Аймақтық басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:48, курсовая работа

Описание

Мемлекеттің алдында тұрған негізгі мақсат - халықтың әл-ауқатын ұлттық экономиканы тұрақты дамыту негізінде жоғарылату. Қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының атқару өкіметімен бірқатар приоритеттер жиынтығы айқындалған. Солардың бірі - аймақтық басқарудың нәтижелілігін жоғарылату. Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар қадамдар қатары жасалды.

Содержание

ЖОСПАР


КІРІСПЕ ............................................................................................................

2

1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........


4
1.1 Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде....
4
1.2 Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация).....................................................

8
1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі.................
14
1.4 Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл.........................
19

2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СТАНДАРТТАР.....................................................................................



24
2.1 Ресей федерациясының аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі...................................................

24
2.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы...........................................................................

26
2.3 Федеративтік Германия Республикасындағы федерация мен жерлердің өзара әрекеттестігі.........................................................................

32

3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ....


39
3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары…………………………………………………………………

39
3.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар................................................
42
3.3 Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау...........
50

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................


54

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................

Работа состоит из  1 файл

аймактык КУРСОВАЯ.doc

— 465.50 Кб (Скачать документ)

-бірінші кезекте білім беру, радио мен телевидение сияқты мәдениет саласы;

-коммуналдық саланың дамуы;

-мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру мен қолдауға қатысты жалпы ережелер.

Жерлер мұнда әр түрлі мақсаттарды көздеп, өз жолымен жүруі де  мүмкін. Полицейлік құқық жерлердің деңгейінде реттеледі, бірақ полицейлердің  киімі бірыңғай. Мектептердегі білім беру жүйесінде біршама өзгешелік бар, дегенмен жерлердің мәдениет министрлері оны үйлестіру үшін көп жұмыс атқарып жатыр. 

Жер өкілеттілігі тек аймақтарға ғана таралмайды. Мысалы, телевидение толығымен жер деңгейінде реттеледі. Дегенмен жер  федерация қабылдаған бағдарламаларды жасауға болады және ортақ аймақаралық телекомпания  құра алады.

Басқару міндеттері. Германия үстел үстінде, кабинетте шешілетін, болып жатқан оқиғалардан алшақ болатын ірі білім беру мекемелерден қашық. Сондықтан федералдық билік, негізінен, тек ішкі қатынастарға қатысты, мысалы федералдық қаржы басқармасы, бундесвердің қызметі, федералдық шекара күзеті секілді аз ғана салаларға байланысты заңды жүзеге асыруға жауап береді.

Басқарудың көп бөлігі коммуналдық өзін-өзі басқаруға негізделген жерлерге жүктелген. Оларды 3 топқа бөлуге болады.

Федерацияның тапсырмасы бойынша, мысалы федералдық автострад пен автомобиль жолдары жүйесін басқару, су жолдары,  құрылыс пен атомдық электрстанцияларын пайдалану және радиобелсенді заттарды қайтадан өңдеу мен сақтау талаптарын анықтауға рұқсат алумен байланысты әуежайлардың құрылысы секілді мәселелердің тек аз бөлігі ғана орындалып жатыр.

Мұндай жағдайда федерация өз нұсқамаларын беруге құқылы. Федералдық заңдардың көп бөлігін федералдық қадағалау арқылы тікелей жер үкіметімен  орындалады. Дегенмен мұнда федерацияның ықпалы шектеулі.  Басқарушылық шешімдерін заңда орынды пайдалану үшін  қадағаланады. Егер олар бірнеше болса, онда таңдау жер үкіметіне қалады. Федерация басқа шешім дұрыс немесе оң деп өз шешімін ауыстырмайды. Сол себепті жерлер тек атқарушы органдар ғана емес, олар сонымен қатар өз ұғымдарын ескеріп, мысалы құрылыс, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек салаларында өзіндік шешім қабылдай алады.

Жер кіріспесінде тек тікелей әкімшілік міндеттер туралы шешімдер (мектептерді дамыту, полицияны қамтамасыз ету, жерді жоспарлау) бар.

Басқару кең мағынада үкіметтік қызмет ретінде белсенді мемлекеттік саясат деп жіктелуі мүмкін.

Бөлісу шығындары. Бөлісудің ұстанымдары мен өкілеттікті бөлу ережелері тек қаржыландырудың нәтижесінде ғана маңызды болады. Қаражат болмаса,  жерлер үшін жолдардың құрылысымен айналысудың ешқандай мән-мағынасы болмайды. Сол себептен қаржыландыру мәселесі федерация мен жерлердің арасындағы тұрақты тақырып және ол федеративтік құрылғының каркасы болып табылады. Шығындар үшін соңғылардың жауапкершілігі былайша сипатталады.

Мемлекеттік аппаратты пайдалану мен қолдауға қажетті әкімшілік шығындарға жауапкершілікті тиісті инстанция алады. Осылайша федералдық маңызы бар заң шығару, басқарушылық, мемлекеттік және сот институтының кадр мен кеңсе шығындарына федерация мен жердің әрқайсысы жауап береді.  [6,7]

Материалдарды төлеу шығындары мен қызмет көрсету  осы сектор жұмысы бойынша басқару құқығы бар(заң шығару емес) жақ төлейді.

Егер мұндай құқыққа тек федерация ғана ие болса, онда оған жауапкершілік те, сәйкесінше жерге қатысты шығындарға да жауапты болады. Федералдық автострадалар федерацияның тапсырысымен жерлермен салынады, сондықтан да федерация құрылыстың әрі бундесвердің құрылымы бойынша  шығынын төлейді және ол үшін федерация әкімшілік жауапкершілік алады.

Мектеп құрылыстары, керісінше, жерлердің (немесе қауымның) әкімшілік мәселесі, сондықтан осы саладағы барлық шығындарды жерлер өз мойнына алады.

Федералдық  заңдарды өз күшімен жүзеге асыру үшін жерлер материалдар мен қызмет көрсету ақысын өздері төлейді, мысалы, әлеуметтік көмек туралы, қоршаған ортаны қорғау, су және әуе аймағы, шумен күрес.

Азаматтарға ақшалай ақы төлеуге бағытталған заңдарға келгенде, федерация оларға толығымен немесе ішінара ақы төлеп, жерлерге тікелей қатысты бөлігін өтеуі қажет.

Жерлерге студенттердің шәкіртақысы федерацияның бюджетінен  ішінара өтемақы ретінде төленеді, себебі  білім алудағы көмек көрсету туралы заң сәйкесінше федералды болып табылады. Егер жерлер шығынның 1/4 бөлігін немесе одан да көп тартса, онда бундесраттың келісімі болуы керек.

Салықтарды бөлу. Салық заңдарының барлығын дерлік федерация қабылдайды, елдің барлық бөліктерінде салық салу принципі бірдей. Бұл бәсекелестікте теңсіздікті болдырмайды, сонымен қатар жоғары салықтардан, капиталдың бір жерден басқасына ауыспауын қадағалайды. Бірақ бұл жерлердің қаржылық мүдделерінің құқығын бұзу немесе қысым жасау деп түсінбеу керек, федерацияның заң шығару құзіреттілігі салықтарды автоматты түрде бөлуге көзделмеген.   Керісінше, федерация мен жерлер мемлекеттік кірістерге құқылары бірдей .

Федерация мен жерлердің қажеттіліктері өздерінің шығындарын жабуда әділ төлемақы төлеуге негізделген. Бұл өз кезегінде салық төлеушінің шамадан тыс салық төлемеуін және үйлестіру жұмыстарының кепілдемесі мен ФГР барлық аймағында өмір сүру деңгейін жақсартуды көрсетеді. Федерация мен жерлердің арасында салық екі түрлі жүйемен жүзеге асырылады. Оның  көп түрі бөлісу жүйесі бойынша  - толығымен федерацияға немесе жерлермен есептеледі.

Жалпы салық көлемінің 70%-ын құрайтын федерация  мен жерлердің арасында ең маңызды салықтар бірыңғай орталықтандырылған бөлу жүйесінің негізінде бөлінеді. Ол негізгі 3 салықтан - табыс салығынан, корпорациядан және ақша айналымынан тұрады. Бірінші екі түр алдын ала бекітілген қатаң пайыздық мөлшерлемемен  федерация мен жерлердің арасында бөлінеді.  Айналым салығына (қосымша құн) нақты мөлшерлеме жоқ, уақыт сайын өзгеріп құбылып тұрады.

Қаржылық-төлемақы механизмі. Германияның қаржы заңнамасы федерация мен жерлердің арасындағы салықтың көлемі әділ бөлінуін қарастырады. Жерлердің экономикалық және қаржылық ықтималдылық айырмашылығы бірдей болады. Салық түсімі толықтай болмайды, олай болмаса кедей адамдар өздерінің жағдайларын жақсартуға талпынбайды.

Жаңа жерлерде қаржы мәселелерінің шешімі келісімшартта Германия бірлестігі туралы айрықша келісілген. Алдымен федерация  мен 11 ескі жерлер 115 млрд неміс маркасынан құралатын  герман ынтымақтастық Қорын ашады. Аталған қор нарықтық экономика инфрақұрылымына, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында пайдаланады. Қордың сексен бес пайызы жаңа жерлер мен Берлиннің ортақ қаржылық қажеттілігін өтеу үшін тұрғындарға  бірдей бөліну керек, ал 15 %-ы орталықтың осы аймақтағы мәселелерін шешуге жұмсалады. Федерацияға келіп түсетін салықтардың шығыны мен бөліп беру шығысгермания жерлерімен де бірдей болады, дегенмен айналымнан өзгеше бөліп беру бар, ол- жерлер мен қауымдарға қаржылық төлемақы төлеу.

Бундесрат – федеративтік мемлекеттік орган. Жерлер жер үкіметінің мүшелерінен құралған бундесрат атты жоғарғы мемлекеттік орган арқылы  заң шығару мен федерацияның басқару жүйесіне қатыса алады. Әр жердің жіберетін өкілдер саны бірдей емес. Бір жердің ең аз дегендегі дауысы – 3, 2 млн-нан астам тұрығандары бар жерлердің- 4 дауысы, 6 млн-нан астам-5 дауысы, 7 млн-нан астам тұрғындары барлар- 6 дауысқа ие болады. Бундесрат мүшелері тиісті жер үкіметінің шешімімен тағайындалатын болғандықтан, бундесратқа сайлау жүргізілмейді.

Бундесрат – ландтагиден кейінгі сайлаулардан соң уақыт өткен сайын құрамы өзгеріп тұратын тұрақты орган. Әр жер бірыңғай жүйемен өздерінің дауыстарын бере алады, олай болмаған жағдайда бундесратта оның жеке-жеке бөліктері емес жер бостандығы ұсынылу қажет.

Бундесрат бундестагқа халық сайлаған парламенттің заң жобаларын ұсынуға құқылы. Ал федералдық үкімет өз кезегінде өздерінің заң жобаларын алдын ала бундесратқа бағалау үшін тапсыру керек. Соңғының заң шығару қызметіндегі ең маңызды мәселе бундестаг қабылдаған заңдарды талқылау болып табылады. Егер де олар жерге қатысты болса, онда ол тек бундесраттың келісімімен ғана өз күшіне енеді. Мұндай заңдарға мыналар жатады:

-Конституцияны өзгертетін. Оларды қабылдау үшін көпшілік қауымның 2/3 дауысы керек;

-Жерлерге қаржылық түсімге қатысты. Алдымен мұның қатарына жерлер мен қауымдардың қазынасына келіп түсетін салықтар турады заңдар кіреді;

-ол заңдар жерлердің әкімшілік егемендігіне қатысты болады.

Бундесраттың маңызы оның келісімі бойынша заңдарды қабылдау құқығына байланысты болады. Бұл құқық олардың федерация деңгейінде заң шығару үдерісіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Бундестаг әр заңның екіншісін бундесраттың пікірін ескермей  қабылдай алмайды.

Жерлер бундесрат бекітпейтін заңдарды жер палатасы арқылы қалыптастыруға ықпал ете алады. Соңғысы наразылық көрсетуі мүмкін. Дегенмен бұл тек бундестаг тарапына айтылған ескерту деп қана қабылдау керек. Бундестаг көпшілік қауымның дауысымен наразылықтан ауытқуы мүмкін.  Бундесраттың мойындамаған заңын, бундестаг оның келісімінсіз заң қабылдай алады.

              Бундесрат басқару саласында бірінші кезекте үкіметтің жұмысын  бундесратқа істің мән-жайын баяндайтын бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырады. Бұл міндет  үкімет шешетін барлық мәселелерге қатысты болып, заң шығару мен басқармаға ғана емес, сонымен қатар жалпы саяси жағдай мен ішкі және қорғаныс саясаты жөнінде ақпараттарды жеткізуге де таралады. Бұдан басқа бундесрат мүшелері бундестагтың барлық мәжілістеріне  және оның комиссиясына, пікірлерін айтып, ортаға салуға  рұқсаттары бар.

              Федерация мен жерлер өз міндеттерін орындауда өзара бақылау мен өкілеттіктің шектеулі құқығына ие. Дегенмен олар бір-бірінің көзқарастарын ескере отырып бір-бірімен әрекет жасау керек. Осылайша бундесрат бундестагпен және федералдық үкіметпен тең болып, байланыстырушы звено ретінде есептеледі. Жердің бундесраты арқылы:

-өз тараптарынан федерацияға өздерінің мүдделерін тікелей танытады;

-федералдық заң шығару үдерісіне қатысып, заң шығару өкілеттілігінен айырылғандықтан белгілі бір  нақтыланған төлемақы алады.

-өздерінің саяси және әкімшілік тәжірибелерін федерацияның заң шығару мен әкімшілік қызметтерінде қолданады. Олар осылайша жер саясаты аясында ғылымдарды пайдалануға және мемлекет қызметіне тікелей қатысы бар тиісті заңдар орындауға мүмкіндіктері бар.

Бундесратта федеративтік және партиялық саяси элементтер өзара әрекеттесіп, жер саясаты сияқты партияның мүддесімен айқындалады.  Соңғылардың саясаты федеративтік мемлекеттің деңгейіндегідей белгілі бір дәрежеде партияға қатысты жер ұйымдарымен жасалады.

Ішкі жақындасулар федерацияның жұмысы болып табылады, ол ішкі істер министрлігін (елшіліктерді, консулдықтарды, өкілдіктерді) сәйкесінше мекемелерді жақындастырады. Дегенмен жер мәселесі шетел мемлекеттерінің құзырынан тұтастай алынбаған.

Халықаралық ұлттық келісімшартқа отырмас бұрын федерация жерлердің көзқарастарын тыңдап, олардың мүдделеріне қатысты мәселелер болса,  алдын ала ақпараттандыруы керек. егер де мәселе кеме қатынасы жайындағы келісімшарттар болса, нақты айтқанда соған жақын жерлердің пікірін есепке алу қажет. Рейне кеме қатынасы туралы келісімшарт талқыланса, Рейнеге жақын жерлердің ойы да ескерілу керек. 

              Заң шығару құзіреттілігі жердің қолында болса, әр жер шетел мемлекеттерімен келісімшарт жасай алады. Бұл ретте федералдық үкіметтің келісімі керек болады. Себебі қабылданатын шешімдер  ФГР-ның ішкі саясатына нұқсан келмеу  керек. Мұндай келісімшарттар мәдениет пен білім беру саласында жүргізіледі.

              Жерлер бундестаг арқылы федерацияның ішкі саясатын қалыптастыруда жанама түрде болса да қатысады.

Саясаттағы федерализм екі элементті- жарыстар мен келісімге келуді күшейтуге септігін тигізеді. ФГР-ның тұрақтылығы мен гүлденуі мұнымен ғана есептелмейді. Көп азаматтар федерация мен жер деңгейінде  саяси үдерістерге қатыса алады. Шындығында, ФГР бірыңғай мемлекеттік білім беру болып табылады, ал жерлердің болуы оны маңызды етіп, сан алуандықтың ішінде бірлікті көрсетеді. [6,7]


3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

 

3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары

 

Елбасы басқару жүйесі мәселесі бойынша өзінің 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз бірлескен басқару негізінде мемлекеттік басқарудың сапалы да жаңа моделінің нәтижелілігін, қоғамға есеп беру мен айқындылықты көздейтін жүйеге енуіміз керек. Біз мемлекеттік холдингтердің мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып, мемлекеттік–жеке серіктестік негізінде дамудың инфрақұрылымдық механизмін қалыптастырумыз қажет» деді.

              Тәуекел факторларының арасында жетекші венчурлық бизнеске – мемлекеттің қолдауы, бизнес-идея, күтілетін кіріс, менеджмент - әлемдік тәжірибеде  бірінші кезекке менеджмент жобаларының деңгейін қояды. Елдердің инновациялық дамудың  талдауы ғылымның жаңашылдығына, инженерлік ғылымға назар аудару керектігін көрсетеді. Компаниялардың дамуы мен жемісті жұмыс істеуіне ұйымдастырушылық, яғни, менеджментті дамытуды қолға алу қажет. Ол ең алдымен мақсаттылықты, келісімді, технологиялық және құқықтық-экономикалық білімдердің жоғары деңгейін, тәуекелге бара алу мүмкіндігін басқаруды қамтамасыз ету керек.  Қазақстанда менеджмент мемлекеттік басқаруда, банк саласында жемісін көріп жатыр. Ал бірлескен сектор, ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау салалары туралы оны айтуға болмайды. Бірақ елдегі басқару жүйесіндегі көпке ортақ кемшілік болып бұрынғыдай кеңес үкіметі кезіндегі  мысалы, қаржылық-шаруашылық қызмет секілді бағаланып-талдау жұмыстары жүргізілмейді. Қаржылық шығындар жаман менеджменттің салдары. Қазір мысалы көптеген бюджеттік ұйымдарға енгізілген сапалы менеджмент жүйесі, жүйедегі уәжді немесе басқа да факторларға мүлдем назар аудармау салдарынан формалды сипатта жүр. Елбасы басқару жүйесінің мұндай өрескел кемшілігін сынға алды.

Информация о работе Аймақтық басқару