Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2011 в 15:03, курсовая работа
Жерінің кеңдігі жағынан тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның табиғаты ешбір елден кем емес екендігі бесенеден белгілі. Әр аймағы өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін біздің жеріміз батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі бірін-бірі қайталамайтын көрікке ие. Аспанымен бой таластырған қарлы шыңдар мен биік таулар, құмды, шөлді далалар, ну ормандар мен қалың тоғайлар, өзендер мен көлдердің де неше атасы біздің жерімізде орналасқан.
КІРІСПЕ
1 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ
1.1 Географиялық орны
1.2 Көне Тараз тарихы
2 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ДАМЫҒАН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР
2.1 Тарихи - мәдени
2.2 Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмысы
3 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Туризмнің қазіргі жағдайы мен болашағы
3.2 Тараз қаласындағы туризмнің даму мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Көрнекті арабис ғалым Ә. Дербісалиев Махмуд туралы ойын әрі қарай жалғастырып: "Жерлесіміздің өз аты Махмуд екен. Әкесінің есімі - Әлі Бабасының аты - Әбу әлі ат Тарази деген сөз оның Тараздан екенін, Таразда туылғанын меңзейді. Махмуд алғашқы білімді туған мекені Таразда алған. Автор өз ойын: "Махмуд Тараз өлкесін ежелден мекендеген жергілікті дулат тайпасынан шыққан сияқты. Ол өте зерделі, озық ойлы, кемеңгер, білімпаз адам болған деп жалғастырады.
Араб тарихшысының мәліметінде "Орта Азиялық ойшыл тарихшы Әбу соғд Абу әл-Карим ас-Саманидің (1118-1169 жж.) еңбегінде жерлесіміз жайлы: "Мен оның қолынан иджаза (диплом) алып едім дегені тілге тиек етіледі. Осы деректерді Әбекең қорыта келе: "Олай болса Махмуд Тараздағы үлкен ғылым ордасын басқарған деп батыл айтудан тартынбаймыз" -дейді.
Біз үшін екінші айтарлық жаңалық Иақұттың еңбегінде Тараз қаласында туылған тағы бір жерлесіміз толық аты-жөні Әбу Таһир Мұхаммед бин Әбу Насыр Ибраһим бин Макки ат-Тарази Таразда туып, Испиджапта тұрғандығы, кейіннен Иранда ғұмырын өткізгендігі айтылады. Ол жөнінде ғалым бұған жауапты Парсы тіліндегі шежірелерге үңілгенде табамыз деп тұжырымдайды. Әрине Тараз тек өзінің тарихымен ғана емес зиялы ғалымдармен де атағы шыққан қала.
Көне
Тараз қаласының тарихымен
1932-1933
жылдары қаланың түстік
Ата-бабаларымыздың бізге мұра етіп қалдырған осы ежелгі қаланың тарихын зерттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының Ә. Марғұлан атындағы арехология институтының басшылығымен 90-шы жылдардың басында Орталық базардың бос жерлерінде шағын археологиялық қазба жұмысы жүргізілді. Қазба жұмысы негізінде Шахристанның оңтүстік Шығыс жағынан табылған Х-ХІ ғасырларға тән бояулы ыдыс-аяқтар, соқпа дуалдар мен тұрғызылған қоғамдық үйлердің қалдықтарынын ерекшеліктеріне қарағанда үйлердің тығыз орналасқанын байқауға болады.
1997
жылы облыс басшылығының
Мұндай қаланың орнынан адам жерлейтін зираттың табылуы тарихта бұрын - соңды кездеспеген жағдай. Қазақстанға белгілі ірі ғалым К. Байпақов Шөженнің Талас бойында қала салғанын айта кетіп "Екі жыл ішінде салынған қала мықты бекітілген, айналасы екі қатар қабырғаларымен қоршалған сыртқы қабырғасы ағаштан, ал ішкісі саздан тұрғызылған мұнаралары бар" деп суреттейді Осыған орай біз үшін тағы бір жаңалық, қазбаның оңтүстік жағындағы қабырғасынынан 6 г тереңдіктен қап-қара саздан өріліп шыққан ұзын қабырғаларының қалдығын таптық. Кім біледі бұл құрылыс Шөженің Қытай әскеріне қарсы күрес үшін салған ежелгі Тараз қаласының бекініс орыны болар әрине оны зерттеу келешектің ісі.
Осы қазба
барысында тарихымыздың діңгегіне айналып
отырған Тараз қаласының жұртына бүгінгі
таңда тек 40 °/0 ғана археологиялық қазба
жұмысы жүргізілді. Қаланың негізі болып
саналатын және қоғамдық үйлердің тығыз
орналасқан терістік Батыс жағында қазба
жұмысы жүргізілген жоқ. Сонымен қорыта
келгенде тиісті қаражат табыла қалып,
қазба жұмыстары жалғасқан жағдайда сөз
жоқ қаланың негізгі орны Цитадель мен
Шахристанда біз білмейтін қала тарихымен
байланысты ата-бабаларымыздың жүріп
өткен жолының тіршілік тынысынан көптеген
құнды деректер табылатынына дау жоқ.
3 ТАРАЗ
ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1
Туризмнің қазіргі жағдайы мен болашағы
Бүгінгі таңда туризм саласы ең тиімді табыс көзі болып табылатыны, экономикалық негізгі және динамикалық салалардың бірі екені көпшілікке мәлім. Кейбір деректерге қарағанда дүние жүзі бойынша туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін екінші орын алады екен. Көптеген елде туризм жалпы ұлттық өнімнің артуына, қоғамды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуіне, сыртқы сауда байланысының белсендірілуіне өте үлкен ықпал етеді.
Біздің облысымызда туризм саласы кәсіпкерлер қызметі арасында енді-енді бас көтеріп келе жатқан сала, сондықтан да, берілген бағыт өзінің одан әрі дамуын және мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді қажет етеді.
Біздің
облыс Тянь-Шань тауының оңтүстік-батыс
бөлігінде ораналасқандықтан
Облыс өзінің ерекше, сан түрлі табиғи жануарлар мен өсімдік әлемімен ерешеленеді. Мұнда қызыл кітапқа енгізілген ерекше бағалы 50 өсімдік түрімен қатар барлығы 3 мыңнан аса өсімдік түрі бар. Облыста 158-ден аса тағы жануарлар өмір сүреді.
Облыста 4 мемлекеттік қорғауға алынған табиғи аймақтары бар. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан тарихи ескерткіштері көп, бұл ескерткіштер тек Қазақстанның ғана емес әлемдік мәдениетке туризмнің тарихи-танымдық, экологиялық, спорттық, ғылыми түрлерін танып білуге мүмкіндіктер береді.
Туризм саласының дамуына жекеменшік туристік ұйымдар ықпалын тигізеді. Қонақ үйлері, демалыс үйлері, транспорттық компаниялар және мейрамханалар, кафе, дүкен және мұражайлар туристік бизнес саласымен тығыз байланысты. Соңғы жылдары туристік бизнеспен айналысуға бел байлаған азаматтар саны облысымызда көбеюде. Мысалы 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін облыс бойынша 11 туристік фирмада ғана турагенттік және туротраторлық қызметпен айналысуға мүмкіндік беретін мемлекеттік лицензия болатын болса, 2007 жылдың 1 мамырында олардың саны 19-ға жетті. Бұл туристік фирмалардың 18-і Тараз қаласында, ал 1-і Жуалы ауданында орналасқан. Олардың офистері бар.
Туристік компаниялар көлемді спекторлық қызмет түрін көрсетеді;
Облыс шеңберінде орта мектеп базасында жұмыс істейтін 2 экологиялық клуб бар, “Снежный барс”, “Горный клуб”, “Жабағалы-Манас” және “Росток” қоғамдық бірлестіктері балалар және жасөспірімдер туризмі мен альпинизмімен айналысады, сонымен қатар 9 балалар лагері бар. Тараз қаласында туризм саласының даму қарқыны жеке туристік ұйымдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің белсенді жұмысы арқасында біраз жетістіктерге жетті. Ал, негізінен алғанда мемлекет тарапынан жеке компаниялар мен ұйымдарға қолдау көрсету жоғары деңгейде жасалып келеді. 2006 жылы Тараз қалалық әкімиятының қолдауымен қала ішінде бірнеше туристік объектілер ашылды: “Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің саябағы”, “Комсомол” өзенінің жағалауында жазғы демалыс орны. Тараз қаласында орналасқан туристік объектілер модернизациялау кезеңінен өткізілді. Тектұрмас сәулет кесенесінің қасында “Неке сарайы” құрылысы жеке кәсіпкердің өз қаржы есебінен соғылып, іске қосылды.
Облысымызға келген қонақтарға, туристерге қызмет ететін 14 қонақ үй бар. Олардың үлкендері “Жамбыл”, “Тараз”, “Газовик”.
“Жамбыл” – Тараз қаласындағы қонақ үй. Төле би даңғылы мен Әйтиев көшесінің қиылысында орналасқан, қала орталығы архитектуралық кешенінің ажырамас бөлігі. Төрт қабатты ғимарат 1961 жылы тұрғызылған, 1995 жылы қайта құрылды. Қонақ үйде 1-3 бөлмелі 73 жайлы номерлер бар. 20 люкс (1 орынды, 2 орынды және апартамент), 40 орташа (1 орынды, 2 орынды, 3 орынды) бар. Онда мейрамхана, бар, казино, бизнес-орталығы, экскурсиялық қызмет, гид-аудармашы қызметтері, интернет, факс, конференц-залы, шаштараз, косметологиялық кабинеті, сауна, бильярд, кір жуу, автотұрақ, телефон, радио, теледидар, тоңазытқыш, шағын бар, ванная, балкондары бар.
“Тараз” қонақ үйі – Тараз қаласында, Жамбыл даңғылында орналасқан. Қонақ үйде 200-ден аса номерлері бар. Сонымен бірге мейрамхана, түнгі бары, химиялық тазалау, шаштаразы, көлік тұрағы, теледидар, радио, балкон, душ, ваннасы бар.
2003 жылы 24 қазанда Тараз қаласында « Евразия » атты керемет көңіл көтеру кешені ашылды. Қала тұрғындарына арналған бірінші классты, қазіргі заманғы кинотеатр техника деңгейімен дизайн және сервис деңгейі жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.
Керемет кинозал 100% қатысу эффектісін құрайтын жаңа кинопроекционалды және дыбыстық құралмен ( система Dolby Digital Surround Ex ), қамтылған. Көрсетілімнің ерекше анықтылығы мен тұнықтылығынан экранда болып жатқан құбылыстарының шындық иллюзиясына батқандай боласыз. Ал көріністі экранда 200 есе үлкейтіп көрсеткеннен тамаша киноәлеміне тап болғандай боласыз.
Кинотеатрдың
репертуарын ресейлік кинопрокатқа
шығатын ең жақсы фильмдер құрайды.
Репертуарды құрастырудағы
2008
жылы 10 ақпанда « Евразия »
көңіл көтеру кешені өзінің
қала тұрғындары мен
Көңіл
көтеру кешенің 2-ші қабатында көңіл
көтерудің толық паркі
Ең кішкентай қонақтар үшін ойын бөлмелері мен карусельдер, ал жылдамдық пен азарты сүйетіндер, жеңіс сезіміне бөленуді сүйетіндер үшін – « Bumper Cars » автодромы ұсынылады. Мұнда тек үлкен азаматтар ғана емес, сонымен қатар балалар да өздерінің жылдамдық пен логикасын көрсете алады және жылдам реакциясы мен көлік айдау класын көрсете алады.
Осымен қоса, міндетті түрде барлық адамдар жақсы көретін « Дерби » және родео « Бизон » деп аталынатын секіргіштер ұсынылады.
2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы келуші туристтер мен ішкі бағыттағы туристтер санының 9,4 пайыздан 28,1 пайызға өскені белгіленген. Аса көп барған жерлер: Түркия – 3444 адам (93,6), БАӘ - 86 адам (2,3), Германия – 33 адам (0,9). Көрсетілген елдерден басқа туристтер 16 дүниежүзі елдерінде болды. 2006 жылы ТМД елдеріне 737 турист болып қайтты; Қырғыстанда болғандар – 82,6 пайызды құрайды, Ресей федерациясыда – 16,7 пайыз, Өзбекстанда - 0,7. шығушылар мен келушілердің негізгі мақсаттары демалу, бос уақыт және коммерциялық қызмет.
Туристтік фирмалар өткен жылы 7494,0 мың теңгеге қызмет көрсетті. Бұл төлемнің ең көбін орында броньдау жөніндегі қызмет тұрады.
2005
жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде
шетелдің азаматтары мен облыс
резиденттері қатарынан