Арнайы экономикалық аймақ ретіндегі Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы мен нарық сегменттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:31, реферат

Описание

Еліміздің нарықтық мемлекетке айналуы, оның экспорттық-импорттық жүк тасымалының қарқыны, әлемдік сауда ұйымына кіру талпынысы көлік кешенін дамытуға, әсіресе оның ішінде теңіз көлігін дамыту маңыздылығы зерттелді және отандық теңіз көлік әлеуетінің халықаралық көлік дәліздеріндегі мүмкіндіктері анықталынды.
Қазақстанның теңіз көлік әлеуетін дамытуда «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орны ерекше және халықаралық көлік дәліздерінде стратегиялық маңызы бар отандық кәсіпорын болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті.doc

— 99.00 Кб (Скачать документ)

Арнайы  экономикалық аймақ  ретіндегі Ақтау  теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы  мен нарық сегменттері

Понедельник, Ноябрь 14, 2011 13:46

Бөлімі: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық

Пікірлер жоқ

Еліміздің нарықтық мемлекетке айналуы, оның экспорттық-импорттық жүк тасымалының қарқыны, әлемдік сауда ұйымына кіру талпынысы көлік кешенін дамытуға, әсіресе оның ішінде теңіз көлігін дамыту маңыздылығы зерттелді және отандық теңіз көлік әлеуетінің халықаралық көлік дәліздеріндегі мүмкіндіктері анықталынды.

Қазақстанның  теңіз көлік әлеуетін дамытуда «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орны ерекше және халықаралық көлік  дәліздерінде стратегиялық маңызы бар  отандық кәсіпорын болып табылады.

Халықаралық көлік  дәлізіндегі Ақтау портының транзиттік әлеуетін зерттеу кезінде келесі қолайлы жағдайлардың туындап отырғандығы  сараланды. Олар: «Солтүстік – Оңтүстік»  көлік дәлізі арқылы жүк тасымалы Солтүстік, Орталық, және Батыс Европаға өте алады; Жүк тасымалдау мерзімі ескі Суэц каналы арқылы мерзімнен 15 сөткеге қысқарады;  Үндінің, Пәкістанның, Иранның, Ресейдің Европа елдерінің ауқымды және көлемді рыногын ескеретін болсақ,  бұл көлік дәлізі ыңғайлы болады.

Ақтау порты  осы ауқымды нарықтың бір бөлігін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Өзінің параметрлері негізінде ТМД мемлекеттеріндегі порттармен (Астархань-Оля, Махачкала, Баку, Түркменбашы,) салыстырғанда бәсекелестік қабілеттілігі жоғары. Ақтау порты маңында Каспий қыс мезгілінде қатпайды, порт жыл бойы жұмыс істей алады, ал қызмет атқаратын мамандар мен порттың жабдығы тәулік бойы қызмет атқара алады. Бұл параметрлер бойынша Астархань және Оля порттарымен салыстырғанда біраз артықшылықтары бар. Бір ғана кемшілігі – теңіздің аптап желі мен үлкен толқындары 3 күннен 10 күнге дейін жыл мезгілінің кез келген уақытында пайда болып, келеңсіз жағдай тудыруы мүмкін.

ТРАСЕКА дәлізі екі маршрутты қарастырады –  Қазақстан аумағы арқылы өтетін солтүстік  және Түркіменбашы портын пайдалана  отырып, Өзбекстан және Түркменстан аумақтары бойынша өтетін оңтүстік. Тиімді өтпелі жағдайды пайдалана отырып ТРАСЕКА тек темір жол магистралін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің су әлеуетін қолдануға мүмкіндік береді.[47]

Теңіз көлік  әлеуетінің халықаралық көлік дәліздердегі позитивті және негативті факторларға тәуелді екендігі сараланды. Позитивті факторлар қатарына: өнеркәсіп өндірісінің қолайлы даму үрдісі, Қазақстандағы және ТМД мемлекеттеріндегі мұнай өндірудің, жүк тасымалының қарқынды дамуы; Иран мен Қытай нарығының Ресей, Батыс Еуропа және т.б. елдерге жүк тасымалының белсенді бағытталуы.

Негативті факторлар  қатарына: мұнайды құю мен тасымалдау көлемінің порт өндірісінен тәуелсіз және шектеп жатқан өндірістік инфрақұрылыммен  байланысты болуы; экспортқа бағытталған кәсіпорындармен салыстырғанда географиялық орналасуы қолайлы бәсекелес порттардың көптігі; КТК мұнай құбырын пайдалануға ендіру және осы құбырға «ТШО» өндіретін мұнайды тасымалдау көлеменің ұлғаюы; тарифтік саясатты икемді жағдайда реттеу мүмкіндігінің шектеулігі.

Сонымен отандық  теңіз көлігінің халықаралық  көлік дәліздерінде тиімді орны ұйымдастырушылық сипатта зерттелді.

Ақтау халықаралық  теңіз сауда портының ресурстық  көздері бойынша талдау жұмыстары  отандық теңіз көлігінің әлеуетін анықтауға мүмкіндік берді.

Ақтау портының өндірістік әлеуетінің жағдайы 2001-2007 жылдары  қарқынды даму үрдісімен ерекшеленіп  отыр. Портағы жалпы тасымал 2007 жылы 10 млн. 971,0 мың тоннадан асып, 2001 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,9 есеге  өскен. Мұнай тасымалының басқа жүк түрлерімен салыстырғанда қарқынды дамуы және көлемінің өсімі байқалады. 2007 жылы порт арқылы 9 млн. 292,0 мың тоннадан астам мұнай тасымалданған, сонымен қатар 2001 жылмен салыстырғанда 2,1 есе ұлғайған (Кесте 3.4).  

Кесте 3.4 – «АХТСП»  РМК-ң 2001-2007 жылдардағы нақты өндірістік  көрсеткіштері

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі жылдар
2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2007ж.2001ж. шаққанда%- бен
1 Жалпы тасымал  – соның ішінде: мың тонна 5701.8 3413.9 4905.7 6347.5 5430.3 8139.6 10971 1,9 есе
1.1. Мұнай мың тонна 4325.6 2016.6 3787.3 4920.8 3950.4 6596.0 9292,9 2,1 есе
1.2. Металл мың тонна 988.9 573.6 872.8 1011.5 1025.2 1028.5 1161,4 117,4
1.3. Астық мың тонна 84.1 209.2 5.4 13.0 33.3 116.7 187,8 2,2 есе
1.4. Басқалар, соның  ішінде контейнерлер мың тонна 32.8 19.6 31.8 57.5 71.3 87.8 91,3 2,8 есе
1.5. Паромдық тасымал мың тонна 270.4 594.9 245.6 344.7 350.1 310.6 237,6 0,88
Ақпарат көзі: «АХТСП» РМК-ң 2008-2010 жылдарға арналған қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспары  
 

 

2007 жылы мұнай  тасымалының жалпы тасымалдауғы  үлесі 84,7% құрады, сонымен қатар  металл, бидай, паромдық тасымал,  басқа және контейнерлі жүк  тасымалдарының үлесі айтарлықтай  үлкен көлемде емес. Демек, аталған жүк тасқыны көрсеткіштерінің төмен мөлшері порт тасымалына қатысушы ұйымдардың, компаниялардың белсенділік қабілеттілігі мен мүдделеріне сәйкес факторға тәуелді екенін ескеруіміз қажет.

3.4 Кестеде көрсетілгендей 2001-2007 жылдар аралығында Ақтау  порты арқылы жалпы тасымалдау көлемінен мұнай тасымалының үлесі 76%-дан 84,7%-ға ұлғайған және басқа жүк түрлерінің үлесімен салыстырғанда басым бөлігіне ие. Металлдың 2001 жылдан 2005 жылдар аралығындағы үлесі 17,3%-дан 19%-ға өскендігі байқалса, 2005-2007 жылдары 19%-дан 12,64%-ға дейін төмендегені көрінеді.

Себебі, Ақтау  порты арқылы тасымалданатын «Миттал  Стил Темиртау» АҚ-ның және «Кастинг»  ЖШС-тің меттал өнімдерінен басқа, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның  ресейдің «Уральская сталь» АҚ-ның  және «ЗапСиб» АҚ-ның Никель-тау-Маңғышлақ бағытында транзитті металл өнімдерін тасымалдауға 0,8 төмендетілген коэффициентін ұсынған. Бірақ, ресейдің жүк жөнелтушілері бұл коэффициенттің мөлшерін аталған бағытқа 0,7-ге төмендетуді ұсынды. Бұл ұсыныстың  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мы үшін зардап әкелетіндіктен, төмендету коэффициентінің мәселесі ашық қалып отыр. Сондықтан, ресей тарапынан транзитті металл өнімдерін Қазақстан арқылы тасымалдау кейінге қалдырылып, сәйкесінше бұл жағдай Ақтау порты арқылы тасымалданатын металлдың үлесінің төмендеуіне әкеліп соғып отыр.

Астық тасымалының  үлесі 2002 жылы басқа жылдармен салыстарғанда  жоғары немесе 6,1%-ды құраған. Ал, 2007 жылға  дейін жалпы жүк тасымалындағы  астықтың үлесі 1,43%-ға дейін төмендеген. Себебі, Иран мемлекеті Қазақстанның астық экспортаушысы ретінде орын алып отырған. Бірақ, Иран мемлекеті өзінің азық-түлік бағдарламасын қабылдауы себебінен бұл көрсеткіштің төмендеуіне әсерін тигізген.

Ақтау теңіз  сауда портының ресурстық әлеуетінің құрамы жоғарыда келтірілген жүк түрлерінің номенклатурасы бойынша сипатталынып отыр. Жалпы ресурстық көздері бойынша әлеует жағдайының үрдісін нақтылы талдау мақсатында негізгі жүк түрлеріне сипаттама береміз.

Металл. Ақтау  портында өңделетін негізгі жүктер «Миттал Стил Теміртау» АҚ металл өнімдері болып келеді. Қазіргі кезде «Миттал Стил Теміртау» АҚ метал өнімдерін экспорттау бағытында  Жаңа-ауыл- Ақтау- әрі қарай Иран порттарына айына шамамен 80 мың тонна тасымалданады. металл тасымалдаудың басым бөлігін, яғни жалпы көлемі 1 161 мың тонна тасымалданған металлдың 97,6%-ын немесе 1 133 мың тоннасын  Иран мемлекеті құрап отыр.[28]

Астық. Қазақстанның жалпы астық экспортының көлемінің 2,1%-ы Ақтау порты арқылы тасымалданған. Бұл үлестің немесе 187,9 мың тоннаның 99,1%-ы (186,2 мың тонна) Иранға және 0,9% -ы (1,6 мың тонна) Әзірбайжанға Ақтау порты арқылы жөнелтілген.

Астық тасымалдайтын  жылжымалы құрамдардың айналымын  тездетуге Украина айлақтарындағы (порттарындағы) тасымалдау жұмыстарының көбеюі; Азов теңізінен ауыр салмақты кемелердің өту мүмкіндігінің шектеулігі; Россия айлақтарының қыс кезінде мұз басып қалатындығы Ақтау портының астықты тасымалдаудағы әлеуетінің жоғарылығын дәлелдейді. Осы жағдайларды ескеретін болсақ, Ақтау портының астықты тасымалдауға байланысты әлеуетінің толық пайдаланылмай жатқандығын анықтап отырмыз.

3.5 Кестелерде  аталған бағыттар бойынша шығындардың  мәліметі жүк тасымалының әлеуетіне  ықпалын тиігізіп отырғандығын  көрсетеді.  

Кесте 3.5  Әзірбайжан, Грузия және РФ территориясы бойынша транзиттік теміржол

(Баға  тоннасына АҚШ долларымен берілген)

Барлық  шығындар Грузия территориясы бойынша темір жол тарифі Әзірбайжан  территориясы бойынша темір жол  тарифі Ресей территориясы бойынша темір жол тарифі Қазақстан территориясы бойынша темір жол тарифі Керекті құжаттарды рәсімдеу бойынша шығындар
76,72 9,0 18,3 18,42 25,0 6
Ақпарат көзі: «Ақ Бидай Терминал» АҚ-ның  мәліметтері, 2007ж.

3.5 кестеде көрсетілгендей  Қазақстан-Ресей-Грузия-Әзірбайжан  территориялары бойынша транзиттік  теміржол шығыны 1 тоннаға – 76,72 АҚШ долларын құрап отырғандығы белгілі.

Ал, астық терминалының көмегімен Ақтау порты арқылы Баку- Поти поорттарына жеткізу шығыны  тоннасына 91,21 АҚШ долларын құрап отыр. Осы бағыттағы жеңілдіктерді ескергенде жалпы шығынның мөлшері 85 АҚШ долларына, ал ТРАСЕКА дәлізіндегі Қазақстан Республикасы тарапынан қарастырылып отырған жеңілдіктерді ескергенде аталған шығын 74,7 АҚШ долларын құрайтынын көріп отырмыз (Кесте 3).

Сонымен қатар, құжаттарды рәсімдеу, Ақтау портында жүкті тиеп/түсіру шығындарының мөлшері  және Қазақстан территориясы бойынша темір жол тарифі өзгеріссіз қалып отырғандығы байқалады. Осы орайда темір жол тарифінің бәсекеге қабілетсіз тариф ұстануы транзиттік жүк тасымалының қарқынына теріс әсерін тигізуі мүмкін деген тұжырым жасап отырмыз.

3.6 кестеден көргеніміздей теңіз жолымен астық тасымалдау әдісі арзанырақ және экономикалық тиімді болып табылады, сонымен қоса Ақтау және Баку порттарындағы астық терминалдарын жүктеуге мүмкіндік береді, ол сәйкесінше берілген жобаларды қамтиды, сонымен қатар, Қазақстандық экспортерлердің Ресей Федерациясының тарифтік саясатына тәуелділігін жояды.

Контейнерлер. Қазіргі уақытта контейнерлі жүк тасымалының Ақтау порты арқылы тасымалдау көлемінің аздығы байқалып отыр. Ақтау порты арқылы 2008 жылғы контейнерлі жүк тасымалының көлемі 15 295 тонна құрады Демек, біздің есебіміз бойынша контейнерлі жүктің бұл көлемі барлық тасымалданған құрғақ жүк көлеміндегі (1 451,4 мың тонна) үлесі 1% ғана құрап отыр.

Порт арқылы тасымалданған жалпы контейнерлі  жүк тасымалының 83,58%-ы Иран  мемлекетіне тиесілі. Ал, Ұлыбритания, Израиль, Эстония, Норвегия, Әзірбайжан және т.б. мемлекеттерінің үлесі 0,29%-дан 3,5% аралығында (8 Сурет).

Ақтау порты  арқылы контейнерлі жүк тасымалының  шамалы ғана үлесі объективті факторлардың әсерінен туындап отырғандығын анықтау үшін контейнерлі нарықтағы жүктің қалыптасуына бірден бір ықпалын тигізетін баға факторына назар салу керек. Баға саясаты неғұрлым бәсекеге қабілетті және тұтынушы тарапынан қолайлы таңдауға ие болған жағдайда, бұл жүк түрін тартуға, яғни Ақтау порты арқылы контейнерлі жүктің әлеуетін көтеруге маңызды саясат болып табылады.

Мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеудің талдауы. Қазіргі  кезде Қазақстанның экспорттық мұнай  қорлары келесі бағыттарды пайдаланып тасымалданады:  Каспий Құбырлық  Концорциум (КҚК) жүйесі бойынша Новороссийск порты арқылы – Қазақстан мұнайын әлем нарығына тасымалдаудың негізгі пункті, Өзен-Атырау-Самара, Кеңқияқ- Орск, Құмкөл-Атасу- Алашанькоу-Душансы (ҚХР), Омск-Павлодар құбырлары бойынша және Ақтау- Махачкала – Новороссийск, Ақтау-Баку- Батуми, Ақтау –Баку- Новороссийск және Ақтау –Нека  аралас теміржол-су – құбыр  қатынасымен.

Ақтау порты  арқылы мұнай тасымалының жалпы  көлемі 9 292,9 мың тонна құрағаны белгілі. Соның ішінде 4 203, 3 мың тоннасы  Ресейдің,  3 379,3 мың тоннасы Иранның,  1 710,3 мың тоннасы Грузияның үлесіне тиесілі.

Информация о работе Арнайы экономикалық аймақ ретіндегі Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы мен нарық сегменттері