Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 19:32, реферат
Аллаһ Тағала бұл дүниеде әрбір нәрсені жұп жұбымен жаратқаны белгілі. Соның ішінде ақыл ес, сана сезім берілген Адам баласының жұпсыз болуы ерсі нәрсе секілді. Сондықтан да етек жеңін жиып, өзін алып жүре білетін кез келген адамның өзіне лайықты жар іздеуі құптарлық іс.
«Таңдаған тазға жолығады» деген қағиданы былай ысыра тұрып, өзіңізге лайықты жарды жақсылап таңдағаныңыз абзал. Себебі, бұл өмірдің мәні де, мәнісі де, нығыметі мен берекесі де сүйікті жарыңызға қосылғаннан басталмақ. Жар таңдау көбінесе ер азаматтардың жұмысы. Әрине бұл жерде қыз баласының таңдау еркіндігі жоқ дегеннен аулақпыз. Екі жақ бірін бірі тапқаннан кейін қыз келісіп келіспейтіні жөнінде соңғы шешімін айтады. Осылайша екі жақ келісіп жатса жарасымды жұп құрылып жаңа өмір басталады.
Біріншіден, оның өзін және туған-туыстарын зерттеңіз. Олай болмағанда сіздің балаңыз тұқым қуалау арқылы берілетін туабітті тән кемшіліктерімен туылуы мүмкін.
Екіншіден, оның өзінің және туған-туыстарының денсаулығына дa назар аударыңыз. Бұл сізді ұрпағыңызды тұқым арқылы берілетін (қояншық сияқты) әртүрлі дертті болуынан сақтайды.
Үшіншіден, оның айналасындағы достарына зер салыңыз. Өйткені ертең үйленгеннен кейін езуінен шылымы түспейтін немесе жігітті көйлекше ауыстыратын, болмаса көк мылжыңмен миыңды ашытатын достары сіздің де достарыңызға айналып, үйіңізден шықпайтын болады. Сондықтан егер сүйіктіңізді тастауға қимасаңыз, әлгіндей достарымен қарым-қатынасын үзуін өтініңіз. Болмаса, жора-жолдастары дұрыс, тәрбиелі ортадан өзіңізге лайықты басқа жар іздеңіз.
Төртіншіден, және ең бастысы, қыздың өзінің мінезқұлқынан басқа да қасиеттеріне жақсылап көңіл аударыңыз. Әйелді мынадай қасиеттеріне қарап таңдаңыз: өмірге деген құлшынысы жоғары, ақкөңіл, жайдары, мейірімді және сіздің туыстарыңызбен, достарыңызбен тез тіл табысып үйіріп алып кете алатындай жан болуға тиіс.
Алтыншыдан, өзіңіз үйленгіңіз келетін
адамды жиырма төрт сағат бойы қасыңыздан
көруге сенімді екендігіңізге әбден көз
жеткізіңіз.
Әдетте әдемі қызды көргенде жас жігіт
бірден ақылын жоғалтып, өзінің тағдырын
оның қолына ұстата қояды. Оның айналасындағы
достарының, туыстарының болашақ жары
туралы айтқан ескертулерін құлағына
да ілмейді. Өйткені ғашықтық сезім оны
соқыр әрі керең етеді. Әрине, бір көргеннен
ғашық болуы да жоққа шығаруға болмайды.
Бірақ олардың мыңнан біреуі ғана шын
мәнінде, бақытты болуы мүмкін екенін
жоғарыда айттық.
Әйел таңдау кез келген ер-азаматтың басына түсетін іс. «Қамшы сабындай» десек те, ғұмырыңның аяғына дейін өзіңмен бірге болып, тұрмыс кешетін және үрім-бұтағыңды өсіретін от анасын таңдау оңайға түспейді. «Жақсы әйел алғанның үйінен ырысы кетпейді, жаман әйел алғанның үйінен ұрысы кетпейді» дегенді бұрынғылар бекер айтпаған.
Қыз күнінде қырмызыдай жайнаған арудан ертең қандай әйел шығатынын дөп басып тану қиын. Бір қарағанда көзге көркем көрінгенмен, оның жан дүниесінің қаншалық сұлу екенін қалай танырсың?! Ал жан сұлулығы жоқ жерде отбасының болашағы бұлыңғыр. Сондықтан болар, біздің қазақ әуелі қыздың тегіне қараған. Тектілік дегеннің өзі қанмен біткен кішіпейілділік, ибалылық, имандылықтан бөлек атадан балаға, анадан қызға отбасы арқылы берілетін тәрбие деп те ұғыну қажет шығар. Сондықтан да бұрынғылар қалыңы қанша қымбат болса да, үйір-үйір жылқы, отар-отар қой айдатып, текті жерден қыз алған. Әрі қазақтың алдын ала айттыруы мен текті жерге құда түсіп, қыз алуы тұқымының тәрбиелі, иманды болатынының кепілі. Өйткені бала қашан ат жалын тартып мінгенше ана тәрбиесінде болады. Ал егер тәрбиелілік сол ананың тегінде жоқ болса, тұқымың тозды деген сол.
Қыз мақсаты – кету. Бойжете бастағаннан екі көзі далада болады. Өзінің орнын басқа үйден іздейді. Құдай қыз табиғатын солай жаратқан. Әкесі барын беріп, басына алтын құйып бақса да, қыз өзін туған үйінде уақытша адам санайды. Жігітке өзгенің босағасын пана тұту – намыс болса, қыз үшін– бақыт. Әйтсе де қыз біткеннің бәрі барған жерінен бақыт таба бермейді. Тәтті өмірді қиялдап барған жері ащы қасіретке душар етуі де мүмкін. Сондықтан әйел заты үшін дүниедегі ең қиын нәрсе – күйеу таңдау. Әрине, жігіттер: «қыз жігітті таңдамайды, жігіт қызды таңдайды» деуі де мүмкін. Алайда жантанушы ғалымдар керісінше, таңдауды жігіт емес, қыздар жасайтынын, егер қыз жігітті таңдаса ғана келісімін беріп (тіпті жігіт басын шыр айландырып), отбасы құрылуы мүмкіндігін айтады. Ал жігіттер қызды өз үйіне келін етіп түсіретіндіктен, «мен алдым» немесе «мен таңдап алдым» деп ойлайды. Бұл жерде жігітке қыз таңдауын қабылдау немесе қабылдамау еркі қалады. Қабыл алса, өзін таңдаған қызды жар етеді, қабылдамаса, «мен саған ғашық едім, амалым не?» деген әнін айтып, бақытын басқа қыздан іздейді. Сондықтан қыздар: «мені кім таңдайды?» деп емес, «мен кімді таңдасам екен?» деген көзқарас ұстанғаны абзал. Мұны бір деп қойыңыз. Екіншіден, кімді, неліктен таңдағанын қыз өзі жақсы білуге тиіс. Енді осы жерде күйеуге шыққысы келетін қыз жігіт бойында қандай қасиеттер болғанын қалайтынына тоқтала кетейік.
1. Сымбаты. Қыздың көзі алдымен
жігіттің сыртқы келбетіне
2. Адамгершілігі. Мұны қазақтың
қызына күйеуді тегіне қарай
таңдауымен тікелей байланыс
3. Білімі. Бұл заманның қыздары
қандай да бір жоғары, ең болмағанда
орталау оқу орнын бітіріп,
белгілі бір кәсіпті
4.Дәулеті. Қай қыз болсын
Сөйтіп, біз қыз жігітті қандай талаппен таңдайтынына қысқаша тоқталып өттік. Енді қызды күйеуге шығуға итермелейтін себептерге тоқталайық.
Бірінші себеп – табиғаттың заңымен
әйел жатжұрттық болғандықтан, ол өзінің
өсіп-өнетін ортасын ертерек тапқысы,
ертеңгі күніне сенімді
Екінші себеп – қыз қатарлас
Үшінші себеп – тәрбиенің әсері. Біз ұл баланы «асықпа, оқы, кәсіп үйрен, қызметте биіктерге көтеріл, жағдайыңды жаса, сосын үйлен» деп тәрбиелейміз. Ал қыз балаларды «бидайдың барар жері диірмен, ертерек өзіңе лайықты адам тауып алмасаң, отырып қаласың» деп қорқытамыз. Осы қорқыныш санасына ұялаған қыз не болса да ертерек біреудің етегінен ұстап кетуге тырысады. Оның үстіне біздің қоғам негізінен еркектердің қолында болғандықтан, отбасын асырайтын, ақша табатын, киіндіретін, тойындыратын да солар. Сондықтан «байтал шауып, бәйге алмас» дегенді санасына сіңірген әйел адам өзін асырайтын қамқоршыны ертерек тауып алуға тырысады. Ал шын мәнінде, ақыл-ойы, бизнестегі қарымдылығы жігіттерден он есе асып түсетін қыздар бар. Өзіне сенімді. Олар «ертең асыраушысыз далада қалам-ау» деген оймен емес, «жаратушының заңына лайық отбасылы болып, бала тауып, аналық парызын атқаратын уақыт келді» деп ерге шығады.
Қыздар жігіттерге қалай қырындауды, олардың басын шыр айналдырып өзіне қаратуды жақсы меңгергенімен, олардың мінез-құлқына, болмысына қарай қанша түрге бөлінетінін біле бермейтіндіктен, кейде «мысты» алтынға балап, алданып қалады. Сондықтан «иықтының бәрі сүйікті жар болады деп ойлайтын қыздардың назарына жігіттің қанша түрі барын сала кетейік.
1. Босбелбеу жігіт. Кей қыздар «күйеуі ұрады екен» дегеннен қорқып, жуас жігіт іздейді. Тым босбелбеу, ынжық ер адам өзге түгілі, өзін асырай да, қорғай да алмайды. Ондай күйеудің барынан жоғы.
2. Қатынбасша. Қазан-ошаққа араласып,
не ішіп не жегеніңе дейін
санап, есептеп, ызыңдап оты