Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 20:29, реферат
Адамзат тіршілігінде нарыққы өту жағдайы біркелкі болуы мүмкін емес, өйткені, түрлі негіздер меншіктің түрлі формаларын қабылдауға мәжбүр етеді, яғни, бұл түрлі саладағы капиталдың мөлшеріне байланысты. Сондықтан нарықтық қатынастарға көшу, ұжымдық меншікке алу, кооперациялау, жекелей еңбек ету және т.б. сияқты формаларда жүзеге асады. Бұл тұста форма нақты жайға байланысты. Осыған меншік иелерінің қаржылары біріктірілетін өндіріс орындарының, мекемелердің формалары да әрқилы айырмашылықта болады.</h4>
Кіріспе 3
I АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ-ӘЛЕМЕТТІК БАҒЫТТАҒЫ ҚОҒАМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ 4
1.1 Жаңа шаруашылық жүргізу жүйесі қалыптасуының алғы шарттары мен жағдайлары 4
1.2 Аралас экономиканың қалыптасу тегін ашатын шын мәніндегі алғы шарттары 7
II АРАЛАС ЭКОНОМИКА: ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 9
2.1 Аралас экономика қалыптасуының материалдық-техниклық негізі 9
2.2 Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері 12
2.3 Аралас экономикада нарықтық қатынастардвң жасаудың жолы 18
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер 22
Қарастырылып отырған экономикалық дәуір электр энергиясын өндіру, жаңа техниканы игерудің басты факторы еді. Халық шаруашылығына электрді еңгізу техникалық прогрестің негізі болып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға, өндіргіш күштері мол істерге жол ашып, энергияны қолданатын өнеркәсіп салаларын дүниеге әкелді.
Екінші бағыт-қоғамдық өндіріске жоғары өнімді өндіріс құрал-жабдықтары енгізіледі, олар жеке-дара еңбек бөлісін математикалық аппараты бар машиналар жүйесімен бірлікте дамытатын принциптерге негізделген.
Жоғарыдағы бағыттан кейін үшінші бағыт туады. Ол- қоғамдық өндірістегі технологиялық буындар санының азаюынан көрінеді. Бұл тенденция енді байқалып келеді, оның болашағы техникалық проблемаларды шешуде жатыр. Мақсат-соңғы өнімге баратын табиғат зат өтетін техниклық буындар санын азайту. Әртүрлі материалдық өндіріс салалардағы технологиялық буындар санын қысқарту еңбек өнімділігн өсіреді, қоғамдық өндірістің материал сіңіргіштігін азайтады, шикізат пен еңбек ресурстарын үнемдейді, жоспарлауды жетілдіреді, табиғи ортаны сақтау, ең соңында еңбектің қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі көбейеді.
Машиналардың, ірі кәсіпорындардың бастапқы және одан кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, тауарлы қатынастардың индустриалдық дәуірдегі үстемдігі тұсында ұжымдық өндіріс дами келе, ұлғаяды.Сонымен қатар оның заңдылықтыры соншалық қайта өзгереді, ол туралы енді былай айтуға болады: «...Капиталистік меншік, оның негізінде нақтылы өндірістің ұжымдық түрі жатыр..».Қоғамдық өндірістің мұндай жағдайы таза тауарлы немесе ұжымдық өндіріс деп атауға, жазуға да қарсы болады. Мұндай өзгерістер қоғамдық өндірістің түрі, меншіктің түрі дәрежесінде атап өтуге де, ерекшелеуге де болмайды.
Өндіргіш күштердегі, өндірістегі өзгерістер меншіктің жаңа түрінің-ұжымдықтың пайда болуына әкеледі. Меншіктің жаңа түрінің өмірге келуі бұрынғылардың ішінде жаңа қатынастарды қалыптастырады. Бұрынғылардың негізінде жаңа құбылыстардың өзара байланыстарын қайта өзгерту жүйесі жетіспейтін түрлер мен тәсілдердің табысуы арқылы жүреді. Мұның бәрі жаңа құбылыстың қалыптасқандығын көрсетеді. Ол өз бойында қоғамдық өндіріс түрінің бұрынғы заңдылықтары (тауарлы ) және жаңасын ( ұжымдық) сіңіреді. Бұл жаңа құбылыс- аралас экономика.
ХХ ғасырдың барысындағы аралас экономика түсінігі туралы көзқарастар, конвергенция теориясы эволюциясынан басқалары сапалық өзгеріске ұшырамайды. 80-жылдарда да негізінен аралас экокномиканы « мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отырулары» деп анықтады. Мұндай көзқарас Ф. Марш, Э.Шонфилд, Э.Рол, М.Пестон, М.Фламан және басқа қазіргі батыс экономистеріне тән.
Бұлардың ой-пікірлерінде аралас экономиканың өмір сүру кезеңдері туралы алшақтық бар. Айталық Э.Шонфилдің айтуынша, аралас экономика үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болса, Э.Ролдың айтуынша, Ұлыбританияда 200 жылдай өмір сүрген. Мұндай алшақтықтың себебі аралас экономиканың анықтамасын, оның мәнін терең аша алмайды.</h4>
Бұрынғы
КСРО-ның қазіргі
Шынында, алдымен мына сұраққа жауап беруіміз керек: экономика не себептен аралас болады? Немен араласады және бұл араласу қайда апарады? Аралас экономика неден басталып қалыптасады? Әрбір зерттеуші өз қөздегенің табады. Осы жағынан мына сөздердің жаны бар: «Мынадай түсінікке қарамай проблемалық ситуацияны бағалағанда және теорияны таңдағанда құнды пікірлер объективті экономикалық зерттеулерден анық бөлінуі тиіс».
Экономика әлемінде қоғамдық өндірістің тауарлы және ұжымдық түрлері араласуын тұйықтайды. Экономика дүниесін тек қана жеке меншіктіден емес, тек жеке-дара кәсіпкерден емес, сонымен қатар ұжымдық меншіктен тұрып, олардың түрлілігін қосады.
Экономикалық өмірде әртүрлі меншік түрлері пайда болуының басты себебі- мануфактуралық қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты.
Нәтижесінде
қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп
өз бойында қарама-қарсы екі
Тауарлы
өндіріс аралас экономика, өйткені
мұнда ұжымдық өндіріс
Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық өндіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесінде орын берілмегені белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарына сырт қараушылықтан шығады. Бұл құбылыс капитализмде емес, социолизмде емес, соңғысына капиталистік өндіріс қатынастары енбейді, онда ол-информациялық құбылыс емес. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды.
Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс-аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықтың жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті, сөйтіп экономис-ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бергі жағын емес, ең терендігі шын нақты қатынастарды айқындайды.
Аралас экономиканың «қоғамның өтпелі типі», «мұнда жаңа метацивилизация мен жаңа өндіріс әдісі қатар жүруі» деген түсіндірулер мына сұраққа жауап бермейді: бұндай өтуге не итермелейді? Қарап отырған көзқараста механикалық элемент басым. Ол мынадай тәсілдермен дәлелденеді: болашақ қоғамдық құрылыстың моделі, «жаңа элементтер шындалады».
Аралас қоғамда ешкімді, ештеңені, ешқандай қыстау, қинау, шындау жоқ. Мұнда эволюция табиғи жолмен біреулердің жаңадан, бұрынғылардың, қоғамдық өндіріс элементтерінің ескертуімен пайда болып, жүріп отырады. Оның өтпелілгі мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп-жетілуінде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі емес.Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестердің өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалған кезеңге дейінгіні қамтымайды.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда атап өту керек, мұнда жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежені, ол қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқамен, өмірге келе жатқанымен жоққа шығару тауарлы өндірітің қатысуында.Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің келу процесі-аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: соңғысы формациялық даму деңгейі және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.
Түрлі елдердің қазіргі экономикасын аралас экономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-тың немесе ФРГ-ның экономикасын өтпелі деп айтуға болмайды. АҚШ-тың, ФРГ-ның экономикасы өз бойында тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын ұстайды, бірақ туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚШ-тың немесе ФРГ-ның қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінен өз бетінше дамитын ерекше эмбрион сияқты.
Аралас экономика бір өндіріс әдісінен екіншісіне ауысуы құбылысы ретінде қарау, бұлардың ұзақ өмір сүруінің құпиясы неде деген сұрақ туғызады және бұл сұраққа жауап іздеу жалпы экономикалық негіз абстракты ұғымдар мен адамзаттық тәжірибе ретінде барлық өндіріс тәсілдерін, түрлі экономикалық әдістерге тән және бұл қырынан олар аралас экономикалық белгілерін, ерекшеліктерін білдіре алмайды.
Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсінігімен ангықтайды. Ғылыми әдебиетте олар монополистік капитализмнің, немесе индустриалды қоғамның, болмаса басқа бір концепцияның белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас экономика ұғымын анықтайды және мынадай белгілерін атап өтуге болады.
Алдымен аралас экономика қоғамдқы өндірістегі тауарлы және ұжымдық өндірістің балығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды.
Құбылыстың
бетінде аралас экономиканың алғашқы
көрінісі-экономикаға
Аралас экономиканың басты белгісі-мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе теміржол транспортында, атом энергетикасында, космостық техникада ерекше білінеді.
Мемлекеттік
меншіктің пайда болуы-тауар
Аралас экономиканың маңызды бір белгісі-құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Олардың қолдану басқарудың мемлекеттік және де басқа органдарында жүреді, бұлар кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендіретін мемлекеттік жоспарлау принципі негізінде «тұрақтандыру саясатына, салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолданылады».
Аралас экономиканың мәнді бір сипаты микро-макродеңгейдегі экономикалық процестердің ұйымдастырудың, басқарудың ролінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары ролінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердің салдарынан болады.
Қарастырып отырған аралас экономиканың белгілерінің тағы бір жағы-жекеленген кәсіпорындардың трест, концернге, диверсификацияланған фирмаларға ауысуы. Олар микродеңгейдегі ұйымдастыру мен басқарудың қызметін түбіріненөзгертеді. Ісі кәсіпорындардың көлемі, олардың өндірістік тұтынуы, транспорттық және ақпарат мүмкіндіктеріне қарап өнім шығаруы-бәрі баға белгілеуге, сұранысты, ұсыныты бақылауға, нарықтың берекетсіздігін жоюға жағдай жасайды, еркін бәсеке дәуіріне тән қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Сөйтіп, аралас экономикада нарықты бағалау болады, ол үшін жарнама, маркетингтің, жоспарлаудың және т.б. ірі, орта және ұсақ фирмалардың тиімді қызмет етуіне ұйымдастырушылық шараларды енгізу қажет. Осыған қарамастан өндірілген өнім көлемін жоспар емес, нарықтық сұраныс анықтайды.
Экономикалық орталықтың мемлекет, концерн қызметі өскенге қарамастан тек нарық қана нені, қанша, қайда және қалай өсіру керектігін көрсетеді және бұл өнеркәсіпорындарына жеке қызмет көрсетуге де қатысады.
Жоғарыда аталған белгілер аралас экономиканы қазіргі қоғамның индустриалдық даму дуәіріндегі экономикалық жүйе сипаттайды, оған белгілі заңдылықтар тән. Ол заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндірістің заңдарына бағынады. Көрсетілген түрлер қазіргі қоғамға меншіктің ұжымдық, жеке-дара түрлеріне тән ерекшеліктерді мемлекеттік меншікпен қатар егеді. Мұндай ерекшеліктер өндірістік сауда және басқа кәсіпорындардың қызметтеріне әсер етеді. Бұларды ескермеу кеңестік шаруашылық жүйесін күйзеліске әкеледі. Аталған заңдылықтарды елемеудің жалғасуы, әсіресе, кәсіпорын деңгейінде, катакализмге соқтырады.