Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 20:24, реферат

Описание

Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.
Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған.
«Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы ұлттық кедендік автономдылықты сақтау арқылы жүзеге асуы керек.

Работа состоит из  1 файл

Халы?аралы? сауда ?йымдарыны? м?н_ мен рол_.doc

— 90.00 Кб (Скачать документ)

    Халықаралық сауда ұйымдарының  мәні мен ролі 

      Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен ролі    

      Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.

      Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын  жою бойынша маңызды мәселелерді  шешеді, мемлекеттер арасындағы  кең тауарайналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған.

      «Римдік шарттардың» күшіне енуінен  бұрын Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың  (Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы ұлттық кедендік автономдылықты сақтау арқылы жүзеге асуы керек.

       Еуропалық еркін сауда ассоциациясы кең экономикалық және саяси интеграцияға ұмтылмағандықтан, оның жеке құқықтық реттеулері жоқ және ол минимум мүшелерден құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі болып табылады, онда әр елдің бір даусы болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын және орындалуын бақылайды. Сонымен қатар ол қатысушы елдер ассоциация мақсаттарын жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды жасау керек пе, соны тексереді. Бұдан басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы, сауда және кедендік эксперттер). ЕФТА секретариаты Женевада орналасқан. Оны бас директор мен оның орынбасары басқарады. ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін 12 ай өткен соң ғана мүмкін.

      Бірқатар елдер үшін ЕФТА Еуропалық  одаққа кірудің бастапқы қадамы  болады.

      «Глобализация» тенденциясы (сауда немесе нарық) блоктарды құру тенденциясына айналды, ал бұл Еуропадағы болашақ экономикалық блоктардың одан әрі оқшауланғаның білдіреді.

      Бұл жерде әсіресе АСЕАН, НАФТА  және МЕРКОЗУР маңызды болып  табылады.

      АСЕАН бұл-оңтүстік-шығыс азия  мемлекеттері-Индонезия, Филлипин, Малайзия, Сингапур және Тайланд  қоғамдастығы, ол 1967 жылғы Бангкоктағы декларация бойынша құрылды. 1984 жылы оған Бруней мен Вьетнам қосылды. Қоғамдастықтың мақсаты бірлескен индустриалды саясат арқылы экономикалық дамуға жәрдемдесу. 1992 жылы АСЕАН елдері 2008 жылы 330 млн. жоғары адамдарды біріктіретін Азиялық еркін сауда зонасын (АФТА) құру туралы шешім қабылдады. 1993 жылы шілде айында АСЕАН елдерінің сыртқы істер министрлері басқа елдерге қатысты жалпы мүдделерді координациялау мақсатында жаңа платформа құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім батыстағы өнеркәсіптік ұлттар-Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Канада және бәрінен бұрын АҚШ-қа тәуелді болуға қарсы бағытталған. Олар 1989 жылы Австралияның инициативасымен орнатылған азиялық-тынықмұхиттық ынтымақтастық арқылы болашақта үлкен үміт артылып отырған азиялық-тынықмұхиттық аймақтың дамуына әсерін тигізуге тырысуда. 1994 жылы Богорда экономикалық ынтымақтастықты күшейту және 2020 жылға қарай барлық сауда және инвестициялық кедергілерді жою туралы шешім қабылданды.

      Солтүстікамерикалық еркін сауда  зонасы Еркін сауда келісімі (ФТА) бойынша пайда болды, Канадамен инициирленді және АҚШ пен Канада арасында 1989 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. 1990 жылдың маусым айында Мексика оны кеңейту туралы ұсыныс жасады. Үшжақты келісімдер 1990 жылдың тамыз айында 1994 жылдың 1 қаңтарында Солтүстікамерикалық сауда келісімінің (НАФТА) күшіне енуімен аяқталды. Осылай, әлемде 368 млн. адамнан және сатып алу қабілетінен тұратын көлемі бойынша екінші нарық пайда болды, оның сатып алу қабілеті Еуропалық экономикалық кеңістікпен (ЕВР) тең келді.

      МЕРКОЗУР сексенінші жылдардағы  Аргентина мен Бразилияның тығыз  ынтымақтастыққа ұмтылуынан пайда  болды. 1990 жылдың 6 шілдесінде екі  елдің президенттері Жалпы нарық  құру туралы актіге қол қойды.  Ол күшіне 1995 жылдың 1 қаңтарында  ену керек болатын. 1991 жылдың 26 наурызында осы интеграциялық процесске Парагвай мен Уругвай қосылды. Келісім оңтүстіктің Жалпы нарығы үшін (180 млн. адамдай) 1994 жылдың 31 желтоқсанында кедендерді ликвидациялау және тарифтік емес сауда шектеулері арқылы тауарлар мен қызметтердің еркін айналымын, ал бір жылдан соң капитал айналымының либерализациясын жұмыскерлердің жұмыс орнын еркін таңдау мүмкіндігімен бірге қарастырды. Келісім бойынша жалпы сыртқы кеден құрылып, жалпы сауда саясаты жүргізілуі керек. Келісімді жүзеге асыру мақсатында Жалпы нарық Кеңесінің басқарушы мүшесі және Жалпы нарық тобының атқарушы мүшесі құрылды. 11 техникалық жұмысшылар топтары және Монтевидеода орналасқан басқарушы секретариаты бар. Келісімнің атаққұмар мақсаттары жартылай тек 1994 жылдың аяғында ғана орындалды. Шындығында, 1995 жылдың 1 қаңтарында Жалпы нарық әлі құрылған жоқ болатын, тек толық жетілмеген көптеген шектеулері мен қосымша келісімдері бар кедендік одақ болды.

      Колониализм дәуірінің аяқталуымен  БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясында дамушы елдердің саны айтарлықтай өсті. Бірақ олардың ГАТТ-қа әсер етуі шамалы болды, себебі үшінші әлем елдері (66) Шығыстық блок елдерімен одақтасып әлемдік сауданың социалистік бағыттары бойынша жаңа ретін құруды талап етті.

      77 дамушы елдерден құралатын топ ақыры 1964 жылдың 30 желтоқсанындағы сауда және даму бойынша Біріккен Ұлттар Конференциясының (ЮНКТАД) кеңсесінің көмегімен БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясының тұрақты мүшесі болды. Орналасқан жері Женева. БҰҰ-на, оның арнайы халықаралық ұйымдары немесе атомдық энергетика бойынша халықарлық ұйымдарына кіретін мемлекеттер оның мүшелері бола алады. 1992 жылы оның 179 мүшесі болды және олар алғашында 4 топтарға бөлінді:

     А  тобы: афро-азиаттық дамушы елдер;

     Б  тобы: батыстағы индустриалды елдер;

     В  тобы: латынамерикалық дамушы елдер;

     Г  тобы: социалистік елдер.

     Қытай  Халық Республикасы ерекше орын  алады.

     Генералды  Ассамблея мен Кеңес ЮНКТАД  мүшелері болып табылады. Генералды  Ассамблея 4 жыл бойы жұмыс  істейді. Оның резолюцияларының  міндетті күші жоқ, бірақ олардың белгілі бір моральді күші бар. Даму және әлемдік сауда бойынша Кеңес тұрақты мүшесі болып табылады, ол жылына екі рет мәжіліс құрайды және Генералды Ассамблеяның шешімдерін орындайды.Қазіргі кезде Кеңеске жеті ерекше комитет бағынады, олар шикізат, қаржы және технология трансферті мәселелерімен айналысады. Генералды секретариаттың орналасқан жері-Женева.

      ЮНКТАДТЫҢ міндеттері келесілерге  бағытталған: халықаралық саудаға  жәрдемдесу, халықаралық сауда үшін  негізгі жағдайлар мен нұсқауларды  жасау, БҰҰ-ның сауда және экономикалық даму саласындағы басқа да институттарының қызметін координациялау, сонымен қатар сауданы Гармонизациялау Орталығын және онымен байланысты даму саясатын дайындау.

      ЮНКТАД-тың Генералды Ассамблеясының  мәжілістері: I-1964 жылы (Женева); II- 1968 жылы (Жаңа Дели); III- 1972 жылы (Сантьяго, Чили); IV-1976 жылы (Найроби, Кения); V-1979 жылы (Манила); VI-1983 жылы (Белград); VII-1987 жылы (Женева); VIII-1992 жылы (Картагена, Индия); XI-1996 жылы (Оңтүстік Африка) болды.

      1968 жылдан бастап Халықаралық сауда орталығы ГАТТ/БСҰ және БҰҰ-ның біріккен мүшесі ретінде функционирленеді, ал соңғысы Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму Конференциясы арқылы әрекет етеді. Бұл орталық жартылай автономды ұйым болып табылады және оның функциялары келесілерге бағытталған;

    -сауда  құрылымын ынталандыруды дамыту  және экспортты мемлекеттік және  жеке секторларда ынталандыру;

    -дәстүрлі  және дәстүрлі емес экспорттық  тауарлар үшін нарықтық мүмкіндіктер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

    -импорт  саласында тиімді басқару тәсілдерін пайдалану арқылы шетел валютасының дефицитті ресурстарын пайдалануды оптимизациялау мақсатында импорттық операцияларды жетілдіру;

    -мемлекеттік  қызметкерлерді, іскер орта өкілдерін  және экспорттық-импорттық операциялар  технологиясы бойынша оқытушыларды оқыту, оқу мекемелерін нығайту, сыртқы сауда мәселелері бойынша оқу-әдістемелік материалдарды зерттеу және жетілдіруді жүргізу.

      Халықаралық сауда орталығы өз  қызметін бірқатар халықаралық,  әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының  жүйесіне кіретін ұйымдармен үйлестіреді.

      Халықаралық сауда палатасы  үкіметтік  емес ұйым ретінде 1919 жылы негізін  қалады. Бұл халықаралық масштабта қызмет ететін, дамыған және дамушы елдердің компаниялары мен басқа да құрылымдарын біріктіретін жеке кәсіпкерлік ұйым. Оның қызметі келесілерге бағытталған:

      а) сауданы, инвестициялар мен еркін нарықтарды, капиталдың еркін айналымын ынталандыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу,

      б)сауданың дамуы мен еркіндігінің үйлесімділігі мақсатында экономикалық және құқықтық салаларда тиімді және дәйекті шараларды қабылдау,

      в) жеке кәсіпкерлік жүйесін қорғау,

      г) кәсіпкерлердің өздері арқылы кәсіпкерлікті реттеуді ынталандыру.

     ХСП-да дамыған және дамушы елдердің іскер орталарының көзқарастарын білу мақсатында БҰҰ-ның консультативті статусы бар. Оның көптеген үкіметаралық және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары бар.

      ХСП-ның жоғарғы басқарушы мүшесі  Кеңес болып табылады, ол әдетте  жылына екі рет жиналады. Кеңес  мүшелері ұлттық комитеттермен  және топтармен тағайындалады. Әр ұлттық комитет ХСП бюджетіне қосқан жалпы жарнағының көлеміне байланысты Кеңеске бірден үш мүшеге дейін тағайындай алады. Кейбір ұлттық комитеттер Кеңес мүшелерінің орынбасарларын тағайындайды. Президент, вице-президент, экс-президент, қаржы комитетінің төрағасы мен Халықаралық арбитражды соттың төрағасы лауазымы бойынша Кеңестің мүшелері болып табылады. Генералды хатшы Кеңестің хатшысы болып табылады.

       Кеңесті Президенттің рекомендациясы  бойынша ХСП саясатын жүзеге  асыруға жауапты атқарушы кеңес таңдайды. Атқарушы Кеңес кем дегенде жылына үш сессия жүргізеді, оның екеуі ХСП Кеңесімен бірге.

      Генералды секретар басқаратын штаб-квартиртира ХСП барлық қызметін бақылайды.Ол бес негізгі департаменттерден (халықаралық даму; коммуникациялар: экономикалық саясат пен ынтымақтастық, халықаралық сауда саясаты мен технологиялар, администрациялар, қаржы мен персонал) құралады.

      ХСП саясаты мен тәжірибелік  нұсқаулар арнайы жұмыс органдарымен  әзірленеді (комиссиялар, жұмыс топтары). Комиссия ХСП саясатының негізгі мәселелерімен (халықаралық сауда саясаты, халықаралық арбитраж, қаржыландыру, сақтандыру, салық салу, көпұлттық кәсіпорындар мен халықаралық инаестициялар, қоршаған орта, энергетика және т.б.) айналысады. Уақытша негізде нақты жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру үшін жұмыс топтары құрылады, олар тұрақты сәйкес органға есеп беріп тұрады.

      Халықаралық сауда дауларын шешудегі  басты орган Халықаралық арбитражды  сот болып табылады. Ол өндіріс  пен арбитраждың ережелерін жарыққа шығарады.

      Халықаралық сауда палатасының бюросы (ХСПБ) сауда палаталарының бүкіләлемдік форумы болып табылады. Ол пайда болған мәселелерді талқылау үшін, дамыған және дамушы елдердің, сонымен қатар экономикасы ауыспалы елдердің палаталарын басқаратын қызметкерлердің тәжірибесі және білімдерімен алмасу үшін халықаралық кездесулерді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Дамушы елдер мен Орта және Шығыс Еуропа елдеріне ол техникалық көмек бола алады және кадрлар даярлау бағдарламасымен қамтамасыз етеді. Бюро ATA Carnet-уақытша бажсыз импорт жүйесін (коммерциялық нұсқаулар, ғылыми және оқу құралдары, көрмеге арналған тауарлар) басқарады.

      Конгресс ХСП-ның ең жоғарғы  органы болып табылады. ХСП-ның барлық мүшелері-компаниялар мен ұйымдар конгресске өздерінің ең жоғарғы өкілдерін жібере алады. Конгресс үш жылда бір рет қабылдаушы елдің ұлттық комитетінің шақырылуы бойынша жүргізіледі.

      Қазіргі кездегі халықаралық  қатынастарды халықаралық ұйымдарсыз елестету мүмкін емес. Олар халықаралық өмірді реттеудің ең дамыған механизмдерінің бірі және негізі бойынша үкіметаралық және үкіметтік емес органдардың тұрақты бірлестігі болып табылады.

      Халықаралық ұйымдар халықаралық  қатынастардың тұрақты құрылымын  көрсете отырып, халықаралық өмірді  саяси реттеудің құралы бола  алады, ол ол бір мезгілде халықаралық интегрирлеу функциясын атқарады, халықаралық қатынастарды модификациялауға әсерін тигізеді.        
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Информация о работе Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі