Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2011 в 15:03, курсовая работа
Жерінің кеңдігі жағынан тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның табиғаты ешбір елден кем емес екендігі бесенеден белгілі. Әр аймағы өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін біздің жеріміз батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі бірін-бірі қайталамайтын көрікке ие. Аспанымен бой таластырған қарлы шыңдар мен биік таулар, құмды, шөлді далалар, ну ормандар мен қалың тоғайлар, өзендер мен көлдердің де неше атасы біздің жерімізде орналасқан.
КІРІСПЕ
1 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ
1.1 Географиялық орны
1.2 Көне Тараз тарихы
2 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ДАМЫҒАН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР
2.1 Тарихи - мәдени
2.2 Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмысы
3 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Туризмнің қазіргі жағдайы мен болашағы
3.2 Тараз қаласындағы туризмнің даму мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.2
Географиялық орны
Тараз қаласы Қазақстан Республикасының онтүстігіне орналасқан. 1939 жылы құрылған. Географиялық қатынасы негізінен жазықты.Тараз қаласы Жамбыл облысының оңтүстік батысында Талас – Аса оазисінің ортасында, Талас өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қала тұрғындарының саны 346 мыңды құрайды. Алып жатқан аумағы 110 шаршы шақырым, ұзындығы 23,5 шақырым, ені 12,5 шақырым. Тараз қаласы бойынша 6 археологиялық ескерткіш, 13 тарихи ескерткіш, қаланың тарихи бөлігін соғу және жоспарлау структурасын түзу кезеңін көрсететін 53 сәулет құрылысы ескерткіші, 7 монументалды өнер ескерткіші бар. Қалада Айша-бибі, Бабаджы-қатын, Қарахан және Дәуітбек және тағы басқа сәулет кесенелері осы күнге дейін сақталған.
Тараз
қаласында Қазақстан
Плотность
населения – 3459 чел. на кв. км
казахи – 57,6%
русские – 25,5%
узбеки – 5,7%
корейцы – 3,1%
другие
национальности – 8,1%
1 сурет. Тұрғындардың этникалық құрамы
(2006
ж. 1 желтоқсандағы санақ бойынша)
2
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ДАМЫҒАН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ
РЕСУРСТАР
2.1
Тарихи - мәдени
Көне деректерге сүйенетін болсақ, Тараз қаласы Талас өңіріндегі саяси мәдениеттің ірі орталығы болған республикадағы ежелгі қалалардың бірі. Онда көптеген елдің көпестері, мемлекетаралық іспен шұғылданған елшілер, әртүрлі діни ағымды таратушы миссионерлер мен жол кезбелер, тарихшылар болып кеткен. Соңғы кезде көне қала жұртындағы археологиялық қазба жұмысы барысында ірі қоғамдық ғимараттардың тұғырлары мен қабырғаларын безендіруге пайдаланған көптеген ою-өрнегі бар бедерлі тақтайшалардың табылуы Таразда сәулетті сарайлар мен қоғамдық ғимараттардың болғандығын растайды. Оған қазба барысында қала датқасының сәнді-сарайлары мен халық бас қосатын қоғамдық көпшілік үйлерге қойылатын тамаша өрнектері бар бірнеше қоладан жасалған шырағданның табылғандығы да дәлел бола алады. Міне осындай сәулетті сарайда 568 жылы Византияның елшісі Земарахты Түркі қағаны Дизабул (Естеми) салтанатты түрде қабылдап, өзара келісім шартқа қол қойғандығы тарихтан белгілі.
Бүгінде тарихымыздың діңгегі болған Тараз қаласының жұртынан бізге жеткен қоғамдық үйлердің бірі - Ортағасырлық моншалар қалдығы. Егер тарихи деректерге сүйенентін болсақ, көне қалалардың әрқайсысында ең кемінде 5-6 монша болған. Ал біздің Тараз қаласының жұртынан екі монша табылды. Зерттеу барысында моншаларды салуда қаланың санитарлық тазалық жағы ескерілгендігі және соған орай олардың қаланың сыртқы қорғаныс дуалдарының ішкі жағына орналастырылғандығы анықталды.
Талас өзені ағысы деңгейінің төмендігі, биіктеу жерден табылған су құбырлары моншаларға қажетті судың өзеннен арнаулы шығыршақ арқылы су сақтайтын қоймаға құйылып, ары қарай көлбей қойылған су құбырларымен ағызылғандығын айғақтайды. Кейде қос моншада жеткілікті мөлшерде су болмай қалған кезде суды қабырғалары тастан өрілген құдықтан алатын да кез болған.
1939
жылы көрнекті археолог А.Н.
Қазба жұмыстары нәтижесіне қарағанда үш бөлменің қабырғалары геометриялық өрнектермен, ал екі бөлменің қабырғалары мен жуынатын астау сегіз бұрышты өрнекті сары бояумен, оның айналасы қара бояумен көмкерілген, ал алтыншы бөлменің кабырғалары ақ, қызыл, сары бояулы тақталармен қиылыстырылып, кейбір жерлерде шөп тәрізді өрнек те қолданылған. Төбеден түскен қалдықтарға карағанда монша көп күмбезді болған, Моншаның еденінен Х-ХІ ғасырлардағы 17 көне тиын ақша, өте жақсы сақталған шырағдан табылды.
Археолог А.Н.Бернштам моншаның қабырғаларындағы геометриялы, шөп тәрізді ою-өрнектердің Айша-бибі кесенесіндегі өрнектермен ұқсастығын айта келіп, оны XI ғасырдағы Қараханидтер дәуірінен қалған жәдігер деп тұжырымдайды.
1970
жылы Орталық базарда жабық базар құрылысын
салу үшін жер қазу жұмысы жүргізіліп
жатқанда, ол арадан қабырғалары қызыл
кірпіштен қаланған құрылыс табылды. Соған
сәйкес жер қазу жұмыстары тоқтатылып,
археологиялық қазба жұмыстары басталды.
Нәтижесінде көлемі 10,5х10м, төртбұрышты,
қабырғаларының биіктігі 1,5 м-ге жуық,
қалыңдығы 90 см күйдірілген кірпіштен
қаланған, төрт бөлмеден тұратын екінші
моншаның орны табылды. Аумағы басқалардан
үлкендеу көрінген 1-ші бөлме шешінетін
орын болып шықты. 2-3 бөлмелер жуынуға,
буға түсуге немесе массаж жасауға арналған.
Ал төртіншісінен аумағы онша үлкен емес
ыстық су құятын астаудың орны табылды.
Ең қызығы қазба барысында табылған аумағы
кішкене қыш құбырлардың көпшілігінің
өзегінде онымен ыстық су жүргендігін
дәлелдейтін ақ дақтардың іздері сақталыныпты,
2-3-ші
бөлмелердің астында жылу жүретін жолдар
бар. Олардың үстін жалпақ тастармен жауып,
әк қосқан ерітіндімен сылап тастаған.
Мұның өзі моншаға келгендердің аяғы астында
жылудың болуына, терлеп-тепшіп рахаттануына
мүмкіндік туғызған. Еден астындағы жылу
құбырлары қабырғаларының
нақышына келтіріліп, әсем әрі берік қалануы
олардың осы уакытқа дейін бұзылмай сақталуына
мүмкіндік туғызған. Терістік жақтағы
пештің орны бұзылып кеткен. Шамасы осында
жағылған оттың жылуы еден астындағы қуысты
бойлап, негізгі қабырғамен аралығындағы
аумағы үлкен құбыр арқылы сыртқа шығып
кетіп отырған. Моншада ыстықтың көп сақталуы
үшін оттың жүретін қуыстардың астына
қиыршық тастар төселген.
Моншаның батыс жағында екі жерден бір бағытқа тартылған ылас жуынды сулар ағатын көлемі бір метрдей келетін қыштан күйдіріліп жасалған түбі жалпақ сүзгіш бар. Пайдаланылған ылас су осында жиылып, одан әрі су құбыры арқылы тастан қаланған құдыққа құйылған.
Біз төртінші бөлменің батыс жағындағы астауға жақын, терендігі 4 метрге дейін айналасы тастан қаланған құдықты қаздық, бірақ түбіне жете алмадық.
Моншаға керекті ауыз суды құдықтан алып отырған. Бөлмелердің еденін қазғанымызда табылған жоғарыдан түскен қалың сынықтар моншаның көп күмбезді және бірнеше рет жөндеуден өткендігін білдіретіндей.
Соңдай-ақ, қазба барысында сол кездегі қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінде көп пайдаланылған, кішігірім тастар, кұмыралар, әртүрлі ою-өрнекті қола шырағдандар және басқа құнды заттар табылды. Осы қазба барысындағы тағы бір олжамыз, екінші бөлменің шығыс жағында орындық ретінде қойылған тастың арасынан моншаға түсуге келген Тараздың бір сұлу кербезінің шашын тарап отырғанда абайсызда жоғалтып алған алтын сақинаны қоярда-қоймай Астана мұражайы алып кетті.
Тараз жұртынан табылған алғашқы моншаның қабырғаларын көмкерген ою-өрнек жақсы сақталғанымен, еден астындағы жылу жүретін құбырлар сақталынбаған. Ал екінші моншаны алсақ, біріншіге қарағаңда әлдеқайда жақсы сақталынған, онда жылу жүретін қуыстар, лас су жүретін құбырлар тізбегі бар. Оның үстіне қазба барысыңда табылған ыдыс-аяқтарды өзінің табылған орнына қойсақ болғаны. Егер мүмкіндігі болса бір бөлмеге бірінші моншадан табылған экспонаттар мен ою-өрнектерді койып, бір қабырғада безендіріп керсеткен оңды болар еді.
Жуырда
осы жоғарыда аталған моншалардың
алғашқысы туралы «Егемен Қазакстан»
газетінің 5 маусымдағы нөмірінде Қанат
Тұяқбаевтың «Көне шаһар маржандары»
атты мақаласы жарияланды. Онда автор
«мүмкіндік болса Тараз моншасын қайта
толығымен калпына келтіруге немесе тап
өзіндей көшірмесі салынса» деп орынды
меселе көтеріпті. Сірә автор монша орнының
ертеде-ақ талқандалып, орнына үйлер салынып
кеткендігін, монша туралы деректердің
тек А.Н. Бернштамның еңбектерінен ғана
белгілі екенін білмейтін секілді. Ол
кісі Тараз қаласының 2000-жылдық мерей
тойына дайындыққа байланысты ғылыми
іс-сапармен келгенінде орталық базардағы
№ 2 моншаның көміліп жатқанын дәлелдейтін
тақтадағы жазуды байқамаған сияқты. Бұл
ескерткіш есепке алынып, қорғауға алынған.
Егер автор өзінің
республикадағы бірден-бір мемлекеттік
жөндеу-құрылыс және қайта қалпына келтіру
басқармасының бастығы екендігін пайдаланып,
Тараздан табылған 2-ші моншаны мұражай
етіп ашуға өз тарапынан көмек көрсетсе,
нұр үстіне нұр болар еді.
Жалпы
ортағасыр дәуіріндегі
Тараз
моншасы сонау ата-
Осындай қолда бар жәдігерлерді көрсету арқылы казақ халқын ықылым заманнан-ақ мәдениеті өркендеген өркениетті ел екенін әлемге танытуға болады. Әрі оның өзі қаланың екі мың жылдық торқалы тойына таралғалы тарту болған болар еді.
Қали
Жүніс моншасы – Тараз
Моншаның ішіне тоқталатын болсақ, монша бірнеше бөлмелерден тұрады. Яғни кіреберіс бөлмеден, вестибюльден, демалатын бөлмеден, жуынатын орыннан, массаж жасайтын бөлмелерден, жылыту бөлмесінен, ыстық су мен суық су сақталатын ыдысы бар орындармен байланысатын қуыстардан, ыстық және суық су сақталатын үлкен резервуардан, қабырғаға жапсырына орналасқан су ысыту қазаннан, жуынатын үш бөлмеден тұрады. Жуынатын үш бөлмеден сыртқа шығып кететін арнайы есігі бар. Жарық беру мен желдеткіш күмбезде қарама-карсы орналасқан тесіктер мен үй қабырғаларының арасындағы кішкене қуыстар арқылы жүзеге асырылған. Үй көне дәстүр бойынша еденнің астынан қыздыратын каналдар арқылы жылытылады. Монша XX ғасырдың 50 жылдарына дейін жұмыс істеген. Қазір моншада реставрация жүріп жатыр. Монша қазір сәулет ескерткіші болып табылады.
Қарахан кесенесі орта ғасыр дәуірінен бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгісінің бірі. Кесене XI ғасырда салынған. Қазіргі Тараз қаласының орталық бөлігінде Төле би мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ши-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. XI ғасырда салынған кесененің 4 қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы XIX ғасырдың 90 жылдарына дейін сақталған. Оның күмбезі ғана құлаған. 1905 жылы оның құлаған бөлігін түгелдей бұзып алып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишамы Саид Бахманов салдырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне ұқсайды. Кесененің бас беті оңтүстікке қараған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Алдыңғы жағында екі мұнарасы бар. Сыртын жаңа кірпішпен қалаған. Кесененің ішкі құрылысына келетін болсақ, 4 бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және кіші бөліктен тұрады. Ортаңғы бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатып салынған. Бөлменің нақ ортасында оңтүстен солтүстікке қаратылған қабір бар. Ішкі жағын кесененің бұрынғы кірпіштермен қалаған. Кесене қасиетті жер саналады [14].
Дәуітбек кесенесі (XIII ғ.) ортағасырлық сәулет ескерткіші. Тараз қаласында Қарахан кесенесінің шығыс жағында орналасқан. Кесене манғолдық билеушілердің бірі ұлық Білге Ықбалқан Дәуітбек қабірінің үстіне салынған. Кесене мемлекеттің қорғауына алынған. Кесене орта ғасырдағы аймақтық сәулет өнеріне тән, бүгінгі күнге дейін бұзылмай аман жеткен діни ескерткіштердің қатарына жатады. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған, қабырғалары бітеу, төбесі күмбезден жасалған. Кіреберіс бетәлпеті терең қуыстары бар, үстіңгі жағы бәсеңдеу күмбезбен жабылған. Жан-жақтары қарапайым кірпіштермен өрілген, екі бұрышында мұнаралары бар, олар онша биік емес. Кесененің ішкі құрылысы крест тәріздес, қабырғаларында терең қуыстар бар. Кесененің қақ ортасында биіктің үстінде үш сатыны тас ескерткіш бар. Оның бетінде арабша жазулар жазылған. Оны 1893 жылы Бартольд аударды. Яғни онда жерленге адамның аты-жөні мен қайтыс болған мерзімі жазылған. Зерттеу нәтижесіне қарағанда биікте жатқан адамды 13 ғасырдағы ірі іскер басшысы болған деп санауға болады. Кесене Тараз халқының тұрғындары үшін Шомансұр кесенесі деген атымен белгілі.
Тектұрмас - әлемдегі көне заман ескерткіштері сияқты ертедегі тарихи мұралардың бірі. Тектұрмас тек тұрмайтын киелі орын. Ол қарахандықтар, әулиеаталықтар, Манас, Айша бибі, Бабажан-қатын замандарында халықтың басын қосқан, жаудың бетін қайтарған орын. Ертедегі аңыз бойынша тектурмастан қашан болса да бір дыбыс шығып, әуен естіліп тұрады екен. Ол әуен, әсіресе, таң самалында күңіреніп күй тартады деседі.