Ақша жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 17:55, реферат

Описание

Мен «Ақша жүйесі» атты тақырыпты ала отырып .Ақша жүйесі дегеніміз не оның түрлерін,түсінігін,элеметерін,ұғымын білгім келген.Ақша ұғымы қай ғасырда,қай қала,қай заманда пайда болғанын ұғынғым келді.Осы ақша жүйесі бүкіл дүниежүзінде бірдей ме ,ұқсастықтары мен айырмашылығы қандай екенін зерттеп тексергім келді.Ақша түрлері темір ақша қағаз ақша қай жылдары,қай мемлекетте пайда болғанын білуді ұйғарып осы тақырыпқа бақылау жаздым.

Содержание

I.Кіріспе.
1.Ақша жүйесі.
2.Тарихы.
3.Қазақстанның ақша рыногы.
4.Ақша жүйесінің типтері.
4.1.Биметализм.
4.2.Монометализм.
5.Ақша жүйесінің элеметтері.
II.Қорытынды.
III.Пайдаланған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Ақша жүйесі.doc

— 99.00 Кб (Скачать документ)

    Алтын монета стандарты

    Алтын монета стандарты — бұл еркін  бәсекенің тұсындағы капитализмнің  талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

  • алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;
  • алтын монеталарды құюға рұқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында);
  • толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;
  • алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.

    Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қаупін туғызды. Бұл кезендерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатса, кейіннен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтіп, банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады, және оны сыртқа шығаруға тыйым салынады, сондай-ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі.

    Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң жайлаған капитализм дағдарысы тұсында, ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын монета стандарты негізінде калпына келтіре алмады. 1924—1929 жылдары ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның мынадай екі қысқартылған нысаны жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз стандарты.

      Алтын құйма стандарты

    Алтын құйма стандартының алтын монетадан  айырмашылығы, мұнда айналыста алтын  монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайлар да ғана айырбасталды. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг, Францияда 12,7 кг салмақтағы алтын құйма бағасы — 215 мың франке тең болды.

    Алтын девиз стандарты

    Австрия, Германия, Дания, Норвегия және басқа  да елдерде алтын девиз (алтын  валюта) стандарты бекітіліп, мұнда  да айналыста алтын монета және алтын  монетаны еркін түрде жасау болмайды. Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргізілді. Осындай жолмен алтын девиз стандартын қолданатын елдердің ақша бірліктерін алтынға ауыстыру арасында жанама байланыс сақталды. Сонымен, 1929—1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс нәтижесінде алтын монета стандарты барлық елдерде бірдей айналыстан алынып тасталынып, (мысалға, Ұлыбританияда — 1931 ж., АКДІ-та 1933 ж., Францияда —1936 ж.) оның орнына алтынға ауыстырылмайтын банкнот жүйесі бекітілді.

    Ақша жүйесінің элементері

    Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.

    Ақша бірлігі

    Ақша  бірлігі — барлық тауарлардың  бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Кептеген елдерде 1:10:100, яғни ондық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең, ағылшынның 1 фунт стерлинг — 100 пенсаға, Ресейдің 1 рублі —100 копеекке, Қазақстаннның 1 теңгесі — 100 тиынға және т.с.с.

    Әлем  елдерінің ақша бірліктерінің атаулары төменгі кестеде берілген.

    Ақша түрлері

    Ақша  түрлеріне — бұл заңды төлем  құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 долларлық банк билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс, және мыс-никелдік монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50, 20, 10, 5 және 1 фунтстерлинг банкноттар, 1 фунт стерлинг, 50, 10, 5, 2 пенсалық монеталар, 1 және 1/2 пенилер, сондай-ақжаңа 10 және 5 пенсалардың құнына тең келетін 2 және 1 шиллингтер де бар.

    Ал, Қазақстанның бүгінгі ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданылыста жүр. Қазыналық билеттер айналымда жоқ.

    Эмиссиондық жүйе

    Эмиссиондық жүйе — бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Мысалға, АҚШ-та банкноттарды айналысқа шығарумен Федералды резервті жүйе, Ресейде — РФ Орталық банкі, ал Қазақстанда — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айналысады. Ұлттық Банктің қарамағында еліміздің банкнота жасайтын — Банкнота фабрикасы (Алматыда) және монета жасайтын - Монета сарайы (Өскеменде) бар.

                               Қорытынды.

    Мен «Ақша жүйесі»атты тақырыпты ала отырып ақша жүйесі белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйым-дастыру түрі екенін және оның биметализм мен монометализм атты типтері бар екенін,ақша жүйесінің 3элеметері бар екенін олар:ақша бірлігі,ақша түрлері және эмиссиялық жүйе .Ақша жүйесі 19ғасырдың аяғына таман пайда болғанын білдім.

                  Пайдаланылған әдебиет

  1.  Қазақ ұлттық энциклопедиясы
  2. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002.
  3. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің            Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.
  4. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті    жарғы, 2011

5.Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.


Информация о работе Ақша жүйесі