Туризм саласындағы мамандарды даярлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 16:52, реферат

Описание

Туристік кадрларды даярлау Қазақстанда әскери уақытқа дейін де жүргізілген. Негізінен туризм ұйымдастырушыларды, нұсқаушыларды және әр түрлі туризм түріне байланысты нұсқаушыларды, экскурсоводтарды даярлайтын. Бұл жұмыс Дүние жүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Ол кезде 1949 жылы туризмді Бір бүкілодақтық спорттық КСРО классификациясына енгізген. Санатты-спортсмендерді, туризм саласы бойынша спорт шеберлерді даярлау басталды.
Адамдардың көбісі саяхаттарға шыға бастады, туристік базаға келе бастады. Туризм саласында нұсқаушылар керек болды. Сөйтіп, Қазақстанда көптеген нұсқаушылар курсы, дәрістер және мектептер жұмыс істей бастады.
1966-1967 оқу жылында туризм бойынша Алматы облысының кеңесі тау туризмінің нұсқаушыларын даярлайтын мектепті ұйымдастырды. Оқу талабы өте қатал болды. Сондықтан оқуды 30 оқушы бастайтын болса, олардың тек 5 оқушысы туристік базада сынақтан өткен соң туризм нұсқаушысы деген куәлігіне ие болған.

Содержание

І. Кіріспе
1. Туристік кадрларды даярлаудың алғышарттары
ІІ. Негізгі бөлім
2. Қазақстандағы мамандарды даярлайтын оқу орындары
3. "Тұран" университетіндегі туризм факультеінде мамандарды даярлау
4. "Қазақтың Спорт және Туризм Академиясындағы" туризм факультетіндегі мамандарды даярлау
5. Туризм саласы үшін мамандар даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік оқу орындарының саны
6. Туризм саласы үшін жоғары білім бар мамандар даярлау
7. Туризм саласы үшін орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Мамандарды даярлау. Туризм.doc

— 98.00 Кб (Скачать документ)

    Жоспар: 

    І. Кіріспе

    1. Туристік кадрларды даярлаудың  алғышарттары 

    ІІ. Негізгі бөлім

    2. Қазақстандағы мамандарды даярлайтын  оқу орындары

    3. "Тұран" университетіндегі  туризм факультеінде мамандарды  даярлау

    4. "Қазақтың Спорт және Туризм Академиясындағы" туризм факультетіндегі мамандарды даярлау

    5. Туризм саласы үшін мамандар  даярлаумен айналысатын жоғары  оқу орындары мен орта кәсіптік  оқу орындарының саны

    6. Туризм саласы үшін жоғары  білім бар мамандар даярлау

    7. Туризм саласы үшін орта кәсіптік  білімі бар мамандар даярлау 

    ІІІ. Қорытынды 

    ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 

      Кіріспе 

    Туристік  кадрларды даярлау Қазақстанда  әскери уақытқа дейін де жүргізілген. Негізінен туризм ұйымдастырушыларды, нұсқаушыларды және әр түрлі туризм түріне байланысты нұсқаушыларды, экскурсоводтарды даярлайтын. Бұл жұмыс Дүние жүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Ол кезде 1949 жылы туризмді Бір бүкілодақтық спорттық КСРО классификациясына енгізген. Санатты-спортсмендерді, туризм саласы бойынша спорт шеберлерді даярлау басталды.

    Адамдардың  көбісі саяхаттарға шыға бастады, туристік базаға келе бастады. Туризм саласында  нұсқаушылар керек болды. Сөйтіп, Қазақстанда көптеген нұсқаушылар курсы, дәрістер және мектептер жұмыс істей бастады.

    1966-1967 оқу жылында туризм бойынша  Алматы облысының кеңесі тау туризмінің нұсқаушыларын даярлайтын мектепті ұйымдастырды. Оқу талабы өте қатал болды. Сондықтан оқуды 30 оқушы бастайтын болса, олардың тек 5 оқушысы туристік базада сынақтан өткен соң туризм нұсқаушысы деген куәлігіне ие болған. \2\

    1968 жылдан 1990 жылға дейін әр жаз  сайын Республикалық тау туризмінің  нұсқаушысы атты мектебі жұмыс істейтін. Ол 1973 жылға дейін "Горельник" туристік базасымен базаланған. "Горельник" базасы Кіші Алматы шатқалында орналасқан. Көп жылдар бойы мектеп жетекшісі Қазақстандық туризм және альпинизм энтузиасты, спорт шебері В.М. Зимин болды. Ол республикада туристік кадрларды даярлауға көптеген үлесін қосты. 1974 жылдан бастап мектеп "Горный садовод" ауылының қасындағы Қотырбұлақ шатқалындағы "Алматау" турбазасымен базаланды. 1968 жылдары туризм саласы бойынша орталық Кеңес "Подготовка общественных туристких кадров" атты құрамасын шығарды. Бұл құрамада туризм бойынша кадрлардың жағдайы, сонымен қатар оқу жоспарлары, нұсқаушыларды даярлау, туристік ұйымдастырушыларды даярлаудың бағдарламалары, кіші туризм нұсқаушыларын даярлау, нұсқаушы-оқытушыларды даярлау, үлкен нұсқаушыларды даярлау, туризм түрі бойынша оқытушыларды даярлау, туристік саяхаттардың нұсқаушыларын даярлау және де жарыстық төрелерді даярлау бағдарламалары басылған. \2\

    1968 жылдан бастап бүкіл КСРО-да  және Қазақстанда бір жүйе  бойынша жүзеге асты.

    Бағыттаушылардың  басым бөлігі, орта нұсқаушыларды даярлау бағдарламасымен даярланды. Бұл бағдарлама 2 негізгі туризм түрлері бойынша бөлімінен тұрады:

    1) массалық туризм жұмысшының негізгі бағыты

    2) тәрбие-оқу дайындық

    Теориялық және практикалық жүйеде оқу жүргізілді. Практикалық сабақтың көбісі 12-14 күндік күндізгі саяхат болды, ол 3 санатты  қиындық дәреже көрсеткіші.

    Қазақстанда Республикалық мектепте келесі көрсеткіштер бойынша нұсқаушылар даярланған:

    1982 жыл – 20 адам;

    1983 жыл – 30 адам;

    1984 жыл – 29 адам;

    1985 жыл – 19 адам;

    1988 жыл – 20 адам;

    1990 жыл – 28 адам; \1\

    22 жылдың ішінде мектеп 1000-нан астам  тау, су, шайтанарба нұсқаушыларын  даярлады. Сонымен қатар туризмнің барлық саласы бойынша Қазақстанда Алматы облыстық және қалалық дәрістер туризм нұсқаушыларын даярлады. Сөйтіп, 1985 жылы жоғарғы нұсқаушы дайындықты 5 қазақстандық "Шахимардан" бүкілодақтық дәрістен өтті. Сол жылы сол жерде 4 қазақстандық дайындықтан өтіп жатты. 1985 жылы Алматы облысының туризм және экскурсия кеңесінде 96 оқушы тау туризмінде даярланып жатты, ал Шығыс-Қазақстан облысында  - 172 адам тау туризмінде даярланып жатты. \1\ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Негізгі бөлім 

    1987 жылы Алматы облыстық тау туризмі бойынша кеңес өтті. Оған 19 адам қатысты. 1988 жылы Алма-Атылық саяхат және экскурсия бюросы 6-айлық курсқа шақырды. Ол курста тау және су туризмінің нұсқаушылары даярланатын болды. Курсқа 18 жасқа толған және саяхат жасаудан 1-ші қиындық дәрежелі тұлғалар шақырылды. Тапсырушылар комиссияға мынандай куәліктерді тапсырды: өтініш-анкета, анықтама, саяхатқа шыққанын дәлелдейтін құжат, учаскелік дәрігерден медециналық анықтама, жұмыс орнынан анықтама, орта білім алғаны туралы аттестат немес дипломның көшірмесі, 3 фотосурет (3х4 см). Дәрістер және семинарлар жұмыс күндері кешкісін өткізілген, ал практикалық сабақ демалыс күндері жүргізіліп отырған. \2\

    1989 жылы қазақстандық туристер бүкілодақтық  семинарларда даярланған.

    Қазақстанда экономикалық туризмді дамыту үшін республика бойынша шет елдік азаматтардың шағын топтарын саяхатқа шақыру керек болды. Ал осы туристердің ең басты қызығушылығы Қазақстанның табиғаты мен тарихы және де белсенді туристік саяхаттар.

    Практиканың көрсеткіштері бойынша Қазақстандағы турфирмалардың көбісі, мысалы, Қазтуркеңес, Интурист және БМТ "Спутник", визалық, жарнамалық, шет елдік азаматтарды қабылдаушылық, паспорттық көзқарастары жақсы дамымаған. Тек Алматы қаласында ғана 50 шақты туристік маршруттар бар. Ал турфирмалардың көбісі шет елдерге танымал емес.

    Бірақ уақыт өте келе туризм саласы бойынша  көзқарас өзгере бастады. Олар түсінді  осы салада мамандарды даярлау керек екенін. Сонымен қатар туристік маман даярлайтын вуздар халықаралық қолдаумен, құрал-жабдықтармен, ғылыми-тәжірибелік базамен, үлкен санатты профессор-оқытушылармен қамтамасыз етілді.

    Қазіргі кезде Қазақстанда туризм саласы бойынша мамандарды даярлайтын келесі оқу орындары қызмет көрсетуде:

    1.  Аль-Фараби атындағы Қазақстанның  ұлттық мемлекеттік университеті география факультетіндегі туризм бөлімшесі (Алматы қаласы).

    2. Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университетіндегі эколо-география  факультетінде халықаралық туризм  бөлімшесі (Алматы қаласы).

    3. Қазақстанның мемлекеттік халықаралық  қатынастар мен әлемдік тілдер университеті (Алматы қаласы).

    4. Алматы технология және бизнес  институты (Алматы қаласы).

    5. Х.А. Яссауи атындағы Қазақ-Түрік  халықаралық университеті (Түркістан  қаласы).

    6. Россиялық халықаралық туризм  академиясы, Қазақстандағы фелиалында (Алматы қаласы).

    7. Мәскеулік мемлекеттік әлеуметтік  университеті, Қазақстандағы филиалында (Алматы қаласы).

    8. Мәскеулік мемлекеттік қызмет  көрсету және сату академиясы, Қазақстандағы филиалында (Талдықорған  қаласы).

    9. Санк-Петербургтік гуманитарлық  профодақ университеті, Қазақстандағы фелиалында (Алматы қаласы).

    10. Қазақстан-Американ университеті (Алматы  қаласы).

    11. Мәскеулік инновация менеджменті  академиясы, Қазақстандағы филиалы  (Алматы қаласы).

    12. "Тұран" университетінің туризм  факультеті (Алматы қаласы).

    13. Орталық-Азия университетінің гуманитарлық  факультеті (Алматы қаласы).

    14. Алматы коммерциялық институт (Алматы  қаласы).

    15. Қазақтың Спорт және Туризм Академиясында, туризм және серфис кафедрасы (Алматы қаласы)

    16. "Унат" университеті (Алматы қаласы).

    17. Қарағанды экономикалық университет  (Қарағанды қаласы).

    18. Алматы экономикалық университет  (Алматы қаласы).

    Қазақстан Республикасының туризм саласы бойынша  мамандандыру әлемдік жүйе интеграциясы әлі болған жоқ. Бірақ та, туризм саласы бойынша мамандарды даярлаған кезде халықаралық жүйемен байланыстыру керек деген көзқарас қалыптасуда. \2\

    1997 жылдың соңында Минск қаласында  "Туристкое пространство СНГ"  атты кеңес өтті.

    Бұл кеңсете біркелкі СНГ туристік аумақтың болуы қарастырылды. Сонымен қатар  транспорттық және экскурсиялық маршруттардың бірігуі туралы көзқарастар болды. Туристік кадрларды дайындаудың стандарттары мен бағдарламалары шешілмегенше туризм саласы тоқырауға ұшырайды. 

    "Тұран"  университеті. "Тұран" университеті жоғары оқу орны болып 1992 жылдың 25 шілдесінде қалыптасты  (регистрациялық куәләгі №676, гогреестр ҚР №19526393). "Білім беру" және "Шаруашылық қатынастар мен аукционерлік қоғам" құқықтарының жүйісінде қалыптасты. Қазіргі уақытта "Тұран" қоғамдастары ҚР "Жоғары білім беру" жүйесімен және университет жүйесімен жүргізіледі.

    Университеттің  басты мақсаты – экономика  саласы бойынша мамандарды даярлау, бизнес саласы бойынша мамандарды даярлау, құқық және туризм саласы бойнша мамандарды даярлау болып табылады. "Тұран" университеті өзінің сабақтарын дәріс және практика жүзінде жүзеге асырады.

    "Тұран"  университетінің басты білім  беру кампоненттерінің негізін келесі көрсеткіштер құрайды:

    а) университеттегі ғылыми-техникалық паркте тәжірибелер, ғылыми жұмыстар, оқу-әдістемелі жұмыстар жүргізу;

    ә) тиімді және ыңғайлы оқу жоспарларын  ұйымдастыру, қазіргі заманға сай;

    б) студенттік қызметті қатты қадағалау, себебі ол университеттің негізгі көзі болып табылады;

    в) оқытушы мамандар арасынан ең жақсысын таңдап алып, оқу жүйесінің құрамын  жасау;

    Университет төрт факультет бойынша мамандарды даярлайды:

    - эканомика және финанс факультету;

    - бизнес және менеджмент факультеті;

    - құқық факультеті;

    - туризм факультеті, 0702 – "Туризмдегі  экономика және менеджмент" мамандық  бойынша студенттерді даярлайды. Студенттер оқу орнын аяқтағанда, оларға "Туризм менеджері" атты атақ беріледі.

    Студенттердің қалауы бойынша ақырғы оқу курсында олар келесі мамандықтарды таңдап алуға  мүмкіндігі бар:

    1. Қазақстан азаматтарының рекреациялық-танымдық  мақсат бойынша басқа шет елге шығуды ұйымдастыру мен экономика.

    2. Қазақстан Республикасындағы шоп-туризмді  ұйымдастыру мен экономика.

    3. Белсенді саяхаттың түрімен шетел  туризімін ұйымдастыру мен экономика.

    4. Қонақ үй менеджменті.

    Туризм  саласы бойынша мамандарды даярлау  барысында жоғарғы санатты оқытушылардың мынандай оқу сабақтарымен жүзеге асырылады:

    - мамандыққа кіріспе

    - аймақтық-туристік жүйе негіздері

    - туристік бизнесті картографиялық  қамтамасыз ету

    - географиялық туризм негіздері

    - экскурсия негіздері

    - туристік бизнесті ұйымдастыру

    - белсенді туризм түрінің техника  және тактика негіздері 

    - қонақ үй менеджменті және  т.б.

    Әр  факультетте екі оқу жүйесі жүргізіледі: күндізгі және сырттан. Қалаушылар екінші жоғарғы білім ала алады, егер ІІІ курсқа бірден түсіп өз мамандығы бойынша арнайы жүйемен жұмыс істесе.

Информация о работе Туризм саласындағы мамандарды даярлау