Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 22:49, реферат
Кедендік одақ дегеніміз — екі немесе бірнеше аймақтардың бір кедендік аймақпен алмастырылуы. Нәтижесінде одақ аймағы арасындағы саудада баждар және сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары қолданылмайды немесе кем дегенде осы аймақтан шығатын тауарлар саудасына қатысты қолданылмайды; баждар және сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары одақ құрамына кірмейтін аймақтармен сауда-саттыққа қатысты әрбір одақ мүшесі тарапынан қолданылады.
14. Тауарлармен сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережелері туралы келісім.
Енді кедендік Одақтың құрылымына келсек, ол Мемлекет басшылары деңгейіндегі және мемлекет үкімет басшылары деңгейіндегі Мемлекетаралық Кеңес, Кедендік Одақ комиссиясы, оның хатшылығы, және ЕурАзЭҚ Соты.
Мемлекетаралық Кеңес ЕврзЭС тің жоғарғы органы. Құрамы мемлекет президенттері мен өкілдерінен тұрады. Бірлестікке қатысушы мемлекеттердің ортақ қызығушылықтарын қарастырыу, стратегиялық және даму перспективаларының бағытын анықтаумен қатар, оны жүзеге асыру барысында шаралар қолданады. ЕврАзЭС мақсаттары мен мүдделерінің жүзеге асыру барысындағы бағыттарды анықтайды. Мемлекетаралық Кеңес мемлекет президенттерінің шеңберінде кемінде жылына бір рет, өкілдер арасында жылына кемінде екі рет бас қосуы тиіс. ЕврАзЭС-тің Мемлекетаралық Кеңесі консенсум арқылы шешімге келеді. Қабылданған келісімдерді қатысушы мемлекеттердің орындауы міндетті.
Мемлекетаралық
Кеңестің председателі
Кедендік одақ комиссиясы кедендік одақтың реттеуші органы болып табылады. Комиссияның негiзгi мiндетi кеден одағының жұмыс iстеуi және дамуы жағдайын қамтамасыз ету болып табылады. Оның құрамына: Қазақстан Республикасының атынан – ҚР бірінші вице-премьері Ө. Шөкеев, Ресей Федерациясының атынан – РФ Төрағасының бірінші орынбасары И. Шувалов, Беларусь Республикасының атынан – БР Үкіметі Төрағасының орынбасары А.В. Кобяков – үш мемлекеттің Үкімет басшыларының орынбасарлары кіреді.
Кедендік одақ комиссиясының шешімі Қазақстан – 21,5, Беларусь – 21,5, Ресей – 57 дауысқа ие көпшілік дауыспен, яғни дауыстың үштен екісімен қабылданатын болады. Егер жақтардың бірі Кедендік одақ комиссиясының қабылдаған шешімімен келіспеген немесе қажетті дауыс саны жиналмаған жағдайда, мәселе консенсус шешімін қабылдайтын мемлекет басшылары деңгейіндегі Кедендік одақтың жоғарғы органына қарауға беріледі. Комиссияның отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Тараптардың тым болмаса бiр өкiлiнiң өтiнiшi бойынша Комиссияның кезектен тыс отырыстары өткiзiлуi мүмкiн.
Комиссиядағы төрағалық кеден одағының жоғарғы органы белгiлеген тәртiппен кезекпен жүзеге асырылады.
2007 жылғы Кедендік одақ
Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Комиссияның өз
қызметiнiң нақты
Комиссия Хатшылығы (бұдан әрi - Хатшылық) Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Хатшылықтың функциялары мен құрылымы, персоналының саны және лауазымды адамдарының мәртебесi Комиссияның функцияларын негiзге ала отырып, Тараптар арасындағы халықаралық шарттармен белгiленедi. Хатшылық Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды және оның жұмысын ақпараттық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
Кедендік Одақ тың өзінің Соты әзірге жоқ. Ұйым шеңберінде қандай да дау туса, ол Бірлестік Сотында шешіледі. Бірлестік Соты ЕврАзЭС-тің мекемелерінде және бірлестік шеңберінде қабылданған келісімдер мен шараларды толыққанды бір деңгейде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Жалпы оның функциялары: бірлестіктің органдарының мүшелерімен қабылданған келісімдердегі экономикалық характердегі қайшылықтарды қарастыру және оларды шешу. ЕврАзЭС-тің Бірлестік Соты Минск (Белоруссия) қаласында орналасқан.
Кедендік одақтың Кедендік кодексі 2008-2010 жылдарда ЕурАзЭҚ шеңберінде кедендік одақ құру жөніндегі іс-қимыл жоспарына және 2007 жылғы 6 қазандағы кедендік одақ құру және бірыңғай кедендік аумақ қалыптастыру туралы келісім-шартқа сәйкес жасалынды. Кодекс қабылдау Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кедендік аумақ құру, сонымен бірге сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін барынша қолайлы жағдай туғызу мақсатында кедендік үдерістерді жеңілдету және үйлестіру қажеттігінен туындады.
Үш мемлекетке ортақ бұл Кеден кодексі Қазақстан Республикасының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оның негізіне Киотта хаттамасы алынған. Кодекс құрылымы 8 бөлімнен, 50 тараудан, 372 баптан тұрады. Жаңа Кодекстің басты мақсаты Кедендік одақта бірыңғай кедендік кеңістік қалыптастыру, Кедендік одақ аумағында транзит үшін ортақ ахуал қалыптастыру, кедендік тіркеулер мен кедендік бақылаулардың күшін жою болып табылады. Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы шеңберiндегi кеден одағындағы кедендiк реттеу - тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге, оларды кеден одағының бiрыңғай кедендiк аумағы арқылы кедендiк бақылаумен тасымалдауға, уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк рәсiмдерге сәйкес шығаруға және пайдалануға, кедендiк бақылауды жүргiзуге, кедендiк төлемдердi төлеуге байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетiлген тауарларды иелену, қолдану және оларға билiк ету құқығын iске асыратын тұлғалар арасындағы билiк қатынастарды құқықтық реттеу.
Кедендік одақтың кедендік-
Кедендік баж салығын біріздендіру жұмысы барысында мынандай негізгі мәселелерге сүйенуге тура келді, ол бірінші, өзінің өндірістік құрылымы болу. Белгіленетін кедендік баж салығы отандық өндірісшілерді қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Егер мемлекеттің аталмыш тауар өндіретін өндірісі болмаған жағдайда, тұтынушылардың мүдделері толық ескерілуге тиіс.
Екінші, импорт құрылымы. Егер импорттың негізгі мөлшері ТМД мемлекеттерінің үлесіне тиетін болса немесе мұндай тауар аталмыш мемлекетке бірқатар жылдардан бері импортталмаған жағдайда аталмыш тауар кедендік баж салығының ставкаларын өзгертуге қатысты тауарлар қатарына жатпайды. БКТ-ны белгілеу кезінде Қазақстан 400 тауар түрлерін импорттаған кезде кедендік баж салығы ставкаларының ең төменгі мөлшерін қолдану жөнінде өз құқығын сақтап қалды. Бұл ретте өтпелі кезеңде мұндай тәртіп экономикамызды әртараптандыру бағдарламасы шеңберінде импортталатын тауарларға қатысты қолданылатын болады. Мәселен, елімізде мұнай-химия саласының кәсіпорындарын дамыту, қалайы, қағаз және басқа тауарларды өндіруді арттыру жөніндегі бірқатар ірі жобалар іске қосылған, оның ішінде бірнешеуі шетел капиталының қатысуымен жүзеге асырылуда. Сонымен бірге, өтпелі кезеңде дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, мұнай-химия саласына қажетті шикізат, қалайы, целлюлоза, қағаз өнімдерінен жасалған бірқатар бұйымдар, құрал-жабдықтар және басқа кейбір тауар түрлеріне ерекшеліктер берілетін болады.
Тағы бір атап көрсететін мәселе, Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңының аясында “мақсатты импорт” атты тағы бір жеңілдік түрін кіргізу де жоспарланып отыр. Бұл режімге Кедендік одаққа мүше мемлекеттер аумағында сол мемлекеттердің үкіметтері белгілеген инвестициялық жобаларға байланысты пайдаланылатын технологиялық құрал-жабдықтар, оларға қажетті қосалқы бөлшектер, шикізаттар, басқа да материалдар жатқызылады. Олар импорттық баж салығынан босатылады.
Кедендік одаққа мүше мемлекеттер аумағында шығарылмайтын немесе шығарылған күннің өзінде техникалық талаптарға сәйкес келмейтін шикізат түрлеріне де жеңілдіктер жасалады. Қазақстан тарапы 10 жыл мерзімге, яғни 2010 жылдан 2019 жылдар аралығында шеттен әкелінетін тростникті қант-шикізатына импорттық баж салығын салмау жеңілдігін сақтап қалды.
Сондай-ақ, жеңілдетілген баж салығы тізіміне кірмеген мына тауарлар түрлері бойынша тиісті жеңілдіктер жасау жөнінде де арнайы келісім жасалынды.
Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері әкелетін 995 деңгейіндегі алтын құймалар. Бұл механизм алтынды инвестициялық құрал ретінде сатуды дамыту үшін қажет.
Кедендік одаққа мүше
мемлекеттер халықаралық
Олимпиядалық және азиялық ойындарды өткізуге қажетті тауарларды баж салығынан босату.
Кедендік одақтың негізгі шарттарының бірі, үшінші бір мемлекетке қатысты ортақ сауда саясатын жүргізу болып табылады. Оған ортақ тарифтік емес саясат жүргізу мәселесі де кіреді. Осы мақсатқа орай 2009 жылғы 27 қарашада мемлекет басшылары дәрежесінде өткен Мемлекетаралық кеңесте “Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кедендік одағында бірыңғай тарифтік емес реттеулер туралы” шешім қабылданды.
Іс жүзінде бірыңғай тарифтік емес реттеулерге мыналар енгізілген:
1. Кедендік одақтың
комиссиясы тарифтік емес
2. Бүгінде Мемлекетаралық комиссияның және Кедендік одақ комиссиясының шешімімен Кедендік одаққа мүше мемлекеттер тарапынан тарифтік емес реттеулер жасалатын тауарлардың бірыңғай тізімі бекітілді.
3. Бірыңғай тарифтік
емес реттеу шаралары
Осы ретте ескертетін бір мәселе, импортқа, экспортқа және транзитке 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін беріліп қойған лицензиялар мерзімі біткенше күшін жоймайды. Ал 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Кедендік одақтың мүшелеріне жаңа бірыңғай лицензиялар берілетін болды. 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін рұқсат бойынша жүргізілген тауарлардың импорты, экспорты және транзиті 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін сақталады. Ескертетін жағдай, 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап бағалы металдар мен тастар лицензияланатын болды.
Жалпы, Кедендік одақтың құрылуында Қазақстанның орны ерекше. Себебі, осы Одақты құру идеясын біздің Елбасымыз ұсынған болатын. Жалпы, Қазақстан үшін посткеңестіктегі интеграцияны дамыту стратегиялық жағынан өте маңызды. Алайда, Кедендік Одақтың Қазақстан үшін тиімсіз жақтары көп. Ұйымнан ең көп пайда табатын ел – Ресей болып табылады. Дегенмен, осыған қарсы пікір білдірушілер де Қазақстанда аз емес. Кедендік одақтың қалыптасуына байланысты Қазақстан үшін мемлекеттермен неғұрлым тығыз қарым-қатынас орнату арқылы әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздеу, өзара инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар құру, мемлекеттердің экономикалық әлеуетін ескере отырып, біріккен өндіріс орындарын ашу, жалпы ішкі өнім 1,6 млрд. АҚШ долларын құрайтын ортақ деңгеймен Қазақстанда 15,9 млн. адамнан Кедендік одақта 167,2 млн. адамға дейін ішкі нарықты кеңейту, ішкі нарықтың кеңеюі нәтижесінде Кедендік одақтың бірыңғай кедендік аймағында, соның ішінде Қазақстанда жаңа өндіріс орындарының, бірін-бірі толықтырушы кәсіпорындар кооперацияларының дамуы және сатылас біріккен корпорациялар құру үшін қызығушылықтардың пайда болуы, өнімдерге қойылатын қазіргі уақыттағы әрекет етуші стандарттар мен талаптардың бір ізге салынуына байланысты отандық тауарларды өткізу нарығының кеңейтілуіне және инвестциялық тартымдылығын арттыруға негіз болатын Кедендік одақ елдері, соның ішінде Ресей Федерациясы нарықтарына қазақстандық тауарлардың шығуын жеңілдету және кеңейту сияқты негізгі мүмкіндіктер туып отыр.
Зиянды жақтарын көп
дейтіндер негізінен сауда-