Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2011 в 10:52, реферат
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнім, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.
Кіріспе 3
ІІ. Ақшаның айналысы және оның дамуы 9
2.1. Ақша айналысы туралы ұғым 9
2.2. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар айналымы 10
2.3 Ақша айналысының заңы, массы және ақша базасы 11
Қолданылған әдебиеттер 18
ЖОСПАР
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнім, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар құны өз сатып алушының тапраса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамасы. Сондықтан да әрбір тауар қажеті тұтыну құның алу құрамы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олар мен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне суысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады. Мысалы: 1 балта – 5 құмыра, 1 қой – 1 қап бидай және т.б.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар-барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырып түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға оның бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлісінің нәтижесінің мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал айырбас құрамына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылған туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табиғат заттарда, поэзияларда кездеседі. Төлеудің көне Тром батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланылғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарды металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пукупин» (ақша) «пекуч» (мал) сөнімен шыққан «Руна» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атуы «руним» негізінде жатыр. Ежелгі Рустарда да ақша металл ақшаларға адысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018ж. былай деген «біздің жинаған малдарымыз ерлерден и кун, старатылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады». Ол кездегі қазынаны «малшы», қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын» деп аталынды.
«Капитал» сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетеді.
Солтүстік халықтары оң бірінші тауар тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдалануы. Жүн ақшалау Монголияда, Тибетте және Памирде кең көлемде таралды. Ежелгі Русстардың арабтармен, жазарлар мен, Византиямен сауда саттық жинауы барысында түн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгінгі болып саналды 1610ж. жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5400 руб. Күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін ЯВ арасында осы күнге дейін фен ақша айналысында қызмет етеді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді.
Юлиий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен бір құлдық құны үш асыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді. Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартада, Жапонияда темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түрінде ақшалар пайдаланды. Металл ақшаның артықшылығы, ол – біркелкі, төзімді, ұсақталынады және т.б. Кейін металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт сториллинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмау бірліктері атауымен аталады. Моноталардың пайдо болуы – ақшаның құралуындағы оқуға кезең болып табылады 1,2. Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1516ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Мор өзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап» деген еңбегінде. «Алдау, ұрлау, тонау кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғолмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылатын еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді».
Ол аздай Т.Мор тағы былай деді «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда, ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес».
ХІХ ғ. Социал утопистері – Прудоп, Одон, Грей және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері – тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фильтнер энергетикалық бірліктерді – энедаларды пайданалуды ұсынды.
Осыған байланысты К.Маркс былай дейді ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (комунизмдік) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей – эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген». Ресей ХІХ ғ. 20-жылдарында алтын өндіруден бірікті орында болды. Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кезде адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. «Ақша - зат емес, ол – қоғамдық қатынас».
Ақша - өндіру мен болу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
жалпыға тікелей айырбасталу
айырбас құнының дербес формасы,
еңбектің сыртқы заттық өлшемі;
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Қазір жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңілді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы реттеуі пайдалану тауарларды тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдау жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қортындылау, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттың өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – қағаз, және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы, ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағынан мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құның өлшемі қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Мұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызмет толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі-ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді. Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдық салмақтық санын ақыны бірлігіне бекітті. Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ал баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алтын,
қағаз және несие ақшалардың құнын
өлшеу ретінде көрінеді. Несие
ақшалар тауарлардың құнын
Тауар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады. Тауар айналысы кезінде, ақша делдал рөлін атқарады, ол бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Айналыс құрамы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
тауар
мен ақшаның қарама-қарсы
оны идеалды ақшалар емес нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды,
ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалыр емес (алтын) оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір – несие тауар мөлшеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады. Еге ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құжатсыздануын, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмысы, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса онда бұл жағдайда ақшалар төлем құрал қызметін атқарады. Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қыржы-несие қатынастарына да қызмет етуі. Барлық ақшалай төлемдерді төлемдегідей етіп топтатуға болады:
тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер
еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер,
мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер
банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттемелер,
сақтандыру міндеттемелері,
әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Тауарға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны біреудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құрамы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс құрамы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі. Т-А-Т айналымының екі актілері. Т-А және А-Т айырылуымен байланысты.