Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 09:46, реферат
б «Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
I бөлім Қаржы жүйесінің құрамы.
1.1 Мемлекеттік қаржылар.
1.2 Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары.
1.3 Қаржы жүйесінің қағидаттары.
II бөлім Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
2.2 Қазқстан Республикасының бюджет жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қаржы жүйесінің қағидаттары.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төмнегі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарурдың ерекшіліктері қамтып көрсетіледі.
Қазіргі кезе қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтадырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналыу тиіс.
Сыртқы экономикалық қызметті
жандандыру, ішкі өндіріс есебінен
тұтыну рыногын толықтыру
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік – аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым - өатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық - әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарғы және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық – мемлекеттік құрылымын анықталды. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ – та –штаттардың, ГФР –да – жерлердің (ландтардың), Канада – провинциялардың, Ресейде – федерация субьектілерінің бюджеттері);
Жергілікті бюджеттер.
Унитарлық(біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідейц, әлеуметтік – экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылысының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасының жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілген, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді (4 кестені қарастырайық):
Республикалық бюджет;
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез – келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясаты ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын жәмемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлкеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік – аймақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік – аумақтық бірлікте мемлекеттік саясаты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімдерін бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік
бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі
орталық уәкілетті орган
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше Қазақстан немес соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
Бюджеттің бірлігі қағидатыбюджет жүйесін ұйымдық – экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО – ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік ауылымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілумен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірің,ай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалықжәне саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс – қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай – ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі біріңғай бюджет заңнамасын қолданумен, срның ішінде Үкімет бекіткен біріңғай бюджеттік сыныптамасын, бюджет процесін жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса біріңғай әлеуметтік – экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттернің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестігі қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың бағыттарын анықтайды.
Бюджеттің толықтығы (толымдығы)бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, Қазақстан Республикасын салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және толық көрсетілумен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың обьективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай - ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Реалистік қағидаты –параметрлердің экономиканың ағымдағы жай –күйінің көрсеткіштеріне, сондай – ақ Қазақстанның және аймақтардың параметрлерін және әлеуметтік – экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай – ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы тиімті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Транспаренттілік қағидаты – бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актіледі, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептемелерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу.
Дәйектілік қағидаты дегеніміз мемлекеттік басқару органдарының бюджет қатынастары сферасында бұрын қабылдаған шешімдерінің сақталуы.
Тиімділік пен нәтижелік қағидаты –бұл бюджеттік бағдарламалардың паспорты қарастырған нәтижеге жету үшін қажетті бюджет қаражаттарының оңтайлы көлемін пайдалана отырып белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттігіне қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.
Басымдық қағидаты –бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуының басты бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.
Жауапкершілік қағидаты –бюджеттік процеске қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.