Ашық экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 22:42, реферат

Описание

Ашық экономика дегеніміз – елдердің өздері шығаратын тауарлары мен көрсететін қызметтерінің айтарлықтай үлесін экспорттауы және импорттауы, әлемдік қаржы нарығында несие беруі және алуы. Ашық экономикада шығарылатын өнімнің басым бөлігі шетелге экспортталады. Ашық экономика қызметіне талдау жасау, шетелдік сектормен өзара байланыс, негізгі микроэкономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланысты күрделендіреді, ұлттық экономика жағдаятын анықтаушы қосымша факторлар есепшотын талап етеді.

Содержание

Ашық экономикадағы ұлттық табысты есептеу.
Капиталдың қозғалу шоты және ағымдағы операциялар шоты.
Шағын ашық экономика үлгісі және оған ішкі, сыртқы бюджет-салық саясаттарының әсері, инвестиция өзгеруінің тигізетін ықпалы.

Работа состоит из  1 файл

Ашық экономика.doc

— 87.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен шетелдерде ынталандырушы  бюджет-салық саясаты жүргізілуінің нәтижесінде әлемдік пайыз мөлшерлемесі жоғарылайды, ал ол шағын экономикада капитал қозғалысы шотындағы жетіспеушілік пен ағымдағы ағымдағы операциялар шотында оң қалдық болуына алып келеді.

Инвестициялық сұраныс  өзгерістері де шағын экономикаға әсер етеді. Үкімет ішкі инвестицияларды ынталандыру үшін салық заңдылықтарында өзгерісте жасады дейік. Мысалы, инвесторлар үшін салық жеңілдігі болды десек, онда жоспарланған инвестициялар қисығы жоғары оңға жылжиды.

Қор жинаақтау көлемдері өзгермеген түрде қалғандықтан инвестицияларды шетелдік несиелер арқылы қаржыландыру қажет. Капитал қозғалысының шоты бойынша оң қалдық пайда болып (I – S), ал ағымдағы шот қалдығы (NX=S – I) азаяды. Сонымен инвестиция қисығының жоғары жылжуы капитал қозғалысы шотының оң қалдығына және төлем балансының ағымдағы шотының жетіспеушілігіе әкеледі.    


Информация о работе Ашық экономика