Кедендік Одақ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 22:49, реферат

Описание

Кедендік одақ дегеніміз — екі немесе бірнеше аймақтардың бір кедендік аймақпен алмастырылуы. Нәтижесінде одақ аймағы арасындағы саудада баждар және сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары қолданылмайды немесе кем дегенде осы аймақтан шығатын тауарлар саудасына қатысты қолданылмайды; баждар және сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары одақ құрамына кірмейтін аймақтармен сауда-саттыққа қатысты әрбір одақ мүшесі тарапынан қолданылады.

Работа состоит из  1 файл

Кедендік Одақ Реферат.doc

— 138.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен, таза экономикалық тұрғыдан алсақ, біз үшін Кедендік одақ — пайдасынан гөрі зияны басым  халықаралық құрылым. Дегенмен, мемлекет тіршілігі тек экономикалық мақсатты іске асырумен ғана шектелмейді. Энергетикалық қуат көздері үшін қазіргідей алпауыт елдер арасында ымырасыз жүріп жатқан тартыс кезінде бізге ел іргесін бекемдеу қажет. Ресми Астана сол үшін де экономикалық жағынан қып-қызыл шығынға батқанмен, саяси жағынан ұтып отыр. Ресей — бізбен ғасырлар бойы қоян-қолтық өмір сүріп, сыралғы болған ел. Әрі оның Қытай секілді кезі келсе бізді таптап кететіндей қауқары жоқ. “Үйреніскен жау атыспаққа жақсы” дегендей, біздің тарих сынынан өткен орыстармен достығымызды пайдаланып, мықты елге арқа сүйеуіміз керек. Алайда саяси жағынан қарағанда да, ұйым мемлекеттердің ұлттық мүддесін емес, саяси элиталардың мүддесін анықтайды деген пікірлер айтлуда. . Оған қазіргі билік өз қолындағы билікті сақтап қалуды көздеп барды. Елдегі билік жиі қайталайтын көпвекторлы саясат ұғымы осы себептен пайда болған-ды. Мысалы, Беларусьте 2012 жылы президенттік сайлау өтеді. А.Г.Лукошенкоға өз тағын сақтап қалуға тек Ресей ғана көмектесері анық.

Экономикалық тиімділігін жақтаушы кейбір экономистердің айтуы бойынша Кедендік одақтың макроэкономикалық тұрғыдан алғанда, әр ел үшін пайдасы бар, әрине. Мысалы, үш ел құрамында Біртұтас экономикалық кеңістік құру 2015 жылға қарай аталған үш елдің ЖІӨ-нің өсімін 14-17 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етеді екен. Интеграциялық фактор есебінен Ресей қосымша қазіргі заманғы ЖІӨ деңгейінің 16,8 пайызына, Беларусь 16,1 пайызына, Қазақстан 14,7 пайызына қол жеткізбек. 2015 жылы интеграциялық тиімділіктің жалпы жиынтығы, шамамен, 400 миллиард долларды құрайды деген болжам бар. Кедендік одақ 170 млн. адам өмір сүретін ірі рынокты қамтиды. Біздің елдеріміздің өнеркәсібі 600 млрд. долларды, тек мұнайдың жиынтық резервінің өзі 90 млрд. баррельді құрайды. Біздің елдеріміз энергия ресурстары рыногында да әлемнің алпауыт мемлекеттері есептесетін маңызды ойыншыға айналып отыр. Бидайдың әлемдік өндірісінің 12 пайызы, осы өнім экспортының 17 пайызы осы елдердің еншісіне тиеді. Жалпы алғанда, біздің елдеріміздің ортақ ішкі жалпы өнімі 2 трлн. доллар, жиынтық тауар айналымы 900 млрд. доллар болып отыр.

 Бұл сонымен қатар  біздің шетелдік әріптестеріміз  бен инвесторларымыз үшін де  қолайды болмақ. Бұл жайды Елбасы  Н.Назарбаев ҚР Президенті жанындағы  шетелдік инвесторлар кеңесінің  өткен жылғы желтоқсанда өткен соңғы отырысында да атап көрсетті. Мәселен, Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құрып, бизнесінің өрісін кеңейтуге ұмтылған кәсіпкер тауарларын осы одақ құрамындағы Беларус, Ресей елдеріне де жылжыта алады. 2011 жылғы шілденің 1-інен бастап Кедендік одақтың ішкі шекараларынан бақылаудың барлық осы түрлері алып тасталады. Тек шекаралық бақылау ғана қалады. Мұның тауарларды еркін жылжыту тұрғысында айтарлықтай әсер ететіні түсінікті. Әкімшілік кедергілер де болмайды, Одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы сауда жеңілдейді. Егер негізінен нөльдік ставкалар болған 2006 жылы қабылданған тарифтермен салыстыратын болсақ, енді тарифтер орта есеппен 5 пайызға көтеріліп отыр. Бұдан да көбірек тарифтер, өзгеріссіз қалдырылған тарифтер бар. Қазақстан үшін шамамен 400 аталымнан тұратын тауарлардың арнайы тізбесі бар, сол тізбе бойынша біздің еліміз, 2013 жылды қоса алғанда, белгілі ауыспалы кезеңдегі тарифтерді өзі анықтайтын болады. Осылайша, алдағы 4 жылда тарифтер өзгеріп отырады: алғашқы екі жылда жоғарыдағы 400 аталым бойынша нөльдік ставка жүреді, одан кейін – 2012 және 2013 жылдары бірыңғай кедендік тариф ставкасы қолданылады. Бұл Қазақстан экономикасына әсер етуі мүмкін негізгі өзгертулер.

Кедендік аумақтың тағы бір оң қыры – оның транзиттілігі. Енді азиялық елдердегі өндірушілер Қазақстанда өндірістік қуаттарын ашуға,  сөйтіп өнімдерін осы жерде шығарып, оларды Еуропаға жеткізуге мүдделі, себебі өнімдер бір ғана бақылаудан өтетін болады. Осы тұрғыдан алғанда, аталған үш елдің алдында тұрған экономикалық міндеттердің бірі – атал-ған нарыққа деген жұртшылықтың ықыласын арттыру, ал бұл мақсатта олар инфрақұрылымды, техникалық платформаны дамытулары керек. Сондай-ақ көлік жолдарымен де қамтамасыз етулері тиіс.

Қорыта келгенде, Беларусь, Қазақстан және Ресей экономикалық интеграцияның үлгісі – тәуелсіз мемлекеттер арасында ерікті түрде құрылған Кедендік одақ құрамына топтасты. Бұл жаңа құрылымның басты артықшылығы, Кедендік одақ құрамына ену арқылы қазіргі жаһандану дәуіріндегі болжаусыз экономикалық дауылдарға бірлесе қарсы тұратын болады. Отандық тауар өндірушілер үшін өнім өткізу рыногы ондаған есе ұлғайып, ел экономикасының бәсекелестікке қабілеттілігі шыңдалмақ. Қазақстан үшін зиянды жақтары да көп болса да, болашақта осы ұйымның елімізді саяси артықшылықтар мен қатар экономикалық, техникалық артықшылқтарға да қол жеткізететіне сенгім келеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

    1. «Таможенный союз Беларуси, Казахстана и России: реалии и перспективы», отв. ред. Б. К. Султанов КИСИ при Президенте РК, 2010.
    2. «Таможенный союз: дела и планы», Исингарин Н.К Алматы, БИС, 2000,.
    3. Кедендік Одақтың ресми сайты. http://www.tsouz.ru/Pages/Default.aspx
    4. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 маусымдағы N 45-IV Заңы "Кеден одағының комиссиясы туралы шартты ратификациялау туралы" http://www.minplan.kz/kz/economy/8565/33011
    5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 11 мамырдағы № 400 Қаулысы "Кеден одағының Кеден кодексi туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы". http://www.minplan.kz/kz/economy/8566/33013/ 
    6. «Итоги внешнеполитической деятельности РК и ее приоритетные задачи», У. Касенов, «Казахстан и мировое сообщество», 1994, № 1.
    7. «Кедендік одақ – ықпалдастықтың жаңа сатысы»,  Ел газеті, 26 қаңтар, 2010
    8. «Кедендік Одақ:  алыс-беріс, барыс-келістің  кешенді кеңістігі», «Егемен Қазақстан», 15 қаңтар 2010
    9. «Одақтың болашағы өзара тиімділікке тәуелді», «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газеті, 18.02.2010
    10. «Основные принципы и краткая история формирования таможенного союза», Центр по изучению вопросов таможенно-тарифного и нетарифного регулирования, 15.02.2010.
    11. «Кедендік Одақ: интеграция процессі», 30.06.2010. info@fingramota.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

І. Кіріспе

 

Кедендік одақ құрылуының алғышарттары

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

А) Кедендік одақтың құрылу тарихы

Б) Кедендік Одақтың мақсаттары мен  негізгі міндеттері

В) Кедендік одақтың құқықтың негізі

В) Кедендік одақтың құрылымы

Г) Кедендік реттеулер (Кедендік кодекс бойынша)

Д) кедендік одаққа қазқстанның орны: тиімділігі және тиімсіздігі, қарсылықтар  мен қолдаулар

 

ІІІ. Қорытынды


Информация о работе Кедендік Одақ