Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 10:19, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» (2004 ж) заңы бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзіретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
КІРІСПЕ
Қазақстан
Республикасының «Акционерлік қоғамдар
туралы» (2004 ж) заңы бар, осы Заң акционерлік
қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет,
қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін,
акционерлердің құқықтары мен міндеттерін,
сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін
қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік
қоғам органдарының құзіретін, құрылу
және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін
белгілейді.
Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып – сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.
Экономикадағы
өндірістің құлдырауы және дағдарыс
жағдайларында акционерлік
Елімізде акционерлік қоғамдардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды. Оның негізгі жекешелендіру формаларына акционерлендіру жатады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру кезінде әр түрлі деңгейде мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар құрылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, ең кең таралған ұйымдастырушылық – құқықтық нысан болып акционерлік қоғамдар болып табылады. Акционерлік қоғамдардың ролі мен маңызы 2003 жылы 13 мамырда Акционерлік қоғамдар туралы ҚР арнайы Заңы қабылданғаннан кейін күшейді.
Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айналымның орталығына қойды, кәсіпкерлік қызметтің акционерлік нысаны шаруашылық жүргізудің ең кең тараған нысанына айналып, Қазақстан Республикасының экономикалық қайта құрулар механизміне терең енді және оның дамуына біршама әсер етуде.
Мемлекеттік және
коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру
салдарынан кәсіпкерліктің акционерлік
нысанының кең таралуы –
1.Акционерлік
қоғам – акционерлік
Біріншісі: жеке субъектілер жалпы біртұтасқа бірігетін әлеуметтік мәнді өзара байланыстар жүйесінің бар болуы;
Екіншісі: құрылу мен қызмет етудің белгілі бір мақсатының болуы. Акционерлік қоғам, кез – келген әлеуметтік ұйым сияқты мақсатты жалпылық – бұл осындай мақсат үшін адамдардың бірігуі, ол әрқайсысы үшін маңызды болса да, жеке түрде оған ешкім қол жеткізе алмайды. Бірақ та бұл мақсатқа жету оларды рольдер бойынша, мақсаттар бойынша, бағынуы бойынша бөлінуіне мұқтаж етеді.
Акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуінің негізгі мақсаты болып, кез – келген коммерциялық ұйымдікі сияқты пайда табу болып табылады. Ары қарай, бірақ та акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуіне селсоқ қарауға болмайтыны түсіндіріледі – акционерлік қоғамның дамуы акционерлік қатынастардың субъектілерінің (акционерлер, персонал, несие берушілер, мемлекет және оның органдары ретінде т.б.) әр түрлі топтарының мүдделер жүйесінің жиынтығын жүзеге асырумен анықталады.
Үшіншісі: ішкі құрылымның және функционалды дифференциацияның бар болуы (акционерлік қоғамды ұйымдастырудың корпоративті әдісі, компанияның өндірістік – шаруашылық қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы).
2.Экономикалық
белгі – жарна ретінде
3. Материалдық – құқықтық белгі, оған екі элемент кіреді: азаматтық айналымда өз атынан жеке түрде шығу қабілеті және жеке мүліктік жауапкершілік, яғни өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иемдену және міндеттерді өз мойнына алу қабілеті.
4. Процессуалды
– құқықтық белгі – соттарда
талапкер және жауапкер болу
қабілеті. Заңнамаға сәйкес акционерлік
қоғамдар соттарда
Зерттеу жұмыстың мақсаты: нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың маңызы мен тиімділігін ашып көрсету.
Зерттеу жұмыстың құрылымы:
Бірінші бөлімде – акционерлік қоғамның қалыптасуы, оның қоғамда алатын орны мен қызметі, түрлері қарастырылады.
Екінші бөлімде – Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары қарастырылады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИПТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Акционерлік қоғамның пайда болуы, орналасу жері
Акционерлік қоғам – заңды тұлға. Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Акционерлік қоғам өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемесі бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сонымен қатар өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді. Заңды тұлға негізіндегі акционерлік қоғам заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды. Бұған қоса, акционерлік қоғамның тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.Тағы да оның басты белгілеріне, сотта талапкер және жауапкер болуын жатқызамыз. Экономикасы дамыған, капиталистік елдерде қабылданған терминология бойынша олар корпорациялар деп те аталады.
Акционерлік қоғам заңды тұлғалардың ішінде коммерциялық ұйым бола тұрып, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздеп, мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейді.
Акционерлік қоғамның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және өз атауы жазылған мөрі болады. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді. Егер акционерлік қоғам өзінің жаңа акциялар немесе акцияларға айналатын (конверсияланатын) басқа да бағалы қағаздар шығаратын ниеті туралы хабарлағанда, акционерлердің артықшылықты сатып алу құқығы ескеріледі, яғни оларға қолындағы акцияларға сәйкес бірдей жағдай ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган акционерлерге артықшылықты сатып алу құқығын пайдалану жөніндегі ұсыныс беру тәртібін белгілеуге құқылы. Заңдарда көзделген жағдайларға орай, акционерлік қоғамда табысы тек қана қоғамды дамытуға жұмсалатын коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамның оқшау
мүлкі дегеніміз, шаруашылық қатынастарына
дербес түсуі үшін ұйымның тек
қана басқа ұйымдардың ғана емес, сондай-ақ
мемлекеттің мүлкінен де оқшау мүлкі
болуы керек дегенді білдіреді.
Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу
қабілеті — бұл ұйымды өз атынан азаматтық
құқықтар мен міндеттерге ие болу, талапкер
және
жауапкер ретінде жауап беру мүмкіндігі,
бұл акционерлік қоғамды құқық субьектісі
деп мойындауының салдары болып табылады.
Акционерлік қоғам ұйымдық біртұтас болу
керек. Ұйымдық біртұтас болу ұжымдық
құрылымның біртұтас құрылым ретіндегі
қызметін қамтамасыз етеді.
Аталған белгі қоғамның мақсаттары мен
міндеттерін, оның құрылымын, құзыретін,
қызмет тәртібін анықтаудан көрінеді.
Акционерлік қоғамның азаматтық құқықтары
болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді
Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексіне сәйкес мойнына алуы мүмкін.Оның
азаматтық құқықтары болуы және заң актілерінде
немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған
кез келген қызмет түрін жүзеге асыру
үшін қажетті азаматтық міндеттерді атқаруы
мүмкін. Заң актілерінде көзделген жағдайларда
белгілі бір қызмет түрін жүзеге асырушы
акционерлік қоғам үшін басқа қызметпен
айналысу мүмкіндігі болмауы немесе шектелуі
мүмкін. Акционерлік қоғам тізбесі заң
актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет
түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса
алады. Құқық қабілеттілігіне келетін
болсақ, құқық қабілеттілігі ол құрылған
кезде пайда болып, оны тарату аяқталған
кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия
алу қажет болатын қызмет саласында акционерлік
қоғамның құқық қабілеттілігі сондай
лицензияны алған кезден бастап пайда
болып, ол қайтарып алынған, оның қолдану
мерзімі өткен немесе заң құжаттарында
белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған
кезде тоқтатылады.
Акционерлік қоғамның атауы, орналасу жері. Акционерлік қоғамның азаматтық айналымға дербес шығуы үшін ол жекеленуі, яғни басқа біртектес заңды тұлғадан ерекшеленуі тиіс. Оған ең алдымен оның атауымен қол жеткізуге болады. Себебі әрбір акционерлік қоғамның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Қоғамның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Құрылтай шартында қоғамның атауы белгіленеді. Акционерлік қоғамның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетін аттарды, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімдеріне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардың есімдерін пайдалануға жол берілмейді. Мұнда келесі бір есепті мысал ретінде келтіру орынды. Қазақстан Республикасының азаматшасы Аділбаева С. өзіне атасынан мұрагерлікпен өткен «Манғыстау-газ» акционерлік қоғамының атауын өзгертпекші болады. Акционерлік қоғамға өзінің сүйікті әртісі С-тің атын бермекші болады. Егер бұл мысалға құқықтық талдау жасасақ, әрине бұл заңға қайшы әрекет. Себебі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 38-бабының бірінші тармағына сәйкес, заңды тұлғаның атауында жеке адамдардың, соның ішінде атақты адамдардың есімдерін, олардың келісімінсіз пайдалануға жол берілмейді делінген.
Акционерлік қоғамның тұрған жері (оның тұрақты жұмыс орны ) «оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып көрсетіледі» (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 38-бабы). Акционерлік қоғамның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылады. Үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста қоғам өзінің нақты мекен-жайының бірыңғай мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайға сәйкес келмейтініне сілтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайына да, нақты жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жіберуге құқылы.Қоғамның тұрған жерінде банк мекемесінде оның есеп шоты ашылады және тұрған жерін белгілеу жауапкер болатын сот істерінің қай ведоствоға қарайтындығын анықтау үшін маңызды. Акционерлік қоғам директорлар кеңесінің шешімі бойынша заң құжаттарында көзделген тәртіппен өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы. Ал заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
1.2 Қазақстанда акционерлік
қоғамның құрылуы. Қоғамды
Жоғары орган —
Басқарушы органы — директорлар кеңесі;
Атқарушы орган — алқалы орган немесе атауын қоғамның жарғысы белгілейтін, қоғамның атқарушы органының қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
Акционерлік қоғамның органдары: жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, алқалы орган немесе басқарма, тексеру коммисиясы ( алқалы немесе жеке- дара тексеруші) болып саналады.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы жылдық және кезектен тыс жиналыстар болып табылады.Қоғамның ең жоғары органы — оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып табылады. Ол қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс. Есепті кезеңдегі қоғам қызметінің аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға дейін ұзартылған болып есептеледі.Жыл сайынғы жалпы жиналысында қоғамның өткен қаржы жылының таза табысын бөлу, бір жай акцияға шаққандағы дивидент мөлшері сияқты мәселелер жауабын табады. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпыжиналыстары кезектен тыс болып саналады.
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыреті заң актілерімен белгіленеді. Айрықша құзыретіне қарасты кейбір мәселелерді айтсақ, олар: қоғамның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу немесе оның жаңа редакциясын бекіту, акциялардың санын өзгерту; қоғамның үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және тарату; қоғамның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту; оның жылдық қаржылық есебін және жыл қорытындысы бойынша дивиденттер мөлшерін бекіту; қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, оның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі сияқты көптеген басқа жайттар. Барлық акциялары жалғыз акционерге тиесілі қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді.