Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 09:39, реферат
XVII-XVIII ғасырларда Солтүстік Американың Атлантика мұхиты жағалауында 13 отар құрылды. Отарлардағы адам саны 2,5 млн.-дай еді. Оның жарты миллионы африкалық негрлер болатын. Отарлықтар Американың жергілікті тұрғындарын үндістерді құлдыққа көндіре алмады. Көпшілік қоныстанушылар Еуропадан, оның ішінде көбі Англиядан келгендер еді. Отарлардың мемлекеттік құрылыстары Англияның өзіне өте ұқсас болатын. Олардың ішкі істердегі автономиясы король бекіткен қағаздармен айқындалды. Қоныс аударушылар өздерімен бірге Американ отандарында қолдана алмайтын ескі еркіндіктерін, кейбір биліктерін ала келді. Олар табиғи заңдылықтар іліміне сүйене отырып, өз заңдарын құрды. Отарлар феодализм тәртіптерін білген жоқ. Олардың экономикалық дамуы XVII ғасырда қалыптасқан буржуазиялық қарым-қатынастар негізінде өрбіді.
1.Кіріспе
Англияның Солтүстік Америка отарларында тәуелсіздік үшін соғысы және Бірінші революция. АҚШ-тың құрылуы
2. Негізгі бөлім
1. Америкада отарлардың қалыптасуы және тарихи даму ерекшеліктері
А) Франция, Нидерланды және Испанияның Солтүстік Америка контингентіндегі отарлық саясаттары және оның сәтсіздікке ұшырау себептері
Б) Солтүстік Американы ағылшын отарына айналдыру кезеңдері
В) Отарлардың саяси құрылысы және тұрғындарының әлеуметтік құрамы
2. 17-18 ғ. 1–ші жартысындағы Англияның Солтүстік Америка отарларының экономикалық дамуы
3. Американ ұлтының қалыптасуының негізгі факторлары мен динамикасы
4. Америкалық ағартущылық идеялогиясының ерекшеліктері. Антиколониялдық идеологияның қ алыптасуы
5. Революция қарсаңындағы ұлттық буржуазиядық қозғалысы. Колония мен Метрополия арасындағы қатынастың шиелене түсуі
6. Континенттік конгресс. Саяси ахуал, Американ халқының тәуелсңздікке бет бұруы.Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы.
7.1 Континенттік конгресс, солтүстік штаттардың тәуелсіздігінің жариялануы. 1775-1778 жж. Соғыс қимылдары және республиканың халықаралық жағдайы. Тәуелсіздік деклорациясының қабылдануы
8.Соғыстың соңғы кезеңі 1733 жылғы Париж бейбіт бітімі АҚШ-тың алғашқы ата-заңының қабылдануы(Конституция)
9.Республиканың алғашқы жылдары және Конституцияның қабылдануы
А) Америка халықтарының демократиялық құқықтары үшін күресі.Федератшылдар мен антифедератшылдар
Б) Заңдар мен түзетілмелердің қалыптасуы
10.Американ буржуазиялық революциясның нәтижесі, сипаты және маңызы.
Король Георг IV барлық отарлардағы жағдайды бүліншік жағдай деп хабарлап, 2000 әскерді іріктеді, жалдамалы негрлер мен үндістерді де әскерге қатысуға тартты. Бұл соғыс феодализмге қарсы күрестің қаруына айналды. Соғыс бір елді екінші елге немесе езушінің езушіге қарсы күресі ғана емес, оның қозғаушы күші. Төңкеріс әскерінің негізгі элементі фермерлер, қол өнершілер, жұмысшылар. Төңкеріс басшылары, тура оның түпкі шешіміне тән болып келеді, олар солтүстік және оңтүстік плантатор, көпестердің қолында болды.
Отарларды басқару түрлі нысанда жүзеге асырылды: жеке меншіктегі (Мэриленд, Пенсильвания), “халық басқаратын” (Коннектикут, Род-Айленд) және орталықтан тағайындалатын (Англиядан) губернаторлар басқаратын “патша колониялары”. Колониялық тұрғындар өздерін англия патшалығының еркін азаматтары ретінде таныды және оларға метрополии құқығы: Ұлы еркіндік хартиясы, Құқық туралы билль, “жалпы құқық”, “әділдік құқығы” таралды.
Алайда, колонияларды метрополиидің шикізатпен қамтамасыз етуші базасы ретінде ұстау және оларды тонау саясаты халықтың ашуын тудырып, ашық түрде үкіметке қарсы көтеріліс жасауға әкеп соқты[]
Күресу
координациясының тәуелсіздік үшін
қозғалысы негізінде “
1775 жылдың көктемінде ағылшын королы мен колонистер арасында соғыс қимылдары басталды. Бұл былай болғанды. Ағылшындар Бостоннан қала маңындағы зеңбіректі, жүк арбасын, ок-дәріні, оқты, ұнды – қысқасы, американ колонистері жасаған бүтін бір жасырын әскери қойманы басып алу үшін екі полк король әскерін жіберді. Үстеріне қызыл мундир киген ағылшын солдаттары асықпай қаладан шықты. Бірақ солдаттар әскери шабуыл туралы тұрғындарға біреудің хабарлап қойғанын сезді. Күткендеріндей-ақ Бостоннан революциялық комитеттің разведка бастығы, шебер-зергер Поль Ривир халыққа хабар беру үшін салт атпен құйғытып келе жатты. Ағылшын солдаттары келе жатқанда дабыл қағылып, мылтықтар атылды. Жолшыбай король әскерімен «минуттық адамдардың» (дабыл қағылысымен бір минуттың ішінде қаруларымен белгілі бір орынға жиналуға тиісті жергілікті тұрғындардың) арасында шағын қақтығыс болып, оларды таратып жіберді. Король әскері қару-жарақ қоймасын алды, бірақ қайтып келе жатқан жолда ағаш-ағаштың, үй-үйдің тасасынан фермерлер оларға оқ жаудырды. Атыс үдей түсті де, ағылшындар кері қарай тым-тырақай қашты. Колонистердің бытыранды ұрыс тактикасы, қарулы көтеріліс жасаған халықтың күрес тактикасы осылай басталды.
Оқ-дәрі мен қорғасын жетіспеді; үй төбелерін жапқан табақ қорғасынды алып пайдаланды, кейінірек, тіпті қорғасыннан жасалған ағылшын королының мүсінін де аралап кесіп алып пайдаланды; қорғасынды әркімге мөлшермен берді, ол қорғасыннан әр солдат өз мылтығының аузына лайықтап оқ құйып алды.
Сауда буржуазиясы
мен жас өнеркәсіп
Американдықтарды
қорғау талпыныстарының сәтсіздігіне
көзі жеткен, азаттық үшін күрестің
көрнекті идеологтары Д. Адамс, Т. Джефферсон,
Т. Гамильтон ағылшын құқығының
нормаларына сілтеме жасай
Бұл идеялар
1776 жылғы 4-шілдеде қайта шақырылған
Континенталдық конгрессте қабылданған
“Тәуелсіздік декларациясының” негізі
болды. Томас Джефферсон жасаған
бұл құжатта метрополий тарабынан
колониялардың табиғи құқықтары
бұзылып отырғандықтан
1778 жылы
штаттардың өкілдерімен
Соғыс қимылдары 1782 жылға дейін созылды. Ағылшындар бөлініп шыққан отарлардың орталығы Филадельфия қаласын басып алды. Американ солдаттары қақаған аязда далада қыстап шықты. Қару-жарақ, қаражат, киім, аяқ киім жетіспеді. Мұз бен қардың үстіндегі жосылған қан Вашингтон солдаттарының жалаң аяқ жүріп өткен жолын көрсетіп жатты. Вашингтон ержүрек, бірақ әскери іске үйретілмеген, фермерлер мен қолөнершілерден құралған армияда тәртіпті аса зор қиыншылықпен орнатты.
Колонистер қатарында ағылшындарға қарсы бірнеше мың құл негрлер шайқасты. Олар ерлікпен, қажырлылықпен күресті. Мысалы, Нью-Йорк штаты үшін соғысқан негр отряды бір адамы қалмастан қырылып кетті. Массачусетстен шыққан Геннет деген негр әйелі еркектерше киініп алып, 17 ай бойына тұрақты полктердің бірінде ерлікпен шайқасты.
Тәуелсіздік үшін күрескен колонистерге қарсы бай жер иелері, құл иелерінің бір бөлігі, король чиновниктері соғысты.
Колонистердің басты тірегі фермерлер мен қолөнершілер болды. Король әскері мен аристократтарға қарсы күреске басшылық еткен революцияшыл буржуазия еді.
Ағылшын королы өз армиясының санын көбейту мақсатымен неміс князьдарынан 30 мың солдатты жалдап алып, Америкаға жіберді. Ол Россиядаи, II Екатеринадан тағы да 20 мың солдат жалдап алмақшы болып еді, бірақ Россия мен Англия арасындағы шиеленіскен жағдайға және жақында болып өткен Россиядағы Пугачев бастаған шаруалар соғысына байланысты II Екатерина Америкаға солдат жіберуден бас тартты.
Отарлаушы екі державаның – Англия мен Франциянын арасындағы ескі өшпенділікті пайдаланып, американдар Францияны одақ жасау және қарулы көмек көрсету туралы шартқа көндірді. Франциядан көмек сұрау үшін Құрама Штаттарының конгресі Парижге өз елшісі ретінде Вениамин Франклинді жіберді. Ол аса көрнекті ғалым, дипломат, қоғам және саяси кайраткері, «Тәуелсіздік декларациясын» құрастыруға қатысқан адам болатын. Францияның алдыңғы қатарлы қоғамдық топтары американдардың азаттық күресін қызу қолдады.
Мысалы, аристократ Лафайет өз қаржысына соғыс кораблін жабдықтап, оны «Виктуар» («Жеңіс») деп атап, корольдың тыйым салғанына қарамастан Америкаға жүзіп барып, революциялық әскердің қатарында шайқасты.
1781 ж.
ағылшын әскерінің негізгі
1783 жылы АҚШ толығымен тәуелсіз болып танылуы туралы бейбіт келісім жасалған. [3. 15-18 б.]
«Тәуелсіздік декларациясынан»
«Біздің түсінуімізше адамдардың тең болып жаратылуы белгілі ақиқат, олардың барлығы да Тәңірі алдында ажыратылмайтын құқықтармен: өмір сүру, ерікті болу және бақытқа ұмтылу бостандығымен қамтамасыз етілген. Сол құқықтарды қамтамасыз ету үшін адамдар арасынан үкіметтер құрылады және оларға қарамағындағы халықтың келісіміне орай заңды өкілеттіліктер беріледі. Егер қандай да болмасын, өкімет үлгісі сол мақсаттарға қауіп төндірсе, халық оны өзгертуге немесе жоюға, жаңа үкімет құруға құқылы. Ол үкіметті құрудың принциптері мен ұйымдастырылуы, халық қауіпсіздігі мен бақытын қамтамасыз ететін үлгісі мен құзіреті халықтың пікіріне сәйкес орнатылуы ләзім ». (У.З.Фостер. Очерк политической истории Америки.-М.: Политиздат, 1953. – 170 бет)
Қосымша деректер
Америка
Құрама Штаттарының
1-бөлім
Осы конституцияда бекітілген заң шығарушы өкіметтің өкілеттілігі Сенат пен өкілдер палатасынан тұратын Құрама Штаттар Конгрессінің қолына беріледі.
2-бөлім
Өкілдер палатасы штаттардың халқы екі жылда бір рет сайлайтын мүшелерден тұрады.Өкілдер палатасы өз спикерлерін және басұа да лауазымды адамдарын сайлайды, тек осы палата ғана импичмент тәртібі бойынша іс қозғап қуғындай алады.Мұнда өкілдер палатасы кінә тағады, ал Сенат сот жүргізеді.
3-бөлім
Сенаттың құрамына әр штаттан екі сенатор кіреді...
Құрама Штаттардың вице-президенті Сенаттың төрағасы болып табылады, ол тек дауыс берушілер саны тең болғанда ғана дауыс бере алады...
Сенат импичмент
тәртібіне орай сот жүргізуге
құқылы.Осы маұсатпен мәжіліс
жүргізгенде сенаторлар ант береді
немесе салтанатты мәлімдеме жариялайды.Егер
айыпұа тартылушы Құрама штаттардың
президенті болса, төрағалықты Бас
судья аиқарады.Мәжіліске
10-бөлім
Бір де бір штат өз бетімен келісім-шарттар жасасып, одақтарға немесе конфедерацияға кіре алмайды...
2-бап 1-бөлім
Атқару билігін АҚШ-ның президенті жүзеге асырады...
Ол
Сенатпен ақылдаса және
4-бөлім.Президент,
вице-президент және басқа да
Құрама Штаттардың лауазымды
адамдары импичмент тәртібімен
айыпталғанда сатқындығы, пара алғандығы
немесе басқа да ауыр
3 бап. 1 бөлім.
Сот билігін Құрама Штаттардың
Жоғарғы Соты және Конгресс
белгілі бір уақыттарда
Импичмент тәртібімен қаралатын істерден басқа қылмыстар жөніндегі істердің бәрін ант берушілер төрелігі соты қарайды.
4 бап.
Екі палата мүшелерінің 2/3-і қажет етсе, Конгресс Конституцияға түзетулер енгізе алады немесе штаттардың 2/3-сінің Заң шығарушы жиналыстарының тілегі бойынша түзетулер енгізу үшін Конвент шақырады. Екі жағдайда да ол түзетулерді штаттардың ¾-і бекітсе, тек сонда ғана Конституцияның құрамдас бөлігі ретінде күшіне еніп, санасуға тиісті бапқа айналады. [3. 53-60 б.]
Солтүстiк Америкада қоныстанған ағылшын отаршыларының әлеуметтiк-саяси тарихында қоғамдық-саяси құрылым және құқық мәселелерi бойынша идеялық пiкiрталастардың өзiне тән ерекшелiктерiмен сипатталатын екi кезеңдi аңғаруға болады. Оның алғашқы кезеңi XVII ғасырдың басынан бастап XVIII ғасырдың ортасына дейiн созылған отар қоныстардың метрополияға бағыныштылығымен сипатталса, екiншi кезеңi тәуелсiздiк үшiн күреспен айқындалып, XVIII ғасырдың екiншi жартысын қамтиды.
Ағылшындардың Солтүстiк Американы отарлауы Голландиямен, Франциямен және Испаниямен әскери бәсекелестiк жағдайында жүзеге асты. Алғашқы қоныстанушылардың қатарында кедей шаруа, қолөнершiлермен бiрге жаңа байлық көзiн iздеген саудагерлер мен кәсiпкер-авантюристер де болды. Алайда отаршылардың мүдделерi мен статустарының әр алуандылығына қарамастан, оларды бiрiктiрген ортақ талабы болды. Ол алғашқы христиан қауымдарының уағыздарындағы өмiр сүру тәртiбiне сай келетiндей бұл жаңа дүниеден жерұйық табу талабы едi. Бiрақ әлеуметтiк теңсiздiк пен қақтығыстардың салдарынан бұл талап-тiлектер әртүрлi трансформациялық формаларға ие болды.
XVIII ғасырдың екiншi жартысында өздерiн штаттар (яғни мемлекеттер) деп атаған колониялар мен метрополиялар арасындағы шиеленiс салық салу мәселесiне байланысты күшейе түстi. Көптеген публицистер (Д. Адамс, Т. Джефферсон, А. Гамильтон және т.б.) өздерiнiң саяси памфлеттерiнде барлық отар иелiктерiндегi қоныстанушылар заң шығарушы жиналыста өз өкiлдерiнiң болуы керектiгiн, өзiн-өзi басқару принципiн ұстану қажеттiгiн айтып, отаршылардың саяси талаптарын табиғи-құқықтық негiзбен байланыстырды. Азаматтардың табиғи құқығы мен бостандығы туралы бұл ой тек публицистикада (көсемсөзде) ғана емес саяси және конституциялық құжаттарда да мойындалды: Виргиния штаты құқықтарының Декларациясы (Дж. Мейсон және Дж. Мэдисон, 12 маусым 1776 жыл) және Тәуелсiздiк Декларациясы (Т. Джефферсон, Б. Франклин, Дж. Адамс, 4 шiлде 1776 жыл). Тәуелсiздiк Декларациясын 13 штат бiрауыздан қабылдады. Табиғи құқық теориясының идеяларын талдау барысында халықтың саяси таңдауы мен дербес өмiр сүру құқығының және халық егемендiлiгiнiң конституциялық принциптерi жарияланды. Теориялық жаңашылдықтың тағы бiр маңызды нәтижесi билiктiң бөлiнiсi принципiн нақтылау болды.
Информация о работе Республиканың алғашқы жылдары және Конституцияның қабылдануы