Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 20:24, реферат

Описание

Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.
Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған.
«Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы ұлттық кедендік автономдылықты сақтау арқылы жүзеге асуы керек.

Работа состоит из  1 файл

Халы?аралы? сауда ?йымдарыны? м?н_ мен рол_.doc

— 90.00 Кб (Скачать документ)

      БСҰ консенсус негізінді шешім қабылдауға тәжірибеленген, дегенмен де-юремен дауыс беру ескерілген. Тауарлар, қызметтер, ТРИПС, қабылданған міндеттерден босату бойынша келісімнің жағдайларын түсіндіру 3/4 дауыспен қабылданады. Қатысушылардың құқықтары мен мен міндеттеріне зиян келтірмейтін түзетулер, сонымен қатар мүшелерді қабылдау 2/3 дауысты қажет етеді (әдетте консенсуспен).

      БСҰ-ны бекіту туралы келісімге  сәйкес ұйымның қатысушы елдері  барлық келісілген жақтар-ГАТТ  қатысушылары болды (128 мемлекет), олар тауарлар мен қызметтер бойынша міндеттер тізімін көрсетті және Уругвайлық раундтың келісімдер пакетін ратифицирледі.

      Қазіргі кезде БСҰ құрамына 150 мемлекет кіреді және оның 22-сі жаңадан мүше болды-Эквадор, Болгария (1996 ж.), Монголия, Панама (1997 ж.), Қырғызстан (1998 ж.), Латвия, Эстония (1999 ж.), Иордания, Грузия, Албания, Оман, Хорватия (200 ж.), Литва, Молдова (2001 ж.), Қытай (2001 ж. желтоқсан), Тайвань (2002 ж. қаңтар) және Армения (2003 ж. ақпан), Македония (2003 ж. сәуір), Камбоджа (2003 ж.), Непал (2004 ж. 23 сәуір), Сауд Аравиясы (2005 ж.), Вьетнам (2007 ж.).

      30-ға жуық мемлекетте БСҰ-ның  бақылаушысы статусы бар. Олардың  көп бөлігі, соның ішінде Ресей,  Алжир, Украина, Қазақстан және  ТМД-ның басқа мемлекеттері (Түрікменстаннан  басқа) БСҰ-ға қосылудың әр түолі сатыларынан өтуде.

      Бұдан басқа алпыстан жоғары  халықаралық ұйымдарда БСҰ-ның  әр түрлі құрылымдарын бақылаушы  статусы бар, негізінен БҰҰ, ЮНКТАД, МВФ, МБРР, ВОИС, ОЭСР, аймақтық топтар, тауарлы ассоциациялар. ЮНКТАД/БСҰ эгидасымен Халықаралық сауда орталығы (ХСО) қызмет етеді, олар әлемдік сауда саласында дамушы елдерге көмектеседі.

      ГАТТ/БСҰ жартығасырлық өмір сүру  кезінде әзірленген Бүкіләлемдік  сауда ұйымына қосылу процедурасы  көп жоспарлы және бірнеше  кезеңдерден тұрады. Қатысушы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл процесс шамамен 5-7 жылдан тұрады.

      Бірінші кезеңінде арнайы жұмыс  топтары қосылушы елдің экономикалық  механизмі мен сауда-саяси режимінің  БСҰ нормалары мен ережелеріне  сәйкестілігін көп жақты деңгейде  жете қарастырады. Бұдан кейін аталған ұйымға қосылушы елдің мүше болуының шарттары туралы кеңестер мен келіссөздер жүргізіле бастайды. Бұл кеңестер мен келіссөздер, әдетте, БСҰ-ның барлық мүдделі мүше елдерімен екі жақты деңгейде жүргізіледі.

      Ең алдымен келіссөздер БСҰ мүшелерінің қосылушы елдің нарықтарына енудің «коммерциялық маңызды» мүмкіндігі туралы болады (тауарлар мен қызметтер нарықтарына ену туралы екі жақты Протоколда фиксирленеді), сонымен қатар келіссөздер БСҰ мүшелілігінің келісімдері бойынша міндеттерді өзіне қабылдаудың форматы мен мерзімі туралы болады.

      Өз кезегінде қосылушы ел әдетте БСҰ-ның басқа мүшелері сияқты құқықтарға ие болады, ол оның сыртқы нарықтардағы дискриминациясының жойылуын білдіреді. Ұйымның қандай да бір мүшесі теріс құқықты әрекеттер жүргізген жағдайда кез келген ел сәйкес арызбен дауларды шешу бойынша органға бара алады (ДШО), оның шешімдерін БСҰ-ның әр қатысушысы сөзсіз орындауға міндетті.

      Бекітілген процедураға сәйкес  нарықтарға ену либерализациясы  және қосылу шарттары бойынша жүргізілген барлық келіссөздердің нәтижелері келесі ресми құжаттармен толтырылады:

      -жұмыс тобының баяндамасы, онда қосылушы елдің келіссөздер нәтижесі бойынша өзіне қабылдайтын құқықтары мен міндеттерінің толық пакеті мазмұндалады;

      -тауарлар саласындағы тарифтік жеңілдіктер мен ауыл шаруашылығын қолдау деңгейі бойынша міндеттер тізімі;

      -қызметтер бойынша арнайы міндеттер  тізімі және РНБ-ден алынған  тізім;

      -қосылу туралы протокол, онда  екі және көп жақты деңгейде  жасалған келісімдер заңдық күшіне енеді.

      БСҰ-ға жаңа елдердің қосылуының  маңызды шарттарының бірі-олардың ұлттық заңдары мен сыртқы экономикалық қызметін реттеу тәжірибесін Уругвайлық раундтың келісімдер пакетінің жағдайына сәйкес келтіру болып табылады.

      Қосылудың ең соңғы кезеңінде Генералды кеңеспен бекітілген және жұмыс тобымен үйлестірілген құжаттардың толық пакетін қосылушы елдің ұлттық заң шығарушы органы ратификациялайды. Бұдан кейін аталған міндеттер БСҰ құжаттарының және ұлттық заңның бір бөлігі болады, ал кандидат елдің өзі БСҰ-ның статусына ие болады.          

         

     

       
     
     
     
     
     
     
     

                        

Информация о работе Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі