Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:14, реферат
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8%, қызмет көрсету секторы экспортының 37 % құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде.
Кіріспе
I бөлім. ТМД аумағы бойынша ерекше туристік-рекреациялық аймақтарды дамытуға арналған географиялық және әлеуметтік-экономикалық міндеттер.
1.1 Табиғи ресурстар және оларды пайдаланудағы рационалды қиындықтар.
1.2 ТМД аумағындағы мемлекеттердегі ерекше мәдени-тарихи туристік-экскурсиялық орындардың орналасуы.
1.3 Әлемдік деңгейдегі маңызы зор демалыс орындары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әлемдегі туризмның дамуына ғылыми-техникалық прогресс, тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсарту, бос уақытты, демалыстарды көбейту, экономикалық және саяси тұрақтылық тағы басқа да факторлар әсерін тигізеді.
Әлемдік деңгейдегі демалыс орындарын айтсақ, Краснодар маңындағы әйгілі Лазаревское мен Сочи курорттары. Бұл демалыс орындары Қара теңіз маңында орналасқандықтан қазіргі таңда жылдан-жылға көп туристтерді өзіне еліктіріп жатыр. Бұл демалыс орнында қазіргі заманға сай жаңа емдеу түрлері, өте дамыған инфрақұрылым және де көптеген экскурсия түрлерін қамтиды.
Сонымен қатар, Латвия мемлекетін алсақ, Латвия мемлектінің ең бір мәдени, көрнекті жері бұл- Рига қаласы. Еуропа елдерініңде ең әдемі қалаларының бірі болып саналады. Қаланың ең көрнекті жері болып, Векрига ауданы саналады. Онға жуып тарихи ғимараты бар, соның бірі "Кошкин дом" деп аталатын I Петрдың сарайы. Тағы бір қала мақтанышы болып Домский собор (1211 ж.) бұл ғимарат әлемдегі ең үлкен саналады. Сонымен қатар қалада көптеген музейлер бар. Солардың ең үлкені Әскери музей, сонымен қатар Үш ағайындылардың музейі, Югла өзенінің жанындағы ашық музейді атап өтсек болады.
Латвия
мемлекетің тағы бір көрікті
қаласы бұл – Юрмала. Бұл қаланы
Латвияның демалыс орындарының
жүрегі деп те атайды. Жалпы
курорт көптеген қонақүйлерге, теннис
порттарына, бассейндерге және де
басқа көңіл көтеретін орталықтарға
бай. Әлемге әйгілі "Акваландия" және
"Немо" атты аквапаркі және де
көптеген бассейндері бар. Сонымен қатар
музей және әр түрлі көрме өтетін ғимараттары
бар.
Ал, Әлемдік деңгейдегі демалыс орындарын салу біздің елде әліде болса жоспарда ғана. Соның ішінде, Маңғыстау облысында көптен бері айтылып келе жатқан «Кендірлі» халықаралық курортының жобасына жан бітіп, жақын арада алғашқы инфрақұрылымдық құрылыс жұмыстары басталатын болды. Аптаның басында өлкеге ат басын тіреген ғажайып жобаның негізгі іске асырушылары халықаралық «SІBC CORP SDN. BHD» компаниясының сарапшылары Ақтау қаласы және Қарақия ауданы әкімдіктерінің өкілдерімен кездесті.
Сондай-ақ Кендірлі
аймағында болып, басты мақсаты
бойынша - «Кендірлі» халықаралық курортының
құрылысы жүргізілетін аумақта экологиялық
зерттеулер жүргізді. Олардың қатарында
аталған компания директорлар кеңесінің
төрағасы Мохамад Башар Эль-Атаси және
президенті Тан Чи Хонг, халықаралық «ІPK
Іnternatіonal» консалтингтік компаниясының
президенті Рольф Фрайтаг бар. Жобаны
іске асырушылар облыс әкімі Қырымбек
Көшербаевқа әлемдегі үздік демалыс аймағына
айналуы тиіс «Кендірлі» халықаралық
курорты Жобасы құрылысының бас жоспарын
таныстырып, нақты шешімге келгендерін
айтты. Жобаның құны 2,3 млрд АҚШ долларын
құрайды. Соңғы байламға нақты көшкен
инвесторлар таныстырылымда енді азғана
уақыттан соң Каспий теңізінің жағасындағы
1 700 гектарды қамтитын аумақта орналасатын
курортты аймақта жылына 1 млн адамға қызмет
көрсетуге қауқары бар алып әуежай және
көздің жауын алатындай жоғарғы сапада
салынатын 23 қонақ үй (отельдер), 22 мың
жатын-орны бар сәулетті 4 мың вилла мен
басқа да заманауи үлгідегі түрлі туристік
қызмет көрсететін орындардың бой көтеретінін
қуана жеткізді.
Қорытынды
Жалпы қорыта
келсек, ТМД елдері туристік-рекреациялық
аймақтарға өте бай және олардың барлығы
даму үстінде. Дамуының бірден-бір себебі,
адамдардың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына
шығуымен байланысты болды, мұның өзі
адамның демалуға және бос уақытын өткізуге
негізгі құқығын тану болып табылады.
Ол жеке адамды және халықтар арасындағы
өзара түсіністікті дамытудың факторына
айналды. Көпшілігі демалысың теңіз жағалауларында,
денсаулығын қалпына келтіру мақсатында
әртүрлі курорттық орындарда өткізеді.
Бұның бәрі осы рекреациялық туризмнің
дамуының бірден-бір көрсеткіші деседе
болады. Қазақстанның өзін алар болсақ,
көптеген рекреациялық аймақтар бар. Бір
ғана Шығыс Қазақстанда емдік сауықтыру
орталықтары көптеп кездеседі.
Пайдаланылған
әдебиеттер