Арнайы экономикалық аймақ ретіндегі Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы мен нарық сегменттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:31, реферат

Описание

Еліміздің нарықтық мемлекетке айналуы, оның экспорттық-импорттық жүк тасымалының қарқыны, әлемдік сауда ұйымына кіру талпынысы көлік кешенін дамытуға, әсіресе оның ішінде теңіз көлігін дамыту маңыздылығы зерттелді және отандық теңіз көлік әлеуетінің халықаралық көлік дәліздеріндегі мүмкіндіктері анықталынды.
Қазақстанның теңіз көлік әлеуетін дамытуда «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орны ерекше және халықаралық көлік дәліздерінде стратегиялық маңызы бар отандық кәсіпорын болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті.doc

— 99.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстанның  теңіз көлік әлеуетін арттыру  мақсатына жету үшін алдағы тарауларда Ақтау портының ресурстық көздері  мен өндірістік факторлары бойынша  талдау жүргізу нәтижесінде бірқатар шешілмей жатқан проблемалардың айқындалғандығы белгілі. Оның себебі, жүк тасымалдауға сәйкес ұйымдастыру шараларының жүзеге асырылмай жатқандығы,  географиялық жағдай, тариф мәселесі және т.б. проблемалардың орын алып отырғандығымен сипатталынады.

Дипломдық зерттеу  жұмысында Қазақстанның теңіз көлік  әлеуетін дамытуға тікелей әсерін тигізетін  Ақтау халықаралық теңіз сауда  портын солтүстік бағытқа кеңейту  жұмыстарының ерекшелігі анықталынды. Бұл бағытта даму тек қана теңіз  көлігінің дамуына әсерін тигізіп қана қоймай, Маңғыстау өңірінің әлеуеметтік-экономикалық жағдайының дамуына ықпалы зор. Нақтылай келетін болсақ, Ақтау портының солтүстік бағытқа кеңейтілуі төмендегі сипаты бар жағдайлардың дамуына негіз болады:

-      экспортқа бағдарланған жүк қалыптастырушы салалардың дамуын ынталандырады және Ақтау порты арқылы өтетін транзитті жүктердің бағдарлануына мүмкіндік береді. Бұл порттың тасымалдау қуаттылығын ұлғайту нәтижесінде толық жүзеге асырылуы, теміржол мен авто көліктің тасымалдау көлеміне әсерін тигізуі мүмкін. Ол өз алдына халықаралық экономикалық байланыстардың нығаюына тікелей әсерін тигізеді.

-      «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының дамуы инвестициялық ахуалдың жақсаруына маңызды себеп болады. Ол өз алдына қаржылық институттар мен жеке инвесторлардың капиталдарының тартылуына әсерін тигізеді.

-      Теңіз көлік саласына және осы нарыққа тікелей қатысы бар шағын және орта бизнес субъектілеріне, оның ішінде көліктік-экспедиторлық қызметтердің жандануына ықпалы зор.

-      Маңғыстау өңіріне қажетті қосымша инфрақұрылымдардың дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына септігін тиізеді.

Жоғарыда келтірілген  факторларды ескеріп, Ақтау портының әлеуетінің дамуы Қазақстанның Каспий аумағында стратегиялық мақсатта орын алуына, халықаралық дәліздерде бәсекелестік қабілеті бар порт ретінде танылуына тікелей әсерін тигізеді.

Ақтау порты  арқылы жүк түрлерін тасымалдау сипатына байланысты:  экспорттық, импорттық және транзиттік жүктер болып бөлінеді.

Осыған сәйкес, Қазақстаннан  экспортталатын  астық өнімдерінің көлемін ұлғайту  мақсатында келесі жобаларды жүзеге асыру  қажет:

- Ақтау-Баку  маршрутын іске қосу, Азербайжан, Иран  және  Грузия нарықтарына белгілі бір мөлшерде астық жеткізуді қамтамасыз ету;

- Ақтау және  Баку порттарындағы терминалдардың өндірістік  қуаттылығын  кеңейту, Поти портында  терминал құрылысын жүргізу.

Ақтау порты  арқылы тасымалданатын жүктердің әр түрлілігін ескере отырып, мультимодалдық тасымалдардың белсенділігін арттыру  қажет. Атап айтсақ, Карс-Ахалкалаки және Жезқазған – Бейнеу теміржолдарын салу керек. Осы жобаларды іске асыру келешекте Қазақстан мен Әзірбайжанның теңіз порттарын пайдалана отырып, Шығыс-Батыс бағытында жүк тасқынының көлемінің ұлғаюына мүмкіндік береді.

Осыған байланысты бәсекеге қабілетті тарифтік шарттарды құру және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, Баку-Ақтау желісінде темір жолдық паромдық тасымалдарды дамытудың маңыздылығын айрықша атап өту керек.

Сондықтан, теміржол көліктерінде, теңіз порттарында  және теңізбен тасымалдауда қолданылатын жеңілдіктерді ескере отырып, тартымды тариф тәртібін әзірлеу қажет.

Қолданыстағы  порт инфрақұрылымын жаңарту және жаңа порт инфрақұрылымын салу, көлік секторын дамытудың,  соның ішінде теңізбен тасымалдауларды дамытудың маңызды элементі болып табылады. Ақтау порты базасында көліктік  логистикалық орталықты  салу бойынша жобаны іске асыру экспорттық – импорттық, транзиттік жүктердің қосымша көлемдерін тартуға мүмкіндік береді.

Бұл логистикалық орталықтар мен ақпараттық желілер  жеке меншік жүк вагондар паркінің ұлғаюына, контейнерлік, автожолдық, мультимодальдік тасымалдаудың дамуына әсерін тигізеді.

Каспий теңізінің  қазақстандық секторындағы мұнайды  барлау мен өңдеу жұмыстарының көлемінің  қарқынды дамуына байланысты кемелер  санының артуы ұлғаяды, сонымен қатар ол кемелерді техникалық қызметтен өткізу мәселесі туындап отыр. [27]

Каспий бассейіндегі кеме жөндеу базалары Ресей, Әзірбайжан және Иран мемлекеттерінде орналасқан. Аталған мемлекеттерде 20-дан аса  кеме құрылысы мен кеме жөндеу кәсіпорындары қызмет атқарады. Ол кәсіпорындардың негізгі қызметі теңіздегі мұнай өңдеу жұмыстарының қалыпты жағдайын қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі кластағы кемелердің құрылысы мен оны жөндеу болып табылады.

Қазігі күні Қазақстанда бір ғана кеме жөндейтін кәсіпорын бар, нақтылай келсек Атыраудағы «Кемежөндеуші» кәсіпорыны. Бұл кәсіпорынның өндірістік-экономикалық жағдайы төмен, жұмысшы күші аз (75адам) және жөндеу жұмыстарының жиі тоқтап тұруы кеме жөндеу жұмыстарының келешегін жоспарлауға мүмкіндігін шектеп отыр.

Маңғыстау өңірінде «Ер-Сай Каспиан Контрактор» және «Keppel Kazakhstan» өндірістік алаңдарының  құрылысы жүріп жатыр. Бұл кәсіпорындар теңіз платформаларының металл құрылғыларын жинақтаумен айналысатын болады, бірақ кеме жөндеу жұмыстарын жүргізуді жаспарлап отырған жоқ.

Сондықтан кеме жөндеу жұмыстарының қажеттілігін ескерсек, осы кәсіпорындардың өндірістік қызметіне қосымша кеме жөндеу жұмыстарын енгізу қажет. Ақтау және Баутино  порттарында 2006 жылдың 1 қаңтарына тіркелген  кемелердің саны 100-ден асады (зерттеу кемелері, буксирлер, қалқымалы бұрғылау қондырғылары, мұнай таситын танкерлер, құрғақ жүк таситын кемелер және жолаушы кемелері). Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мұнайды барлау мен өңдеу жұмыстарының көлемі ұлғайған жағдайда кемелердің саны артуы мүмкін.

Белгіленген нормативтерге  сәйкес әр кемеге жоспарланған инспекция  жүргізіліп және 5 жыл сайын жөндеу жұмыстарын іске асырып тұруы қажет.

Аталған жағдайларды  назарға ала отырып Қазақстанда  кеме жөндейтін зауыт салу қажеттілігі туындап отыр. Нақтылы мәліметтерге сүйенсек, кеме жөндеу кешенін салу үшін 4,8 млрд. теңге инвестиция жұмсалуы тиіс.

Қазақстанда кеме құрылысын мемлекет тарапынан қолдау шаралары келесідей болуы қажет:

-  кеме құрылысына қатысатын инвесторлардың қызметіне салықтық, кедендік жеңілдіктер енгізу керек. Бұл шараны «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында қолдануға болады;

-  кеме құрылысы мен кеме жөндеу өндірісін арттыру мақсатында ғылыми зерттеу жобаларын жүзеге асыру қажет. Ол шараны жүзеге асыру Қазақстанның даму институттарының тікелей араласуымен, инновациялы жобаларды конкурстар арқылы таңдау қажет;

-  Қазақстандағы кеме жөндеу өндірісіне қажетті мамандардың даярлануы тиіс.

Дипломдық жұмыста  контейнерлі жүк тасымалының  Ақтау порты әлеуетінің дамуына ықпалы жөнінде зерттеу жүргізілді.

Ақтау порты  арқылы контейнерлердің транзиттік жүк тасқынын тартуға барлық алғышарттардың орын алып отырғандығы анықталынды.

Қазіргі таңда  Қытай батыс өңірінің өнеркәсіптік және көлік инфрақұрылымын дамытуды бастады (ШҰАР). Болжам бойынша ШҰАР мен Европа арасындағы жүк айналымы 30 млн. тоннаға дейін жетуі ықтимал.

Сонымен қатар, жүктерді контейнерлеу бойынша әлемдік  үрдісті ескеретін болсақ, келешекте  ТРАСЕКА дәлізі бойынша тасымалданатын контейнерлердің жүк айналымының бағытын Ақтау порты арқылы тасымалданатын маршрутқа бейімдейтін қолайлы жағдайларды құру мәселесі басымды болуы қажет.

Тарифтердің салыстырмалы талдауын назарға алсақ, қазіргі  уақытта Ақтау порты арқылы контейнерлерді тасымалдау маршрутының бәсекелестігі төмен.

Қазіргі күні БАӘ-Ақтау-Алматы бағыты бойынша контейнерлерді тасымалдаудың  қолданыстағы тарифі салыстырмалы түрде  БАӘ-Серахс-Алматы бағытына қарағанда  жоғары екендігін ескерсек, контейнерлі  жүк тасымалында Ақтау порты  арқылы тасымалдау бәсекеге қабілеті төмен, бірақ транзиттік әлеуеті бар. Себебі, Серахс өткелінің шектеулі өткізу мүмкіндігі бұл әлеуетті толықтай пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан, Ақтау порты арқылы жүк тасымалының тағайындалған тарифтеріне шегерімдік коэффициенттерді қарастыру қажет немесе төмендету жағын ендіру керек.

Транзитті жүк  тасымалын тарту мақсатында Азия және Тынық мұхит аймақтары мен  Батыс Европа, ТМД мемлекеттері арасындағы жүк тасымалына бірыңғай деңгейдегі ставканы бекіту қажет. Ол ставка теңіз  көлігі мен альтернативті темір жол маршруттарының ставкасына бәсекелестік қабілеті болуы керек.

Бұл шара контейнерлі  жүк тасымалының порт арқылы транзитті  жүктерді тасымалдау әлеуетін көтеруге ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, транзитті жүк тасымалын тарту  мақсатында тек баға факторы орын алып қана қоймай, контейнерлі жүктерді өңдеудің сервистік технологиялық жабдықтарын енгізу қажет.

Дипломдық жұмыста  халықаралық және отандық арнайы экономикалық аймақтарындағы теңіз  көлік әлеуетін дамыту бағыттарын ұсыну  кезінде, біздің пікірімізше, арнайы аймақтардың нақтылы мақсаттарының, ерекшеліктерінің белгілі болып жіктеліну сипатымен айқындалуы керек.

«Ақтау теңіз  порты» арнайы экономикалық аймағында 9 инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы Қазақстанның, сонымен қатар  Батыс өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оңды ықпалын тигізеді. Ал, отандық теңіз көлік әлеуетін тікелей дамытуға бір ғана жоба, яғни Ақтау халықаралық теңіз сауда портының солтүстік бағытта кеңейтілу жобасы әсерін тигізеді. Басқа жобалардың отандық теңіз көлік әлеуетіне жанама әсер беретінін назарға салу керек. Себебі, арнайы экономикалық аймақта орын алып отырған жеңілдіктер Ақтау порты үшін толық енгізілмеген. Жеңілдіктер тек қана арнайы экономикалық аймаққа кіретін жабдықтарға, кеден, баж және қосымша құн салықтары алынбауымен шектелініп отыр. Басқа жеңілдіктер түрі, мысалы корпоративті табыс салығы, жер және мүлік салығы секілді салықтық жеңілдіктер орын алмайды.

Сондықтан, отандық  теңіз көлік әлеуетін дамыту мақсатында  Ақтау халықаралық теңіз сауда портының солтүстік бағытта кеңейтілу жобасына жоғарыда аталған 9 жобаға берілген барлық жеңілдіктері қолдану қажет. Ол өз алдына отандық порттың әлеуетін арттыруға мүміндік берді.

Информация о работе Арнайы экономикалық аймақ ретіндегі Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы мен нарық сегменттері