қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 09:46, реферат

Описание

б «Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

Содержание

I бөлім Қаржы жүйесінің құрамы.
1.1 Мемлекеттік қаржылар.
1.2 Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары.
1.3 Қаржы жүйесінің қағидаттары.

II бөлім Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

2.2 Қазқстан Республикасының бюджет жүйесі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ.doc

— 132.50 Кб (Скачать документ)

Бюджеттердің  жариялылығы қағидаты  бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы  есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.

Бюджет жүйесі  реттеуші  кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта  бөлу арқылы жүзеге асырылатын  барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс – қимылына негізделген.

    Кірістер мен шығыстардың егжей – тегжейлі тізбесі  мен топтамасы бюджеттік сыныптама сыныптау обьектілеріне топтастыру кодтарын  бере  отырып функциялық, ведомствалық және экономикалық сыныптамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады. Ол кірістердің сыныптамасынан, бюджет шығыстарының функциялық  және экономикалық сыныптамаларына тұрады. Біріңғай бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бюджеттерінің көрсеткіштерінің салыстырымдылығын  қаматамасыз етеді.

    Бюджет түсімдерінің сыныптамасыбюджет заңнамасына  негізделген барлық деңгейлер бюджеттерінің түсімдерін белгілі бір сыныптамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бюджет түсімдері  сыныптамасының топтамасы  санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және ерекшеліктен тұрады.       Санаттар түсімдерді экономикалық белгілері бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен ішкі сыныптар түсімдерді олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады. Ерекшелік  бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды.

   Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасы барлық  деңгейлер бюджетінің шығыстарын топтастыру болып табылады, ол мемлекет функцияларының орындалуын, республикада  мемлекеттік саясаттың  жүзеге асырылуын қамтып көрсететін функциялық және ведомствалық белгілер бойынша бюджет қаражаттарының жұмсалу бағыттарын анықтайды.

Бюджет шығыстарын функциялық сыныптауда  топтастыру мынадай деңгейлерден тұрады: функциялық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар және ішкі бағдарламалар.

Функциялық  топ – салалық белгілері  мен фуекциялық бағыты бойынша  бюджет шығыстарын біріктіру. Функциялық ішкі топ – функциялық топ ішінде бюджет қаражаттарын жұмсаудың бағыттарын нақтылайды.

   Бюджет шығыстарының  сыныптамасының негізінде  бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, функциялық топтар мен бюджеттік бағдарламаларды ( ішкі бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомствалық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін.

   Мемлекеттік басқарудың функциялары мен мен мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі  бюджеттің шығыстары бюджеттік бағдарлама деп аталады.  Оның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау  орындау кезінде қол жеткізу тиіс белгілі бір түпкілікті  нәтиже болып табылады.

Экономикалық  нәтижелерге  қарай бюджеттік бағдарламалар былайша ажыратылады:

ағымдағы  бюджеттік бағдарламалар,олар тұрақты сипаты бар немесе дамудың бюджеттік бағдарламаларына  жатпайтын біржолғы шаралар өткізуді  көздейтін заңнамалық актілерге сәйкес  мемлекеттік  басқарудың функциялары мен мемлекет міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталады;

    Белгілі бір функциялар  атқаратын мемлекеттік басқару  деңгбюджеттік бағдарламалар республикалық бюджетте бекітілетін республикалық және жергілікті  бюджеттік бағдарламаларға  бөлінеді.

   Бюджетаралық реттеу-  теңгермелік  теңгерімділік мақсаттарында жоғарғы бюджет ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке беруден тұратын және керісінше, ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу механизміне бюджеттік субвенциялар, бюджеттік алынымдар, реттеуші кіріс көздері жатады.

   Бюджеттік алынымдар– заңнамалық актілермен актілермен немесе мәслихаттардың шешімдерін бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерге беретін ресми трансферті.

   Субвенциялар – төменгі бюджеттердің  жоғарғы бюджеттерден заңнамалық актілермен және  және маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде  алатын ресми трансферттері.

Реттеуші  кіріс көздері  бекітіліп берілген және реттеуші болып бөлінеді.

Бекітіліп берілген кірістер - бұл түгелдей  немесе ішінара белгілі бір бюджетке берілетін бюджет қаражаттары.

Реттеуші  кірістер –жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке  нығайту үшін бағытталатын қаражаттар.

Бекітіп берілген және реттеуші кірістердің тізбесі  бюджет заңнамасында  белгіленеді.

Егер биліктің әрбір деңгейінде жиынтық бюджеттердегі түсімдердің  көлемі жалпы алғанда олардың функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті болса бюджет жүйесі сатыластығы жағынан баланстандырылған  деп есептеледі. Деңгелес теңгерімділік – биліктің тиісті деңгейлерінің жеке аймақтары  мен аумақтарының бюджеттеріндегі кірістер мен шығыстардың жалпы сәйкестігі.

Сатылас теңгерімділікке  жету – теңгерімділіктің І –  кезеңі, ал деңгейлес теңгерімділікке  жету – теңгестірудің ІІ – кезеңі, ол Қазақстанда бюджеттік алынымдар  мен субвенциялар арқылы жүзеге асырылады. 
 
 

          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           Қазқстан Республикасының бюджет жүйесі

  

     Қазақстан  Республикасының Ұлттық қоры  елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық  дамуын қамтамасыз ету, болашақ  ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.

Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын  ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Республикалық бюджет – бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа  да түсімдер есебінен қалыптастырылатын  орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.

Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді – Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.

Төтенше мемлекеттік  бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық  бюджет туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел хабардар етіледі.

Шоғырландырылған  бюджет – республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.

Шоғырландырылған  бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден  тұрады:

– республикалық  бюджет;

– облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;

– Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

               Пайдаланылған әдебиеттер: 

«Қаржының жалпы курсы» - авт.: Мельников; 

«Қаржы» - авт.: Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев Қ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                  
 
 
 
 
 

                                  
 
 
 
 
 
 

                                 Кіріспе 

   Қаржы  және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.

      Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарыннда – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.

   Бюджет  – мемлекеттің міндеттері мен  функцияларын іске асыруды қаржылық  қамтамасыз ету үшін арналған  оның орталықтандырылған ақшалай  қоры. «Бюджет» деген сөз сөзбе-сөз алғанда ақша сақтауға арналған «ақшалы сөмке», «былғары қапшық» дегенді білдіреді.

Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы  өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан  Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.

Бюджеттік құрылыс  деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік  бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған  қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                     Қорытынды 

Қортындыға келгенде  қаржы ( латын сөзі financia – қолда бар ақша, кіріс деген мағынаны білдіреді) – бұл жеке адамның, компанияның немесе мемлекеттің қолда бар материалдық ресурстарының жиынтығы.  Қаржы жүйесі деген түсінік қаржы деген жалпы түсінік анықтамасынан шығады. Қаржы жүйесінің әр бөлігі тек өзінің қызметін атқарады. Әрбір мемлекеттің қаржылық жүйесі бір-бірімен байланысты екі үлкен қосалқы жүйеден тұрады – жалпы мемлекеттік қаржы (бюджеттер жүйесі – федеративтік, аймақтық, муниципалдық, мемлекеттік несиелеу жүйелері, мемлекеттік сақтандыру жүйелері) және шаруашылық жүргізушілердің қаржылары (өндіріс компанияларының, сауда кәсіпорындарының және басқа да коммерциялық құрылымдардың қаржылары, коммерциялық банк жүйесі, биржа жүйесі және т.б.).

  Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.

Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы  өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан  Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.

Бюджеттік құрылыс  деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік  бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе қаржы жүйесі