Аймақтық басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:48, курсовая работа

Описание

Мемлекеттің алдында тұрған негізгі мақсат - халықтың әл-ауқатын ұлттық экономиканы тұрақты дамыту негізінде жоғарылату. Қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының атқару өкіметімен бірқатар приоритеттер жиынтығы айқындалған. Солардың бірі - аймақтық басқарудың нәтижелілігін жоғарылату. Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар қадамдар қатары жасалды.

Содержание

ЖОСПАР


КІРІСПЕ ............................................................................................................

2

1 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........


4
1.1 Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде....
4
1.2 Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация).....................................................

8
1.3 Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі.................
14
1.4 Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл.........................
19

2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СТАНДАРТТАР.....................................................................................



24
2.1 Ресей федерациясының аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдердің тәжірибесі...................................................

24
2.2 Ұлыбританияның жергілікті өкімет органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылатуы...........................................................................

26
2.3 Федеративтік Германия Республикасындағы федерация мен жерлердің өзара әрекеттестігі.........................................................................

32

3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ....


39
3.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары…………………………………………………………………

39
3.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар................................................
42
3.3 Аймақтық басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау...........
50

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................


54

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................

Работа состоит из  1 файл

аймактык КУРСОВАЯ.doc

— 465.50 Кб (Скачать документ)

Бүгінгі күні мемлекеттік меншіктің бір бөлігін жеке сектордың басқаруына беру дұрыс саналады, себебі жеке менеджмент және көптеген мемлекет меншігіндегі  инфрақұрылымдық объектілерден капиталды тартудың созылмалы тиімсіздігің жоюға пайдалы болады. Бұл сонымен қатар мемлекеттік бюджетке түскен қысымды азайтады. Осындай саясаттың тиімді бағытының бірі бірнеше ірі өңірлік ӘӨК институттарын дамыту болып қаралады. ӘӨК-ның міндеті (миссиясы) өңірлік экономикалық дамудың мемлекеттік және жеке меншіктік секторының бірігуі, кластерлік жүйе негізінде біріңғай экономикалық нарықты құру. Республикамызда жеке меншік секторының белсенділігінсіз әлеуметтік және экономикалық даму мүмкін емес.

Республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуы меншікті сектордың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асады. Қазір  меншікті құрылымдар аймақты дамыту мәселелерінен алшақ тұра алмайды, себебі олар өздерінің қызметтерін сол аймақта жүргізеді.  Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін тек табысты инвестициялаумен ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті бизнес жүйесін енгізу, пайдасыз өнеркәсіптердің орнына жаңа өндірістер құру және енгізу, мемлекеттік меншікті объектілерін тиімді пайдалану болып табылады.

ӘКК міндеттері:

-Инвестицияларды және экономика  субъектілерінің кең ауқымдағы экономикалық үдерістерін тарту;

- өнімдерді ішкі және сыртқы нарықтарға ілгерілету, табысты тауарларға ұзақ мерзім негізінде тауарларға сұранысты құру;

- қаржылық-тұрақты кәсіпорындармен тиісті кластерлерді біріктіру мақсатымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасындағы байланысты күшейту;

-тиісті кластерлерді құру, және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды   кластер етіп біріктіру үшін қажетті жағдай жасау;

-ішкі және сыртқы нарықта аймақтың экономикалық беделін арттыру;

- шағын және орта кәсіпкерлігінің өнімділігін арттыруда жаңа технологиялар мен  кластерлік өнімділік енгізіп, мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құрып, бәсекеге қабілетті өнім мен технологияны дамыту;

-бизнес-жобалар базасын қалыптастыру, оны іске асыру үшін қаржыландыру;

-аймақтың әлеуметтік дамуына бағытталған жобаларды дайындап, оларды қаржыландыру.

ӘКК келесі жұмыстарды атқарады:

-          жерлерді ӘКК меншігіне беру, мемлекеттік меншік активтерінің бөліктерін табыс ету бойынша үкімет органдарымен өзара әрекет жасау;

-          ақпараттандыру жұмыстарын өткізу (көрме жұмысы, бизнес-конференция, семинарлар, консалтинг);

-өнімді халықаралық нарыққа шығару;

-кәсіпорындарда басқару технологиялары мен жаңа өнімдерді енгізу, сонымен қатар халықаралық стандарттар (ИСО, МСФО және т.б.)

-әлеуметтік жобаларды дайындау және оны іске асыруға қатысу;

-инвестицияларды тарту мақсатымен болашағы зор шетел инвесторларымен, даму институттарымен және басқа да қаржылық ұйымдарымен өзара әрекет жасау;

-болашақта қаржы бөлуге болатын бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру;

-жеке отандық және шетел капиталының қатысуымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру және құру;

-мемлекеттік кәсіпорындар немесе ұйымдардың негізінде құрылған жаңа өндірістерді қайта құру мен қалпына келтіру бойынша жобаларды іске асыру мен жетілдіру.

              ӘКК алдына қойған мақсаттарға жету жаңа жұмыс орындарын құру арқылы аймақтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, ішкі нарықты бәсекеге қабілетті өнімдермен қамтамасыз етуге және аймақтың жалпы экономикалық дамуын жақсартуға әсерін тигізеді.

              Жергілікті мемлекеттік басқару органдары (әкімдіктер, мәслихаттар) ҚР Президенті алдында аталған аймақта ӘКК құру туралы мәселелерді  облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына негізделіп қабылданған және дайындалған жоспар бойынша сұрақтар қоя алады. Әр ӘКК  аймақтық даму институты ретінде танылады. Олар игерілмеген жерлер мен бірге мемлекеттік активтерді басқарып, оларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тартып, жобалардың бастаушысы болып табылады. ӘКК меншікті, шетелдік және отандық жеке капиталдың қатысуымен болатын бірлескен жобаларды жүзеге асырады.

ӘКК-ның ұйымдастырушылық-құқықтық формасы –  акционерлік қоғам болып табылады.

ҚР Президентінің шешімімен 2003 жылдың 13 мамырындағы ҚР-ның «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес ҚР-ның бюджеттік заңнамасы бойынша ӘКК капитализациясына қаражат бөлінді. СПК-ның алғашқы құрылу кезеңінде жарғылық капиталдар қалыптасады. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» акционерлік қоғамының құрылтайшылары болып: ҚР-ның үкіметі (қаржылық, республикалық меншіктік объектілер); облыс әкімдіктері, Алматы, Астана қалалары (қаражат, меншікті коммуналдық объектілер); «Қазына» тұрақты даму  акционерлік қоғамы. Екінші кезеңде ӘКК ацияларын қосымша эмиссиясын бағалы қағаздарды нарықта орнату және ӘКК мемлекеттік акция пакетін жеке шаруаланған субъектілерге сату жоспарланған. Дегенмен бастапқы кезеңде жарғылық капитал мен қаржы ресурстарын жұмсау керек болады. ӘКК акционерлері болып ҚР-ның заңнамасына сәйкес ҚР-ның үкіметі, облыс әкімдіктері, Алматы, Астана қалалары (қаражат, меншікті коммуналдық объектілер); «Қазына» тұрақты даму  акционерлік қоғамы болады. Болашақта ӘКК-ның тұрақты даму жағдайында олар қор нарығына шығуға мүмкіндік алады. 

Мемлекеттік республикалық және коммуналдық меншік объектілерінің кейбірлері, жерлер,  жаңа өндірістерді құруға пайдалануға болатын пайдасыз мемлекеттік кәсіпорындар ӘКК-ның меншігіне беріледі.  ӘКК-ның жұмысында пайдалануға болатын активтерді ғана беру маңызды аспекті болып табылады.

              Мемлекеттік меншіктегі активтерді ӘКК-ға берудің мақсаты - ӘКК-ның  коммерциялық жұмысында тиімді пайдалану. ӘКК-ның қызметі өндірістік байланысқа теңеліп, жаңа жобаларды жүзеге асыру мен инвестицияларды тартуға бағытталған болу керек.

              Осылайша ӘКК  аймақтағы жобаларды іске асыру үшін қаржылық, техникалық және басқару ресурстарын шоғырландырады. сонымен қатар ӘКК қызметінің негізгі бағыттарының бірі - ішкі экономикалық байланыстарды жүзеге асыру.

              ҚР-ның үкіметі мен ӘКК арасындағы өзара байланыс Арнайы кеңес арқылы іске асады. Экономика мен бюджетті жоспарлау министрлігінің бірінші басшыларынан, сауда және индустрия, ҚР-ның қаржы жүйесінен және басқа да орталықтандырылған атқарушы органдардан, арнайы кеңес мүшелерінен, мемлекеттік холдингерден құралған арнайы кеңес ӘКК-ның даму жоспарын жүзеге асыру механизмдері мен негізгі міндеттерді ұсынумен айналысады. ӘКК-ның басқару органының құрамын анықтаумен (Директорлар кеңесі, орталық жиналыс) шұғылданады. ӘКК-ның басқару органрдары АҚ-дар жұмыстарын ҚР-ның заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Сонымен қатар ӘКК қызметінің қаржылы-шаруашылық жоспарын бекіту және оны орындау туралы есеп жүргізумен де айналысады. ӘКК алдына қойылған міндеттерді шешу үшін кең ауқымды салалық білімі бар басқару жүйесінде теориялық білімімен қатар практикалық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандардан, осы заманға сай менеджерлерден құралған басқару органын қалыптастыру қажет. ӘКК басқару жүйесін халықаралық іздеу нәтижесі бойынша Қазақстандық және шетелдік басқару компанияларынан қалыптастырған дұрыс. ӘКК-ны басқару саясатының негізгі бағыттарының бірі - ӘКК-ның ішкі экономикалық байланыстарын ретке келтіру, шетелдік инвестициялар тарту, Қазақстан аймақтарын шетелдегі имиджін жоғарылату, жаңа технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу, бірлескен менеджмент тиімділігін арттыру болып табылады. ӘКК қызметін үйлестіруді арнайы кеңес жүзеге асырады. Мұнымен қоса ӘКК орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттестікте болады.  өз кезегінде тиісті орталық мемлекет және жергілікті өкілетті органдармен ӘКК-ға берілуге тиіс республикалық және коммуналдық меншік объектілерінің тізімі жасалады. ӘКК қызметін ынталандырудың бір құралы болып ӘКК арасында конкурстық негізде бизнес-жобаларды жүзеге асыруды көздейтін ұлттық даму институттарымен мемлекеттік гранттар бөлу.

Директорлар кеңесінен құралған аймақаралық  консультациялық-кеңесші орган мен әр ӘКК аймағынан басқарушылар құралуы мүмкін.  Шағын бизнеске ӘКК жобаларын ендіру арқылы аймақтағы экономиканы және жаңа өндірістерді дамыту қажет. ӘКК-ның шаруашылық жұмысы жаңа жобалар туралы ақпарат жинаумен ерекшеленді. Қоғамдық ұйымдарға ӘКК инвестициялары бағыттарының артықшылықтарын  анықтау кезінде, сонымен қатар нақты жобаларды дайындау кезінде тартыла алады. Қоғамдық ұйымдардың бұл кезеңдерге қатысуының мақсаты -аталған аймақ тұрғындарының мүдделерін есепке алу. ӘКК аясында жаңа өнімдерді шығару үшін ӘКК-ның меншікті сауда үйлерін, сонымен қатар көрме жұмыстарын, консалтингтердің, оқыту және т.б. құру көзделіп отыр. ӘКК-ның жұмысы ӘКК-ның инфрақұрылымын дамыту үшін табыс көзін алу, коммерциялық жобаларды қаржыландыру, әлеуметтік жобаларды (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және т.б.) құру және оны іске асыру.   Бұл аймақтың әлеуметтік даму үдерісінде маңызды фактор болары анық. Концепцияны практикалық іске асыру үдерісінде ӘКК құрылымы жұмысының барысында пайда болатын өзекті мәселелерді талдауды өткізу және заң шығару жүйесін (соның ішінде әкімшілік, жергілікті өзін-өзі басқару және бюджет қатынастары) жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

              Энергетикалық емес және тиімсіз секторларда жаңа нарықты дамыту сияқты, қорғалған сауда маркасы бар өнімдерді жасау және интеллектуалдық меншік құқықтарын, ферма шараушылығын дамыту, кәсіпкерліктің өнімін  ішкі және сыртқы нарыққа шығару сияқты міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді.

Сонымен қатар ӘКК кәсіпкерлік өнімдерін сатып алушы ретінде танылады және келесі міндеттерді атқара отыра кластер менеджері болады:

-кәсіпкерліктің шағын және орта кәсіпорындардың өнімдерін сатып алу және жаңа технологияларды басқару жүйесі мен өндіріске енгізу, инновацияларды енгізуге ынталандыру;

-ауыл шаруашылық өнімдерін тамақ тауарларына жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға енгізу, қайта өңдеу үдерістерін ұйымдастыру және өнімді қайта өңдеу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын енгізу;

-өнімдерді біртұтас брэнд негізінде ішкі және сыртқы нарыққа шығару және маркетинг;

-ӘКК-ның меншікті сауда үйлерін құруда ӘКК-ның аясында дайындалған өнімдерді іске асыру.

              ӘКК шаруашылық субъектілерінің бірлестіктерін кластерлерге тартады. Кластердің өндірістік циклын ұйымдастыру жолымен жаңасын құру, инфрақұрылым объектілері мен жер телімін ұсыну, инновация енгізу, маркетинг базасын қалыптастыру, кластердің барлық шикізаты үшін көтерме бағамен сатып алу есебімен өнімнің өз құнын төмендету, өнімді қайта өңдеу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын енгізу;

              Бүгінгі таңда елдегі экономикалық дамуының жалпы аясында ауыл және қала тұрғындарының өмір сүру деңгейі жақсы емес. Халықтың 43%-ы

ауылды елді мекенде тұрады, олардың үштен бір бөлігі статистикалық мәліметтер бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыс алады. Бұл қоғамның әлеуметтік-саяси ахуалына кері әсерін тигізеді және адамның даму көрсеткіштері мен еліміздің инвестициялық имиджінде көрініс табады.

              Ауыл шаруашылық және тамақ өнеркәсібі саласындағы кластердің дамуына ауылдық елді мекеннің әлеуметтік және саяси жағдайының дамуына әсер етеді. Ауыл шаруашылығындағы өнімділіктің аз болғандығынан тамақ өнеркәсібінің шағын және орта кәсіпорындары , шаруа қожалықтары өз беттерімен көп мөлшерде қазақстандық өнімді экспортқа шығара алмайды.

              Осыған байланысты шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық мүмкіндігінің концентрациясы технологиялық модернизацияның локомотиві және белгілі бір аймақ кластерінің бәсеге қабілетті болып өсуіне әсер етеді.

              Кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын жағдайдың бірі  өнімділік инфрақұрылымның жетіспеушілігі, бірінші кезекте бұл жер құны мен коммуникация жүйесіне қосылу қиындығы болып табылады. Мемлекеттік меншікті активтерді пайдаланбау мәселелері, ӘКК жерлері өндірістік мақсатымен кәсіпкерлік қолдаудың тиімді шарасы болады.

              Мемлекеттік коммуналдық меншіктегі ӘКК активтерін, жерлер мен ғимараттарды, тиімсіз немесе пайдасыз кәсіпорындарды табыстаудың маңызды аспектісі ретінде  әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация өз қызметінде қолдануы мүмкін. Сонымен қатар ӘКК-ға жүктелетін міндеттер мен қызметтер саны үлкен және оларды бір-бірімен шатастырмау керек.

              Кәсіпкерліктің қайта құрылуы ӘКК-ға міндеттелмеу қажет, себебі оның міндетіне өте көп міндеттер кіреді. Оңалту деп кәсіпкерліктерді қайта құру және оның негізінде құрылған бәсекеге қабілетті  жаңа өндірістерді айтады. Мемлекеттік тиімсіз кәспорындарды оңалту мен қайта құру талдауы бойынша жұмыстарын аймақтың орталықтандырылған даму инститтары ретінде ӘКК орындау керек. Сонымен қатар олар осы үдеріске өз еркілерімен қатысулары қажет. ӘКК қызметі мемлекет тарапынан реттеуге және оңтайлы болған сайын олардың жұмыстары да сондай тиімді болмақ.

              ӘКК активтерді басқаруға, жобаларды тартуға және оларға нақты аймақтың дамуына байланысты қосымша инвестициялар да тарта алады. ӘКК-ның дамуы мемлекеттік тиімсіз кәсіпорындардың негізінде жаңа өндірістер мен технологиялар құруға себеп болады. Осы үдерістің бірінші қадамы болып жергілікті және орталық өкілетті органдарымен мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мүлкін инвентарицазиялаудан өткізу, мемлекет иелігіндегі акциялардың бақылау пакеттерін өткізу болып табылады. Инвентаризация өткізудің нәтижесінде ӘКК-ға берілетін тиімсіз активтер анықталады.

Информация о работе Аймақтық басқару