттарына жауап беретініне көз жеткізу;
  • табыс көзі; анықтамалар мен басқа да заттарды сатудан, лицензиялардан пайда табу;
  • бақылау; индустрияның жалпы сапасына бақылау жүйесін қамтамасыз ету;
  • басқару; осы сала мамандарының басқару қабілетін дамыту және істерді жоғары деңгейде жүргізу.

Іс жүзінде қонақ үйлердің жіктелу жүйесі дұрыс атқарылады, егер өзіне келесі сегіз элементті  қосатын болса:

  1. деңгейлерді орнату («жұлдызды дәреже»);
  2. әр деңгей парамертлерінің сипаттамалары;
  3. арнайы орналастыру түрлеріне арналған жағдайлар;
  4. тексеру мен жіктеу әдістерін белгілеу;
  5. ас бөлмесін бағалаудың арнайы стандарттары;
  6. айыппұлдарды белгілеу;
  7. елдің салық жүйесінен қонақ үй жіктелу жүйесінің тәуелсіз болуы;
  8. даулы жағдайларда жоғары органдарға шағымдану құралдары. [5]

Қонақ үй бизнесі, экономикалық кәсіркерліктің бір түрі бола отырып, тікелей не жанама түрде жаңа жұмыс  орындарының пайда болуына жағдай жасайды және шетелдік валютамен мемлекеттік қазынаны толтырудың маңызды құралы болып саналады. Әлемде әрқашан қонақ үй шаруашылығының ескі концепцияларын жаңалап, жаңасын игеру процестері жүріп отырады.

Белгіленген қонақ үйдің жіктелу жүйесі қонақ үй бизнесінің белсенді дамуы үшін өте маңызды. Осы жүйе бойынша, туристер қонақ үйде көрсетілетін қызметтің сапалығы, жабдықталуы мен ыңғайлығыннан көптеген мәліметтер ала алады. Өздерінің әл-ауқатының дәрежесіне сай келетін қонақ үй дәрежесін таңдай отырып, тек қонақ үй бизнесіне ғана емес, сонымен қатар, аймақ экономикасына әсер етеді. Сондықтан, әлемде бұл жүйенің дамуы мен онымен белгіленген қонақ үйлерде көрсетілетін қызметтердің толыққанды орындалуын қадағалау өте маңызды. Қазіргі таңдағы туристер өте талғампаз болып келетіндіктен, олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қонақ үйлер мүмкіндігінше барлық жағдайлар жасауға тырысады. Біз өмір сүріп жатқан заман, ақпараттық-технологиялар заманы болғандықтан, қонақ үй инфрақұрылымының жан-жақты жаңа жабдықтармен жетіліп отыруы арқылы бұл саланың күннен-күнге бір қадам алға басуын байқаудамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазіргі кездегі қонақ үй бизнесінің даму мәселелері.

 

Қонақ үй индустриясына қатысты  бүгін туындап жатқан мәселелер  шешілу сатысында, алайда, әлі де көбісін  шешу қажет. Қазақстанда барлық қажетті  атрибуттары бар туризм жүйесі қалыптаспаған. Басты себебтері – өз азаматтарын шетелге жіберуден гөрі, шетелдіктерді қабылдауды жөн көретін экспортер елдер қатарына жатқызуға болатын еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының төмен деңгейі. Жалпы Қазақстан туризмінде шет елдерге саяхаттайтын туристер саны басым. Өзге елдерге саяхаттайтын туристер саны тұрақтанып, жылына 700 мың адамды құрайды. Олардың көбісі коммерциялық мақсатта саяхаттайды.

Шығу тіризмі керісінше  қолайсыз уақыттарды бастан кешуде. 1994 жылы қызығушылық және келуші шетелдік қонақтар науқаны кезінде демалу, іскерлік, жеке және танымдық мақсаттарда  Қазақстанға 450 мыңдай турист келді. Алайда, 1996 жылы олардың саны 141,1 мыңға дейін  төмендеді. Интуристердің келуі  де қысқарды. ҚР шетелдік туристерді онша қызықтырмау себебі, туризм инфрақұрылымының дамымауынан және саланың материалды-техникалық базасының әлсіздігінен. Осы кездегі  орналасу құралдары жайлылықтың  төмен деңгейімен және техникалық жарықтандырылуымен ерекшеленіп, отандық туристік қызмет көрсетуді бәсекелесуге қабілетті  ете алмайды. Тек санаулы жоғары деңгейлі қонақ үйлер ғана халықаралық  стандарттарға сәйкес келеді: Алматыда – «Риджент Алматы», «Хайят Ридженси», «Достык» интеротель 5 жұлдызды қонақ  үйлері, 3 жұлдыздыларға «Астана», «Премьер Алатау» мен Алмаарасан шатқалында орналасқан «Кұмбел» VIP-отелі; Астанада 5 жұлдызды «Астана-Интерконтиненталь», «Радиссон Сас» қонақ үйлері.

Көрсетілетін қызмет сапасының  төменділігі, даму жобалары мен ұзақ уақыт аралығын қамтитын бағдарламалардың болмауы, компаниялардың әлсіз корпоративті мәдениеті, кәсіпорын қызметтерінің  дұрыс жоспарланбауы – осының барлығы, әрине, менеджменттің әлсіз жақтары болып саналады. Осы мәселелер, сонымен қатар, туризм және қонақ үй саласына арнайы маманданған орта және жоғары білімі бар менеджерлердің жетіспеуіне байланысты. Қонақ үй бизнесі үшін мамандарды тұрақты даярлайтын жүйені құру және оны одан әрі жетілдіру керек. Бұл мәселе ұзақ уақыт бойы жалғасын табуда. Әр қонақ үйде қызметкерлердің біліктілігін арттыратын бастапқы жүйенің болуы шартқа айналуы қажет.

Қазақстандық қонақ үй және мейрамханалар ассоциацияның  нәтижелері бойынша 2008 жылдан бастауын алған Алматыда «Holiday Inn», «Radisson», «Marriott», ал Астанада «Kempinski» халықаралық қонақ үй тізбектері республикада салынып жатқан қонақ үйлерге және оның  құрылысына басшылық етуде. Нарыққа «Rixos» қонақ үй тізбегі де шыққан болатын. «Capital Partners» компаниясының қонақ үй бизнесін дамыту басшысы Мұрат Йылмаздың айтуы бойынша: «Жалпы қазақстандық экономиканың дамуын бағалай отырып, оның елде қалыптасқан қонақ үй секторының кеңею жоспарын озуда. Сондықтан, алдағы 5-6 жыл ішінде қонақ үй кәсіпкерлігіне инвестиция қажеттілігі арта түседі». Оның ойынша, инвесторлар үшін Қазақстанда қонақ үйлер құрылысы Ресей және Еуропаға қарағанда қымбатқа түседі.

Көптеген инвесторлар  құрылысқа, объектілерге басшылық ету  және оны безендіруге шетелдік мамандарды шақыртып алады. Себебі, әлі де елімізде білікті мамандар саны тапшы. Сол  себепті, «люкс» дәрежелі барлық қонақ  үйлерде шетелдік менеджерлер басшылық етуде. Ол бұл жобаға жұмсалатын шығындарды және жоспар өтелімділігінің жалпы  мерзімін арттырады. Мемлекетте халықаралық  тізбектердің пайда болуы, бәсекелестік ортаның дамуына септігін тигізе отырып, көрсетілетін қызмет деңгейіне  және бағалардың тұрақтануына оң әсерін береді. Қонақ үйлердің әсіресе экономикалық класс секторының ұзақ уакытқа созылатын  өтелімділігі инвесторлардың белсенділігін  төмендетеді. Келешекте орташа бағалық  сегментте отельдердің жетіспеуі  нарықтың ең өзекті мәселесі болып  қала береді. Өздерін VIP дәрежелі туристерге жатқыза алмайтындарды тәулікке жалға берілетін пәтер иелері тез арада қаратып алады.

Үш жұлдызды қонақ үйлердің тапшылығы қонақ үй типтік пәтерлер нарығының қарқынды дамуына мүмкіндік  тудырды. Осындай пәтерлерге тек  қаланың мәдени өмірімен танысуға келген ауыл тұрғындары ғана емес, сонымен  қатар, алыс шетелден түрлі іс-сапарлық мақсаттармен келетін туристер де орналасады. Себебі, жалданатын пәтердің тәуліктік  құны қонақ үй бөлмесінің құнынан  әлдеқайда төмен. Бірақ мұндай пәтерлердің  жабдықталуы мен интерьері 3-4 жұлдызды қонақ үйлерге сәйкес келеді. Көрсетілетін қызметі бойынша еш кем емес, онда да күнделікті бөлменің жинастырылуы мен төсек-орынның ауыстырылып  отыруы да бар. Өзінің төмен бағаларына байланысты осы типті пәтерлер қонақ  үйлер үшін мықты бақталас болып  саналады. Осы тығырықтан шығудың  бірден-бір жолы – ол қонақ үйде көрсетілетін қызметтер бағасы нарықта  белгіленген бағаларға сәйкес келіп, мемлекет тарапынан реттеліп отыруы.

Тағы да бір өзекті мәселелердің бірі – елде барлық классты қонақ  үйлер тапшылығы. Бұл, әсіресе, 3-4 жұлдызды қонақ үйлерге байланысты болып  саналады. Себебі, туристердің басым  көпшілігі орташа тапқа жатқызылатындықтан, олардың 5 жұлдызды қонақ үйлерде  тоқтау мүмкіншілігі жоқ. Ал 1-2 жұлдызды қонақ үйлерде тоқтаудан гөрі, олар пәтер жалдағанды тиімдірек  көреді. Нарықта қонақ үйлер санының  тапшылығы бәсекелестік ортаны қалыптастырмай, керісінше осы себептен бағалардың одан сайын шарықтауына жағдай жасайды. Ал бұл өз кезегінде елдегі туризм саласының белсенді түрде дамуына  кедергі келтіреді. Сондықтан, қонақ  үй объектілерінің құрылысына инвестициялардың көптеп тартылуы, сол құрылыстың мемлекеттік  органдармен қатаң түрде қадағалануы  маңызды. [6]

Қорытындылай келе, Қазақстандағы  қонақ үй бизнесінің даму мәселелері бүгінгі күні ең өзекті мәселелерге  айналуда. Оның даму деңгейі әлі  толық жетіле қоймады. Сондықтан, осы  тұрғыдан үлкен жетістіктерге жету үшін осы мәселелерді шешу жолдарын қарастыру өте маңызды.

  1. Қонақ үй дамуындағы мәселелерді шешу жолдары.

 

Қазақстандағы қонақ үй секторы ұзақ уақыт бойы коммерциялық жылжымайтын мүліктің сауда және кеңсе секторларының көлеңкесінде калып отырды. Қонақ үй бизнесінің өзгешеліктері мен жобалардың ұзақ уақытқа созылған өтелімділігі инвесторларды онша қызықтырмады. Алайда соңғы жылдары Қазақстанға келуші шетел азаматтарының саны өсе бастады. Сондықтан, елімізде қонақ үй кешендерінің белсенді дамуы байқалуда. Отандық және шетелдік салушылар елдің қонақ үй бизнесіне инвестицияларды көптеп бөлуде.

Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің дамуы мен қалыптасуын зерттеу  мен талдау нәтижесі келесі ұсыныстар  мен қорытындыларды шығаруға мүмкіндік  берді:

  • кәсіпкерлік қызмет ретіндегі қонақ үй бизнесі нарықтағы ұсыныс пен сұраныс толқындарына ең жақыны болып шықты. Қонақ үй қызметтерін ұсынатын тәуелсіз кәсіпорындар үшін нарықтағы қызметі бойынша бағалау жүйесін жасау мүмкіндігі туды;
  • Астана қаласындағы «қалқыма» немесе «жоғары» қалпындағы қонақ үй кешендерінің жағдай талдаулары қонақ үй бизнесінің тиімділігі менеджменттің тиімділік дәрежесімен байланысты екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді;
  • басқару жүйесінің инфрақұрылымын жасау ірі инвестицияларға байланысты емес. Осы салада өзекті мәселелердің біріне айналған,  қонақ үй бизнесінде жоқтын қасы болып саналатын жоғары мамандандырылған жұмыс күшімен ұсынылған басқару жүйесі әлеуетінің болуы;
  • қонақ үй бизнесін басқаруда кең өріс алған үш деңгейді қарастыру:
  • қонақ үйлердің толтырылуы және қонақ үй қызметінің толыққанды көрсетілуі (барлық қонақ үйлер санынан 22%);
  • диверсифицирілген менеджмент (56%);
  • дұрыс басқарылмауы, бірінші және екінші бағыттар симбиозы (22%).

Еліміздегі соңғы он жылдық аралығында нақты дами бастаған қонақ  үй индустриясы кәсіпорындарының негізгі  даму тенденцияларына келесілерін  жатқызуға болады:

  • қонақ үй және мейрамханалық ұсыныстың терең мамандануы;
  • мейрамхана жолдары мен халықаралық қонақ үйлердің пайда болуы;
  • кішігірім кәсіпорындардың дамуы;
  • қонақ үй индустриясына жаңа комрьютерлік технологияларды енгізу.

Информация о работе Қонақ үй, классификациясы