Республиканың алғашқы жылдары және Конституцияның қабылдануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 09:39, реферат

Описание

XVII-XVIII ғасырларда Солтүстік Американың Атлантика мұхиты жағалауында 13 отар құрылды. Отарлардағы адам саны 2,5 млн.-дай еді. Оның жарты миллионы африкалық негрлер болатын. Отарлықтар Американың жергілікті тұрғындарын үндістерді құлдыққа көндіре алмады. Көпшілік қоныстанушылар Еуропадан, оның ішінде көбі Англиядан келгендер еді. Отарлардың мемлекеттік құрылыстары Англияның өзіне өте ұқсас болатын. Олардың ішкі істердегі автономиясы король бекіткен қағаздармен айқындалды. Қоныс аударушылар өздерімен бірге Американ отандарында қолдана алмайтын ескі еркіндіктерін, кейбір биліктерін ала келді. Олар табиғи заңдылықтар іліміне сүйене отырып, өз заңдарын құрды. Отарлар феодализм тәртіптерін білген жоқ. Олардың экономикалық дамуы XVII ғасырда қалыптасқан буржуазиялық қарым-қатынастар негізінде өрбіді.

Содержание

1.Кіріспе
Англияның Солтүстік Америка отарларында тәуелсіздік үшін соғысы және Бірінші революция. АҚШ-тың құрылуы
2. Негізгі бөлім
1. Америкада отарлардың қалыптасуы және тарихи даму ерекшеліктері
А) Франция, Нидерланды және Испанияның Солтүстік Америка контингентіндегі отарлық саясаттары және оның сәтсіздікке ұшырау себептері
Б) Солтүстік Американы ағылшын отарына айналдыру кезеңдері
В) Отарлардың саяси құрылысы және тұрғындарының әлеуметтік құрамы
2. 17-18 ғ. 1–ші жартысындағы Англияның Солтүстік Америка отарларының экономикалық дамуы
3. Американ ұлтының қалыптасуының негізгі факторлары мен динамикасы
4. Америкалық ағартущылық идеялогиясының ерекшеліктері. Антиколониялдық идеологияның қ алыптасуы
5. Революция қарсаңындағы ұлттық буржуазиядық қозғалысы. Колония мен Метрополия арасындағы қатынастың шиелене түсуі
6. Континенттік конгресс. Саяси ахуал, Американ халқының тәуелсңздікке бет бұруы.Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы.
7.1 Континенттік конгресс, солтүстік штаттардың тәуелсіздігінің жариялануы. 1775-1778 жж. Соғыс қимылдары және республиканың халықаралық жағдайы. Тәуелсіздік деклорациясының қабылдануы
8.Соғыстың соңғы кезеңі 1733 жылғы Париж бейбіт бітімі АҚШ-тың алғашқы ата-заңының қабылдануы(Конституция)
9.Республиканың алғашқы жылдары және Конституцияның қабылдануы
А) Америка халықтарының демократиялық құқықтары үшін күресі.Федератшылдар мен антифедератшылдар
Б) Заңдар мен түзетілмелердің қалыптасуы
10.Американ буржуазиялық революциясның нәтижесі, сипаты және маңызы.

Работа состоит из  1 файл

РЕФЕРАТ ЕУРОПА АМЕРИКА.docx

— 46.15 Кб (Скачать документ)

Жоспар

1.Кіріспе

Англияның Солтүстік  Америка отарларында тәуелсіздік  үшін соғысы және Бірінші революция. АҚШ-тың құрылуы

2. Негізгі  бөлім

1. Америкада  отарлардың қалыптасуы және тарихи  даму ерекшеліктері

А) Франция, Нидерланды және Испанияның Солтүстік Америка контингентіндегі отарлық саясаттары және оның сәтсіздікке ұшырау себептері

Б) Солтүстік Американы ағылшын отарына айналдыру кезеңдері

В) Отарлардың саяси құрылысы және тұрғындарының әлеуметтік құрамы

2. 17-18 ғ. 1–ші  жартысындағы Англияның Солтүстік  Америка отарларының экономикалық  дамуы

3. Американ  ұлтының қалыптасуының негізгі  факторлары мен динамикасы

4. Америкалық  ағартущылық идеялогиясының ерекшеліктері.  Антиколониялдық идеологияның қ  алыптасуы

5. Революция  қарсаңындағы ұлттық буржуазиядық  қозғалысы. Колония мен Метрополия  арасындағы қатынастың шиелене  түсуі 

6. Континенттік конгресс. Саяси ахуал, Американ халқының тәуелсңздікке бет бұруы.Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы.

7.1 Континенттік  конгресс, солтүстік штаттардың  тәуелсіздігінің жариялануы. 1775-1778 жж. Соғыс қимылдары және республиканың  халықаралық жағдайы. Тәуелсіздік  деклорациясының қабылдануы

8.Соғыстың  соңғы кезеңі 1733 жылғы Париж бейбіт  бітімі АҚШ-тың алғашқы ата-заңының  қабылдануы(Конституция)

9.Республиканың  алғашқы жылдары және Конституцияның  қабылдануы

А) Америка  халықтарының демократиялық құқықтары  үшін күресі.Федератшылдар мен антифедератшылдар

Б) Заңдар мен  түзетілмелердің қалыптасуы

10.Американ  буржуазиялық  революциясның нәтижесі, сипаты және маңызы.

 

 

Кіріспе

 

XVII-XVIII ғасырларда Солтүстік Американың Атлантика мұхиты жағалауында 13 отар құрылды. Отарлардағы адам саны 2,5 млн.-дай еді. Оның жарты миллионы африкалық негрлер болатын. Отарлықтар Американың жергілікті тұрғындарын үндістерді құлдыққа көндіре алмады. Көпшілік қоныстанушылар Еуропадан, оның ішінде көбі Англиядан келгендер еді. Отарлардың мемлекеттік құрылыстары Англияның өзіне өте ұқсас болатын. Олардың ішкі істердегі автономиясы король бекіткен қағаздармен айқындалды. Қоныс аударушылар өздерімен бірге Американ отандарында қолдана алмайтын ескі еркіндіктерін, кейбір биліктерін ала келді. Олар табиғи заңдылықтар іліміне сүйене отырып, өз заңдарын құрды. Отарлар феодализм тәртіптерін білген жоқ. Олардың экономикалық дамуы XVII ғасырда қалыптасқан буржуазиялық қарым-қатынастар негізінде өрбіді.

Ағылшын мемлекеті отарларға тауар өткізетін  нарық және шикізат көздері ретінде  қарады. Олар жаңадан пайда болып  келе жатқан американ буржуазиясының мүдделеріне мейлінше қысым жасады. Америка тұрғындарына құл сатумен  айналысуға рұқсат етілген жоқ, тауарларды тасымалдаумен тек ағылшындар айналыса алатын болды, өнімдері шығарылмады. Георг  III фермерлерге Аллеган тауларының ар жағындағы жерлерді иеленуіне тыйым салды. Америкадағы мақта, темекі, жүгері құнының төмен болуы, ағылшын тауарларының қымбаттығы плантаторларды жиі-жиі банкроттыққа ұшыратып отырды. Еуропа мемлекеттерінен әкелінген тауарларға төлейтін салықтарды көбейтті және оны күміс ақшамен төлеуге мәжбүр етті. Бірақ Англияның Америка отарларын бағындыра, ырқына көндіре ұстамақшы болған, экономикалық дамуын тоқтатпақ болған әрекеттері Америка халқының үзілді-кесілді батыл қарсылығына тап болды. Соның салдарынан тәуелсіздік жолындағы күрес басталды. Осы тұста Америка Құрама Штаттарының негізін қалаушы ірі қоғам қайраткерлері, Тәуелсіздік декларациясының авторлары тарих сахнасына шығып, әлемде ірі мемлекеттің негізін қалады. Сондықтан да қазіргі кезде дүниежүзіне саяси-экономикалық және әскери жағынан болсын айрықша ықпал етіп отырған алып мемлекеттің құрылу тарихы, сол бағыттағы іс-әрекеттері мен ой-пікірлері жайында зерттеулер жүргізу тәуелсіз мемлекет құрып, жаңа даму арнасына түскен біздің еліміз үшін де маңызды болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ХVІІ - ХVІІІ  ғасырларда  Солтүстік Америка ның  Атлантика мұхиты  жағалауында 13 отар құрылды. Отарлардағы адам саны 2,5 млн- дай еді.  Оның жарты миллионы   африкалық негрлер болатын.   Отарлықтар  американың жергелікті  тұрғындарын үндестерді  құлдыққа  көндіре алмады.  Көпшілік қоныстанушылар Еуропадан, оның  ішінде  көбі  Англиядан келгендер еді.  Отарлардың  мемлекеттік құрылыстары  Англияның  өзіне өте  ұқсас болатын.  Олардың  ішкі істерді  автономиясы король  бекіткен  қағаздармен  айқындалды.  Қоныс  аударушылар өздерімен  бірге   Америкаға  отандарында  қолдана  алмайтын  ескі  еркіндіктерін , кейбір  биліктерін ала келді.  Олар табиғи  заңдылықтар іліміне  сүйене  отырып , өз  заңдарын  құрды.  Отарлар  феодолизм  тәртәптерін  білген жоқ.  Олардың  экономикалық дамуы ХVІІ ғасырда  қалыптасқан  буржуазиялық  қарам-қатынастар негізінде өрбіді.

Ағылшын мемлекеті  отарларға  тауар өткізетін нарық  және шикізат көздері ретінде  қарады.  Олар жаңадан  пайда болып  келе жатқан  американ буржуазиясының  мүдделеріне мейілінше  қысым  жасады. Америка  алғашқы  британ  қоныстанушыларының  келгенінен бастап,  ағылшынның солтүстік  американдық   отарлардағы азаттық  қозғалысының  басталуына дейін бар жоғы 150 жыл  өтті.Британияның отарлары  Еуропалық  қоныстанушыларының  бос  еді. Бірақ  америкалық  абориген -үндістерді  өз жерлерінен  ығыстыра отырып  орналасқан. Отаршылдар  үндістерден  ауыл шаруашылық  дақылдарын өсіруді, шаруашылық  әдістерін  және аң аулауды үйренді. Үндістер  оларға алғаш  кезде азық-түлікпен  көмектесті. Бірақ  сол  Американың  негізгі халқын отаршылдар  өлім  жағдайына жеткізсе де,  оларды  13 отарда  жұмысшылар жетпей  жатса да , құлға  айналдыра алмады.

Тәуелсіз  мемлекет  құрудың  алғы шарттары болды,  Американ төңкерісі  отарлардың  біртұтас   мемлекетке  бірігуі  үшін  объективті   жағдай жасағаны мәлім.  Төңкерістің  қайнар көздері  Америка экономикасы үшін  дәстүрлік  жолмен  дамыды.  Метрополия  мұхиттың   ар жағына  өзінің  шаруашылық өнімдерін   шығару арқылы  олардан көп табыс  алып отырды.  Отарлардың  еншісі   британ  шаруашылығы  үшін негізгі  материал,  шикізат жеткізуші  болып  табылады. Олардың  қарам-қатынастары  пайда табу негізінде құрылған.

Ағылшын  буржуазиялық  төңкеріс кезінде   жылы қабылданған  Навигациялық   акт сауданы  тек ағылшын  су жол қатынастарымен  өткізуді  қажет  деп тапты.  Саудаға  қатысатын  кемелердің  капитандары  болып тек  ағылшын   мемлекетінің   азаматтары   тағайындалатын. Ағылшын  кемелері нің  төртен бір бөлігі  отарларда   жасалды.  отарлар  жасырын  жолмен  контрабандамен   айналысатын.  Олар жергілікті  өкіметпен  шарт жасасып,  қалпақ, етік, жиһаз  тағы  басқа  заттарды жасай бастады.

ХVІІІ  ғасырлардың  ортасында  отарлардың саяси  құрылысы  былай қалыптасқан болатын:  губернатор жергілікті   ақсүйектерден  немесе қызметкерлерден сайланды.  Кейбір  отарлар   губернаторларды  өздері  сайлайтын еді. Отарлар үшке бөлінді:  қызметкерлердің  басқаруымен  болған жергілікті  отарлар,  жеке отарлар,  жеке адамның иесі,   олардың  сол  отардың  иесінің  өзі басқарды және  ағылшындардың  негізінде   құрылған, өзін өзі  басқаруға  келген  отарлар. 

Америка  төңкерісі   көр ерекшеліктері  болды.  Оны тапсыз  күрес деп  атайтын.  Ол бүкіл   Америка  халқының  тәуелсіздігі үшін , бостандығы үшін  өткізген күресі.

60-70 жылдардағы  оқиға  азаттық  қозғалысымен   және америкалық   революцияның   өзгеруімен тығыз  байланысты.  Осы  жылдары  революциялық   күш қалыптасты , сондақ-ақтәуелсіздік   үшін  күрестің  әдістері  мен   ұйымдастыру тәжірибиесі құрылды.  Тәуелсіздік үшін күрес негізінде  келесі төрт  мәселе шешілуге  тиісті  еді:  құлдықты жою,  Аллеган  тауларының  жанындағы   жаңа  жерлерге  қоныс  аудару, өнеркәсіп пен  сауданың   бостандығын  алу және  отарлық   әкімшіліктің  тәуелсіздігін   қорғау.

Отарлардағы азаттық - демократиялық  қозғалыстың  басталғаннан   20 жылдай өткен  еді. Ол  Англиядағы жеті жылдық   соғыстың  жеңісіне тікелей байланысты. Олар  Канададан  француздарды  ығыстырып  шыңғарып, өздерінің   қатаң  режимдерін енгізуге тырысты.  Англия өкіметін  жақсарту жолында  бірнеше қаулылары  шықты, соның  арасындағы 1765 жыл  22 наурыздағы   елтаңба  жөніндегі  заң  көп  наразылық  туғызды.  Соғыс аяқталғанан  кейін Англияның 340 млн, фунт стерлинг  қарзы жиналды. Жаңа заң оның 60 млн. фунт стерлинг  пайда беруге  тиісті еді.  Салық заңының бабы бойынша барлық  баспа орындарында, заң құжаттарынв некелік контракт, сауда келсімдеріне, ұрпақ жөніндегі қағаз және  басқа да ресми құжаттарға  салық салынды. Англия жағынан жасалған қысымға қарамастан , отарлар жедел дамыды, капиталистік өндіріс қатысынан Америка революциясы ұшқындады.

Оның  тікелей  себебі ағылшын  үкіметінің  қатаң  істері,  Аллеган жерлерін  пайдалануға  қарсы шыққан корольдің  бұйрықтары.1764 жылы  Еуропадан Америкаға  әкелінген  заттарға баж  салығына кіргізе бастады. Бұл кезде  ағылшын  әскерлерінің  саны өсе  түскен. Отарларға  кредит билетімен кіруге  болмайтынына байланысты елтаңба  туралы заң шығарылып, оны1773   жылғы  саудадағы  шай  туралы  заң толтырды.

Вергиния  Ассамблеясында Генри сөзінен  кейін  заң  шығарушылар қарсы  шығып , осы заңға оппазиция құрастырды. Массачусетс  ұсынысы бойынша  1765 жылы қазанның 7 жұлдызында құрылықаралық Конгресс шақырылды. Америкадағы  британ  отарларының құқығы мен шағымы  жөнінде  декларация   қабылданған осы Конгресс. Халық салық  жинаушылардың үйлерін өртеп, олардан   салық алмау жөнінде ант алды.1766 жылы Англия парламенті  салықты  өзгертті .1767   жылы жазда Англияның  парламенті  Таушенд заңдары деп  аталған үш  заң қабылданды. Таушенд  заңдары  қабылданғаннан кейін  ағылшын мен  америка қатынасы бірден  нашарлады да,1771  жылы  бұл заңдарды  өзгертілді.

1773 жылы  16 желтоқсанда  Бостон  қаласының   халқы  ағылшын  кемесі  арқылы  келген шайды теңізге батырып  жіберді. Англия Бостон  портын  жауып, оны  бүліншілік  жағдайында  деп  мәлімдеді. Бостон және  Массачусетс  отарларымен  қарым-қатынасқа  тыйым салды. Портардың  блокадасын  ерегісіп, Конгресс бүкіл сауда  туралы ағылшын  заңдарын  жойып, король қызметкерлерінің  меншігін тәркілеуге ұшыратқан еді.

Отарлар  метрополиға  қарсы  күресу үшін  өздерінің  күштерін біріктіре бастады.

Король Геог IV барлық отарлардағы жағдайды бүліншілік жағдай деп  хабарлап, 2000 әскерді  іріктеді, жалдамалы негрлер  мен  үндістерді  де  әскерге қатысуға тартты. Бқл соғыс  феодализмге  қарсы  күрестің  қарауына айнылды. Соғыс бір елдің  екінші елге немесе  езушінің езушіге қарсы  күресі ғана емес, оның  қозғаушы күші.  Төңкеріс басшылары, тура оның  түпкі шешіміне тән болып келді, олар солтүстік  және оңтүстік  плантат ор ,  көпестердің  қолында. 1775 жылы сәуірде Англия  мен оның   отарларының  арасында ашық соғыс басталды. Бұл соғыс  прогрессивтік , әділетті соғысқа жатады. Америка халқы  ағылшын қарақшыларына, құлдыққа, отарлауға   езуге қарсы  шықты.

Англияға  қарсы соғыста ішкі  реакция  мен феодалдық  элементтер роялистер,  ірі  жер иелері ,  жоғарғы қызметкерлер, ағылшын  шіркеулерінің  иелері, отарлаоға  үстемдік  етушілерге қарсы  күреспен  ұштасты. Бұл  күрес  роялистердің  жерін  тәркілеуден  басталды,  ажырамайтын  туыстас  атақтар  өзгертілген еді. Ағылшын  корольдік жері де  тәркілеуге  ұшырады. Тәуелсіздік үшін болған  бұл соғыс    мәні жағынан  буржуазиялық  болып табылады. Америка  отарларының  ағылшындарға  қарсы  күресі  жеңіспен аяқталды.

Революциялық  күшпен екінші   құрлықтық  Конгресс  1776 жылы 4  шілдеде  отарлардың   метрополиядан  бөлінуін  ресми  түрде  жариялайтын  тәуелсіздік   Декларациясы  қабылдады. Декларация  бүкіл  Еуропаға  және басқа  мемлекеттерге  әсерін тигізді.

Бұл Декларацияны  жазуға  бес адамнан  комиссия  құралған болатын. Оны басқарған  30 жастағы бай   плантатор  Томас Джефферсон. Ол  француз  философтарының  ілімін  американың  соғыс жағдайына   лайықтап қолданды. Декларация  Америка  халқының бостандық  және  демократия  туралы көз қарасын сұлу, түсінікті тілімен  құжатқа аударды.  Декларацияның  авторлары құлдыққа  және корольге деген  қарсылықты  белсенді  түрде  көрсеткісі  келгенімен, оңтүстіктің  плантаторлары   қарсылығын   Декларацияға кіргізе алған жоқ .

Тәуелсіздік Декларациясы  үш бөлімнен тұрды.  Біріншісінде  Декларацияда   ағылшын королінің қателері мен  қиянаты туралы  айтылса, екінші бөлімде адамның  табиғи бостандықтары  мен  құқықтары  туралы , ал үшінші  бөлімінде  АҚШ дербестегі  мен  тәуелсіздігі туралы  тұжырым  жасалады.  Адам баласының  пікірімен   санаспаушылық  оны  бөлінуге  итермелейтін  себептерін   түсіндіруге міндеттейді.

Джефферсон  осы  декларацияны   жазғаннан  кейін   данқтылықпен  пайдаланды,  қайраткерлердің көбі оның белгілі  адам болғанын көре алмады,қызықты, ал кейбірі тәуелсіздік декларациясының  рөлін  төмендетуге  тырысты.

Бұл АҚШ тарихындағы  алғашқы  мемлекеттік  ресми құжат.  Оның прогресивтік мәні де осында.  Тәуелсіздік  декларациясы  ағылшын   королінің зорлық-зомбылығын теріп,  адам құқығынның  бұзылуын мәлімдей отырып,  бұдан былай  отар ел өзінің  бостандығы мен  тәуелсіздігін алуға  тиіс деп есептейді.

Олар  соғыс  жариялауға , бейбіштіліктің болуына,  одаққа  кіруіне, сауданы жүргізуге  және кез келген  актілер істеуге , яғни  тәуелсіз мемлекеттің қалған   құқықтарына да  кіруге толық  құқықтары бар.

Декларацияның   қабылданғаны  жөніндегі   хабар  қуанышпен қарсы  алынды. Яғни,  салюттер атылып,  қоңыраулар соғылып,  халықтың көңіл күйін көтерді.

1776 жылғы  4 шілдеде АҚШ- тың  мемлекеттік  мейрам күні. Қарапайым , түсінікті  нысандағы декларация  Американың  халқының  демократия  мен бостандығын  білдіреді. Оны салют  атылғанда,  қоңырау соғылған да  оқу   дәстүрге енген.

Декларация - адамзат тарихындағы  бірінші  конституциялық хартия,  мұнда халықтың егемендік санасы, халық  өкіметін құлату және  төңкеріс кезеңдегі  халықтың құқығы туралы  жазылған.

Оны 55  адам  қабылдады: 13 көпес, 8 плантатор, 28 адвокат,7  ерікті кәсіп өкілдері.

Информация о работе Республиканың алғашқы жылдары және Конституцияның қабылдануы