Энергетикалық дипломатия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 11:19, реферат

Описание

Зерттеу такырыбының өзектілігі. Энергетикалық дипломатия-бұл алдыңғы қатарлы мемлекеттердің экономикалық бақ берекесі тікелей байланысты сала. Энергоресурстар (мұнай мен газ) шектеулі, олардың бағалары тұрақсыз, бұл олардың бәсекелестігін жаһандық деңгейде ошықтырып отыр. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер бәсекелестік күрестің анархиясына, әсіресе жаһандандыру жағдайларында, араласудың қауіптілігін түсінеді, сондықтан олар энергетика саласындағы мәселелерді бірігіп шешудін жодарын таппақшы.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

І-бөлім. Батыстағы халықаралық энергетикалық дипломатия саласының құрылымы
1.1 Батыста халықаралық энергетика саясаты мен дипломатия мәселесінің қалыптасуы..............................................................................................................5
1.2 АҚШ-тың Батыс елдеріндегі энергетикалық саясаты...................................6

ІІ-бөлім. АҚШ-тың ХХI ғасырдағы энергетикалық дипломатиясының құрылымы
2.1 АҚШ-тың экономикасына және геоэкономикалық саясатының қалыптасуы...............................................................................................................8

ІІІ-бөлім. Қазақстан – АҚШ және Ресей-ң энергетикалық саладағы келешектегі іс-қимылдарды
3.1 Астана мен Вашингтон энергетикалық саладағы келешектегі іс-қимылдардың бірлескен жоспары........................................................................9
3.2 Қазақстан мен Ресей аумағында ортақ энергетикалық нарық құрылуы....10

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................14

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................16

Работа состоит из  1 файл

Энергетикалык дипломатия курылымы -реф.doc

— 103.50 Кб (Скачать документ)


МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

 

І-бөлім. Батыстағы халықаралық энергетикалық дипломатия саласының құрылымы

1.1 Батыста халықаралық энергетика саясаты мен дипломатия мәселесінің қалыптасуы..............................................................................................................5

1.2 АҚШ-тың Батыс елдеріндегі энергетикалық саясаты...................................6

 

ІІ-бөлім. АҚШ-тың ХХI ғасырдағы энергетикалық дипломатиясының құрылымы

2.1 АҚШ-тың экономикасына және геоэкономикалық саясатының қалыптасуы...............................................................................................................8

 

ІІІ-бөлім. Қазақстан – АҚШ және Ресей-ң энергетикалық саладағы келешектегі іс-қимылдарды

3.1 Астана мен Вашингтон энергетикалық саладағы келешектегі іс-қимылдардың бірлескен жоспары........................................................................9

3.2 Қазақстан мен Ресей аумағында ортақ энергетикалық нарық құрылуы....10

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................14

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

  

Зерттеу такырыбының өзектілігі. Энергетикалық дипломатия-бұл алдыңғы қатарлы мемлекеттердің экономикалық бақ берекесі тікелей байланысты сала. Энергоресурстар (мұнай мен газ) шектеулі, олардың бағалары тұрақсыз, бұл олардың бәсекелестігін жаһандық деңгейде ошықтырып отыр. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер бәсекелестік күрестің анархиясына, әсіресе жаһандандыру жағдайларында, араласудың қауіптілігін түсінеді, сондықтан олар энергетика саласындағы мәселелерді бірігіп шешудін жодарын таппақшы. Бірте-бірте екіжақты және көпжақты энергетикалық дипломатия қалыптасады. Оның мақсаттары — әртүрлі мемлекеттер мүдделерінің тепе-теңдігін табу, энергоресурстар өндірісінің дамуына ат салысу, оларды тасымалдаудың қазіргі кепілді жүйелерін құру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру оңай емес, өйткені мемлекеттердің мүдделері кейбір кездері бір-бірлеріне қайшы келеді. Мүдделерге қатысты мемлекеттер сатып алушылар, сатушылар және энерготасымалдаушыларды тасымалдайтындарға бөлінеді. Соған қоса, әр топтың ішінде нарықтарға қол жеткізу мен оларды бақылауға, энергия жеткізудің ең қауіпсіз жолдарын қамтамасыз етуге күрес жүріп жатыр. Германдық сарапшы Ф.Мюллер былай деп белгілейді: «әлемдік саясатта энергоресурстардың сенімді қамтамасыз ету тақырыбы маңызды болып келеді; қазіргі кезде мемлекеттердің көбісі бұл мәселемен өзінің келешектегі өмір сүруімен байланыстырады.» /2.27, 5/

Зерттеу тақырыбынының мақсаты. Энергетикалық дипломатияның құрылымын зерттей отырып, шетел мемлекеттерімен энергетикалық саладағы байланыстарды қаратыра отырып, тақырыптың мәнін ашу.

Әлемдік жағдай анықтайтын келесі фактор макроэкономикалық болып келеді. Экономика дамуының белсенділігіне энергиятұтынудың құрылымы мен динамикасы, әлемдік энергетикалық нарықтағы жағдай тәуелді болып келеді. Қазір ұсыныс Қытай, Үндістан, Азиаттық-Тынықмұхиттық аймақтың бірқатар мемлекеттері тарапынан өсіп келе жатқан сұраныстың артынан үлгермей жатыр. Нәтижесінде, мұнай бағалары өсуде, ал бұл әлемдік экономикада тұрақсыздандыру қауіпін тудырады. Энергетикалық секторда көбісі жаңа технологияларды құру жетістіктеріне тәуелді. Көпшіліктің айтуы бойынша, мұнай, газ және көмірді таяу келешекте одан да пайдалы альтернативті энергиятасымалдаушымен алмастыра алмайды. Сонымен қатар, адамзаттың энергияның жаңа көздерін пайдалануда термоядролық синтез, су, сутегі және т.б./2.68/энергияларындағы жетістіктерге сенетін оптимистер де бар.

Зерттеу тақырыбынының міндеттері. Зерттеу мақсатына байланысты мынадай міндеттер қарастырылды:

-         энергетикалық дипломатияның мәнін, құрылымын қарастыру;

-         энергетикалық дипломатияның мемлекеттер ересындағы байланыстарын ашып көрсету т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-бөлім. Батыстағы халықаралық энергетикалық дипломатия саласының құрылымы

1.1 Батыста халықаралық энергетика саясаты мен дипломатия мәселесінің қалыптасуы

Батыста халықаралық энергетика саясаты мен дипломатия мәселесі 1973 ж. энергетикалық дағдарыстан кейін кең түрде қарастырыла бастайды, әсіресе, АҚШ, Жапон және Батыс Еуропа кәсіпкерлері, ғалымдары мен қоғамдық-саясаси қараткерлері кіретін, «үшжақты комиссия» шеңберіндегі талдаулық зеттеулер негізінде. Осы ХХI АҚШ-тың геоэкономикалық саясаты жеке тұрғыдан қарастырылған жоқ. Ол жалпы әлемдік деңгейде басқа мемлекеттермен қатар қарастырылды. Бұл туралы монографиялардың өздері де щағын болып келеді. Осы тақырып жаңа болғандықтан, ол көбінде переодикалық баспаларда кеңінен таралған. Соған қоса бұл мәселе көбінесе шет елдерде көп зерттелген, сондықтан осы ғылыми жұмыста шет ел авторларының еңбектері басым. Солардың ішінен ресейлік энергетика дипломатия мәселерінің алдынғы қатарлы сарапшысы С.З.Жизниннің[1]  әлемдік энергетикаға қатысты еңбектерін айтып кетуге болады. Осы арада К.В. Симоновты айта кету керек. Оның ақырғы шыққан кітабы[2] әлемдік энергетиканың жұмыс істеуінің, энергиямен қамтамасыз ету мәселелерің шешудегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызды сұрақтарын талдауға арналған (әсіресе, ол үлкен назарды мұнай-газ секторына бөлді ). Бұл монография автордың басқа еңбектерінде - «Русская нефть» и «Энергетическая сверхдержава»- көрініс тапқан ойлардың жалғастырады. Кітап оңдағы көзқарастар мен бағалардың стандартты еместігімен, саяси және экономикалық талдаулардың бір-бірімен байланысымен ерекшеленеді.

К.Симонов жаңа зерттеуің шығара отырып, XXI ғасыр басындағы адамзатты ресурстық қамтамасыз ету мен жетістіктер арасындағы сәйкестік жойылып кеткенің айтады. Бажанов Е.П. монографиясын[3] да атап кетуге болады. Ол өзінің еңбегінде XXI ғасыр басындағы халықаралық қатынастардағы мәселелерді талдайды. Оның айтуынша ғасыр басындағы халықаралық қатынастар көбінде экономика шеңберінде, соның ішінде энергетикалық мәселелерге қатысты, жүреді. Әлемдегі таусылатын ресурстардың мөлшерінің азаюы оларды иемденуге үлкен бәсекелестікті туғызуда. Автордың тағы да бір белгілейті, ол энергиятасымалдаушы ресурстардың, соның ішінде мұнай мен газ, көп бөлігі ислам әлемі елдерінде орналасуы. Ислам әлемінің Батысқа достық емес көз қарастары, әрине Батыс мемлекеттерін қиын жағдайға тұрғызуда. Осы тақырып Мюллер Ф., Мастепанов С.,Торкунов А.В., Разумнова Л.Л., Шарипов У.З., Васильев А. Монографияларында да көрінісің тауып, авторлар тарапынан өте жақсы талданылды.[4]

 

1.2 АҚШ-тың Батыс елдеріндегі энергетикалық саясаты

 

Қытай, Үндістан мен басқа дамушы мемлекеттердің мұнайға өсіп келе жатқан сұранысы АҚШ-ты келешекке ауқымды мұнай қорларын жасауға итермелейді. Бұл үдеріс АҚШ-тың экономикалық және ұлттық қаіпсіздігіне қатер болып келеді. Әлемдегі экономикасы бәрінен қарқынды дамып келе жатқан Қытай қазіргі кезде әлемнің бірқатар аймақтарында энергетикалық саясатың жүзеге асыруда. Қытай 20 жылдан кейін мұнай тұтыну деңгейің Американың қазіргі кездегі деңгейге (күніне 21 млн.баррель) дейін жеткізуді көздеп отыр.

АҚШ өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде геоэкономикалық саясатың жүзеге асыра бастады. АҚШ мұнайды Батыс және Шығыс Еуропа елдері, Прибалтика және ТМД елдерін бірге қосқандадағы тұтынатын мөлшерді өзі жалғыз тұтынады. АҚШ-қа мұнайдың әлемдік тұтынудың ¼ бөлігі тиіп отыр. Сол арада олардың осы энергиятасымалдаушының мөлшері жалпы әлемдік өндірісте едәуір қысқарып, ХХI ғасыр басында 10% ғана құрады. Егер тұтынудың өсуі жалғаса берсе, онда АҚШ өзінің мұнай қорлары шамамен 10 жылға жетеді. Срапшалар айтқандай Америка мұнай жеткізушілердегі іркілістерге қатысты өте тәуелді.

АҚШ-қа және Батыс елдері үшін ең қиын болып табылатыны ол олардың энергиямен қамтамасыз етілуі қазіргі кезде және келешекте оларға жау болып келетін әрі тұрақсыз мемлекеттерден тәуелді. Вашингтонның стратегиясы Шығыс Еуропадан Орталық және Шығыс Азияға апаратын Еуразиялық коридордағы мемлекеттеріне бақылау орнатуды қарастырады. Оның көзіне Ресей, Парсы шығанағының елдері, Африка және Орта Азия түсіп отыр. Ресейлік энергетика дипломатия мәселерінің алдынғы қатарлы сарапшысы С.З.Жизнин дәл осы жерлерде келешекте әлемдік энергетикалық саясаттың ошағы құрылады деп болжауда.

АҚШ-тың энергетикалық саясатының негізін салушы мақсаты – өзінің экономикасына энергияның жеткілікті, қымбат емес және сенімді жеткізімдеріне қол жеткізуді қамтамасыз етіп, осы арқылы экономикалық өсу мен гүлденуге ие болу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-бөлім. АҚШ-тың ХХI ғасырдағы энергетикалық дипломатиясының құрылымы

2.1 АҚШ-тың экономикасына және геоэкономикалық саясатының қалыптасуы

АҚШ-тың экономикасына және геоэкономикалық саясатына 1973 жылғы дағдарыстың қандай әсер тигізгеннен кейін қалай өзгергені, және одан кейін Вашингтонның сыртқы саяси приоритетердің өзгеруіне байланысты қолданылған әрекеттер көрсетіледі. ХХ ғасыр аяғы мен XXI ғасыр басында халықаралық аландағы болған жағдайлардың да АҚШ-тың геоэкономикалық саясатына тигізген әсері мен одан кейін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен жаңа саяси аспектілер мен жүзеге асырған шаралары көрсетіледі.

АҚШ-тың өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен геоэкономикалық саясатта пайда болған жаңа бағыттары көрсетіледі. Бұрын Вашингтонның көзі Парсы шығанағының елдері ммен Солтүстік, Батыс Африка елдеріне түскен болса, онда қазіргі танда оның геоэкономикалық саясатының приоритететі бағыттарына Ресей, Каспий аймағындағы мемлекеттерге қоса Орта Азия елдері кіргізілді. Бөлімде АҚШ -тың энергетасымалдаушылар көп шоғырланған, әлемдік энерегетикалық нарыққа әсерін тигізе алатын аймақтардағы Қытай, Батыс Еуропа елдері мен Ресеймен жүргізіп жатқан бәсекелестік күрестері туралы жазылады.

Бұл бөлімде АҚШ-тың ХХI ғасырдағы геоэкономикалық саясатын қарастырдым. Бұл мақсат келесі міндеттерді шешуді талап етеді:

- геоэкономикалық тәжірибе негізінде АҚШ геоэкономикалық басым бағыттарын пайымдау;

- АҚШ-тың дүниежүзінің түрлі аймақтарына катысты сырткы саяси тәжірибесі аясында оның геоэкономикасына тән жалпы және дара ерекшеліктерді анықтау, жария және шынайы мақсаттарын пайымдау;

- АҚШ геоэкономикасына ықпал жасайтын факторларды саралау;

- АҚШ геоэкономикасына қатысты әлемдегі аймақтардағы ыңтымақтастық қарым-катынас сипатын ашу;

- АҚШ-тың геоэкономикасы әлемдегі аймақтадар үшін тиімді пайдаланудың маңызын анықтау.

 

ІІІ-бөлім. Қазақстан – АҚШ және Ресей-ң энергетикалық саладағы келешектегі іс-қимылдарды

3.1 Астана мен Вашингтон энергетикалық саладағы келешектегі іс-қимылдардың бірлескен жоспары

Астана мен Вашингтон энергетикалық саладағы келешектегі іс-қимылдардың бірлескен жоспарын айқындады.

Наурыздың 11-12-сінде Вашингтонда өткен Энергетикалық серіктестік жөніндегі бірлескен қазақстан-американ комиссиясының 5-інші мәжілісіне Энергетика және минералдық ресурстар министрі С.Мыңбаев бастаған қазақстандық энергетиктердің өкілетті делегациясы қатысты.

Энергосеріктестік жөніндегі комиссияның жалпы отырысының алдында Сауат Мыңбаев АҚШ-тың энергетика министрі Сэмюель Бодманмен келіссөз өткізіп, оның барысында екі ел министрлері қазақстан-американ энергетикалық ынтымақтастығының ауқымдылығы мен тиімділігін, өзара ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға деген екіжақты мүддені атап көрсетті және қазақстандық рыноктағы американ энергетикалық бизнесінің белсенділігіне жоғары баға берді. Министрлер қазақстан-американ энергетикалық диалогын нығайтудың маңыздылығы туралы ортақ пікірге келді.

Осыдан кейін өткен Комиссия отырысында тараптар мұнай-газ, электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау, энергетиканың балама көздерін пайдалану және коммерциялық ядролық технологиялар, сондай-ақ энергетикалық нысандардың қауіпсіздігі саласындағы ағымдағы ахуал мен перспективаны талқылады.

Мәжіліс қорытындысы бойынша қабылданған хаттамада энергетика саласындағы Қазақстан мен АҚШ-тың перспективалық өзара іс-қимылдарының негізгі бағыттары анықталды.

Мәжіліс барысында С.Мыңбаев мәлім еткендей, 2001 жылы Энергетикалық серіктестік жөніндегі бірлескен комиссия аясында орнатылған диалог энергетикалық қарым-қатынастардың барлық векторы бойынша Қазақстан мен Құрама Штаттардың арасындағы ағымдағы және перспективалық ынтымақтастық мәселелерін талқылаудың бірегей мүмкіндігіне айналып отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың 2001 жылдың желтоқсан айында Құрама Штаттарға жасаған сапары барысында қол қойылған Энергетикалық серіктестік туралы декларацияда энергетикалық саладағы ынтымақтастық екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың негізгі элементтерінің бірі деп танылған болатын.

Сапар аясында С.Мыңбаев сондай-ақ АҚШ-тың Еуразиялық энергетикалық дипломатиясының үйлестірушісі Стивен Маннмен кездесті.

 

3.2 Қазақстан мен Ресей аумағында ортақ энергетикалық нарық құрылуы

Қазақстан мен Ресей аумағында ортақ энергетикалық нарық құрылуы тиіс - ресейлік депутат пікірі Мұнай мен газ өндіруді жыл сайын арттырып келе жатқан Қазақстан оны барлау мен өндіру, тасымалдауда заманауи технологияларды да кеңінен қолданып отыр. Осы бағытта халықаралық ынтымақтастығы, соның ішінде ежелгі көрші Ресеймен әріптестігі де тереңдеп келеді. Алайда әлем елдері алдында көшбастау үшін әлі де бірқатар мәселелер шешімін табуы тиіс. Алматыда ашылған халықаралық мұнай-газ конференциясының мінберінен Ресейдің Федералдық жиналысының Федерация кеңесіндегі ТМД істері жөніндегі комитетінің төрағасы Вадим Густов осындай пікір айтты[5]. 

Информация о работе Энергетикалық дипломатия