Туризм саласындағы мамандарды даярлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 16:52, реферат

Описание

Туристік кадрларды даярлау Қазақстанда әскери уақытқа дейін де жүргізілген. Негізінен туризм ұйымдастырушыларды, нұсқаушыларды және әр түрлі туризм түріне байланысты нұсқаушыларды, экскурсоводтарды даярлайтын. Бұл жұмыс Дүние жүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Ол кезде 1949 жылы туризмді Бір бүкілодақтық спорттық КСРО классификациясына енгізген. Санатты-спортсмендерді, туризм саласы бойынша спорт шеберлерді даярлау басталды.
Адамдардың көбісі саяхаттарға шыға бастады, туристік базаға келе бастады. Туризм саласында нұсқаушылар керек болды. Сөйтіп, Қазақстанда көптеген нұсқаушылар курсы, дәрістер және мектептер жұмыс істей бастады.
1966-1967 оқу жылында туризм бойынша Алматы облысының кеңесі тау туризмінің нұсқаушыларын даярлайтын мектепті ұйымдастырды. Оқу талабы өте қатал болды. Сондықтан оқуды 30 оқушы бастайтын болса, олардың тек 5 оқушысы туристік базада сынақтан өткен соң туризм нұсқаушысы деген куәлігіне ие болған.

Содержание

І. Кіріспе
1. Туристік кадрларды даярлаудың алғышарттары
ІІ. Негізгі бөлім
2. Қазақстандағы мамандарды даярлайтын оқу орындары
3. "Тұран" университетіндегі туризм факультеінде мамандарды даярлау
4. "Қазақтың Спорт және Туризм Академиясындағы" туризм факультетіндегі мамандарды даярлау
5. Туризм саласы үшін мамандар даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік оқу орындарының саны
6. Туризм саласы үшін жоғары білім бар мамандар даярлау
7. Туризм саласы үшін орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Мамандарды даярлау. Туризм.doc

— 98.00 Кб (Скачать документ)

    Ең  басында студенттердің арасында таңдау жүргізіледі. Ол тест және сөйлесу  арқылы жүзеге асырылады. Жыл сайын  осы факультет абиатуренттері көбеюде. Осы университетте Алматы және шетел  мамандарымен бір қатарда жұмыс  істеушілер оқытады.

    "Тұран"  университетінің бітірушілеріне  шетел мемлекеттірің қолдауы  бар және мамандығы, лицензиясы  және жоғары оқу бітіргені  туралы диплом беріледі.

    "Тұран"  университетін аяқтаушылар менеджмент, бас менеджер, туристік фирмаларда  бастық болып жұмыс істей алады. Оқу барысында практикада студенттерді турфирмаларға апару мақсатында көптеген студенттер ІІІ курста менеджер болып жұмыс істейді.

    "Тұран"  университетіндегі болашақта мамандандырылған  кәсіпкерлер шығу үшін студенттердің  оқуға деген талпынысы, тәртібі және даярлау сатысы ықпал етеді \2\ 

    Қазақтың  Спорт және Туризм Академиясы. Туризм кафедрасының қалыптасуы 1998 жылы басталған. 1998 жылы 28 қазанда вуздың аты Қазақтың дене шынықтыру институты Қазақтың спорт және туризм академиясына ауыстырылған болатын. Тек қана вуздың аты ғана өзгермеді. Сонымен қатар Білім және денсаулық Министрлігінің 1998 жылы 24 желтоқсанда қаулысы бойынша Қазақтың спорт және туризм академиясына туризм саласында кафедралар қосылды. Олар:

    0619 – халықаралық туризм

    0902 – спорт және экономикалық туризм

    0618 – мәдени-әлеуметтік қызмет көрсету  және туризм

    Сонымен қатар туризм индустриясын зерттейтін ғылыми-тәжірибелік орталық құрылды. Ал Қазақтың спорт және туризм академиясы ұлттық спорт пен туризмді дамытуға арналған бағдарламалар мен жоспарларға қолдау және көмек көрсетті. Осы жетістіктер "Қазақстан – 2030" бағдарламасында белгіленген. \3\

    1999 жылы кафедра басқарушысы болып  педагогика ғылымының кандидаты,  доцент, тау туризмі бойынша шебер  
В.Н. Вуколов келді. Ол 1967 жылдан бастап туризм саласында мамандарды даярлау мәселелерін зерттеген. Ал 1999 жылы зерттеудің үш деңгейі жүзеге асты.

    Бірінші деңгейде (1967-1981 жж.) туристік қызметті зерттеу, вузға дейінгі мектеп оқушыларын даярлау, туристік кадрларды даярлаудың мазмұны мен методикасы. 

    Ал  екінші деңгейде (1982-1992 жж.) Қазақстан  Республикасының туристік рекреациялық мәліметтерді жинау және талқылау, Жетісуды туристік бөлік ретінде  дамыту және бағдарламалар жасау, оқу  үрдісін дамыту, оқушыларды арнайы дайындау бағдарламаларын жүзеге асыру.

    Үшінші  деңгей (1993-1999 жж.) эксперименттік жұмыс  қосылды – конструкциялау, жүзеге асыру, қорытындыны анализдеу, Қазақстандағы  туризм индустриясының қызметінің үрдісі арнайы даярланған студенттерді даярлау. \3\

    Бірінші мәліметтердің жиналуы автордың 1967 жылы нұсқаушы болып жұмыс істеп жүрген кезінде басталды. Ол Қазақстанның "Горельник", "Иссык", "Алма-Тау", "Баян-Аул", "Қазақстан", "Ыстық-Көл" базаларында нұсқаушы болып жұмыс істеген. Ал 1974 жылдан Қазақстанның республикалық туризм нұсқаушы мектебіндегі бүкілодақтық, республикалық және облыстық семинарларында туристік кадрлар бойынша эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Тағы да "Тұран", Абай атындағы ұлттық институттың туризм кафедрасымен, әл-Фараба атындағы ұлттық университеттің туризм кафедрасымен бірге жүзеге асты.

    Бүкіл зерттеуге 4850 туристер, 390 туризм және алпинизм бойынша нұсқаушылар, 2150 орта білім алушы мектеп, лицей және гимназия оқушылары, 1650 студент, 230 оқытушы, 129 вуз оқытушылары қатысқан. Базалық  болып халықаралық алпинистік лагерь "Хан-Тенгри", туристік фирма "Туран Азия", алматылық гимназиялар №№ 25, 79, 134,  "Тұран" лицейі , "Тұран" университетінің туризм факультеті болып табылды. Зерттеуге Н.Р. Мальцев, Л.В. Жемчужникова, Р.М. Бокишева, Ю.Н. Экемсеева, М.Ж. Рахимбекова қатысты.

    Туризм  менеджерін туризм факультетінде даярлау  үшін менеджер саласымен тығыз байланыстыру керек деген қорытынды шығарылды. Осы мәліметтер негізгі талап ететін, тенденциялар, туризм саласында менеджерлерді қолдана алатын арнайы даярланған мамандарды даярлау. Осының бәрі теориялық және практикалық жүйеде іске асырылады.

    Мамандарды  даярлау моделі мәселелерді қарау  мақсатында жүзеге асырылуы тиіс. Және де вуздағы қажетті кантинентпен қамтамасыз ету.

    Мамандарды  даярлау тек бес дәрежеге байланысты жүзеге асырылады:

    1. студенттердің құрамын ұйымдастыру,  белгіленген маманның талаптары;

    2. факультеттің оқу кестесін құру  және арнайы даярланған оқытушыларымен  жүзеге асыру;  

    3. оқу кестесіне кіретін тәрбиелік кесте құру;

    4. тәрбиелік кестені жүзеге асыратын арнайы кесте құру және оны жүзеге асыра алатын оқу құралдарын қолдану;

    5. ұйымды-методикалық талаптардың  құрамы мен қалыптасыуын қадағалау  және оқытушылар деңгейі, оқу-тәрбиелік  ұйымның жұмысының жүргізілуі. \3

    Туризм  саласы үшін мамандар даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік оқу орындарының саны

    \1\

Оқу жылы басына 2003 2004 2005
Жоғары  оқу орындары 51 40 38
Орта  кәсіби оқу орындары 10 13 23
мемлекеттік меншік нысаны
Жоғары  оқу орындары 18 14 11
Орта  кәсіби оқу орындары 3 3 7
мемлекеттік емес меншік нысаны
Жоғары  оқу орындары 33 36 27
Орта  кәсіби оқу орындары 7 10 16
 
 

    Туризм  саласы үшін жоғары білімі бар мамандар даярлау

оқу жылы басына, адам 2003/04 2004/05 2005/06
Барлығы
Студенттер қабылданды барлығы 1051 1102 1371
олардың әйелдер 779 729 952
Оқушылардың саны, барлығы 3381 3712 3676
олардың әйелдер 2328 2555 2541
Бітірген  мамандар, барлығы 445 579 843
олардың әйелдер 308 379 549
мемлекеттік меншік нысаны
Студенттер  қабылданды, барлығы 388 461 597
олардың әйелдер 286 307 402
Оқушылардың саны, барлығы 1307 1507 1597
олардың әйелдер 861 1000 1074
Бітірген  мамандар, барлығы 151 267 425
олардың әйелдер 67 159 271
жеке  меншік нысаны
Студенттер  қабылданды, барлығы 663 641 774
олардың әйелдер 493 422 550
Оқушылардың саны, барлығы 2074 2205 2079
олардың әйелдер 1467 1555 1467
Бітірген  мамандар, барлығы 294 312 418
олардың әйелдер 241 220 278
 

    Туризм  саласы үшін орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау \1\

оқу жылы басында 2003/04 2004/05 2005/06
Студенттер  қабылданды, барлығы 399 534 531
олардың әйелдер 309 377 413
Оқушылардың саны, барлығы 775 1033 1344
олардың әйелдер 634 785 1047
Бітірген  мамандар, барлығы 166 142 105
олардый әйелдер 139 113 92
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды

    Қазірге кезде туризм саласы бойынша мамандарды даярлайтын мекемелер көптеп ашылып жатыр. Және де ол мамандарды негізгі мамандық бойынша даярлайтын кестелері мен бағдарламалары бойынша жүзеге асады. Көптеген турфирмаларда оқушылар оқу барысында практикалық сабақтарға барып, туризмді жаңа сала бойынша оқып келеді. Қазіргі кезде туризм саласы бойынша мамандарды даярлау өте қатал және ұлғаймалы жүйеде жүргізілуде. Оған көптеген еңбек сіңірген туризм нұсқаушылары мен мамандары өз үлестерін зор қосуда. Біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан – 2030" бағдарламасы боыйнша, осы 2030 жылға дейін біздің республикада туризм негізгі сала болып қалыптасуы керек және де осы салаға жаңа технологиялар бойынша мамандар даярланатын болады. Мамандарды даярлаған кезде шетелдік жүйемен сәйкестендіре отырып, өте тиімді және сұранысы мол болатын мамандарды даярлауымыз керек. Осы үшін мемлекет көптеген зерттеулер жүргізуде және туризмді қолдауды қолға енді алуда. Біз өз елімізді шетелдергі танытып, белсенді туризмді қалыптастыруымыз керек. Әрине, ол үшін арнайы даярланған мамандар қажет. 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер: 

    1. Қазақстан Республикасының статистикалық  көрсеткіштері

    2. В.Н. Вуколов – " Подготовка  специалистов в сфере туризма"

    3. www.kazacademsport.kz 

Информация о работе Туризм саласындағы мамандарды даярлау