Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2012 в 08:43, реферат
Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Пекинде, ҚХР төрағасы Цзянь Цзэмин Алматыда ресми сапармен бірнеше рет болды. 1994 жылы 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды.
1. ҚХР-НЫН СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫН ҚАЛЫПТАСУ МЕН ДАМУЫ
1.1 ҚХР-ның сыртқы саясатыңдағы тын өзгерістер
1.2 Қытайдың экономикалық саясаты
2. ҚХР МЕН ҚР АРАСЫНДА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫН ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 ҚХР мен ҚР арасында дипломатиялық қатынастың қалыптасу
2.2 Қазақстанның Қытаймен ХХІ ғасырдағы ынтымақтастық стратегиясы
3. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚХР МЕН ҚР ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қытай Халық Республикасы құрылған 1949 жылдан Кеңес Одағыны құрамындағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаң өлкесі арасында өзара байланыстар әртүрлі жолмен жалғасып отырды. 60-шы жылдарынын басына дейінгі ҚХР-ның сыртқы саясаты мен сыртқы саясат ұстанымының социалистік принциптері, Қытай-Кеңес Одағы байланыстары, олардың қатарында Кеңес Одағының Қытайға көрсеткен экономикалық көмегі кеңестік зерттеушілер М.С. Капицаның, Б. Колосковтың, О. Владимировтың, Г.В. Астафьев пен A.M. Дубинскийдің еңбектерінде орын алған.
Қытай-Кеңес қатынастарындағы шекара мәселесі, екі ел арасындағы шекара мәселесінің даулы тұстары мен онын әскери қақтығыстарға әкелуі, оған әлемдік геосаяси күштердің ықпалы сияқты мәселелер А. Прохоровтың, B.C. Мясников пен Е.Д. Степановтың, Г.В. Васильевтың, В.Ф. Бутурлиновтың еңбектерінде талдау жасалынған. Бірақ бұл еңбектерге тән ортақ, кемшілік - олар кеңестік идеологияға сай империялық тұрғыдан ашылып, Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын арнайы қарастырмаған.
КСРО ыдырағаннан кейінгі
кезеңде, ресейлік зерттеушілер бұрынғы
Қытай-Кеңес қарым-
Бүгінгі Қытай тарихнамасындағы
біздің тақырыбымызға қатысты, яғни
ҚХР-ның Орталық Азияға қатысты
жүргізген дипломатиялық
Қытай Халық Республикасының Орталық Азия елдерімен ынтымақтастык мәселелері АҚШ-ның, Германияның, Францияның, Ұлыбританияның бірқатар зерттеушілерінің еңбектерінде де қарастырылған. Олардың арасында 3. Бжезинскийдің, Г. Кисинджердің, Р. Легволдтың, С. Хантигтонның, М.Б. Олкоттың, Р. Оливьенің еңбектерін атауға болады.
Қазақстан Республикасының
сыртқы саясатының қалыптасуы, оны
жүзеге асыру барысындағы кездескен
қиыншылықтары мен
Орталық Азиядағы Қытайдың
дәстүрлі дипломатиясын, Цинь империясының
қазақ хандықтарымен қарым-
Қытайда қазақ қауымының қалыптасуының тарихи динамикасы, қазақ халқының атамекен ұғымы, олардың дәстүрлі шаруашылығы мен рухани мәдениеті, Абылай ханның ұлттық мемлекеттік территорияны қалпына келтіру әрекеті, Қазақ-Қытай сауда байланыстарын ҚХР-ның реформа ұстанымдарының эволюциясын және «Батыс бөлікті игеру» стратегиясынын көздеген мақсатын зерттеуді Н. Мұқаметханұлының бір қатар еңбектерінен көреміз, Шыңжаң өлкесіндегі державалардың күресі, Қытайдың осы өлкеде жүргізген ресми саясатын жан-жақтылы зерттеулерді Н.А. Алдабектін монографиясынан және басқа еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектер тақырыбымызды ашуға өзіндік үлес қосты.
Қытай-Қазақстан қарым-
Дипломды жұмвсты даярлау барысында тек қана Қытайдың сыртқы саясатына байланысты еңбектерді ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия өңірінің мәселелеріне де байланысты еңбектерді колдануға тырысты. Қытай Халық Республикасының Орталық Азия елдерімен өңірлік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тақырыбы, халықаралық лаңкестікке, экстремизмге, есірткі бизнесіне бірлесе отырып қарсы күрес жүргізу мәселелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық құрылымдармен ынтымақтастығы ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б.Қ. Сұлтановтың, М.Ж. Абдировтың, М.Е. Шайхутдиновтың, М.Т. Лаумулиннің еңбектерінде қарастырылған.
Орталық Азиядағы Қытай факторын талдауға арналған өзбек зерттеушісі А. Ходжаевтың монографиясы да өзіндік үлес қосты. Автор ғылыми еңбегінде ҚХР кұрылғанға дейінгі Орталық Азияның тарихына тигізген ықпалын баяндап, аймақтың бүгінгі дамуына әсер ететін Қытайдың кейбір факторларының мағынасын ашып көрсеткен.
Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамсыздандырудың ең негізгі факторларының бірі ол шекара аймағын нығайту болып табылады. Бұл тұрғыда Қытай-Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекараның қалыптасу және айқындалу барысы, геосаяси өзгерістердің екі көрші мемлекеттің арасындағы мемлекеттік шекара шебін анықтауға тигізген өсері, Кеңес-Қытай қатынастарындағы шекара мәселесінің негізгі тұстары тақырыбына қалам тартқан зерттеушілер С.Ж. Сапановтың, Н.Б. Сейдіннің, Ч. Ибраевтың, Б. Тұрарбековтың еңбектерін зерттеу жұмыстарында кеңінен пайдаландық. Ал ҚХР мен ҚР арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі Б. Темірболаттың мақаласында қарастырылған.
Қарастырылған кезеңде
ҚХР-ның Қазақстан
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары біздің зерттеп отырған тақырыбымызға тікелей болмаса да жанама қатысы бар диссертациялар корғалған. Олардың қатарында қазақстандық Н. Мұқаметханұлының, М.А. Омарованың, А.А. Ақатаеваның, белорусиялық В.Р. Боровойдың және т.б. кандидаттық диссертацияларын атауға болады.
Жалпы, Қытай Халық
Республикасы мен Қазақстан Республикасының
қарым-қатынастарында мемлекеттік
шекара туралы, сауда-экономика, энергокорлар
саласындағы ынтымақтастық
Зерттеу жұмысының теориялық-
Зерттеу жұмысынын ғылыми
жаңалығы. Тақырып бойынша жарияланған
нақты деректер мен ғылыми зерттеулер
негізінде Қытай Халық
1. Дипломдық жұмыста
қазақстандық тарихнама
2. Қытай-Қазақстан қарым-
3. Қытай Халық Республикасы
мен Қазақстан Республикасының
стратегиялық әріптестік
4. ҚХР үкіметінің үшінші және төртінші буын жетекшілерінің жүргізген сыртқы саясаттарына талдау жасау арқылы, Қытайдың Қазакстан Республикасына қатысты сыртқы саяси ұстанымдары тарихи объективті тұрғыдан бағаланып, ғылыми негізде тұжырымдалып, ондағы жаңа бағыттар ашып көрсетілді.
5. Қазакстандық тарихнамада
алғаш рет Шанхай
6. ҚХР-ның ұлттык қорғаныс
саясатының негізгі тұстары
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. 1. КСРО ыдырағаннан кейін ҚХР өзінің сыртқы саясатында жаңа құрылған мемлекеттермен жаңа нысандағы қарым-қатынастар орнатты. Пекин ТМД елдерін екі топқа бөліп қарастырды: бірінші топқа басымдылығы мол мемлекеттер ретінде Ресей Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан респбуликалары, ал екінші топқа бұрынғы Кеңес Одағының қалған республикалары кірді.
2. Қытай Халық Республикасынын
Қазақстан Республикасына
3. Қытай Халық Республикасы
4. XX ғ. 90-шы жылдарының аяғына қарай ҚХР экономикасының үрдіс дамуының нәтижесінде және жылдан-жылға энергоқорларға деген сұранысының өсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қытайдың сыртқы саясатында стратегиялык маңызды бағыттарының біріне айналды.
5. Қытай Халық Республикасы
6. Қытайдың сыртқы
7. ҚХР-ның зерттеліп отырған 13 жылдың ішіндегі Қазақстан Республикасына қатысты қолданған сыртқы саясатының өзіндік ерекшеліктері бар. Оған ең алдымен Қазакстан Республикасының халықаралық аренада жеке субъект ретінде танылуы, оның геосаяси және геоэкономикалық мағынада тиімді орналаскан жағдайы үлкен әсерін тигізді. Сондықтан Қазақстан Республикасымен ұзак мерзімге бағытталған тұрақты байланыстарды орнату, өзара тиімді ынтымақтастықты қолдау және дамыту Қытай Халық Республикасының түпкілікті ұлттық мүдделеріне сай келеді.
Зерттеу жұмысының қолданбалы манызы. Дипломдық жұмыс арқылы оқырмандар ҚХР-ның бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасына қатысты жүргізген сыртқы саясат ұстанымдарын объективті түрғыдан бағалауға, оны тереңінен таньш білуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ зерттеу жұмысы Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының қалыптасу тарихын, оның беймелім болып келген тұстарын тыңнан танып білуге септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысы Қытай-Қазақстан қарым-қатынас тақырыбына арналған монографиялар мен зерттеу жұмыстарының қатарын толықтырып, зерттеуде пайдаланылған мәліметтер, тұжырымдар мен қорытындыларды Отан тарихына қатысты жазылатын жұмыстарда, жоғары оку орындардағы халықаралық қатынастар тарихы бойынша оқылатын арнайы курстарда пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімі үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.