Халаықаралық ұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 17:51, реферат

Описание

Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың қүрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық үйымдардың, үлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әр түрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін қүрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады

Содержание

1. Халықаралық ұйымдар......................................................................................................1
2. Қазақстан Республикасы территориясындағы әрекет етуші ұйымдар..............................2-3
3. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы...............4-6

Работа состоит из  1 файл

Халықаралық ұйымдар.Баяндама.doc

— 84.00 Кб (Скачать документ)

    Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың қүрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық үйымдардың, үлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әр түрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін қүрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Халықаралық үйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, Ол Ұлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансұлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жұмылдырудың объективті қажеттілігінен туды. Алғашқы бұқаралық халықаралық ұйымдар - 1863 ж. швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жүмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық ұйым -1874 ж. құрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық үйымдардың құрылуына түрткі болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін әлем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін құруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар Лигасы қүрылды. 1945 ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әр түрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың құрылуына септігін тигізді. XXI ғ. басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттілігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық ұйым болды.

      Бірлесу түріне байланысты халықаралық ұйымдар:

    • Үкіметаралық;
    • Үкіметтік емес болып бөлінеді.

    Үкіметаралық  халықаралық үйымдар мемлекеттер  арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде құрылып, қызмет етеді.

    Олар:

    • Біріккен Ұлттар Ұйымы (1945);
    • Халықаралық валюта қоры (1945);
    • Бүкіләлемдік сауда ұйымы (1995);
    • Солтүстік-атлантикалық келісім ұйымы (НАТО, 1949);
    • Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК, 1960) және т.б.

    Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің  атынан кіретін жеке тұлғаларды біріктіреді, үкіметаралық үйымдарға қарағанда, халықаралық қүқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі ықпалдылары:

    • Парламентаралық одақ (1889);
    • Халықаралық Олимпиадалық комитет (1894);
    • Рим клубы (1968);
    • Гринпис (1971) және т.б.

    Бүгінгі күні ҚР территориясында 150-ге жуық шетелдік және халықаралық ұйымдар қызмет етуде. Бұл ұйымның қызығушылық ортасы өте кең және әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар қабатымен қызмет атқаратын қоғамдық бірлестіктерге қолдау және фундаментальді және ғылыми – зерттеулер саласында халықаралық жобаларға қатысу, белгілі бір аймақтық экологиялық мәселелерін шешу, шағын және орта бизнестің дамуына қолдау және т.б. көрсетеді. Шетелдік ұйымдар өкілдігін үш топқа бөлуге болады:

    Басқа елдердің мемлекеттік ұйымдар өкілдігі - бұл ұйымдар қызығушылық танытқан елдердің үкіметі немесе мемлекеттік институттарының бастамасы бойынша саяси қызығушылықтарды тарату мақсатымен құрастырылады. Олар мемлекеттік бюджеттен қаржыланады.

    Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті және бизнесті қолдау бағдарламасын белсенді түрде  енгізіп жатқан мелекеттік ұйым өкілдігі халықаралық дамыту бойынша Американдық Агенттік болып табылады./USAID/.

    Халықаралық дамыту бойынша Американдық Агенттік бірқатар жобаларды жүзеге асырады, соның ішінде:

    • кәсіпкерлікті дамыту бойынша ЮСАИД жобасы.

    ЮСАИД жобасының гранттарды ұсыну бойынша бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту барысында бизнес және профессионалды ассоциацияларға келесі төрт салаларда қолдау көрсетеді:

                          - ассоциация мүшелерінің көрсететін қызметтері;

                          - бухгалтерлік есеп реформасы;

                         - аймақтық сатылымдарының дамуы.

    • бизнес – ассоциацияларын дамыту бағдарламасы;
    • микронесиелеу;
    • жеке және қоғамдық қорлардың өкілдігі.

    Халықаралық және шетелдік ұйымдар өкілділігі өз мақсаттарына донорлы қызмет немесе даму жобаларының талаптары арқылы жетеді.

    Донорлы қызмет – Қазақстандық немесе халықаралық  ұйымдарға әлеуметті, сервисті немесе басқа жобаларды таратуға берілетін  қайтарымсыз грант бөлуді айқындайды.

    Даму бағдарламалары – ҚР және Орта Азияда кәсіпкерлікті дамыту бойынша әдістемелік ақпаратты, ресурсты жобаларын қолдауға жасалады. Негізігі мағыналы даму бағдарламалары: БҰҰ даму бағдарламасы, ЮСАИД/ПРАГМА кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, BAS кеңес берушілерінің нарығын дамыту бағдарламасы және т.б.

    - БҰҰ даму бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту қабілеттілігімен қамтамасыз етілген ортаны қамту жолымен шағын және орта кәсіпорындардың дамуын және бизнес көмек берушілік қызмет, бизнес – инкубаторларды жасалуын және ұлттық потенциалды кеңес берушілік қызмет аумағын дамытуды қолдайды.ПРООН микронесиелеу сызбасын Қазақстанның 3 географиялық аймақтарында – Семей, Қызылорда және Атырау енгізуге көмектесті. Қазір ПРООН Қазақстанда микронесиелі ұйымдардың жүйесін құруды жоспарлап отыр.

    -ТАСИС кәсіпкерлікті дамытуға қолданатын әр түрлі шара қолдануларға гранттарды ұсыну түрінде техникалық көмек көрсетеді.

    -Халықаралық рақымшылық корпусы Азиялық несиелі қордың негіз қалаушысы болады, ол кәсіпкерлерге қаржылық қызметтерді көрсету үшін жасалған несиелі бағдарлама. Рақымшылық корпусы кіші және ұсақ кәсіпкерлерге несие береді. Несие көлемі 25 АҚШ долларынан 30 мың АҚШ долларына дейін. Қарыздар айналымының қаражаттарды толықтыру үшін және негізгі қаражаттарды инвестирлеуге беріледі. Қаржыландыру мерзімі 2 жылға дейін. Пайыздық мөлшерлеме: айына 1,54% - 2.35%. Орта Азиялық – Американдық кәсіпкерлікті қолдау қорымен қаржыландыру бағдарламасы бірге жүзеге асырылады.

    -USAID/ПРАГМА «Кәсіпкерлікті дамыту орталығының жобасы»

    -ҚР және ЦА аймақтарында кәсіпкерлікті дамыту орталықтарының жобасы арқылы «ПРАГМА» корпорациясының көмегімен және Американдық Агенттіктің қаржылық қолдауымен қызмет атқарады. 2003 жылдың қыркүйегінде қызметін бастаған шағын және орта бизнесті дамыту жобасын жалғастырушысы бола отырып, Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша ЮСАИД жобасы Прагмадағы тәжірибесін қолданып қызмет етуде.

    -Кәсіпкерлікті дамыту орталықтары (КДО) ЮСАИД бағдарламасының басты түйіні болып табылады. КДО-да қызмет атқару үшін жоғары мамандандырылған жергілікті және шетел мамандары алынады.

    КДО техникалық көмегі:

    1. бизнес консалтинг қызметтері;
    2. аймақтық сауданы дамыту;
    3. бизнес тренингтер;
    4. сапаны басқару;
    5. бухгалтерлік есеп реформасы;
    6. бизнес – ассоциациясының дамуы;
    7. жобаларды қаржыландырумен байланысты кедергеілерді жою;
    8. кедендік қызмет реформасы.

    Ұйым мүшелерін бағалау және таңдау критериилері:

    1. шағын және орта бизнесті дамыту үшін жалпы ортаны жақсарту;
    2. бизнес үшін ортаны насиғаттауда ұйымның мүдделенуі;
    3. демократиялық басқару;
    4. бизнес үшін пайдалы қызмет көрсету мүмкіндігі және қабілеті;
    5. қаржылық тұрақтылықты қолдау мүмкіндігі және қабілеті;
    6. нақты нәтижелерді белгілі бір мерзімде жету қабілеті;
    7. географиялық жағдайлы білім мекемелерімен серіктестік жасасу.

          Көлік саласындағы ынтымақтастық мынадай халықаралық ұйымдар шеңберінде жүзеге асырылады: Еуропалық Одақ, БҰҰ екі өңірлік комиссиясы - БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) және Азия мен Тынық мұхитқа арналған БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АТМЭӘК), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ), сондай-ақ Орталық Азия экономикасы үшін БҰҰ Арнайы бағдарламасы шеңберіндегі өңірлік ынтымақтастығы (СПЕКА).

    ЕО  шеңберіндегі ынтымақтастық  жөнінде 

          Еуропалық Одақпен ынтымақтастық  ТАСИС бағдарламасы шеңберінде  екі негізгі бағытта ұлттық және мемлекетаралық бағдарламалар шеңберінде жүргізіледі.

          Еуропалық Одақпен мемлекетаралық  бағдарлама шеңберінде Көлік  және коммуникация министрлігі  Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізін  (ТРАСЕКА) үйлестіру мен дамыту  жобасына қатысады. Осы дәлізді Қазақстан Еуропаға балама шығуды қамтамасыз ететін бағыт деп қарастырады.

          Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту  жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге 1998 жылы 8 қыркүйекте Баку қаласында тарихи Жібек жолын қалпына келтіру жөніндегі х алықаралық конференция барысында қол қойылды. Ол Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы № 196-ІІ Заңымен бекітілген.

          Ұлттық бағдарлама шеңберінде  құны 2 млн. бағаланған «Қазақстан Республикасындағы транзиттік дәліздерді дамыту саясатын қолдау» жобасы аяқталды, ол Еуропа-Азия қатынасында Казақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерінің бәсекелестік қабілеттігін арттыру мәселесін шешуге бағытталған.

    БҰҰ ЕЭК ынтымақтастығы жөнінде 

          Қазақстан Республикасы 1994 жылы 31 қаңтардан  бастап БҰҰ Еуропалық Экономикалық  Комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) толық  мүшесі болды.

          Комиссия өз іс-әрекетін бес  басымды салада жүзеге асырады.  Олар: қоршаған орта, көлік, статистика, халықаралық сауда рәсімдерін оңайлату, экономикалық талдау.

          Қазақстан Республикасы Көлік  және коммуникация министрлігінің  БҰҰ ЕЭК-пен ынтымақтастығының  негізі Ішкі көлік комитетімен  (ІКК) жұмыс болып табылады, оны  жүргізу ережесі Еуропадағы ірі геосаяси өзгерістерден кейін 1993 жылы ІКК 55-ші сессиясында белгіленді.

          Қазіргі уақытта Қазақстан көліктің  барлық түрлері бойынша БҰҰ  ЕЭК 12 халықаралық конвенциялары  мен келісімдеріне қосылды. Қазақстан БҰҰ АТМЭӘК 48/11 резолюциясы ұсынған еуроазия қатынасына жер үсті тасымалдарының халықаралық заң негізін қамтамасыз етуге арналған жеті халықаралық құқықтық актілердің алтауына қосылды.

    БҰҰ АТМЭӘК ынтымақтастығы жөнінде 

          Қазақстан 1993 жылы БҰҰ АТМЭӘК  мүше болып кірді.

          Көлік және коммуникация министрлігі АТМЭӘК-пен ынтымақтастықты «Көлікті дамыту» бағдарламасы бойынша жүзеге асырады, ол көлікті жалпы жоспарлау мен халықаралық тасымалдауды жеңілдетуді, автомобиль жолдары мен жол көлігін, темір жолдары мен темір жол көлігін қамтиды.

          1995 жылдан бастап Қазақстан БҰҰ  АТМЭӘК «Азияда жер үсті көлік  инфрақұрылымын дамыту» (АЛТИД)  жобасына белсенді қатысып келеді, ол үш ықпалдасқан құраушыдан  тұрады: Азиялық тас жолдар, Трансазиялық  темір жол магистралі және  жер үсті тасымалдарын оңайлату.

          Бірінші құраушының оң нәтижесі  ретінде 2005 жылғы 26 сәуірде Шанхай  қаласында (ҚХР) Азия автомобиль  жолдары желісі жөніндегі үкіметаралық  келісімге 26 мемлекеттің, соның  ішінде Қазақстанның қол қойғанын  атап айтуға болады.

          Екінші құраушының оң нәтижесі Инфрақұрылым жөніндегі министрлер конференциясында қол қойылған (2001 жылғы 16-17 қараша, Сеул) Трансазиялық темір жол магистралінің солтүстік дәлізі арқылы бағдарғылық поездардың жүріп өтуін жоспарлау мен жүзеге асыру, және өзаратүсіністік туралы Меморандум болып табылады.

          Қазіргі уақытта БҰҰ АТМЭӘК  әзірлеген Трансазиялық темір  жол магистралі жөніндегі үкіметаралық  келісім жобасы бойынша жұмыс  жүргізіліп жатыр. Осы жоба  Бангкок қаласында 2004 жылы 22-23 қарашада  өткен ТАТМ бойынша үкіметаралық келісім жобасын талқылау жөніндегі өңірлік кездесуде талқыланды. Өңірлік кездесу жұмысына Көлік және коммуникация минстрлігі Қатынас жолдары комитетінің төрағасы Н.Т. Байдәулетов қатысты. Бүгінгі күні осы құжаттың жобасы, Қатынас жолдары комитеті мен «ҰК «Қазақстан темір жолы» АҚ-да қарауда жатыр.

Информация о работе Халаықаралық ұйымдар