Қаржылық бақылау түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2012 в 21:29, реферат

Описание

Курстық жұмыс негізінен көлемді үш бөлімнен тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі орындалған жұмыстың әдістері мен негізгі нәтижелері, мәселенің мәні мен құрамын бейнелейтін мәліметтерден тұрады. Қорытынды берілген сұрақ және мәселені зерттеудің қысқаша шешімдер мен жалпы нәтижелерден тұрады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………3
І Бөлім. Қаржылық бақылау түсінігі……………………………………………4
1.1.Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы………………………………4
ІІ Бөлім. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері…………………7
2.1.Қаржылық бақылаудың сыныптамасы.………………………………… 7
2.2.Қаржылық бақылаудың әдістері……………………………………… 13
ІІІ Бөлім. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру.………………………………16
3.1. Аудиторлық бақылау……………………………………………………16
3.2. Қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі.…………………………24
Қорытынды ……………………………………………………………………26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ………………………………………………27

Работа состоит из  1 файл

Қаржылық бақылау түсінігі.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)

      

Ішкішаруашылықтық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда, субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның барлық құрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкі шаруашылықтық диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын шешеді.

      

Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылықтық бақылау  оның бұрынғы ұғынысындағы өзінің мағынасын  жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалы және меншіктің басқа нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалар басуы тиіс. Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардан сақтануға көбірек кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке ынталылығы өзін-өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды.

      

Қоғамдық қаржылық бақылау – бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы. Бақылаудың объектісі  тексерушілер алдына қойылған нақтылы  міндеттерге байланысты болады.

      

Аудиторлық бақылау  – ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны біліктілік комиссиясы аттестаттаған «аудитор біліктілігінің берілуі» туралы куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық – құқықтық нысанда құрылған  коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.

      

Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында  аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды – Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

      

Жүргізу нысандары  мен уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мұндай нысандары бақылаушы  органдардың көбісінің қызметіне тән.

      

Қаржылық алдын  ала бақылау ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оның қаржылық тәртіпті бұзуды алдын ала ескертуде зор маңызы бар. Бұл жағдайда бекітуге және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізі болып табылатын құжаттар – бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың жобалары, кредит және касса өтінімдері және т.б. тексеріледі.

      

Ағымдағы қаржылық бақылау қаржы жоспарларының  атқарылу процесінде, шаруашылық – қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар – материал құндылықтары мен ақшаны жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бұрын берілген ресурстардың пайдалануына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау шаруашылық – қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырылады. 

    2.2.Қаржылық бақылаудың әдістері 

   

Қаржылық бақылау  әр түрлі әдістермен (тәсілдермен  немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.

      

Қазіргі кезде  қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады:

  • тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру);
  • инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру);
  • қадағалау (кәсіпорынның қаржы – қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу),
  • тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру);
  • қарап шығу;
  • қаржы жоспарларының жобалары;
  • өтінімдері;
  • қаржы – шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау;
  • баяндамаларды тыңдау;
  • лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары.

Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары.

      

Аталған жалпы  әдістер түрлі объектілерге бақылау  жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.

      

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өзінің жұмысын  жоспарлап бойынша жүргізді. Жоспарлар  тексерулер мен тексерістердің белгіленген мезгілділігін ескере отырып құрылады. Жоспарларда бақылаудың объектілері, тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.б. белгіленеді. Аудит органдары өзінің жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді.

      

Тексерулердің тікелей предметі табыс, қосылған құнға  салынатын салық, пайдалылық, өзіндік  құн, айналыс шығындары, әр түрлі  мақсаттар мен қорларға аударылатын  аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер болып табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақталмалы сипаты болады, сондықтан олардың орындалуын, динамикасын, тенденцияларын бақылау бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық қызметінің барлық жақтарын, сондай-ақ қаржы – кредит өзара байланыстарының механизмін қамтиды.

      

Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да (баспа-бас айырбас мәмілелері, т.б.) жасалынатын іс-жүзіндегі барлық операциялар қаржылық бақылаудың сферасы болып табылады.

      

Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.

      

Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары:

  • тексеру
  • экономикалық талдау
  • тексеріс ревизия.

     

Шоттық тексеру  – бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру.

      

Тақырыптық тексеру  – бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық – қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.

      

Экономикалық  талдау – бұл объектінің шаруашылық – қаржы қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.

      

Экономикалық  талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары – банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізіледі.

      

Тексерулер мен  қарап шығуды бақылау органдары  шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі  бір мәселелері бойынша немесе жұмыс  орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен учаскесімен танысу жолымен  бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді.

      

Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – тексеріс –  кейінгі келесі бақылаудың кешенді  әдісі және өткен белгілі бір  кезендегі шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық  жақтары мен учаскелерін мұқиат зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық  қарап шығу. Тексерісті әр түрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.

      

Тексеру объектісі  бойынша құжаттық, нақтылы, толық  жаппай, іріктемелі ішінара тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі  бойынша олар жоспарлы және жоспардан  тыс, кешенді болуы мүмкін.

      

Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес, сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша құжаттары (шоттар, төлем тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.

      

Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге  қолда бар ақшаны, материалдық  құндылықтарды да тексереді.

      

Толық тексеріс деп белгілі бір кезендегі  шаруашылық жүргізуші субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады.

      

Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қызметінің әйтеуір бір жағына (мысалы, іссапардың шығындарын, әр түрлі нысаналы шығындар мен шығыстарды тексеру) бағытталады.

      

Тақырыптық тексерістер  бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда, мекемелерде немесе бірнеше министрліктер  мен ведомстволарда қаржы-шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

      

Тексерістердің  тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу, кассадағы нақтылық ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлы, нормативтік және ыңғайласпа тексерулер.

      

Әрбір тексеріс пен тексеру мұқиат әзірленуі  тиіс, өйткені олардың сапасы осыған байланысты болады. Бұл үшін қажетті заңдарды, қаулыларды, жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді; бұларға тексеріс пен тексерудің материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижиелерімен танысады; ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірістік қызметтердің ерекшеліктерін зерделейді және т.б.

      

Әзірлік жұмысының  негізінде тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары  жасалады.

      

Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл процесі  бірнеше кезендерден тұрады: өкілділіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты  қызметкерлерімен  ұйымдық кеңес  өткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; шаруашылық қызметті алдын ала талдау; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру; тексеріс немесе тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.

      

Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс актісі анықтамасы – бұл қаржы-шаруашылық қызметінде жіберілген бұзушылықтың жай тізбесі емес, бұл тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын құжат. Оның негізінде ашылған бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі адамдарға шара қолданылады.  
 
 
 
 
 
 

ІІІ Бөлім. Қаржылық бақылауды  ұйымдастыру

3.1. Аудиторлық бақылау 

      

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.

      

Жалпымемлекеттік  қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілетті органдар депутаттардың жиналыстары, жергілікті әкімшілік органдар. Бақылаудың бұл түрін Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитеті де жүргізеді.

      

Құқықтық мемлекет құрылысының тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық бақылауды жүзеге асырудағы  заңнамалық органдардың рөлі күшейе түседі. Сондықтан бақылаудың субъектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің функциясы және бақылаудың тиісті түрі – парламенттік депутаттық бақылау бөлектеліп көрсетіледі. Бұл бақылаудың объектісі:

  • мемлекеттік бюджеттің шығыстарын шамдандыратын кез келген шараларды бекіткен кездегі;
  • бюджеттегі шығыстардың қабылданған заңдардың мақсаттарына сәйкестігін тексеру кезіндегі;
  • бюджеттің жасалуына тексеріс кезіндегі мемлекеттік шығыстар болып табылады.

Информация о работе Қаржылық бақылау түсінігі