Халаықаралық ұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 17:51, реферат

Описание

Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың қүрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық үйымдардың, үлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әр түрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін қүрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады

Содержание

1. Халықаралық ұйымдар......................................................................................................1
2. Қазақстан Республикасы территориясындағы әрекет етуші ұйымдар..............................2-3
3. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы...............4-6

Работа состоит из  1 файл

Халықаралық ұйымдар.Баяндама.doc

— 84.00 Кб (Скачать документ)

          Екінші құраушының тәжірибелік  нәтижесі Трансазиялық темір  жолының: Қытай - Қазақстан - Ресей  - Беларусь - Польша - Германия Солтүстік  дәлізін дамыту болып табылады, сондай-ақ 2001 жылғы желтоқсанда Үрімші-Алашанькоу-Достық-Петропавл-Орша-Малашевичи (Польша)-Седин бекеті (Берлин) бағыты бойынша көрме контейнерлік поездің өтуі, ол осы көрсетілген бағытпен тұрақты контейнерлік қозғалысты жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетті.

          Қазақстан АЛТИД жобасының үшінші құраушысын іске асыру мақсатында халықаралық келісімдер мен конвенцияларға қосылу жөнінде жұмыстар жүргізуде.

          БҰҰ ЕЭК/АТМЭӘК бірлескен «Еуразиялық  көліктік байланыстарды дамыту»  жобасы шеңберіндегі ынтымқтастық  жөнінде.

          Бұдан басқа Қазақстан БҰҰ ЕЭК/АТМЭӘК бірлескен «Еуразиялық көліктік байланыстарды дамыту» жобасына белсенді қатысады, ол жоба БҰҰ «Өңіраралық жер үсті және жер-теңіз көлік байланыстарын дамытудың институционалды мүмкіндіктерін өсіру» Даму Есебі жобасының құоаушысы болып табылады.

    СПЕКА шеңберіндегі ынтымақтастық 

    БҰҰ Орталық Азия экономикасына арналған арнайы бағдарламасы (СПЕКА) Орталық  Азиядағы өтпелі экономикасы бар  елдердің, атап айтқанда: Қазақстан  Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) және БҰҰ Азия және Тынық мұхит Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) бірлескен іс- шарасы.

          СПЕКА басты мақсаты барлық  қатысушы-елдердің маңызды мәселелерін шешуге қосымша ішкі және сыртқы ресурстарды жинақтау болып табылады, олар өңірдегі елдердің бірлескен күшімен ұлттық негізге қарағанда анағұрлым тиімді шешіле алады.

          Төрт Орта Азия мемлекеттерінің  басшылары 1998 жылы 26 наурызда қол  қойған Ташкент Декларациясы осы Бағдарламаны іске асырудың басты бағыттарын анықтайтын негізгі құжат болып табылады.

          Көлік саласында Қазақстан төраға  болып белгіленді.

          1998 жылдан бастап СПЕКА шеңберіндегі  Көлік және шекараны кесіп  өту жобалау жұмыс тобының  10 мәжілісі өткізілді.

    ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық  жөнінде 

          Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында  алты мемлекет - Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз  Республикасы, Ресей Федерациясы,  Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы басшыларының келісуімен құрылды.

          Ынтымақтастықтың алғашқы қадамы 1992 жылы қыркүйекте Минск қаласында  өткен ҚР, ҚР, РФ және ТР Сыртқы  істер министрлері орынбасарларының  аталған елдердің ҚХР-мен мемлекеттік  шекара мәселелері жөніндегі кездесуі мен келіссөздерінің нәтижелері деп айтуға болады.

          ЭЫҰ шеңберіндегі  ынтымақтастық жөнінде 

          Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы  (ЭЫҰ) 1985 жылы құрылды. Мүше мемлекеттердің үзіліссіз әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасалуын ескере отырып көпжақты өңірлік ынтымақтастыққа қолдау көрсету үшін Иран, Пәкістан және Түркияның үшжақты ұйымы ретінде құрылған. Оның мақсаттары мен ниеттері 1964 жылдан 1979 жылға дейін оның алдында болған Аймақтық Даму жөніндегі Ынтымақтастыққа (АДЫ) ұқсас. Кейіннен 1985 жылы Ұйым қазіргі ЭЫҰ атымен қайта құрылды. 1992 жылы ЭЫҰ Ауғанстанды және Орта Азия мен Кавказдан тағы 6 жаңа мүше қабылдады.

          Ұйымның мақсаттары оның жарғысында - Измир шартында белгіленген,  ол өзара сауданың кеңеюін, өңірде үзіліссіз экономикалық өсу үшін жағдайлар жасауға көмектесуді, мәдени және рухани жақындықты нығайтуды қамтиды.

          ЭЫҰ құрамына он мүше-мемлекет  кіреді: Ауғанстан Ислам Мемлекеті,  Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам  Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркия Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы.

          Қазіргі уақытта көлік саласындағы  ынтымақтастық ЭЫҰ Көлік және  коммуникациялар жөніндегі директораты  шеңберінде жүзеге асырылады.

          ЭЫҰ көлік және коммуникациялары  үшін онжылдық мерзімге - 1998-2007 жылдарға  арналған негізгі бағдарламалық  құжат іске асырылуда. 
 
 
 
 
 
 

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                             

    Л.Н.ГУМИЛЕВ  АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                                  “АЙМАҚТАНУ” КАФЕДРАСЫ 
 
 
 
 
 
 

                                                    БАЯНДАМА

    ТАҚЫРЫБЫ: Халықаралық ұйымдар 
 

                                                                             Орындаған: Жолбарысова А.Ж.

                                                                             Қабылдаған: Абаханова А. 
 
 
 
 
 
 

                                        
 
 
 
 

                                                   Астана 2011 

                                               Ж О С П А Р

    1. Халықаралық ұйымдар......................................................................................................1

    2. Қазақстан Республикасы территориясындағы  әрекет етуші ұйымдар..............................2-3

    3. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы...............4-6

Информация о работе Халаықаралық ұйымдар