Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 12:29, курсовая работа
Осындай аралық органдар болып өз функцияларын орталық үкіметтің ведомствосына қарастыбөлімінен тәуелсіз жүзеге асыратын аймақтардың, облыстардың басқару органдары болып келеді. Ондай құрылымдар АҚШ, Германия, Швейцария, Австрия сияқты федералды мемлекеттерде, сонымен қатар дәл осылай Франция, Швеция, Жапония сияқты унитарлы мемлекеттерде болады.
Жергілікті өкімет органдары өз функциясын қалалық немесе ауылдық аудандарда жүзеге асыратын төменгі әкімшілік бірлік болып келеді. Оларға бағынышты аумақтар аралық территориялық құрылымдарға кіреді. Аралық және жергілікті өкімет органдарын қаржыландыруда үш негізгі табыс көзі бар:
- салықтар - міндетті мемлекетке тегін төлемдер;
- салықсыз табыстар – салықтардан, жәрдем ақшадан (мемлекет немесе қандай болмасын мекеме ұсынатын әдетте ақшалы жәрдемақы түрі) және займдардан басқа барлық табыстар;
- субсидия - басқа өкімет органдарының қаражаттарынан пайызсыз тегін жәрдем.
- жалпыұлттық мойындауға қол жеткізіп, абыройын бекітуге;
- қызметкерлердің
адамгершілігі мен
- жұмыс нәтижесін жақсартуға (зерттеулер көрсеткендей, 97% конкурстың жеңімпаз ұйымдары мен олардың сыйлық алмаған 79% қатысушылары артынан өз істерін ұштауға шаралар қолдануға шешім қабылдайды).
«Қызметкерлерге
инвестиция» ұлгісі өз құрамы
бойынша ұлттық стандарттар
- жоғарғы басшылықтың
қызметкерлердің
- жүйелі қызметкерлердің
оқытуға, дамытуға
- қызметкерлердің
жеке дамуы мен оқуын
- ұйым қызметкерлеріне
инвестиция нәтижелігін
Бұл жүйені әр типтегі ұйымдарға енгізу 6 айдан екі жылға дейін созылуы мүмкін. Оны қолданудан пайданы ұйым, сондай-ақ қызметкерлердің өздері де алады.
Келесі схема бойынша жұмыс жасау ұсынылады. Ең алдымен жергілікті оқу қоғамы стандарттары жайлы керекті ақпарат табу қажет, содан кейін салыстырмалы талдау жүргізу және стандарттар мен нақты жағдай арасындағы айырмашылықты бағалау, қызметкерлерді дамыту жоспарын жасау, оны іске асыру, бар стандарттар негізінде қызметкерлерге инвестиция нәтижелілігін бағалауды қамтамасыз ету қажет.
«ISO – 9000» үлгісі жергілікті басқару органдарында оларды стандарттау және құжат айналымын жақсарту негізінде процессерді жетілдіруге көмектеседі. Ол 143 елде 270 мыңнан аса ұйым қолданатын басқару жүйесінің ұлтаралық сапа стандарты болып табылады. Оның ішіндегі 60 мың ұйым Ұлыбританяда және олардың әрекетін ұлтаралық стандарттармен салыстыруға, анықтама құралдары мен жұмыс сапасын жақсарту әдістемелерін жасауға мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде процедураларды стандарттау жұмысы жүргізіледі. Ол ресми құжаттарда көрініс табады. Кейін процесстерді сертификациялауды тәуелсіз бағалау және стандарттармен салыстыру жүргізіледі. Осындай бағалауды Ұлыбританияда сауда және өндіріс министрлігі қарамағында жұмыс істейтін Аккредитация қызметі жүргізеді. Аккредитация еркін, одан өткендерге ұлтық аккредитация белгісін пайдалануға болады. Бұл азаматтарға ұйым тәуелсіз мекеме бектіткен, әлемдік стандарттарға сай, сапалы қызмет көрсететіндігін көрсетуі тиіс. Содан кейін жыл сайынғы ежегодные аудиторлық тексеру жүргізіледі.
«ISO – 9000» үлгісін ендіру 6-9 ай алады, Сол уақытта ұйымдар үш құжатты дайындауы тиіс:
- сапа облысындағы саясат;
- сапа стандарты бойынша анықтама;
- процедуралар бойынша жұмыстық нұсқаулықтар.
Бұл жүйе уақыт пен ресурсты тиімді пайдалануға, қызметтерді жетілдіруге және тұтынушыларды қанағаттандыру деңгейін көтеруге, қызметкерлер тарапынан жұмысқа қанағаттану, ұйымның беделінің көтерілуіне септігін тигізеді. Бұл жұмыста Британдық стандарттар институты үлкен маңызға ие.
«Жергілікті басқаруды жетілдіру бағдарламасы» әдетте «Жақсы құндылықтар » концепциясын іске асыру жұмысының бастапқы кезеңінде қолданылады. Оның мақсаты жергілікті өкімет органдарына өзгерістер бағытын анықтауда және жетілдіруді қажет ететін аймақты орнатуда осы концепция мәні туралы кең пікірталас тудыру.
Бағдарламаға бір топ қызметкерлер мен қалауынша таңдалған бір сыртқы эксперт қатысатын ұйымның жұмысын бір апта тексеру кіреді. Зерттеу барысында жұмыс көрсеткіштерін стандартармен салыстыру және табылған сәйкессіздік себептері талданады. Содан кейін жұмысты ұштау жоспары жасалып, екі жыл ішінде нәтижелер мониторингі жүргізіледі.
Барлық көрсетілген үлгілердің іске асырылуы жүргізілген есеп бойынша 1 500 ф. ст. және одан да жоғары қаржы шығынын талап етеді.
Қорытындылай келе,
Ұлыбритания тәжірибесі нәтижелі болатын жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесін құруда қазіргі
Қазақстан үшін пайдалы болуы мүмкін екендігін
айта кеткен жөн.
2.3 Федеративтік Германия Республикасындағы федерация мен жерлердің өзара әрекеттестігі
Германия өзіндік әрі күрделі жүйесі бар федеративтік мемлекет ретінде танылады. Өздігінен федерация да, жерлер де жарамсыз болып табылады. Мемлекеттің мәнін олардың өзара қарым-қатынасы айқындайды. Федерация мен жерлердің арасындағы байланыс гомогендік (біртекті) ұстанымға негізделген:
-федеративтік мемлекет ретінде федерация
-халық мемлекеттік үкіметтің жаршысы
болып есептеледі. Мұның астарында үкіметтің азаматтық
-жер еркін іс-әрекетке ие.
Мысалы, олар Президентті өз жерінің
- федерация мен жерде
- мемлекет озбырлыққа жол
Федералдық жер қауымдарға және олардың одақтарына (мысалы, қауым бірлестігі, аудандық маңызы бар қалалар, аудан ауылдары және ландшафтық бірлестіктер) бөлінген. Дегенмен Германияның мемлекеттік құрылымы 3 сатылық емес, жер мен федерация деңгейінен құралған екі сатылы болып келеді. Қауым ішкі жер бөлумен сипатталады және олармен коммуналдық өзін-өзі басқару құқығы кепілдемесін береді.
Федерация мен жер арасындағы міндеттерді бөлісу. Федеративтік Германия Республикасында классикалық сызбаға көлденең бөлу өкілеттілігімен қоса (заңнамалық, атқарушы және сот билігі араларында) тігінен - мемлекетпен және оның бөлімдері бар. Тек федерация ғана емес, сонымен қатар жердің әрқайсысында меншікті парламент, өкімет пен соттары болады.
Міндеттері көлемі мен типіне байланысты төмендегідей жіктеледі:
-заң өкілеттілігі қызметінің көп
саласы федерацияның қолында;
- әкімшілік басқару, негізінен, жердің құзіретінде;
-сот әділдігі мәселесін федерация
мен жер бір-бірімен өзара
Бөлісудің мұндай түрі федерацияға басымдылықты кепілдік етеді. Федерация өкілеттіліктің кең ауқымын иелене отыра, бірыңғай нормаларды белгілеу, орнату мүмкіндігіне ие. Жер бундесрат арқылы заң шығару үдерісіне қатыса алады, бұл оның елеулі өтемдік механизмі болып табылады.
Жерлердің мүддесін қорғайтын федералдық заңдар тек бундесраттың келісімі болғанда ғана қабылданады.
Федерацияның заң шығару құзіреті. Мемлекет пен азаматтардың мүдделері бір жерден шығып, бірыңғай норманы талап еткен жағдайда, мысалы, федерация халықаралық қатынастар, қорғаныс, кеден және шекара күзеті сияқты мәселелерге қатысты заң шығару құқығына ие болады.
Көптеген облыстарда бәсекелестік заң шығару жұмыс істейді. Шындығында, мұнда федерация басымдық, немесе доминанттық сипатта болады. Жерлер федералдық деңгейде реттелмейтін мәселелерге қатысты ғана заң шығара алады. Федерация іс жүзінде жерлерге мүлдем дерлік бәсекелестік аймақ (мысалы, қылмыстық, процессуалды, экономикалық, еңбек құқығы, қоғамдық көлік және тұрғын үй шаруашылығы, шетелдіктердің келуі мен олардың тұрақты тұруы, жиналыстар мен бірлестіктердің жұмыс істеуін, кеме қатынасы) қалдырмады.
Федерация жерлердің шығармашылық мөлшерінің негізгі мазмұны мен бағытын көрсетіп, бірқатар мәселелерді шешу үшін жалпы ұйғарым береді. Бұған жоғарғы білім алудың жалпы принциптері, кино мен баспасөзге арналған жалпы құқықтық қатынастар, қоршаған ортаны қорғау, ландшафтық жоспарлау, территорияны реттеу, су шаруашылығы, көлікті тіркеу жүйесі сияқты мәселелерге қатысты шектеулі заң шығару жатады. Федерацияда белгіленген нақты мәселелер туралы шешім қабылдау мүмкіндігі осылайша жерлердің құзырында қалады.
Федерацияның территориясын реттейтін заң туралы жалпы ережелер ғана бар, ал экономика саласының құрылымдық жоспарлауы, әлеуметтік және мәдениет салалары тікелей әр жердің құзырына енеді.
Жерлердің заң шығару құзіреті. Федерацияның Конституциясына байланысты болмаса, Жерлер заң шығару құқығын іске асырады. Бір қарағанда осының арқасында жерлердің заң шығару мүмкіндігі жоғары деген сезім қалыптасуы мүмкін. Іс жүзінде шындыққа жанасымды басқа ой дұрыс. Төменде көрсетілген мәселелер федерацияның ұйғарымынсыз жерлердің толық құзіретіне кіреді:
-бірінші кезекте білім беру, радио мен телевидение сияқты мәдениет саласы;
-коммуналдық саланың дамуы;
-мемлекеттік
және қоғамдық тәртіпті
Жерлер мұнда әр түрлі мақсаттарды көздеп, өз жолымен жүруі де мүмкін. Полицейлік құқық жерлердің деңгейінде реттеледі, бірақ полицейлердің киімі бірыңғай. Мектептердегі білім беру жүйесінде біршама өзгешелік бар, дегенмен жерлердің мәдениет министрлері оны үйлестіру үшін көп жұмыс атқарып жатыр.
Жер өкілеттілігі тек аймақтарға ғана таралмайды. Мысалы, телевидение толығымен жер деңгейінде реттеледі. Дегенмен жер федерация қабылдаған бағдарламаларды жасауға болады және ортақ аймақаралық телекомпания құра алады.
Басқару міндеттері. Германия үстел үстінде, кабинетте шешілетін, болып жатқан оқиғалардан алшақ болатын ірі білім беру мекемелерден қашық. Сондықтан федералдық билік, негізінен, тек ішкі қатынастарға қатысты, мысалы федералдық қаржы басқармасы, бундесвердің қызметі, федералдық шекара күзеті секілді аз ғана салаларға байланысты заңды жүзеге асыруға жауап береді.
Басқарудың көп бөлігі коммуналдық өзін-өзі басқаруға негізделген жерлерге жүктелген. Оларды 3 топқа бөлуге болады.
Федерацияның тапсырмасы бойынша, мысалы федералдық автострад пен автомобиль жолдары жүйесін басқару, су жолдары, құрылыс пен атомдық электрстанцияларын пайдалану және радиобелсенді заттарды қайтадан өңдеу мен сақтау талаптарын анықтауға рұқсат алумен байланысты әуежайлардың құрылысы секілді мәселелердің тек аз бөлігі ғана орындалып жатыр.
Мұндай жағдайда федерация өз нұсқамаларын беруге құқылы. Федералдық заңдардың көп бөлігін федералдық қадағалау арқылы тікелей жер үкіметімен орындалады. Дегенмен мұнда федерацияның ықпалы шектеулі. Басқарушылық шешімдерін заңда орынды пайдалану үшін қадағаланады. Егер олар бірнеше болса, онда таңдау жер үкіметіне қалады. Федерация басқа шешім дұрыс немесе оң деп өз шешімін ауыстырмайды. Сол себепті жерлер тек атқарушы органдар ғана емес, олар сонымен қатар өз ұғымдарын ескеріп, мысалы құрылыс, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек салаларында өзіндік шешім қабылдай алады.
Жер кіріспесінде тек тікелей әкімшілік міндеттер туралы шешімдер (мектептерді дамыту, полицияны қамтамасыз ету, жерді жоспарлау) бар.
Басқару кең мағынада үкіметтік қызмет ретінде белсенді мемлекеттік саясат деп жіктелуі мүмкін.
Бөлісу шығындары. Бөлісудің ұстанымдары мен өкілеттікті бөлу ережелері тек қаржыландырудың нәтижесінде ғана маңызды болады. Қаражат болмаса, жерлер үшін жолдардың құрылысымен айналысудың ешқандай мән-мағынасы болмайды. Сол себептен қаржыландыру мәселесі федерация мен жерлердің арасындағы тұрақты тақырып және ол федеративтік құрылғының каркасы болып табылады. Шығындар үшін соңғылардың жауапкершілігі былайша сипатталады.
Мемлекеттік аппаратты пайдалану мен