Энергетикалық дипломатия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 11:19, реферат

Описание

Зерттеу такырыбының өзектілігі. Энергетикалық дипломатия-бұл алдыңғы қатарлы мемлекеттердің экономикалық бақ берекесі тікелей байланысты сала. Энергоресурстар (мұнай мен газ) шектеулі, олардың бағалары тұрақсыз, бұл олардың бәсекелестігін жаһандық деңгейде ошықтырып отыр. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер бәсекелестік күрестің анархиясына, әсіресе жаһандандыру жағдайларында, араласудың қауіптілігін түсінеді, сондықтан олар энергетика саласындағы мәселелерді бірігіп шешудін жодарын таппақшы.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

І-бөлім. Батыстағы халықаралық энергетикалық дипломатия саласының құрылымы
1.1 Батыста халықаралық энергетика саясаты мен дипломатия мәселесінің қалыптасуы..............................................................................................................5
1.2 АҚШ-тың Батыс елдеріндегі энергетикалық саясаты...................................6

ІІ-бөлім. АҚШ-тың ХХI ғасырдағы энергетикалық дипломатиясының құрылымы
2.1 АҚШ-тың экономикасына және геоэкономикалық саясатының қалыптасуы...............................................................................................................8

ІІІ-бөлім. Қазақстан – АҚШ және Ресей-ң энергетикалық саладағы келешектегі іс-қимылдарды
3.1 Астана мен Вашингтон энергетикалық саладағы келешектегі іс-қимылдардың бірлескен жоспары........................................................................9
3.2 Қазақстан мен Ресей аумағында ортақ энергетикалық нарық құрылуы....10

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................14

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................16

Работа состоит из  1 файл

Энергетикалык дипломатия курылымы -реф.doc

— 103.50 Кб (Скачать документ)

В. Густов мырзаның пікірінше, екі көршінің экономикадағы ынтымақтастығының көрсеткіші әрі болашағы зор сала - энергетикалық сала деуге болады. «Мысал үшін айтсақ, қазір энергетика саласында Каспий құбыр желісі консорциумы, Қарашығанақ газ кенішін жасау жобасы, Екібастұз ГРЭС-2, Орынбор ГӨЗ негізінде және уран өндірісінде біріккен кәсіпорындар құру сынды ірі жобалар бар. Жалпы алғанда біз мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың артып отырғанына қанағаттанамыз және осы бағытта Қазақстан мен арадағы әлеуетті мүмкіндіктерді барынша пайдаланамыз. Мысал үшін Атырау-Самара магистралды мұнай құбырын үлкейту бағытында бірлескен мұнай теңгерімі жобасын жасауды, мұнай тасымалдауды 2020 жылға дейін назарға ала отырып, жалғастырамыз. Сондай-ақ алдағы уақытта Каспий құбыр желісі консорциумының өткізу мүмкіндігін арттыру бағытында бірлескен іс-қимылдар жасау, Орталық Азия-Орталық газ құбырын модернизациялауға қатысу маңызды деп ойлаймын. Біздің көзқарасымызда Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық әріптестігінің квинтэссенциясы нәтижесінде екі елде де энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетті арттыру мүмкіндігі туады. Сондықтан осы бағытта бірқатар маңызды істер тұр» дейді Ресей өкілі.
Мәселен, екі ел бірлескен іс-қимылдар жасай отырып, мұнай-газ тасымалдау құрылымын дамытып, өнімді үшінші елдерге экспорттауға, екі елдің тасымалдаушылық әлеуетін тиімді пайдалануға кірісуі керек. Бұл бағытта ол өнімдерді Шығыс Азия елдеріне, әсіресе, Қытай бағытында көбірек шығару керек деген пікірде. «Қытай үшін Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық маңызы зор, сонымен қатар тасымалдау да қолайлы. Бізге белгілісі, Қытай басшылығы ел нарығына келіп жатқан мұнай өнімдерінің жартысынан астамы Қазақстан мен Ресейден келуі тиіс деп санайды. Қытай мен оған жақын елдер экономикасындағы күннен-күнге өсіп жатқан энергетикалық ресурсқа деген сұраныс, бұл бағытқа мұнай-газ өнімдерін экспорттау тиімділігі Қазақстан мен Ресейдің әріптестігін ұлғайта түседі. Бұл бағытта бүгіннен-ақ ұзақ мерізімді жаңа Еуразиялық мұнай бағдарламасының басталуы, Қазақстан мен Ресей аумағында ортақ энергетикалық нарық құрылуы тиіс. Осы бағдарлама аясында Қытай мен Солтүстік-Шығыс Азия бағытындағы кейбір Ресей мен Қазақстандық жобалардың бірігуін көруге болады. Қазақстан мен Ресейдің ұлттық мемлекеттік қызығушылығы мүддесінен қарағанда Қазақ-Ресей мұнай альянсы Мәскеу мен Астананы әлемдік мұнай нарығындағы ірі сатушыға айналдыратыны түсінікті. Бүгінде әлемдік мұнай нарығында тек бағалық қана емес, геосаяси құрылым да өзгеруде. Азия елдерінде негізгі «тартылыс орталығы» құрылуда. Бұның айналасында энергетика саласында көп бағытты даму орын алуда. Осы ретте Астана мен Мәскеу көп бағытты Еуразиялық энергетикалық әріптестікте ортақ нарық құру арқылы басты құрылым жасаушы рөл атқаруы мүмкін» дейді В. Густов.

Оның айтуынша осы бағытта қазір Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық нарығын дамытудың жалпы стратегиясы үкіметаралық деңгейде жасалып, қабылануы тиіс.

«Бұл замануи талапқа сай екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын, энергетикалық ресурстардың еркін және тоқтаусыз тасылуын, кедендік, салықтық кедергісіз саясатты қамтамасыз ететін құқықтық база жасалуды талап етеді. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресейде энергоресурстардың ортақ нарығын қалыптастыру ЕурАзЭҚ аясында біртұтас энергетикалық аумақ қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда өндірісі дамыған Батыс Еуропа елдері мысалына қарасақ, Еуроодақ аясында энергоресурстардың бәсекеге қабілетті нарығын қалыптастыруға тырысып бағуда. Бұл энергетикалық нарықты аймақтандыру бағыты болашақта энергетика саласында үлкен басымдылыққа жетуге ұмтылыс екендігін көрсетеді. Қазір халықаралық мұнай-энергетикалық кешеннің халықаралық ықпалдастық үдерістері кезеңінде жеке елде тіпті энергетикалық ресурс қоры үлкен елде өзінің жеке энергетикалық қауіпсіздігін сақтау өте қиын. Ал Қазақстан мен Ресей аумағында ортақ энергетикалық нарық құру ішкі нарықты арзан энергиямен қамтамасыз ету, үшінші елдерге сату сынды бірқатар бағыттардағы байланыстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді».
Бұнымен қатар В Густов Қазақстан мен Ресей Каспийдегі мұнай-газ жағдайына басты назар аударуы тиіс деген пікір айтады Оның айтуынша, қазіргі кезде Каспийдегі мұнайгаз әріптестігі «үлкен назар» аударуды қажет етеді. «Осы ретте Ресей Каспий аймағының бір бөлігі ретінде оның тұрақты дамуына өзінің жауапкершілігіне ала отырып, ықпал етеді. Біз мұнай мен газды үлкен көлемде өндіру, бұл - тек қана ұлттық экономиканың дамуы ғана емес, бұл - ресурстарды абайлап пайдалану, экологияны, теңіз биоресурстарын пайдалану алдындағы үлкен жауапкершілік екендігін түсінеміз. Сондықтан экологиялық таза энергетикалық технологиялар да Каспий аймағы елдерінің басты назарында болуы тиіс. Күннен-күнге мұнай-энергетикалық кешен инновациялық технологиялардың дамуын қажет етіп отырғаны анық. Қазақстан мен Ресейдің инновациялық салада ықпалдастығы экономикалық дамуды қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі. Бұл бағытта бірлескен іс-қимылдар біздің елдерге әлемдік бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуға, әлемдік нарықта өз орнымызда алуға мүмкіндік береді. Бұған Ресей тарапынан нақты қадамдар да жасалуда. Биыл Ресей Федерациясы президентінің ұсынысымен инновациялық салада Қазақстан-Ресей әріптестігін дамыту үшін жұмыс тобы құрылып, оның қызметі, негізгі жұмыс бағыттары айқындалды. Екі ел мұнай және газ өндіруші зауыттарды салуға, модернизациялауға бірлесе отырып күш жұмсауы тиіс. Бұл бағытта менің ойымша, ЕурАзЭҚ көлемінде Еуразиялық даму банкінің (қазірдің өзінде бірқатар ірі жобалар қаржыландырылуда) қаржылық қолдауымен жоғары технологиялар саласында инновациялық әріптесікке қол жеткізуге болады. Ресей өкілі ретінде айтарым, қазіргі ауқымды әлемдік саяси, экономикалық жағдайда Ресей-Қазақстан әріптестігі белсенді бола түсуі тиіс. Бұл бағытта ел президенттері де басты назар аударуда. Ресей парламентарилері де бұл бағытта барлық көмегімізді аямаймыз» дейді Ресейдің Федералды жиналысының Федерациялар кеңесінің ТМД істері жөніндегі комитетінің төрағасы.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев АҚШ Мемлекеттік департаментінің Еуразиядағы энергетикалық дипломатия жөніндегі үйлестірушісі Стивен Маннды қабылдады.

Кездесуде Қазақстан мен АҚШ-тың мұнай-газ өнімдерін шығару және тасымалдау саласындағы ынтымақтастығының ахуалы мен даму перспективалары талқыланды.
Тараптар Қашаған кен орнын одан әрі дамыту жөніндегі таяуда қабылданған шешімнің маңызын атап өтті. Аталған шешім оны игеру жоспарының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге және 2011 жылға қарай мұнай игеруді өнеркәсіптік деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

-Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көмірсутегін тасымалдау үшін көп вариантты құбыр желілері жүйелерін кеңейтуге айрықша мән береді, мұны энергетика саласын ғана емес, сондай-ақ бүкіл ел экономикасын табысты дамытудың маңызды кепілі деп санайды. Біз АҚШ-пен еліміздің энергия көздерін әлемдік нарыққа тасымалдау көлемін кеңейту жөніндегі белсенді ынтымақтастық пен диалогты жалғастыруға ниеттіміз, - деп мәлімдеді Қ.Саудабаев.

Осы орайда, кездесу барысында Каспий құбыр арнасы консорциумы құбыр желісін кеңейту, Қазақстанның Бургас-Александруполис құбыр желісі жобасына қатысуы, Қазақстанның Каспий тасымалдау жүйесін құруы, сондай-ақ көмірсутегін тасымалдаудың баламалы жобаларын дамытудың болашағы талқыланды.

Сонымен, қорыта келе, энергетикалық дипломатия дегеніміз бұл алдыңғы қатарлы мемлекеттердің энергетикалық саладағы байланыстары экономикаға тікелей байланысты сала. Энергоресурстар (мұнай мен газ) шектеулі, олардың бағалары тұрақсыз, бұл олардың бәсекелестігін жаһандық деңгейде белгілі. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер бәсекелестік күрестің анархиясына, әсіресе жаһандандыру жағдайларында, араласудың қауіптілігін түсінеді, сондықтан олар энергетика саласындағы мәселелерді бірігіп шешудін жолдарын таппақшы. Бірте-бірте екіжақты және көпжақты энергетикалық дипломатия қалыптасады. Оның мақсаттары — әртүрлі мемлекеттер мүдделерінің тепе-теңдігін табу, энергоресурстар өндірісінің дамуына ат салысу, оларды тасымалдаудың қазіргі кепілді жүйелерін құру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру оңай емес, өйткені мемлекеттердің мүдделері кейбір кездері бір-бірлеріне қайшы келеді. Мүдделерге қатысты мемлекеттер сатып алушылар, сатушылар және энерготасымалдаушыларды тасымалдайтындарға бөлінеді. Соған қоса, әр топтың ішінде нарықтарға қол жеткізу мен оларды бақылауға, энергия жеткізудің ең қауіпсіз жолдарын қамтамасыз етуге күрес жүріп жатыр.

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Oil and Gas Journal, KAZENERGY, BP Statistical Review of World Energy, Petroleum Economist, BUSINES WEEK, International Petroleum Encyclopedia шет елдік журналдары

2. Энергетическая дипломатия. М.: Научная книга, 1999.

3. Нефтяные приоритеты российской дипломатии и энергетическая стратегия России // Дипломатический вестник. 2002. № 2

4. Глобальная энергетическая война. Тайны современной политики. - М.: Алгоритм, 2007

5. Интернет ресурстары: www.inform.kz

6. Актуальные проблемы международных отношений в начале XXI века // Отв. ред. Бажанов Е.П. М.: Научная книга, 2002

7. Дипломатический ежегодник // Научная книга, 2004.

 

3

 



[1] Энергетическая дипломатия. М.: Научная книга, 1999., 64., Нефтяные приоритеты российской дипломатии и энергетическая стратегия России // Дипломатический вестник. 2002. № 2

 

[2]  Глобальная энергетическая война. Тайны современной политики. - М.: Алгоритм, 2007)

[3] Актуальные проблемы международных отношений в начале XXI века // Отв. ред. Бажанов Е.П. М.: Научная книга, 2002

[4] Дипломатический ежегодник // Научная книга, 2004.

[5]Интернет ресурстары: www.inform.kz


Информация о работе Энергетикалық дипломатия