Акционерлік қоғамды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 10:19, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» (2004 ж) заңы бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзіретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорын зерттеу Саулет.doc

— 112.00 Кб (Скачать документ)

Акционерлердің жалпы  жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді акционерлік қоғамның өзге органдарына  беруге болмайды. Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатынасу үшін тіркеу аяқталған кезде жиынтығында  қоғамның дауыс беретін акциялардының елу және одан да көп процентіе иеленген акционерлер тіркелсе, онда жалпы жиналыс шешім қабылдауға хақылы болып саналады және қоғамның жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді жазбаша шешімдерін түрде ресімдеуге құқығы бар.

Акционерлік қоғамда директорлар  кеңесі құрылады. Ол қоғамның қызметіне  жалпы басшылықты жүзеге асырады  және қоғамның басқару органы табылады. Жоғарыда атап кеткендей сияқты бұл  директорлар кеңесінің айрықша  құзыретіне жатқызылған мәселелерін акционерлік қоғамның атқарушы органының шешуіне беруге болмайды.

Қазақстан Республикасының  заң актілерімен белгіленген  жағдайларда, бір акционері бар  акционерлік қоғамда қоғамның жарғысымен директорлар кеңесін құрмай-ақ, акционерлік  қоғамды басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Оның міндеттеріне қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау, акционерлердің жылдық және керек жағдайларда кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдау, олардың күн тәртібін бекіту, қоғам шығарған акцияларды, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешім қабылдау, таза табысты, резервтік апитал мен қоғамның өзге де қорларының қаражатын пайдалану тәртібін айқындау және сол сияқты көптеген қоғамның жылдық жиналыстары аралығында шешілетін мәселелер жатады.

Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке дара ( директор, бас директор, президент ) болуы мүмкін. Ағымдағы қызметке басшылық жасауды, жалпы жиналыс  шешімдерін жүзеге асыру — осы  органның құзырында. Ол акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басқаруды жүзеге асырып, директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді. Алқалы атқарушы органды директорлар кеңесі қоғамның жарғысында көрсетілген санда және мерзімге сайлайды. Бұл орган акционерлік қоғамның атынан іс-қимыл жасайды, оның мүддесін қорғайды, штатты шығарып, қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді. Акционерлік қоғамның атқарушы органының қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын мүшелік орган – тексеру комиссиясы.Ол кемінде үш мүше құрамында құрылып, бес жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясы кез-келген уақытта өзінің бастамасымен, акционерлер жалпы жиналысының, қоғамның директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша және акциялардың 10 пайызынан астамын иеленетін акционерлердің талабы бойынша қоғамның атқарушы органының қызметіне тексеріс жүргізеді.Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 92-бабының 6-тармағына сәйкес, қоғамда өзге де органдар құрылуы мүмкін. Акционерлердің саны жүзден асатын қоғамда акционерлердің жалпы жиналысында құрамы үш адамнан кем болмауға тиіс есеп комиссиясы бекітіледі. Ол жалпы жиналыстың кворумын анықтайды, жиналыста дауыс беру тәртібін түсіндіреді және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады. Акционердің жеке өзі немесе өкілі арқылы жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге міндетті. Акционердің өзі жиналысқа қатынаспай оның өкілі қатысса, онда ол заңдарға сәйкес ресімделген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайды.

Дауыс беру «қоғамның  бір акциясы – бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады. Қоғамның басқару билігі қолында акциялардың бақылау бумасы бар ірі акционерлерде болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік беретін акциялардың саны. Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауына құқық беретін белгілі бір акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік ара қатынасы. Бұрын уәкілетті мемлекеттік реттеу органының мемлекеттік қызметшісі болған және өзінің қызметтік міндеттері бойынша акционерлік қоғам қызметіне мемлекет тарапынан қадағалау жөнінде өкілеттігі болған жеке адам осындай өкілеттік тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде, барлық дауыс беруші акциялары мемлекетке тиесілі қоғамның органдарын қоспағанда, осы акционерлік қоғамның органына сайлана алмайды.

Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім несие  берушілердің келісімдері бойынша  және олардың бақылауымен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады. Таратуды жалпы жиналыстың шешімі тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Қоғамды тарату кезінде ең алдымен оның несие берушілердің талаптары қанағаттандырылады. Несие берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылатын қоғамның қалған мүлкі акционерлердің арасында төмендегідей кезекпен бөлінеді:

Бірінші кезекте  өтелуге тиісті акциялар бойынша төлемдер беріледі;

Екінші кезекте  артықшылықты акциялар бойынша есептелген, бірақ төленбеген дивиденттер төлеу жүзеге асырылады;

Үшінші кезекте артықшылықты акциялардың иелеріне оларға тиесілі акциялардың атаулы құнын өтеу жүргізіледі;

Қалған мүлік  барлық акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың атаулы құнына бара-бар түрде бөлінеді. Аталған әрбір кезектің мүліктерін бөлу алдыңғы кезектің мүліктерін бөлу толық аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Акционерлік қоғам  акционерлер жиналысының шешімі бойынша қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Акционерлік қоғамды қайта құрудың және таратудың өзге негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және өзге де заң құжаттарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 93-бабының екінші тармағына сәйкес, акционерлік қоғам шаруашылық серіктестігі немесе өндірістік кооператив болып қайта құрылуға құқылы. Оның мүлкін меншіктенуші немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша, акционерлік қоғам кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін.

Соттың шешімі бойынша акционерлік қоғам:

1) Акционерлік қоғамды құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;

2) Қоғамның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;

3) Тиісті рұқсат алынбаған ( лицензиясыз ) қызметті, не заң құжаттарына тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда, соның ішінде заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы ( жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерімдер туралы ) декларация немесе оңайтылған декларация табыс етпеген, акционерлік қоғамның кредиторлары, оның орналасқан жері бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай-ақ бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар және лауазымды адамдар болмаған;

4) Заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

Акционерлік қоғамның мүлкін меншіктенуші немесе қоғамды  тарату туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1 Акционерлік қоғамды құру мен ұйымдастыру тәртібі

 

Акционерлік қоғамды  құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып табылады. Акционерлік қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. 
Акционерлік қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәліметтер бойынша бірлесіп жауап береді. Егер шығыстарды төлеу жөнінде мәселе туса, мұндай шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына кейіннен осындай шығыстарды акционерлік қоғамның құрылтайшыларының жиналысы немесе акционерлердің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана өтейді.

Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімімен  құрылады. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда акционерлік қоғам құру туралы шешімді осы тұлға жеке — дара қабылдайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Мемлекеттік кәсіпорын акционерлік қоғамның құрылтайшысы болуға және осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органдарының міндетін жүзеге асыратын мемлекеттік органының келісімімен ғана оның акцияларын сатып алуға құқылы.. Акционерлік қоғамдар туралы заңға және басқа да заң актілеріне сәйкес, акционерлік қоғамды қайта құру арқылы құрылуы мүмкін. 

Акционерлік қоғам  акционерлерінің бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының  бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, екінші және одан кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының ) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы ) қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.

Акционерлік қоғамның көптеген құрылу жолдары бар. Олар –  жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаны  акционерлік қоғам түрінде қайта  құру , олардың бірнешеуін біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Акционерлік қоғамды ұйымдастырудың осы айтылған жолдары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғамның ұсынысы бойынша белгілі-бір мерзімде өткізілген акционерлердің жалпы жиналысының асыруы қоғамды қайта құру болып есептеледі. 
Екі немесе одан да көп қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып, барлық мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес берумен жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі деп аталады. Бірігуге қатысқан әрбір қоғамның барлық өзгерген деректері жаңа қоғамның акционеріне баспасөзде жариялау арқылы берілуі тиіс. Қосылатын қоғамның мүліктерін, құқықтары мен міндеттерін тиісті өткізу актісіне сәйкес басқа қоғамға өткізу мен оның қызметінің тоқтатылуы қоғамның қосылуы деп танылады. Қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын, кейіннен жаңадан құрылатын қоғамдардың акцияларына айырбастаумен осы қоғамның барлық мүліктерін жаңадан пайда болған қоғамдар арасында бөлу арқылы қоғамның барлық мүлкін, құқықтарын және міндеттерін өткізу мен оның қызметін тоқтатуды жүзеге асыру қоғамды бөлу болып танылады. Мұнда бөлінетін қоғамның құқықтары мен міндеттері бөлініс балансына сәйкес жаңадан пайда болған қоғамдарға өтеді. Қоғамнан бөліну нәтижесінде пайда болған қоғамдар қайта ұйымдастырылған қоғамның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады. Қызметін тоқтатпастан қайта ұйымдастырылған қоғамның мүліктерінің, құқықтарының және міндеттерінің бір бөлігін өткізумен бір немесе бірнеше қоғамды құру қоғамның бөлініп шығуы деп аталады. Егер қоғамның барлық құқықтары мен міндеттері жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе өндірістік кооперативке акт бойынша өтсе ол қоғамды қайта құру деп танылады.

 

2.2 Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары

 

 

Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын  әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң  тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. 
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Дүниежүзiлiк  экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi — ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге  қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң  қызметiн жандандырумен қатар  Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты  сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.

Бұл ретте осы  институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың  ең маңызды элементтерiн анықтау  негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады. 
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.

Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты  өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында  сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.

Экономиканы мемлекеттiк  реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды  негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде  импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.

Қазақстан “Самұрық”  мемлекеттік активтерді бас¬қару жөніндегі  холдингі” және “Қазына” тұрақты  даму қоры” акционерлік қоғамдарын құру және олардың қызметінің тиімділігі үшін құқықтық базаны бекітуге, сонымен  қатар қазақстандық ұлттық компаниялар  мен мемлекеттік даму институттары қызметін жүйелі әрі үйлестіруге жәрдемдесетін шаралар әзірлеу мақсатында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акті¬леріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықты¬рулар енгізу туралы” заң жобасы әзірленген болатын.

Әзірлік жұмыстары  барысында Еуропадағы, Азиядағы, Солтүстік  Америкадағы, Австралия және Океания  елдеріндегі алдыңғы қатардағы  мемлекеттік активтерді басқару  жөніндегі 13 мемлекеттік холдинг  пен агенттіктің халықаралық тәжірибелері зерделенді. Біздің елімізде табысты қолдануға үлгі болатын Сингапурдың Тамасек холдинг компаниясының тәжірибесі егжей-тегжейлі зерттелді. Тамасек холдинг компаниясын құру барысында Сингапур үкіметінің алдында стратегиялық маңызды салалардағы компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру және басқару мәселелері өткір тұрған болатын. Қазір Тамасек – Азиядағы жиырма жылдық бай тарихы бар, 60 миллиард долларға бағаланатын телекоммуникация, қаржы секторы, жылжымайтын мүлік, көлік және логистика, энергетика, инфрақұрылым, сонымен қатар фармацевтика салаларында қызмет ететін 20-дан астам компаниялар акцияларының диверсифи¬кацияланған портфелімен тиімді басқарып келе жатқан ірі инвестициялық компаниялардың бірі. Оның үстіне Тамасек өзі дүниеге келгеннен бері қарай портфелін 210 миллионнан 60 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайтты. Холдинг құрылғаннан бері акционерлердің бірлескен кірісі жылына 18 пайызға көбейді. Холдинг халықаралық Standard and Poor’s және Moodu’s секілді рейтингілік агенттіктердің жоғары корпоративтік несиелік рейтингілеріне ие болды. 
Осындай негізгі тұжырымдамалық қадамдар аясында “Қазақстан “Самұрық” мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингі” және “Қазына” тұрақты даму қоры” акционерлік қоғамдары құрылды. “Самұрық” холдингі” акционерлік қоғамын құрудағы негізгі мақсат ұлттық компаниялардың құндылықтарын арттыру, ал “Қазына” акционерлік қоғамының мақсаты Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларында инвестициялық және инновациялық белсенділікті жоғарылату және оған серпін беру болып белгіленді. Осы қағидалар ұлттық компаниялар мен даму институттарын дамытуға “Самұрық” холдингі” және “Қазына” тұрақты даму қоры” акционерлік қоғам-дарының акционерлер мен директорлар кеңесінде өкілдік қызметтері арқылы белсенді қатысу жолымен жүзеге асырылады. “Самұрық” холдингі” акционерлік қоғамына “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы, “Қазпошта”, “Кегок”, “Қазақтелеком”, “ҚазМұнайгаз” ұлттық компаниясы акционерлік қоғамдарының мемлекеттік акция пакеттері, ал “Қазына” акционерлік қоғамына “Қазақстан инвестициялық қоры”, “Қазақстан даму банкі”, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры”, “Ұлттық инновациялық қор”, “Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы”, “Маркетингтік-талдау зерттеулері орталығы” акционерлік қоғамдары мен “Қазинвест” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік акция пакеттері берілді. 
Осы заңмен “Акционерлік қоғамдар туралы”, “Мұнай туралы”, “Жер қойнауы және жер қойнауларын пайдалану туралы”, “Пошта туралы”, “Теміржол көлігі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы”, “Қазақстан Инвестициялық қоры туралы”, “Қазақстан Даму банкі туралы”, “Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы”, “Жеке кәсіпкерлік туралы” заңдарға түзетулер енгізілді. 
Заң ережелері салалық заңнамалық актілердегі ұлттық компаниялар ұғымын нақтылайды, осы компаниялардың “ұлттық” мәртебесін сақтау мақсатында және “ұлттық холдинг”, “ұлттық басқару компаниясы”, “ұлттық даму институттары” секілді ұғымдарды заңдық негізде енгізуді қарастырады. Мемлекеттік корпоративтік басқарудың ұлттық холдинг және ұлттық басқару компаниясы секілді осындай институттарды енгізу корпоративтік басқару мен компаниялар арасындағы үйлестіру деңгейін едәуір дәрежеде жақсартуға мүмкіндік береді, ірі әрі көкейкесті жобаларды жүзеге асыруға және Қазақстанның қор рыногын дамытуға серпін береді.

Информация о работе Акционерлік қоғамды ұйымдастыру