Қазақстан Қытай қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2012 в 08:43, реферат

Описание

Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Пекинде, ҚХР төрағасы Цзянь Цзэмин Алматыда ресми сапармен бірнеше рет болды. 1994 жылы 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды.

Содержание

1. ҚХР-НЫН СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫН ҚАЛЫПТАСУ МЕН ДАМУЫ
1.1 ҚХР-ның сыртқы саясатыңдағы тын өзгерістер
1.2 Қытайдың экономикалық саясаты
2. ҚХР МЕН ҚР АРАСЫНДА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫН ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 ҚХР мен ҚР арасында дипломатиялық қатынастың қалыптасу
2.2 Қазақстанның Қытаймен ХХІ ғасырдағы ынтымақтастық стратегиясы
3. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚХР МЕН ҚР ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Қазақ мен Қытай қатынасы.doc

— 96.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан мен ҚХР  арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Пекинде, ҚХР төрағасы Цзянь Цзэмин Алматыда ресми сапармен бірнеше рет болды. 1994 жылы 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызия, Тәжікстан басшылары шекара мәселелері бойынша Шанхай келісіміне қол қойды. 1998 жылы 3 шілдеде Шанхай келісіміне қатысушы – 5 ел басшылары Алматыда бас қосты. Сауда байланыстары тез өсіп келеді. Соңғы жылдары Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға шығу (яғни Ұлы Жібек жолын қайта дамыту) перспективалары қаралуда.

Қазақстаннан Қытайға жеткізілетін өңделген өнім:

56% металдан бұйымдар (жезді сым,  катодтар, цинк, феррохром, құрыш  несие),

11% -жанармай,

8% — уран,

14% — тері,

2% — түк,

басқада.

 

 

 Қытайдан импорттың  негізгі бөлімдері (2007–08):

 

Қытайдан Қазақстанға  импорт 2008 жылы 31% өсіп және 4,6 млрд. АҚШ  долларын құрады. Импорттың тауарлық құрылымы айтарлықтай диверсифицирленген (тауардың 58 тобы импорттың жалпы  көлемінен шамамен 50% құрайды). Импортталатын өнім 99% өңделген тауарларды құрайды; 1% — шикі өнімді құрайды.

23% — мұнайгаз құбырлары  үшін құбырлар,

3% — қазба жүргізгіш  машина мен басқада бұрғылаушы,

1,6% — көмірден кокс  пен жартылай кокс,

1,6% — қара металдан  басқада металлконструкциялар,

тағы басқалар.

 

Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы

 

(ұлттық ресми статистика  мәліметі негізінде)

 

Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 2008 жылы 12,24 млрд, АҚШ  долларын құрап, 2007 жылмен салыстырғанда  ширек ұлғайған (9,2 млрд. долл. АҚШ). Қазақстанның Қытаймен сауда теңгерімі 2008 жылы жағымды әсер құрап және Қазақстаннан Қытайға тауар экспорты 1,7 есеге импорт көлемінен артқан.

 

2008 жылы экспорт 37% өсіп және 7,7 млрд. АҚШ долларын  құрады, экспорттың 66% кең экономикалақ  санат бойынша жіктеуге сәйкес келетін шикізат тауарлары құрады. (КЭЖ) ҚР Қытайға шикізат экспортының құрылымы келесідей түрде көрініс алады: 53% — шикі мұнай өнімдері, 8% — кен мен темір қосындысы, хром, жез, 5% — басқалары. 2008 жылы Қытайға Қазақстанның жалпы экспорт көлемінің 90% аса азғана құрайтын тауарлар 1 кестеде ұсынылған.

 

Қазақстан экспортындағы  өнделген тауарлар үлесі (КЭЖ) 2008 жылы 34% құрады. Қытайға Қазақстан жеткізетін өнделген өнімнің 90% өнеркәсіптік шикізатты  ұсынады, ал нақтырақ: өнделген өнімнің 56% — бұл металдардан бұйымдар (жез сымдар, катодтар, цинк, феррохром, болат прокаттар), жанармай (11%), уран (8%), сондай-ақ тері (14%) және түк (14%). Тауарлар тобы толығырақ 2 кестеде келтірілген. 2008 жылы аталған барлық өнімдердің экспорты, феррохром мен жезден катодтардан басқа, 2007 жылмен салыстырғанда өсімді көрсетті.

 

Қытайдан Қазақстан  импорты 2008 жылы 31% және 4,6, АҚШ долларын құрады. Импорттың тауарлық құрлымы  айтарлықтай диверсифицирленген (тауардың 58 тобы шамамен импорттың жалпы  көлемінің 50% құрайды). Импортталушы өнімнің 99% өнделген тауарды құрайды; 1% — шикізат өнімді құрайды.

 

2008 жылы Қытайдан Қазақстан  импорты мұнайгазқұбырларының(23%) мұржалары  орын алды. Сонынан ілесе басқа  да бұрғылаушы және жол машиналары (3%), қара металдан өзгеде металды құрастырушылар (1,6%). Қытайға импортталатын негізгі өнім номенклатурасы 3 кестеде көрсетілген.

 

Алайда ресми статистика тіркелмеген сауда деп аталатын, ағымды қоспайтынын атап өту қажет. Осы сауда, ағымы төлемдік теңгерімде ескерілетін, тек «желқайық саудалар» есептемелерінде ғана көрініс табады және 2007 жылға шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды

 

Сонымен бұл, ағымдар  ресми статистика көрсететін қапталды толығымен көрсетеді. Басым көбінде  тұтынушылық импортталады (өнделген тауарлар), ал экспортталатындар — шикізаттар (метал сынықтары, өнделмеген ауылшаруашылығы өнімі)

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

1. ҚХР-НЫН СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫН  ҚАЛЫПТАСУ МЕН ДАМУЫ

 

1.1 ҚХР-ның сыртқы саясатыңдағы  тын өзгерістер

 

1.2 Қытайдың экономикалық  саясаты

 

 

2. ҚХР МЕН ҚР АРАСЫНДА  ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫН ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

 

2.1 ҚХР мен ҚР арасында  дипломатиялық қатынастың қалыптасу

 

2.2 Қазақстанның Қытаймен  ХХІ ғасырдағы ынтымақтастық  стратегиясы

 

 

3. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ҮЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚХР МЕН ҚР ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Жүмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жүмыс Қытай Халық  Республикасының дипломатиялық  қалыптастыру бағыттарына арналған.

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Қытай Халық Республикасының XX ғасырдын соңы XXI ғасырдың басындағы сыртқы саясатын және Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынасына талдау жасау - өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. ҚХР-ның сырткы саясаты Қытайдың мыңдаған жылдар бойы жалғастырып келе жатқан дәстүрлі дипломатиялық ұстанымының негізінде жаңа заманға сай үйлестірілген саясат. Қазіргі кезеңдегі ҚХР-ның халықаралық деңгейде жүргізіп отырған сыртқы саясатының басты мақсаты - өздерінің ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету негізінде мемлекетінің халықаралык беделін арттыру, елінің ішкі саяси жағдайын тұрақтандырып, әлеуметтік деңгейін жақсарту арқылы мемлекетінін жалпы қуатын нығайтуға бағытталған. ҚХР үшін бейбіт тұрақты халықаралық жағдайдың сақталуы мен ішкі өнім құнының үрдіс артып отыруы тиімді болмақ.

 

ҚХР-ның саяси жүйесінің  негізі 1949 жылы бұрынғы КСРО үлгісінде Қытайлық ерекшелікке сай құрылған. ҚХР құрылғаннан қазіргі кезеңге дейінгі аралықта Қытай өзінің ішкі және сыртқы саясатында бірнеше кезеңдерді басынан өткізді. Атап айтқанда социалистік қайта құрулар, «ұлы мәдени революция», «әлеуметтік реформалар жүргізу және сыртқа қарай есікті ашық ұстау», нарықтық экономикалық жүйені қалыптастыру сияқты кезеңдерден өтті.

 

XX ғ. 90-шы жылдарынан  бастап ҚХР сыртқы саясатының  шеңбері кеңейе түсті. Бұл кезеңде  Қытайдың сыртқы саясатының стратегиялық маңызды бір бағыты бұрынғы КСРО кұрамындағы болған Орталық Азия мемлекеттеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасына ойысты. ҚХР аталмыш өңірдің мемлекеттерімен бірден дипломатиялық қатынас орнатып, олармен мемлекеттік шекарасын айқындап, көп салалы ынтымақтастық орната отырып, оны үздіксіз дамыту саясатын колданып келеді.

 

ҚХР-ның бүгінгі жаһандасу  заманында жүргізіп отырған сыртқы саясатында Қазакстан Республикасының  алатын орнын талдаудың өзектілігі еселеп артуда. Қазақстан Республикасы үшін Қытай Шығыс Азия мемлекеттерімен өзара қарым-қатынасты дамытуға қалай қажет болса, өз кезегінде ҚХР-ның Орталық Азия елдерінің экономикасының дамуына белсене ат салысуға бағытталған сыртқы саясат ұстанымдарын жүзеге асыруға дат Қазақстан соншалықты қажет. Сондықтан екі мемлекет арасында өзара тиімді байланыстарды орнату халықаралық қатынастардағы аса өзекті мәселелердің бірі.

 

ҚХР-ның Қазақстан  Республикасына бағытталған сыртқы саясаты саяси, экономикалық сауда  және мәдени салалар бойынша жүзеге асырылуда. Сонымен қатар шекара аудандарының, қауіпсіздік аясындағы, лаңкестікке, ынтымақтастық даму үстінде. Сондықтан ҚХР-ның сыртқы саясатын және Қазақстан Республикасымен қарым-қатынастарын ғылыми тұрғыдан талдап зерттеу және оны тарихи тұрғыдан объективті түрде бағалау, екі ел қарым-қатынастарының одан әрі кең көлемде өрістеуіне септігін тигізетін маңыздылығымен ерекшеленеді.

 

Зерттеу жұмысының нысаны. Қытай Халық Республикасының  сыртқы саясаты және Қазақстан Республикасымен  қарым-қатынастарының дамуына жан-жақтылы талдау жасау.

 

Зерттеу жұмысының пәні. XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы  Қытай Халық Республикасының  сыртқы саясатындағы өзгерістер, ҚХР-ның  Қазақстан Республикасына қатысты  қолданып отырған дипломатиялық  ұстанымы және оның аясында екі ел арасындағы елшілік, саяси-дипломатиялық, экономикалық сауда, мәдени-ғылыми техника саласындағы қатынастардың қалыптасуы мен дамуы.

 

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қытай Халык Республикасының  сыртқы саясатындағы Қазақстан Республикасының  алатын орнын анықтау арқылы екі елдің қарым-қатынастарының даму үрдісін зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді алдыға қойдық:

 

- Қытай Халық Республикасының  зерттеліп отырған мерзімде мемлекеттік  мүддеге бағытталған сыртқы саясатындағы  өзгерістерді ашу;

 

- ҚХР-ның Қазақстан Республикасына және Орталық Азия елдеріне ұстанған сыртқы саясатын тарихи объективті түрде ашып көрсету;

 

- ҚХР мен Қазақстан  Республикасы арасында дипломатиялық  қатынастың қалыптасуы мен дамуына  тарихи талдау жасау;

 

- ҚХР мен ҚР арасындағы  мемлекеттік шекараның делимитациялау мен демаркациялау принциптері мен негіздемелеріне талдау жасау арқылы екі мемлекет шекарасының анықталуының тарихи маңызын ашу;

 

- ҚХР мен Қазақстан  Республикасы арасындағы саяси,  экономикалық және мәдени байланыстарының  даму барысы мен болашақтағы даму бағыттарын айқындау;

 

- ҚХР мен ҚР Шанхай  ынтымақтастық ұйымы аясындағы  ынтымақтастығының дамуын талдау;

 

- ҚХР-ның сыртқы саясатындағы  ағымдық құбылыстарға ғылыми  сараптама жасау.

 

Зерттеу жұмысының мерзімдік  шегі. Зерттеу жұмысында карастырылған мәселелердің мерзімдік шегі Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық, қатынастар орнатылған 1992 жылдан 2005 жылға дейінгі мезгілді қамтиды.

 

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу тақырыбына қатысты деректер қытай, қазақ және орыс тілдерінде жарияланған құжаттық деректерден тұрады.

 

Деректердің бірінші  тобын Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастарға қатысты құжаттар мен материалдар жиынтығы, мемлекетаралық ресми келісімдер, меморандумдар мен декларациялар сияқты дипломатиялық құжаттар құрайды. Олардың қатарында «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Достық өзара қатынастар негіздері туралы бірлескен декларация», «2003-2008 жж. аралығындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы туралы Бағдарлама», «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы XXI ғасырда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация», «Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы туралы Декларация», «Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясы», «Лаңкестікпен, сепаратизммен, экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенциясы» сияқты ресми маңызды құжаттарды атауға болады.

 

Деректердің екінші тобын Қытай  Халық Республикасы тарапынан Қытайдың үшінші буын жетекшісі Цзян Цзэминнің, төртінші буыннын жетекшісі Ху Цзиньтаоның, ҚХР Мемлекеттік Кенестің премьері Вэнь Цзябаоньщ, ал Қазақстан Республикасы тарапынан ҚР Президенті Н.Э. Назарбаевтың және ҚР Сырткы істер министрі Қ.К. Тоқаевтың жасаған баяндамалары, ресми сапар барысында сөйлеген сөздері, ашық мәлімдемелері және тілшілерге берген сұхбаттары құрайды.

 

Деректердің үшінші тобына мұрағат  материалдары жатады. Қытай Халық  Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы карым-қатынасы бірнеше  ғасырларға созылғандықтан тарихи құжаттар мен материалдардан кұралады. Бұл қүжаттарға Қазақ КСР Ғылым Академиясы жанындағы Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институты және Ұйғыртану институты бірлесіп құрастырған 2 бөлімнен тұратын құжаттар мен материалдар жинағы жатады. Құжаттар жинағы XVIII - XIX ғасырлардағы қытай-қазақ қарым-қатынастарын қамтыйды.

 

Деректік негіздің төртінші тобына қазақ, орыс және қытай тілдеріндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда жарияланған түрлі ақпарат материалдары жатады. Олар қазақстандық «Егеменді Қазақстан», «Жас алаш», «Панорама», «Казахстанская правда» газеттерінде және «Дипломатия жаршысы», «Ақиқат», «Шекарашы», «Отан тарихы», «Қазақ тарихы», «Саясат», «Қоғам және дәуір», «Казахстан-Спектр», «Аналитик», «Континент», «Центральная Азия и Кавказ», «Толстый», «Центральная Азия» журналдарында; ресейлік «Известия», «Независимая газета», «Аргументы и факты», «Проблемы Дальнего Востока», «Мировая экономика и международные отношения», «Азия Африка сегодня», «Нефть и газ» сияқты газет пен журналдары, сонымен қатар қытайлық «Renmin ribao», «Zhongguо ribao», «Xinjiang ribao» газеттері мен «Көрші», «Контимост», «ZhongYa yanjiu», «Zhongguo waijiao», «Xiandai guoji guanxi», «Shehui kexue», «Shijie jingji yu zhegzhe» журналдарында жинақталған.

 

Сонымен қатар зерттеу жұмысын  жазу барысында деректердің бесінші  тобын құрайтын әлемдік электронды интернет жүйесіндегі кытайлық «Хіпһиа», «Zaobao», «China.org.cn», «CRJ Опііпе» ресми сайттардың және қытай баспасөз материалдарының электронды нұсқалары, соның ішінде біздің тақырыбымызға қатысты деректер мәселені жан-жақты қарастырып, талдауға мүмкіндік туғызды.

 

Тақырыптын зерттелу деңгейі. Қытай-Қазақстан  қатынастары саласы бойынша жазылған еңбектер аз емес. Ол еңбектердің көбі Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты қатынастардың қалыптасып, дамуын тарихи тұрғыдан жан-жақты карастырылған. Соңғы кезде Қытай және Қазақстан қатынастарын қазіргі кездегі дамуын зерттеген еңбектер де жарық көріп келеді. Сондықтан осы еңбектердегі пайдаланылған деректер мен жасалған тұжырымдарға сүйену мақсатында оларды ғылыми саралаудан өткізген болдық.

 

Кеңестік тарихнамада Қытайдың халықаралық жағдайы, сыртқы саясаты  мен халықаралық қатынастарда қолданған  негізгі ұстанымдары көптеген зерттеушілердің  назарын аударды. Осымен қатар Қытайдың Қазақстанмен қарым-қатынасы ұзақ жылдар бойы Орталық Азия мемлекеттерінің кұрамында қарастырылып келді. Қытайдың көрші мемлекеттермен тарихи байланыстары, әсіресе, Цинь империясының сыртқы саясаты Қазақстан және Орталык Азия аймағымен байланыстары мәселелері Б.Н. Гуревичтің, ВА. Моисеевтың, К.Ш. Хафизованың, Ж.Қасымбаевтың, НАлдабектің еңбектерінде қарастырылған.

Информация о работе Қазақстан Қытай қатынасы