Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:14, реферат
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8%, қызмет көрсету секторы экспортының 37 % құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде.
Кіріспе
I бөлім. ТМД аумағы бойынша ерекше туристік-рекреациялық аймақтарды дамытуға арналған географиялық және әлеуметтік-экономикалық міндеттер.
1.1 Табиғи ресурстар және оларды пайдаланудағы рационалды қиындықтар.
1.2 ТМД аумағындағы мемлекеттердегі ерекше мәдени-тарихи туристік-экскурсиялық орындардың орналасуы.
1.3 Әлемдік деңгейдегі маңызы зор демалыс орындары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
I бөлім. ТМД аумағы бойынша ерекше туристік-рекреациялық аймақтарды дамытуға арналған географиялық және әлеуметтік-экономикалық міндеттер.
1.1 Табиғи
ресурстар және оларды
1.2 ТМД аумағындағы мемлекеттердегі ерекше мәдени-тарихи туристік-экскурсиялық орындардың орналасуы.
1.3 Әлемдік
деңгейдегі маңызы зор демалыс
орындары.
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Кіріспе
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8%, қызмет көрсету секторы экспортының 37 % құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мүның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Дүниежүзілік
туристік ұйым (ДТҰ) сарапшыларының берген
бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені
айқындау саясатын жүргізу - жылына орта
есеппен 2,5 процентке келу туризмін
көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты
жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға,
шағын бизнесті дамытуға және туристік
инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды.
ТМД аумағы бойынша ерекше туристік-рекреациялық аймақтарды дамытуға арналған географиялық және әлеуметтік-экономикалық міндеттер.
ТМД елдерінің алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи-рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар (теңіз, өзен, көл), таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері, табиғи саябақтар өте көп таралған. Жалпы, қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. . Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту — ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының
қүйылуын қамтамасыз етеді
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және үжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен олардың әртүрлі мәдениеттерінің арқасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.Туризмнің жылдам және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі.
Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік (индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынменкірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. ДТҰ туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.
Табиғи ресурстар және оларды пайдаланудағы рационалды қиындықтар.
Табиғи ресурстар - табиғат компоненттері болып саналады. Мысалы, пайдалы қазбалар, су, топырақ, орман, шалғын өсімдіктері мен жайылымдықтар. Табиғи ресурстар тікелей шаруашылықта пайдаланылады. Олар экономиканың шикізаттық және энергетикалық базасын құрайды.Маңыздылығына байланысты табиғи ресурстарды ұлттық (жалпы мемлекеттік), аймақтың және жергілікті маңызы бар деп бөледі. Қолданылуына байланысты ресурсты:
өндірістің материалдық игілігі үшін (минералдық, жер, су, гидроэнергетикалық, орман);
дем алуға арналған (рекреациялық) ресурстар (су, орман, тау) деп бөледі. Бұдан басқа, барлық ресурстар таусылатын және таусылмайтын болып бөлінеді.Осы айырмашылықтар табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың әр түрлі жолдарын анықтайды. Таусылатын ресурстар (кейбіреуі болмаса) қайта қалпына келмейді. Оларды тиімді пайдалану дегеніміз:
-барлық пайдалы компоненттерін алу;
-шығынды азайту;
-қалдықтарды сақтап, қайта өңдеу.
Таусылмайтын
ресурстар қайта қалпына
-ресурсқа деген қажеттілікті;
-олардың географиялық орнын;
-көлемі мен
сапасын қарастырады.
Осыған байланысты
игерудің тиімділігі: яғни қанша шығын
жұмсалатындығы, шығынның қайтарымдылық
жылдамдығы есептеледі.Табиғи ресурстардың
аумақтық үйлесімінің (ТРАҮ) үлкен маңызы
бар. Олар аумақтарды кешенді түрде
игеру үшін қолайлы. Мысалы, Кенді Алтайдағы
мырыш өндірісі полиметалл кендері мен
су қуаты ресурстарының үйлесімділігі
арқасында пайда болды.Еліміздің ең басты
байлығы - минералдық және жер ресурстары.
Онымен қамтамасыз етілуі жөнінен әлемдегі
алдыңғы орындарды алады.Қазакстан - барланған
пайдалы қазбалар ресурсы жөнінен әлемдегі
6-шы мемлекет. Олардың негізгі ерекшеліктері
толық құрамдылығы мен ірі масштабтылығында.
Еліміздің жер қойнауында уранның әлемдік
ресурсының 1/4-і, хромның 1/7-і, қорғасын
мен мырыштың 1/10-і орналасқан. Осы және
басқа да пайдалы қазбалардың түрі бойынша
Қазақстан Республикасы алдыңғы қатардағы
мемлекеттер «ондығына» кіреді.Қазакстанның
қуатты минералдық-шикізат базасы басты
бәсекелестік артықшылығы болып табылады.
Бірақ оның дамуына объективті қиыншылықтардың
әсері бар. Өндірудің кен-геологиялық
жағдайы мен шикізат санасы нашарлап келеді.
Пайдалы қазбалар кен орындары да біркелкі
таралмаған. Пайдалы қазбалардың бай кен
орындары тұруға қолайсыз аймақтарда
орналаскан. Оларды игеру жаңа тәсілдер
мен технологияны қажет етеді.
ТМД аумағындағы мемлекеттердегі ерекше мәдени-тарихи туристік-экскурсиялық орындардың орналасуы.
Жалпы айтқанда, ТМД мемлекеттерінің аумағында тарихи-мәдени рекреациялық ресурстар жиынтығы да жеткілікті дәрежеде. Ондай орындар, әсіресе Ресейдің Еуропалық бөлігінде көбірек шоғырланған. Олардың болашақ ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі және Ресей тарихын туристерге таныстырудағы танымдық маңызы өте жоғары.
Ресейде табиғат ресурстарына тән мынадай ортақ белгілер бар: 1) ресурстар қоры өте мол және алуан түрлі; 2) ресурстар өз дәрежесінде әлі толық зерттелмеген; 3) ел аумағы бойынша біркелкі таралмаған және олардың басым көпшілігі нашар игерілген, табиғат жағдайы қолайсыз аудандарда шоғырланған; 4) жақсы игерілген аудандардағы ресурс қоры сарқылуға жакын.
Қорытындылай келгенде, Ресейдің табигат жағдайы мен табиғат ресурстары халықтың әлеуметтік тұрмыс дәрежесі мен тығыздыгына, шаруашылық салаларын орналастыру мен өркендетуге және олардың нарық жағдайына сәйкес мамандануына өте күшті әсерін тигізеді.
Латвия мемлектінің ең бір мәдени, көрнекті жері бұл- Рига қаласы. Бұл қала тарихыменде, архитектуралық ғимараттарымен де ерекшелінеді. Сонымен қатар Еуропа елдерініңде ең әдемі қалаларының бірі болып саналады. Қаланың ең көрнекті жері болып, Векрига ауданы саналады. Онға жуып тарихи ғимараты бар, соның бірі "Кошкин дом" деп аталатын I Петрдың сарайы. Тағы бір қала мақтанышы болып Домский собор (1211 ж.) бұл ғимарат әлемдегі ең үлкен саналады. Сонымен қатар қалада көптеген музейлер бар. Солардың ең үлкені Әскери музей, сонымен қатар Үш ағайындылардың музейі, Югла өзенінің жанындағы ашық музейді атап өтсек болады.
Латвия мемлекетің тағы бір көрікті қаласы бұл – Юрмала. Бұл қаланы Латвияның демалыс орындарының жүрегі деп те атайды. Жалпы курорт көптеген қонақүйлерге, теннис порттарына, бассейндерге және де басқа көңіл көтеретін орталықтарға бай. Әлемге әйгілі "Акваландия" және "Немо" атты аквапаркі және де көптеген бассейндері бар. Сонымен қатар музей және әр түрлі көрме өтетін ғимараттары бар.
Қазақстан аумағындағы ерекше мәдени-тарихи орындар бұл:
Көне Отырар. Шымкенттен Түркістанға баратын жолда елдің тағы бір тарихи орны көне Отырар қаласы бар. Мұнда отра ғасырдың қалдықтары қалған. Көне қалада Орта Азияның мыңдаған жылдар бойындағы ескерткіштерін көруге болады. Мұнда ұлы ойшыл Абу Нәсір Әл-Фараби туылған.
Бұл күндері
ғалымдар қаланың ең маңызды
деген элементтерін мешіт,
Отырар территориясында тарихи мұражай, саз балшық шеберханасы, балшықтан жасалған жер асты мұражайы бар.
Арыстанбаб кесенесі ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстары 14-15 ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. Жер сілкінісінен құлаған мазардың орнына 18-ғасырда екі күмбезді құрылыс салынған. 18-ғасыр ғимараты құлап қирағаннан кейін 1909жылы қайта салынды. Жерасты суының жоғарғы деңгейі салдарынан бүлінген мешіт 1971 жылы қайта салынды. Кешен алғашқы үлгісіне негізделіп қалпына келтірілген, яғни Ислам дінінің ғұламасы Арыстанбаб жерленген жерге тұрғызылды, екінші бөлме мешіттің сол қанаты оның дін жолындағы шәкірті Гурханға арналды. Осы екі нысан біріктіріліп қосылып салынды.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, XIV ғасыр.Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Ахмет Яссауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмат» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған.
Тай – қазан. Әйгілі қола қазан – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің басты көрнектілігі болып табылады. 1935 жылы Кеңес одағы кезінде ол Ресейдегі Эрмитажға алынған. Содан 1989 жылы қыркүйек айына дейін сақталған. Қазанды елге қайтаруға М.Горбачевтың жұбайы және Олжас Сүлейменов ат салысты.
Тай-қазан
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің
үлкен залының ортасында
Әлемдік деңгейдегі маңызы зор демалыс орындары.