Акшанын пайда болуы жане манызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:17, реферат

Описание

Ақша дегеніміз не? Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақшаның сиқыры адамдарды арбап алады. Кейбіріеулер ақша үшін терлеп-тепшіп еңбек етсе, енді біреулер оны қолға түсірудің, көбейтуді түрлі амалдарын іздестірумен болады. Ақша – тек қана одан құтылып қана пайдалануға болатын бірден-бір тауар. Ақшаны жаратпайынша ол сізді тамақтандырмайды, баспана болмайды. Ақша үшін адамдар көптеген тірліктерге барады және ақша сол үшін қайтарым да береді.

Содержание

Кіріспе 3
Бөлім 1.Ақшаның пайда болуы 4
1.1 Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы.
1.2.Ақшаның түрлері

Бөлім 2.Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы. 12
2.1 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы
2.2. Инфляция туралы түсінік
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер. 22

Работа состоит из  1 файл

Экономика сем1.docx

— 44.86 Кб (Скачать документ)

импортталған инфляция, яғни шетел  валюталарын сатып алу барысында  тауар айналымына қажеттіліктің  үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;

ауыр өнеркәсіп саласына өте  көп мөлшерде инвестиция жұмсау.

Шағын (ұсыныс) инфляциясы – бұл  баға белгілеу процесіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:

еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;

көрсетілген қызметтің маңызының  артуы;

бір өнім бірлігіне жұмасалатын  шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе  жалақының өсуі;

энергетикалық дағдарыс.

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар  мыналарға қатысты құнсызданады:

алтынға;

тауар;

шетел валютасына.

Бірінші жағдайда қағаз ақшамен  берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлар бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валбтасына қатысты  ұлттық валюта бағамы төмендейді.

Инфляцияны мынадай белгілеріне  байланысты жіктеуге болады.

Инфляциялық процестің сипатына қарай:

ашық инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін  өсуі байқалады;

жабық инфляция, яғни тауао тапшылығы  жағдайында бағаға мемлекет қатаң бағалау  жасап отырады;

инфляциялық шок, яғни бір мезетте  бірден баға өсіп кетеді.

Таралу орнына қарай:

Локальдық инфляция, яғни баға бір  ғана елдің шекарасында өседі;

Дүнижүзілік инфляция; яғни кейбірелдер  топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы  түгелдей дерлік қамтиды.

Бағаның өсу қарқынына қарай:

баяу инфляциясы – баға баяу қарқынмен  біртіндеп жылына 10%-ға өседі;

орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20-дан 200%-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;

ұшқыр инфляция – баға жылына 500-ден 1000%-ға дейін және одан жоғары қарқынмен  өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің  құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін  жоғалта бастайды.

  Өнеркәсібі дамыған елдер  үшін бірінші түрі тән болса,  ал дамушы елдер үшін екінші  және үшінші түрлері тән.

Қазақстан Республикасында бағаның  өсуіне қарай қазіргі кезде көрініс  табады. Мысалы, 2012 жылдың соңында статистикалық мәліметтер бойынша инфляция мөлшері – 7,4% -ды құрады. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2о12 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында бекітілген болжамға сай болып келеді.

Инфляция қарқыны статистикалық  көрсеткіш – тұтыну бағаларының  индексі көмегімен анықталады.

Тұтыну бағаларының индексі  тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде  анықталады.

Тұтыну бағаларының индексі  тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде  анықталады.

Тұтыну бағаларының индексін (ТБИ)  есептеуде мынадай формула қолданылады:

                  Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржының  бағасы

ТБИ =                                                                                                                 x 100


                  Базалық жылдағы тұтыну қоржының  бағасы

 

Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін :

  • баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
  • баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдық жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды;
  • баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, я, яғни ағымдық жылдағы баға базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендауін көрсетеді

Қазақстан Республикасында бағаның  өсуіне қарай қазіргі кезде бірінші  түрі байқалады. Мысалы, статистикалық  мәліметтері бойынша орташа инфляция мөлшері:

Инфляциялық процестің жағдайларына байланысыт ақша айналысын тұрақтандыру формаларына: ақша реформасы және антиинфляциялық  саясат жатады.

Ақша реформасы – ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында  мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.

Ақша реформалары мынадай әдістер  көмегімен жүзеге асырылады:

жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы жаңа валюта енгізу туралы хабарлау;

қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрыңғы  алтындық құрамын немесе валюталық  паритеті қалпына келтіру;

деноминация, яғни «нөлдерді қысқарту»  әдісімен ақшаның номиналдық құнын  ірілендіру.

Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін фоктарларға жауап ретінде басты  антиинфляциялық саясаттың мынадай  әдістері жұмыс жасайды:

Дефляциялық саясат – бұл ақша-несие  саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты  шектеуді, салық механизмін қолдану  арқылы мемлекеттік шығындарды азайту, несие үшін пайыз мөлшерін реттеу және ақша массасын шектеу әдістерінің  жиынтығы.

Табыс саясаты – бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары.

Біздің елімізде бағаға бақылау  ҚР монополияға қарсы саясат комитеті арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік мотивтерге байланысты антиинфляциялық саясаттың бұл  түрі сирек қолданылады.

Индексациялау – ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын  толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.

 

 

Қорытынды

 Қорыта айтқанда, ақша – тауардың  жалпы эквиваленті болуы тауар  өндірісінің ұлғайып, айырбас  қатынастарының алғашқы кездейсоқ  жағдайдан нақтылы және үнемі  қайталанатын процеске айналып,  кең көлемде өсуіне жол ашты.

   Сөйтіп, ақшалар ертеден  азаматтың пайда болуымен қатар  өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы  ақша өзгеріп отырған және  бүгінде олардың жағдайы аяқталған,  соңғы фраза болып табылмайды.

   Тауар айналысының тарихи  дамуы процесінде жалпыға бірдей  эквивалент формасында әр алуан  тауарлар болған: мал, тері, балықшы,  металл бұйымдары және т.б.  Мұның барлығы тауар өндірісі  мен тауар айналысының болуына  негізделген ақша қажеттігінің  себептерін түсіндіреді.

   Экономикалық категория  ретінде ақшалар өндіріс және  бөлу процесінде адамдар арасындағы  экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі  қызымет атқарады: Құн өлшемі, айналыс  құралы, төлем құралы, қазына жинау  және қорлану құралы, дүниежүзілік  ақша.

      Ақшаның өзінде, сондай-ақ  олардың қызметтерінде жылдар  бойы өзгерістер болды. Егер  бұрындары сатып алу процесі  жалпыға бірдей эквивалентпен  талтынмен жүргізілсе, бұл күндері  қағаз және несие ақшалармен  жүзеге асуда.

       Қазіргі кезде  кәсіпорындарды жекешелендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін  қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік  және өндірістік емес шығындарды  қаржыландыру да, Ұлттық банктің  несие ресурстарын басқа банктерге  сату да, инфляцияға қарсы күрес  те және т.б. жүргізіліп жатқан  іс – шараларда ақшаның маңызы  арта түсуде.                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

      Ақша нарықтық  экономикада ақша – несиелік  реттеуде айналыстағы ақша массасының  өсуін тежеу, инфлияциялық процестерді  жеңу және ұлттық жалпы өнімді  ынталандыру бағытында қолданылуда.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Кәсіпорын экономикасы. Г.Ө. Жолдасбаева. Алматы, Экономика – 2002

   жыл.

  1. Ақша, несие, банктер\ Жалпы ред.Ғ.С. Сейтқасымов. Алматы: Экономика, 2001 жыл.
  2. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары\ Жалпы ред.Б.А. Көшенова Алматы, Экономика, 2000 жыл.
  3. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Оқулық. Алматы – Ақтөбе,2001 жыл
  4. Веб-сайт http://www.zamandas.com/
  5. Веб-сайт: http://www.egemen.kz/2012/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Акшанын пайда болуы жане манызы