Қаржылық бақылау түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2012 в 21:29, реферат

Описание

Курстық жұмыс негізінен көлемді үш бөлімнен тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі орындалған жұмыстың әдістері мен негізгі нәтижелері, мәселенің мәні мен құрамын бейнелейтін мәліметтерден тұрады. Қорытынды берілген сұрақ және мәселені зерттеудің қысқаша шешімдер мен жалпы нәтижелерден тұрады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………3
І Бөлім. Қаржылық бақылау түсінігі……………………………………………4
1.1.Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы………………………………4
ІІ Бөлім. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері…………………7
2.1.Қаржылық бақылаудың сыныптамасы.………………………………… 7
2.2.Қаржылық бақылаудың әдістері……………………………………… 13
ІІІ Бөлім. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру.………………………………16
3.1. Аудиторлық бақылау……………………………………………………16
3.2. Қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі.…………………………24
Қорытынды ……………………………………………………………………26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ………………………………………………27

Работа состоит из  1 файл

Қаржылық бақылау түсінігі.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)

     

Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарға бақылауды  жүзеге асырады:

  • бюджет ресурстарының түсу көздеріне, оларды үкіметтің де, заңнамалық органның да үнемді пайдалануына;
  • ақша қаражаттарының ысырапқорлығын кесіп тастауға;
  • мемлекеттік меншікті пайдаланудың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс тиімділігіне, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуға және жекешелендіруге;
  • арнаулы қорлар қаражаттарының пайдалануына;
  • әр түрлі партияларды қоса, қоғамдық ұйымдардың ақшалай табыстарының көздеріне, жарғылық мақсаттарға сәйкес бұл қаражаттарды пайдалануға.

     

Парламенттің  алдын ала бақылауының негізгі  мақсаты осы нақты саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардағы қарастырылған шығыстардың жалпы тұтастығын анықтау болып табылады. Бюджеттің жаалуына тексеріс сметаларға кіріктірілген цифрлардың дұрыстығын белгілі бір тұрғыдан қарай отырып жүргізіледі. Сонымен бірге парламент ағымдағы бақылауды және Республикалық бюджет туралы қабылданған заң бойынша қаражаттарды иеленушілердің есебін тексерген кезде әсіресе кейінгі келесі бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұл орайда парламенттік бақылаудыңнегізгі нысаны алдын ала бақылау болуы тиіс. Қазақстан республикасының парламентінде екі Палатада – Сенат пен Мәжілісте арнаулы жұмыс органдары – экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттер бар. Бұл органдар заң – жоба жұмыстарын, палаталардың құзырына қатысты мәселерді алдын ала қарау және әзірлеу процесінде қаржы – бюджет қызметінің сферасында мемлекеттік бюджет қаражаттарының жұмсалуына бақылау жүргізеді. Қаржы – бюджет мәселелері бойынша сараптамалық бағалаулар мен қырытындыларды шаралар қабылдау үшін палаталар тиісті инстанцияларға – министрліктерге, ведомстволарға, сондай-ақ Республика үкіметіне жібереді.

     

Ел басының  жарғылықтарының, қаулыларының және өкімдерінің  атқарылуын бақылауды ұйымдастыру, талған актілердің талаптарын лауазымды  адамдардың атқармағаны үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында президент аппаратында жұмыс істейтін ұйымдық – бақылау бөліімі бар. Жалпы президент аппараты министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің және мемлекеттік басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады. Аппарат президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы хабарлап отырады, Президент актілерін тиісті тәртіппен орындамаған кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстар жасайды; президент актілерінің атқарылмауына немесе тиісті тәртіппен атқарылмауына мүмкіндік туғызатын ашылған бұзушылықтарды, себептерді және талаптарды жою жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Үкіметке, әкімшілік басшыларына,  мемлекеттік басқарудың басқа органдарына табыс етіп отырады. Өзінің функцияларын жүзеге асыруда Аппаратқа тексерілетін органдардың басшылары мен лауазымды адамдарынан қажетті ақпараттарды алуға тиісті өкілеттік берілген.

     

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі  есеп комитеті Қазақстан республикасының президенті тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.

     

Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау  жасау жөніндегі есеп комитетінің  негізгі міндеттері мен функцияларына  мыналар жатады:

  • республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі заңдар мен басқа нормативтік актілердің атқарылуына бақылау жасау;
  • республикалық бюджеттің атқарылуымен байланысты мәселелер бойынша мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау;
  • мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық бюджеттің түсімдері мен оның шығыстарын атқару сәйкестігіне, қаржы есептемесі мен тиімділігін бақылау;
  • респукбликалық бюджеттік  бағдарламалардың орындалуына және мемлекеттік қажеттіліктерін қаржыландыруға бөлінетін республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылау;
  • бюджеттік инвестицияларды бақылауды жүзеге асрыу;
  • Қазақстан  Республикасының парламентіне қарауға республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті тапсрыу және т.б.

      

Қазақстан Республикасының  үкіметіне бақылау сферасында кең өкілеттіліктер берілген. Үкімет республика дамуының индикативтік жоспарын, экономиканың сфералары мен секторларының, салалардың, аймақтардың даму бағдарламаларын, инвестициялық қызметтің маңызды бағыттарын жасап, қарау процессінде алдын ала бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілген іс-қимылдарды орындау барысында Үкімет олардың жүзеге асырылуының, сондай-ақ ауқымды, мезгілдігі, атқарушылар бойынша мақсатты қаржыландырудың толымдылығына ағымдағы бақылау жасайды. Республика Үкімет ммлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады.

     

Өздерінің өкілеттілігіне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды, олар негізінен  бюджеттерді, олардың  атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

      

Қаржы министрлігі, оның қаржылық бақылау комитеті және мемлекеттік сатып алу комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік – экономикалық сфераның қаржы саласын  тексереді. Олар жоспар, смета және қаржы тәртібінің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп – қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорт – импорттық операцияларды  валюталық бақылау болып табылады.

      

Мемлекеттік бақылауды  Қаржы министрлігінің заңи тұлға  құқығындағы Қазынашылық комитеті де орындайды. Қазынашылық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық  бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау болып табылады.

      

Қаржы министрлігінің  Салық комитеті, оның аумақтық органдары есептелген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, өсімдер мен айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады.

      

Экономика мен  қаржы қызметі сферасында қаржы  тәртібін сақтауға Қазақстан Республикасының  экономикалық және жемқорлық қылмыстықпен күрес жөніндегі агенттігі (қаржы  полициясы) де қатысады. Ол заңмен белгіленген өкілеттіліктері шегінде жедел – іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі сферасында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.

      

Агенттік (қаржы полициясы) органдарының негізгі міндеттері  мыналар болып табылады:

  1. өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
  2. салықтарды төлеуден жалтарынуға байланысты қылмыстардың, экономика мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
  3. экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісіне мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  4. агенттік (қаржы полициясы) органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

      

Агенттіктің (қаржы полициясы) аумақтық және мамандандырылған органдары тиісті әкісшілік – аумақтық бірлік шегінде уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады.

      

Экономикалық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экономика және қаржы сферасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын ал, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы уәкілетті орган болып табылады.

      

Барлық деңгейлердің өкілдікті органдары (мәслихаттар, депутаттардың жиналыстары) қаржылық бақылауды бюджеттерді және олардың  атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде жүзеге асырады. Яғни олар бақылауды екі нысанда –  алдын ала және кейінгі нысандарда жүзеге асырады. Ағымдағы бақылау бар болғанымен олардың қызметінде негізгі болып табылады. Бақылаудың объектісі ақша қаражаттарының жергілікті қорлары болады.

      

Қаржы органдары  жүргізетін бақылау барлықнысанда  жүзеге асырылады және де алдын ала және ағымдағы бақылау оның айрықша нысаны болып табылады. Бақылаудың негізгі әдістері тексерулер және есептемені шоттық тексеру. Салалық басқармалардың (бөлімдердің) мамандары тексеріске ревизиялық бригадалар құрамында тартылады.

      

Ведомстволық  қаржылық бақылауды республика министрліктері, ведомстволары, жергілікті органдардың басқармалары мен бөлімдері ведомстволарға қарасты кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге жүргізеді. Ведомстволық қаржылық бақылау алдын ала, ағымдағ және кейінгі бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бақылаудың негізгі әдістері қаржы жоспарларының жобаларын қарау, тексерістер мен тексерулер болып табылады. Бақылау объектісі ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары болады.

      

Ішкішаруашылық  бақылауды  шаруашылық жүргізуші  субъектілердің экономикалық службалары – бухгалтериялар, қаржы бөлімдері және т.с.с. жүргізіледі. Бұл орайда бас (аға) бухгалтер маңызды рөл атқарады. Мұнда субъектінің өзінің, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өндірістік және қаржы қызметі бақылаудың объектісі болып табылады.Әр шаруашылық органдарда, жергілікті атқарушы органдарда ішкішаруашылықтық бақылауды жүзеге асыру үшін бұл қызметтерден басқа бақылау – тексеріс бөлімдері, топтары құрылады. Ірі шаруашылық бақылау қаржылық бақылауға тән барлық нысандарда жүзеге асырылады. Оның негізгі әдістері тексерулер мен тексерістер болып табылады. Коммерциялық құрылымдарда (акционерлік қоғамдарда, жеке меншік кәсіпорындары мен фирмаларда, биржаларда, банктерде және т.б.) ішкішаруашылықтық бақылаудың құрылтайшысы немесе меншік иесі, сондай-ақ оның тапсыруымен аудиторлық фирмалар жүзеге асырады.

      

Қоғамдық қаржылық бақылауды еріклітік және ақысыз негізде топтар, жекелеген тұлғалар (мамандар) орындайды. Қоғамдық бақылаудың органдарына шаруашылық жүргізуші  субъектілердегі, ведомстволардағы әкімшіліктің қызметіне жүргізілетін кәсіподақ ұйымдарының бақылау жатады. Бұл органдардың қызметіндегі қаржылық бақылау негізгі бақылау болып саналмайды. Әр түрлі қоғамдық ұйымдар (саяси партиялар, спорт, соғыс және еңбек ардагерлерінің ұйымдары, қайырымдылық қорлары) қаржылық бақылауды өз күштерімен жүргізеді, сондай-ақ аудиторлық фирмаларды да тарта алады. Бақылаудың объектісі – табысты алу көздерін және жарғылық міндеттерге сәйкес оның пайдалануын тексеру.

      

Нарыққа өту  жағдайында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңыз артпаса ешқандай кемімейді. Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды. Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық процесстерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржы – шаруашылық қызметі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары (Халықтық бақылау комитеті) тарапынан (болған) қос бақылаудың қарамағында болды.

      

Басқарудың әкімшілік  нысанынан нарықтық нысанына өту кезеңіндегі қаржылық бақылау айтарлықтай әлсіреді. Халықтық бақылау комитеті жойылды, ведомстволық бақылау іс жүзінде қысқарды, мемлекеттік орган тарапынан болатын қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет тарылды.

      

Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тұтқалар мен ынталандырмаларға жақсы бақылаушылар деген сенім білдірілді. Алайда мұндай көзқарас салық төлеуден бұлтарушылық нысанындағы экономикалық қылмыстардың өсуіне, мемлекеттік меншіктерді тегін беру немесе символикалық сомаға сату түрінде талан – таражға және басқалары.

      

Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа  кезеңдерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибесі көрсетіп отыр. 
 

      

Қаржылық бақылауды  жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны – аудиторлық бақылауды дамыту болып  табылады, бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты болып отыр. Аудиторлық бақылау – тәуелсіз аудиторлық фирма мен шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісімшарты негізінде қаржы – шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру.

      

Нарықтық реформалардың  тереңдей түсуі жағдайындағы қаржылық бақылау жүйесінің ажырамас бөлігі аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты  кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың бухгалтерлік қаржылық есебінің дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау. Аудиторлық жұмыста талдамалық және экспорттық болжам қызметіне үлкен мән беріледі, ол тапсырыс берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Қаржылық бақылау түсінігі