Ақтөбе облысының шағын және орта кәсіпкерлігінің даму перспективасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 13:45, доклад

Описание

Дамыған елдердің тарихы көрсеткендей, шағын және орташа бизнес негізгі қалаушы буын болып табылады. Мемлекеттің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету дәл осы буынның күйі мен деңгейіне тәуелді болмақ.
Экономиканың дәл осы секторының нашар дамыған бәсекелестік, материалдық және бейматериалдық ресурстардың тиімсіз пайдаланылуы, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейлік, және тағы сол сияқты мемлекеттің экономикалық өсуін тежейтін көптеген мәселелерді шешу үшін орасан зор әлеуетті мүмкіндіктері бар.
Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері ең бір маңызды мәселелердің қатарына жатады да, мемлекеттік деңгейде қарастырылады.

Работа состоит из  1 файл

арай конф.Ахметоов.doc

— 70.00 Кб (Скачать документ)

Ақтөбе  облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму перспективасы 

Қ.Жұбанов  атындағы Ақтөбе мемлекеттік  университеті

  экономика факультетінің  4курс студенті  Уақбаева А.С

Жетекші: Ахметов К.Н 

«Біз  шағын және орта бизнестің  экономика  құрылымындағы  үлесін айтарлықтай  ұлғайтып, оны орташа  дамушы  Еуропа елдерінің деңгейіне  дейін  жеткізуге тиіспіз. Сонда барып бізге  кезекті  дағдарыстық  циклдарға  қарсы тұру оңай болады. Әрбір қазақстандық үшін  жаңа істі игеру, жаңа бизнес ашу немесе өз қызмет саласын кеңейту мүмкіндіктері  болуы тиіс»

Н.Ә.Назарбаев

   Дамыған елдердің тарихы көрсеткендей, шағын және орташа бизнес негізгі қалаушы буын болып табылады. Мемлекеттің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету дәл осы буынның күйі мен деңгейіне тәуелді болмақ.

   Экономиканың дәл осы секторының  нашар дамыған бәсекелестік, материалдық   және бейматериалдық ресурстардың  тиімсіз пайдаланылуы, ішкі сұраныстың  импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық,  кедейлік, және тағы сол сияқты  мемлекеттің экономикалық өсуін  тежейтін көптеген мәселелерді шешу үшін орасан зор әлеуетті мүмкіндіктері бар.

   Қазақстан Республикасында шағын  бизнесті дамыту мәселелері ең  бір маңызды мәселелердің қатарына  жатады да, мемлекеттік деңгейде  қарастырылады.

    Облыстың 2011 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 35,1 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, бұл 2010 жылғы 1 сәуірдегі деңгейден  2%-ға аз.Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің жалпы саны 58,8 мың адамды құрады, бұл 2010 жылғы тиісті кезең деңгейінде.  Шағын бизнес субъектілерімен 19,6 млрд. теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндірілді, бұл 2010 жылдың тиісті кезең деңгейінен 3,4%-ға көп.

    2011 жылдың қаңтар-ақпанында екінші деңгейдегі банктер шағын бизнес субъектілеріне 3,1 млрд. теңге несие берді, бұл 2,3 есе көп.  «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 606,3 млн. теңге, жеке меншік кәсіпкерлікті қолдауға - 1168,1 млн. теңге, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге - 200,0 млн. теңге, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына қатысушыларды кәсіпкерлікке оқытуға - 8,7 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді.

    Ақтөбе облысында ішкі азық-түлік рыногының жалпы көлеміндегі шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 19,1 пайызды құрады. Алдағы онжылдықта бұл көрсеткіш 2 еседен астам өсуі тиіс. Ішкі азық-түлік рыногында шағын және орта бизнес үлесінің өсуі «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы шараларының орындалуына ықпал етеді. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы берілген несиенің сыйақы ставкасын қаражаттандыру және жаңа  жобаларды несиелеу арқылы кәсіпорындарды сауықтыруға; жаңа жобалар үшін ішінара кепілдікті несие беруге; өндірістік инфрақұрылымды дамытуға; бизнесті жүргізу үшін сервистік қолдау көрсетуге бағытталатын болады. 

   Бизнес пен халықтың кәсіпкерлікке ынталы бөлігі мен нақты кәсіпкерлерді оқытуға арналған «Бизнес-кеңесші» Бағдарламасын «ФРМП «Даму» акционерлік қоғамымен бірлесіп қаржыландыру бағдарламасын, шағын несиелік ұйымдардың, бизнес-инкубаторлардың қызметтерінің аясын кеңейтуді жүзеге асыру жалғастырылуда.

Аудан Сомасы Қор тг Банк  тг Үлесі Қарызгерлер саны Қарыз саны Несиенің  орта сомасы Несиенің  орташа уақыты Орта  өлшенген ставка Эффективті ставка Құрылған  жұмыс орны
  Ақтөбе облысы 38 327,65  22 610,58  6 883,05  6,73%  628  2 944  61,03  30,45  11,97%  13,15%  1 310 
 

Сала бойынша  берілген несиелердің құрылымдық талдауы

Сала Сомасы Қор тг  Банк тг Үлесі Қарызгер/ң саны Қарыз саны Несиенің орташа сомасы Несиенің орташа уақыты Орта өлщенген ставка Эффективті  ставка Құрылған

 жұмыс  орны

1. Өнеркәсіп 7 411,79  4 877,78  1 999,87  19,34%  33  300  224,6  39,42  9,67%  10,7%  489 
2. Қызмет  көрсету 10 401,87  5 154,71  1 943,11  27,14%  202  718  51,49  42,73  12,66%  13,81%  104 
3. Ауыл  шар. 1 201,5  1 051,69  100,81  3,13%  29  115  41,43  31,77  11,84%  12,61%  19 
4. Сауда 16 214,68  9 833,14  2 258,59  42,31%  322  1 622  50,36  19,17  12,47%  13,71%  636 
5. Көлік және байланыс 860,89  516,81  158,19  2,25%  18  37  47,83  54,36  11,94%  14,01%  62 
6. Құрылыс 2 236,91  1 176,44  422,49  5,84%  30  152  74,56  15,42  12,87%  14,07% 
  Барлығы 38 327,65  22 610,58  6 883,05  100%  634  2 944  60,45  30,45  11,97%  13,15%  1 310 
 

   

 Жасалған болжамдарға қарағанда Ақтөбе облысында 2015 жылы-ақ шағын және орта бизнес үлесі 40 пайызға  жетіп болады. Бұған бизнесті масштабты түрде қолдау, шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру, соның ішінде ірі кәсіпорындар маңайынан сервистік компаниялар ашу, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында жол сервисі объектілерін дамыту, т.б. арқылы қол жетеді. 

       Президент Жолдауындағы межені орындау үшін қайта өңдеу саласындағы еңбек өнімділігін арттыратын, жоғары технологиялық өндіріс негізінде қосымша бағаны жаңаша реттеуге бағытталған жобаларды іске асыру  жөніндегі жұмыстарды жалғастыра беруіміз керек. Айталық, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жылына 441,0 мың метрикалық тонна жоғары көміртекті феррохром өндіру қуаты бар № 4 цехын (жаңа зауыт) іске қосу еңбек өнімділігін 4 есеге өсіруге мүмкіндік береді. «Юбилейный» кен орнындағы жылына құрамында алтын бар 5,0 млн. тонна руданы қайта өңдейтін кен байыту кешенінің құрылысы, жылына 10,0 тонна никель штейнін өндіретін қуаты бар «Батамша никель зауыты» ЖШС да осы қатарға жатады 

   2015 жылға ішкі құрылыс рыногының қажеттілігі 80 пайызға дейін қамтылатын болады. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен құрылыс индустриясы дамуда, бұл шығарылатын тауарлардың номенклатурасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2010 жылы  — жылына 100 мың тонна өнім  беретін битум зауыты; 2012 — жылы  Ақтөбе қаласында жылына 300 мың  тонна өнім шығаратын цемент-клинкерлік терминал; 2014 жылы — 500 мың шаршы метр көлемдегі индустриялдық комбинат; жылына 1 млн. дана сантехникалық бұйымдар шығаратын; жылына 5 млн. шаршы метр қаптама плиталарын жасайтын желілер пайдалануға беріледі. Ал болашақта жылына 200 тонна керамикалық өнім шығару мүмкіндігі болатын қыш өңдеу комбинаты салынбақшы. Одан арғы жоспарда жазық әйнек шығаратын зауыт және басқа да объектілер бар. 

   Ең жаһандық көліктік жоба «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі болып табылады. Халықаралық көлік дәліздері өндірістік инфрақұрылымсыз тиімді жұмыс істей алмайтыны белгілі. Аймағымыздағы инвестициялық қызметтің жаңа бағыты терминалдар, тиеу-түсіру операцияларын жүргізетін уақытша сақтау қоймаларын, ақпараттық және логистикалық қызмет орталықтарын, банк және қаржы құрылымдары  ғимараттарын, т.б. салу болмақшы.  Шағын және орта бизнес субъектілері үшін халықаралық стандарттарға сай жол бойылық инфрақұрылым және сервистік пункттер кешені  құрылысын жасақтау маңызды міндет болғалы отыр. Бұлар — қонақ үйлері, кемпингтер, тамақтану орындары, сауда және медициналық пункттер, жанар-жағармай стансалары, байланыс және ақпараттық қызмет пункттері. Мұндай комплекстер әр жүз шақырымнан кем емес аралықтар бойынша орналасуы керек.

        Облыстың микрокредиттік ұйымдарымен 173,6 млн. теңгеге 177 шағын несие берілді, оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен - 4,5 млн. теңгеге 12 шағын несие, республикалық бюджеттің қайтарылған қаражаттары есебінен - 39,5 млн. теңгеге 59 шағын несие, жергілікті бюджеттің қайтарылған қаражаттары есебінен - 57,1 млн. теңгеге 24 шағын несие, басқа да қаржы көздерінен - 72,5 млн. теңгеге 82 шағын несие.  

    Соңғы жылдары Ақтөбеде республикалық және халықаралық форумдар мен конференциялар, кәсіпкерлер көрмелері мен жәрмеңкелері, біздің жұртымыздың көрнекті адамдарының мерейтойларын өткізу жөніндегі шаралар жиі өткізіледі. 2010 жылы қаланың негізгі капиталына енгізілетін инвестиция елеулі түрде өседі. Барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйлер жоспарланғаннан көп тұрғызылатын болады. Бесінші шағын ауданда Тургенев көшесі бойындағы қозғалыс шеңберін кеңейтіп, жол айырығын іске қосу және жер асты жолын жасау облыс орталығындағы көлік тығынын азайтуға біраз септігін тигізеді. Қаланың көшелері мен даңғылдарында күрделі жөндеулер жалғаса береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

«Даму»  кәсіпкерлікті дамыту қоры» қызметінің Стратегиялық қырлары. Алматы 2009 жылғы  желтоқсан

Ақтөбе  газеті 
 

 
 

Информация о работе Ақтөбе облысының шағын және орта кәсіпкерлігінің даму перспективасы